ҚазақТЫҢ этикасы мен эстетикасы астана



Pdf көрінісі
бет105/145
Дата04.11.2023
өлшемі2,51 Mb.
#189323
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   145
Байланысты:
etika-i-estetika-kazahov

Валиханов Ч.Ч.
Собр. соч. в пяти томах, т.1, Алма-Ата, 1961. С. 420. 
 
2
Сонда. 


326 
әлсіздерді қорғайтын, қалмақтарға қарсы соғысып өзінің ерлік 
істерінің іздерін Жоңғарияда қалдырған батырды көреміз»
1

Поэмадан Ш. Уалиханов орыс тіліне «Көкетай хан қазасы мен 
оның асы» бөлімін аударды. «Бұл үзінді Шоқанға өзінің 
шынайылығымен, тарихи-этнографиялық, шарушылық-тұрмыстық 
және заңдық мәліметтерге толылығымен, Қазақстан территориясын 
мекендеген ертедегі тайпалардың қарым-қатынастары туралы 
мағлұмат беретіндігімен ұнаған»
2
, – деп жазады Ә. Марғұлан. 
Шоқан Уәлиханов қырғыздардың өздері манасшы деп атайтын, 
шебер аңыз-жыр айтушылардың орындауында тыңдағанда халықтың 
алған жоғары эстетикалық ләззатын айтып өтеді. Дарынды 
манасшылардың 
әңгімелерінің 
тыңдаушыларын 
баурайтыны 
соншалық, бүкіл «Манасты» тыңдауға үш түнде жеткіліксіз болса да, 
олардың ешқайсысы поэманың соңына дейін кетпеген
3

Шоканның қазақ эпикалық туындылары мен өлеңдеріне қатысты 
да айтқан құнды эстетикалық пікірлері бар. 
Шоқан Едіге мен Тоқтамыс туралы жырлардың үш вариантын 
қалдырды. Бұл батырлар жырының варианттарын ол Жұмағұл, 
Арслан ақындардан және басқа адамдардан жазып алған. Мұны ол 
суреттелген тарихи оқиғалардың анықтылығын, сондай-ақ аңыздың 
шығу тарихын анықтау мақсатында жасаған. Батырлар жырының үш 
вариантынан Шоқан кейінірек бір вариант жасады және сол 
варианттан ол, өз шығармаларында берілген, аударманы жасады. 
Шоқанның осы аңызға қатысты жазғаны мен түсіндірмелерінен 
бұл жырдың ноғай баламасымен, сондай-ақ Шығыстың басқа 
халықтарының аңыз-әңгімелерімен де үлкен ұқсастығы бар екендігі 
көрінеді. Ал Шоқан Уәлихановты аңыздың тарихи тұлғалармен және 
шынайы тарихи оқиғалармен байланысы таң қалдырды. 
Осы аңызда суреттелген ХІҮ ғасырдың аяғы мен ХҮ ғасырдың 
басында болған оқиғалар өдерінің эстетикалық мәнін біздің 
заманымызға дейін жоғалтпаған. Мысалы, «Едіге» жыры оқиғалар 
желісі бойынша ХІҮ ғасырдың аяғына жатады, бірақ, шамамен, ХҮ 
ғасырдың басында құралған. «Бұл қазір тілде жоқ, көптеген ескі 
сөздермен және сөз тізбектерімен дәлелденеді, айта кететін жайт, 
бүкіл рапсодияда бір де бір парсы немесе араб сөзі жоқ, ал қазір ислам 
діні таралуымен, тіпті қарапайым халық өзара жәй әңгімесінде де, осы 
тілдерден енген сөздерді пайдаланады»
4

1
Валиханов Ч.Ч.
Собр. соч. в пяти томах, т.1, Алма-Ата, 1961. С. 421. 
2
Қар.: 
Валиханов Ч.
Избр. произведения. Алма-Ата, 1958. С. 40. 
3
Валиханов Ч.
Собр. соч. в пяти томах. т. 1. С. 420. 
4
Қар.: Записи императорского русского географического общества по отделению этнографии. 
Приложение к т. ХХІХ. Изд. И.М. Мелиоранского. Спб. 1905. С. 1-7. 


327 
Шоқан өзі 1841 жылы жазып алған «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» 
поэмасының да поэтикалық ерекшеліктерін өте жоғары бағалаған. 
Шоқан сілтемелерінен бұл поэманың қазақ халқының арасында ғана 
емес, сондай-ақ Шығыстың көптеген басқа халықтарының арасында 
да кең танымал болғандығы мәлім болады. 
Шоқанның халықтың көркем шығармашылығын қаншалықты 
жоғары бағалағандығының дәлелі ол халық ауыз әдебиеті 
туындыларын жазып алумен ғана шектелмеген, ол көптеген 
шығармалардың мазмұны мен формасына талдау жасаған. 
Міне, осындай талдаудың мысалы: «Жырдың тақырыбы әдетте 
ертедегі әйгілі халық батырының өмірі мен ерліктері болады. Ескерте 
кететінім, батыр өмірінің оқиғалары, оның ерліктері, басқаша атқанда, 
оқиға желісін құрайтынның бәрі қара сөзбен баяндалады, өлең 
жолдары бас кейіпкер немесе ондағы қатысушы басқа да бас 
кейіпкерлер сөйлеу керек болғанда ғана қолданылады»
1
. «Ер Көкше» 
және «Орақ батыр» поэмалары туралы ол былай деген: «Олар 
мазмұны бойынша аса тарихи қызығушылық тудырмаса да, бірақ 
олардағы өлең жолдары ерекше әсерлі әрі үнді». Өз пікірлерінің 
дәлелі ретінде, ол дағдыдағыдай, сол поэмалардан жазып алған 
үзінділерді келтіретін. 
Халық өлеңдері мен олардың түрлері туралы (жыр, қара өлең, 
өлең және басқалары) және олардың қайсысын да таңдау оның 
мазмұнымен анықталатындығы туралы айта келе, Уәлиханов, мысалы, 
«өлең түрін әншілер ең қолайлы ретінде, импровизация үшін де 
қолдануға ыңғайлы санап және олар бұған үйреніңкірегендей, 
импровизация үшін де қолданатынын ескертеді. Әйгілі «Қозы Көрпеш 
– Баян Сұлу» поэмасын атақты Жанақ маған өлең түрінде айтып 
берді», – дейді
2
. Ақын, немесе оларды Шоқан атағандай өлеңшілер, 
әңгімелердің формаларын өз талғамына сай және олардың мазмұнын 
тыңдаушыларына ашу үшін өзгертуге толық құқылы. Әдетте, әнді, 
поэманы, әңгімені, аңызды және т.б. орындаушы ақын оларға өзінің 
кіріспесі мен қорытындысын қоса алады. Атақты Жанақ ақын «Қозы 
Көрпеш – Баян Сұлуды» жырлағанда осылай істеген деп көрсетеді 
Шоқан Уәлиханов. 
«Қырғыздардың поэтикалық туындылары: эпостар, мадақ өлең, 
жоқтаулар – қайтыс болған күйеуіне жоқтап жылаған әйел, ұлын 
жоқтаған ана өлеңі осылай аталады; тіптен сурып салма ақындардың 
өлеңдерінде ұйқас пен өлшем бар және рудан руға, ұрпақтан ұрпаққа, 
ежелгі Грекияда Гомер өлеңдері рапсодаларымен берілгендей, ерекше 
қоғамдық тап – ақын-әншілермен ауызша жеткізілген, бұл ақындар 
1


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   145




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет