329
ол өз ойларын ақырына дейін айқын айтпайды. Бұл қазақ даласына
алдыңғы қатарлы көзқарастардың кешеуілдеп келуімен түсіндірілуі
мүмкін. Міне сондықтан да ағылшын идеалисті Генри Томас Бокльдің
ойлары ешбір сынсыз бұл хатта жазылған.
Қажетті әдебиеттің жеткіліксіздігі мен өзінің сол кездегі көптеген
әдеби проблемаларды білмегендігін, Шоқанның өзі де мойындаған.
Сол хатында: «Сізден кейбір әдеби жанжалдар мен ғылыми сынды
білу қызықты болар еді», – деп жазады ол.
Бірақ бұл, ол әдебиет пен өнер мәселелерімен айналыспады
дегенді білдірмейді. Шоқан әркез халық шығармашылығын жинады
жәнеі зерттеді, осы саладағы өз танымдарын ғылыми әлемге жеткізуге
ұмтылды. Мұны оның өз достарына – халық шығармашылығы
саласындағы өз зерттеулерін баспадан шығару туралы өтініштері
дәлелдейді. Мысалы, оның бір хатында былай деп жазылған: «Санкт-
Петербург хабарларының» Орта Азия мен қырғыз даласы жағдайы
туралы
корреспонденті
болғым
келеді...
Мүмкін
болса,
«Отечественные запискида», орыс ертегілеріне ұқсас қырғыз
ертегілерін жариялайды ма және менің қырғыз шамандығы туралы
зерттеулерімді, Алтын Орда тарихына жаңа көзқарас тудыратын,
сондай-ақ орданың құлауы себептерін түсіндіретін қырғыз өлеңдерін
баспадан шығару туралы білуге бола ма екен»
1
.
Ш.Уәлихановтың жол дәптерлерінде, ғылыми еңбектерінде өзі
болған жерлердің назар аударалық орындары, түрлі халықтардың
тұрмыстық заттары жоғары көркем талғаммен суреттелген. Ол
домбыра, қобыз және басқа халық муызкалық аспаптарын суреттеген.
Шоқан Уәлиханов шығармалары, бізге оның әдеби еңбектерінде
көркем шығармашылықтағы форма мен мазмұн сияқты, эстетикалық
категориялар ашылғандығы туралы қорытынды жасауға толығымен
негіз бола алады. Ол эстетиканың, әдебиеттің халықтығы деген
мәселені де зерттеді.
Ол фольклор бастауының халықтық екендігін, халық өміріндегі
өнердің үлкен рөлін атап көрсетті.
Қоғамдық өмір құбылыстарын түсіндіруде, Ш.Уәлиханов, оның
көптеген замандастары секілді, жалпы идеалистік позицияда қалды.
Ол рулық-феодалдық қоғамның барлық қарама-қарсылықтарын
шешудің жолын халыққа білім беруден іздейді.
Бұл ойды біз оның эстетикалық пікірлерінде де байқаймыз.
«Біздің халықтың өте бай әрі поэтикалық құндылығы бар, сондай
бағыттағы Шығыс туындыларына қарағанда, индогермандық
эпостарға жақын, әдебиеті бар. Сайып келгенде, барлығынан
маңыздысы, біздің қоғамдық дамуымыздың формалары олардың
1
Достарыңызбен бөлісу: