ҚазақТЫҢ этикасы мен эстетикасы астана



Pdf көрінісі
бет102/145
Дата04.11.2023
өлшемі2,51 Mb.
#189323
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   145
Байланысты:
etika-i-estetika-kazahov
20201028, Я против наркотиков, тапсырма 9 - психология
Аравин П.В.
Исследования, воспоминания, письма и документы. Алма-Ата, 1958. С. 136. 
3
Сонда
, 138 б. 
4
Сонда, 
145 б. 


318 
аңшылық жасауға кетеді. Аңшылық сәтсіз болады. Бірақ халықтан 
ешкім де қайғылы хабарды ханға айтуға батылы жетпейді; қайғылы 
оқиға туралы шындықты айтқанның жұтқыншағына хан балқытылған 
қорғасын құюға әмір беретінін бәрі де біледі. Бірақ та үндемеуге де 
болмайды – хан күтіп отыр және оның ашуы күшеюде. Міне кәрі 
күйші хан алдына барды да өзінің аян беруші добырасының ішектерін 
терді. Барлығын домбыра айтып берді. Хан өз сөзінде тұрып, 
домбыраға балқытылған қорғасынды құйғызды. 
Халық композиторлары, тыңдаушылар күйді түсінуі және 
музыкадан толық ләззат алуы үшін, күй ойнардың алдында туынды 
мазмұнын баяндап берген. Бұл тәсіл арқылы, жеке тарихи тұлғаларға 
немесе тарихи оқиғаларға және т.б. сипаттамалар берілген, сондай-ақ 
күрделі программалық күйлерді орындағанда қолданылған. Осылай 
көпшілікті эстетикалық тәрбиелеу мақсатын арнайы қоймаған, халық 
композиторлары іс жүзінде оны өздерінің көркем шығармашылығы 
арқылы жүргізген. 
Музыкалық 
туындылар 
қазақ 
халқының 
эстетикалық 
мәдениетінің қалыптасуының ең әсерлі құралы болған. Бұл, 
біріншіден, музыканың қазақтардың көркем шығармашылығының 
барлық түрлерімен қоса жүретінімен; екіншіден, әрбір музыкалық 
туындының өмірдің нақты көрінісін, қоғамның салттары мен әдет-
ғұрыптары туралы баяндайтынымен, халықтың өз өмірінің түрлі 
тарихи кезеңдеріндегі музыкаға қатынасымен сараланады. Мұның 
барлығы музыканы түсінікті әрі оңай қабылданатын етеді.
Атақты халық композиторы орындаған күйді тыңдап, ауылдың 
музыкалық дарыны бар тұрғындарының сол сәтте қолына домбыра 
алып, жаңа ғана тыңдаған шығарманы есте сақтап ойнап беруі, сирек 
емес еді. Бұл музыка тыңдаушыларға эстетикалық ләззат беріп ғана 
қоймай, оларды көркем шығармашылыққа баулуға да ықпал 
жасайтындығы туралы айтады.
Қазіргі заманда, Қазақстан өнерінің дамуына арналған, көптеген 
еңбектерде революцияға дейін қазақтарда би өнері тіптен болмаған 
деген ойлар айтылып жүр. Қазақ халқының тұрмысын, салттарын, 
өнерін тану би элементтері оның көркем шығармашылығында 
революцияға дейін орын алғандығы туралы пікір айтуға негіз болады. 
Ертеден қазақ тілінде «би» сөзінің қолданылуы бұған дәлел бола 
алады. Бұдан басқа, көптеген музыкалық шығармалар биге 
сүйемелдеу ретінде естіледі. Мұндай күйлер: «Қаражорға», «Тепен 
көк», «Қазақ биі», сонымен қатар лирикалық әуендер «Өрмек» пен 
«Аққу» және кейбір басқалары. 


319 
Революцияға дейінгі жазба ескерткіш материалдарында, ХІХ 
ғасырдағы орыс саяхатшыларының этнографиялық зерттеу әдісі 
ретінде қазақ халық биінің салып алған суреттері бар.
«Музыка және өмір» журналының бір мақаласында, би, 
қырғыздардың пұтқа табынушылық кезеңіндегі, бұрынғы замандағы 
ескіліктің қалдығынан соң жалпы қандай да болсын өнер түрінің 
нышаны Құранмен басылып қалды делінген
1

Халық арасында күлдіргіштер мен әзілқойлар кең танымал 
болған. Мысалы, ХІХ ғасырдың тамаша халық күлдіргіші Рахымберді 
әйгілі болған. Оның жалған аты Ағаш аяқ еді. Ол, шөккен тығыз 
түйенің үстінен секірумен қоса би үйлескен, күрделі нөмір орындаған. 
Билеп жатқанда ол «Қалды-ау, қалды-ау, қыз қалды-ау» әнін 
орындаған. Көрермендер онымен бірге қосыла ән салып, оның биіне 
елтіп, оның ырғағында шайқалған. Халық билерін және күлкілі 
көріністерді орындаушылар Жынды Қара мен Жынды Омар да 
ұмытылған жоқ. Сықақ пантомималар мен билерде олар байлар мен 
билерді
2
келемеждеді, сол үшін келемеждегендері жағынан қуғынға 
ұшырып, тіпті ақылынан айрылған адамдар деп те жарияланған.
Би элементтері, мысалы, қазақтың ұлттық ойындары мен ойын-
сауықтары айгөлек, шыттастау, тартыс, таяқ айна (таяқ жүгірту), 
аударыспақ, жігіт қуу, арқан шалу, алтыбақан және көптеген 
басқаларында айқын көрінеді. Әйтсе де, Қазақстанда би өнерінің 
айтарлықтай 
дамуына 
халықтың 
көшпелі 
өмірі, 
халықтың 
бытыраңқылығы кедергі жасады. Өнердің көп түрлеріне, би билеуге 
қатаң тиым салған, биді «шайтанның ісі» деп санаған және 
билеушілерді қуғынға ұшыратқан дін де үлкен зиян әкелді. 
Сөйтіп, қазақ халқы өз дамуының таңында-ақ толық қалыптасқан, 
өз заманы үшін жоғары көркем мәдениетке ие болған. Одан арғы өз 
дамуында ол, өңделіп әрі байып, үлкен талдап қорытындылауға және 
көркемдік күшке, сонылыққа және ұлттық-эстетикалық құндылыққа 
қол жеткізді. Барлық ғасырларда ол қазақ халқының эстетикалық 
көзқарастары мен талғамдарының қалыптасуына ықпал етті.
Қазақ көркем шығармашылық мұрасының ерекшелігі, оның 
алғашқы әлі дамымаған жағдайын сипаттайтын синкретизм (яғни, 
жіктелмегендік, біріктірілгендік) болып табылады. 
Әрине, 
синкретизм 
революцияға 
дейінгі 
қазақ 
халық 
шығармашылығына ғана тән ерекше қасиет емес, ол қандай да бір 
шығармашылық әрекеттің дамуының алғашқы кезеңіне тән болады. 
Бірақ өнердің дамымағандығы, жанрлар мен түрлерге жіктелмегендігі 
өнер түрлерінің толығымен жоқтығын білдірмейді. Мысалы, 
1
Қар.: «Музыка и жизнь», 1910, №3. С. 7. 
2
Қар.: 
Абдиров Д., Исламов А.
Казахские народные танцы. Алма-Ата, 1961. С. 4. 


320 
революцияға дейін қазақтарда театр, хореграфия, симфониялық 
музыка, сурет өнері, графика, мүсін өнері болмаған, бірақ бұл өнер 
түрлерінің халық шығармашылығында біздің заманымыздан ең 
ертедегі кезеңінде қандай да бір нышандары, жеке элементтері орын 
алған. Мысалы, әдет-ғұрып көріністері ақындық сөздің, ән салудың, 
музыканың, драмалық элементтер мен би өнерінің үндесуі емес пе! 
Халықтың көркем шығармашылығы дегеніміз жеке тұлғаны ғана, 
шамалы адамдар ортасын ғана және тіпті қандай да бір тапты ғана, 
қызықтыратын болмыстың сол эстетикалық заңдылықтарының 
көрінісі емес, ол бүкіл халық бұқарасы үшін өмірлік маңызды болады.
Сондықтан 
көркемдік 
таным 
бүкіл 
халықтың 
өмірлік 
қажеттіліктеріне жауап беретін тақырыптарды қамтиды. Көркемдік 
танымның тақырыбында оның тұтастығының, біріктірілгендігінің, 
өнерді жалпы халықтық екендігінің, негізі қаланып қойған. «Халық 
бұқарасының өнер туындысын қандай да бір бейнелі ойлау 
формасымен ғана тануға болмайды, ол бір мезгілде бірнеше 
формалармен (көркем сөз, бейнелі музыка) тануға болатындығы 
осының айғағы»
1
, – деп атап өтеді өз зерттеуінде В.Е. Гусев. 
Қазақ өнері жалпы халық өмірімен, атап айтқанда, оның тұрмыс 
салтымен тығыз байланысты болған. Сондықтан көптеген ғасырлар 
бойы ауызша-ақындық шығармашылық пен халық музыкасы, 
қолданбалы өнер қазақ халқы үшін қоғамдық сананың негізгі 
формаларының көрінісі болды, оларда халықтың ойлары мен 
сезімдері, оның талпынастары мен әсемдік туралы түсінігі ерекше 
толық әрі айқын көрінді. Халықтың көркемдік көзқарастарын оның 
дүниетанымынан бөлек алып қарау мүмкін емес. Әсемдік пен 
көріксіздің қоғамдық түсінігі, олар адамдардың жүріс-тұрысы мен 
олардың 
өмірінің 
жағдайларына 
қатысты 
болғандықтан, 
дүниетанымдық мағлұматтар болып табылады. Олар эстетикалық 
мұраттың деңгейіне өз ықпалын жасайды, сол тұрғыдан өнер өмір 
туралы пікір айтады. Қоғамдық сананың өсуіне қарай қоғамның 
көркемдік көзқарастары да өзгереді, өйткені соңғысы қоғамдық 
сананың бір бөлігі болып табылады. Көркемдік көзқарастар, жалпы 
қоғамдық сана сияқты, шынайы болмысты, қоғамдық өмірді қамтып 
көрсетеді. Өнер өмірдің өзіндегі әсемдікті ашуға және бағалауға 
көмектеседі. Сонымен бірге ол, әлеуметтік дамуға кедергі жасайтын, 
барлық жағымсызды ашып көрсетеді. Бүкіл жағымсыздық, көріксіздік 
ақыр аяғында жойылады деген арменмен, халық өнері де нәрленген. 
Қағида бойынша, халықтың алдыңғы қатарлы эстетикалық түсініктері 
қоғамдық дамудың субьективті тенденцияларын суреттейді, ал 
өнерде, шынайы әсемдікті мадақтамай және бүкіл кертартпаны, 
1
Гусев В.Е.
Эстетика фольклора. Л., 1967, стр. 94. 


321 
антиэстетикалық, көріксіздік ретінде әшкерелемей, өмір шындығын 
суреттеу мүмкін емес.
Болмыстың 
эстетикалық 
бағалануы 
халықтың 
көркем 
шығармашылығында, оның әсемдік туралы түсінігінде шынайы 
болмыста айқын көрінеді. Қазақ халқының эстетикалық қатынасы 
оның ауыз әдебиетінде – эпоста, аңызда, өлеңде, ертегілерде, 
мақалдарда, мәтелдерде және т.б. нақтылы түрде көрсетілген.
Эстетикалық категориялардың ішінде қазақтардың көркемдік 
шығармашылығында кең қарастырылғаны әсемдік категориясы, бірақ, 
әрине, ол теориялық деңгейде емес. Сол замандағы қазақтардың 
түсінігінше табиғат пен қоғамның барлық сұлу, нақышты заттары 
әсемдік көрінісі еді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   145




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет