ҚазақТЫҢ этикасы мен эстетикасы астана



Pdf көрінісі
бет98/145
Дата04.11.2023
өлшемі2,51 Mb.
#189323
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   145
Байланысты:
etika-i-estetika-kazahov
20201028, Я против наркотиков, тапсырма 9 - психология
Орлов А. С.
Казахский героический эпос. С. 8. 


310 
халқы үшін «Нибелунгтер туралы ән» сияқты дәуірдің құнды 
ескерткіші болып табылады. Бұл поэма – «көшпенділер тұрмысының 
тамаша ескерткіші, онда бүкіл шығармашылық сөлі, бүкіл халық 
даналығы, оның құнарлығы, философиясы, мұраттары жинақталған»
1

– деп жазады Г.Н.Тверден. 
Бұл туындының поэтикалық формасы оны қазақ халқының қалың 
бұқарасы үшін өте түсінерлік етеді. Міне, табиғат суреттемесі 
берілген поэма үзінділерінің бірі: 
«Елімнің қонған тұрағы, 
Асқар тау, жазық белдерім. 
Шалғында өскен көп ойнап, 
Сағынған туған жерлерім. 
Құба түз дала, сортаң тау, 
Тапқанша сая терледім... 
Лашын, тұйғын, сұңқары, 
Ойнаған ұстап ермегім. 
Доғдуадақ, көлде аққу, 
Үйрек-қаз тамақ жемдерім. 
Соларды бағып өсірген, 
Айдын-шалқар көлдерім. 
Мал өрістеп су ішкен, 
Өзен, су, бұлақ кеңдерім –
Жердің көркі аман ба?»
2

Батырлар жанрындағы туындыларда әлеуметтік-тұрмыстық 
жырларға қарағанда, табиғат суреттемесі онымен салыстырғанда 
кейіпкердің бейнесін көрнекті бейнелеуге мүмкіндік береді («таулар 
жарқырап, тас жанады, егер бала-батыр шапса», «ол борандай 
ұйтқымалы, енді ол дауылдай, мейірімсіз») және сараң беріледі. 
Батырлар поэмасын, ауызша айтып жатқанда, ақын өз 
тыңдаушыларының 
назарын 
барынша 
батырдың 
ерліктеріне 
жұмылдырғанда, табиғаттың кеңістіктік суреттемелері негізгі 
мазмұннан алаңдатар еді. 
Халықтың поэтикалық туындыларында, соның ішінде эпоста
кейіпкерлердің портреттік сипаттамасына үлкен назар аударылады. 
Олардың сұлулығын бейнелеу үшін ақындар теңеулер мен 
образдарды қазақ – көшпеліліктен, сондай жақын әрі танымал 
қоршаған табиғаттан алған. Әйел сұлулығы ерекше жарқын 
бейнеленген, парсы және өзбек поэзиясының ықпалы болғаны сөзсіз.
1
Твердин Г.
Песнь о Козы-Корпеше и Баян-Сулу. Кзыл-Орда, 1927. С. 14, 17. 
2
Қозы Көрпеш – Баян сұлу. – Астана: «Фолиант», 2002. – 401-402 бб. 


311 
А.Е. Алекторовтың әділ ескертуі бойынша, қазақ өлеңінің сөз 
саптауына, ондағы айтылған сезімдер күшіне «жартылай көшпелі 
ордалық, әркім, басқа мәдениеттегі халық та» қызыға қарауы мүмкін. 
Эпостық шығармалардың бас кейіпкеріне (бойжеткен қыз, әйел) 
анағұрлым толықтау сипаттамалар беріледі. «Халықтың эпикалық 
поэзиясының туындыларында қазақ әйелінің ең типтік ұлттық 
ерекшеліктері деп: сезім тереңдігі, күшті және терең әсерленуге 
қабілеттілік, махаббаттағы берілгендік пен тұрақтылық, адамгершілік, 
адалдық пен ақыл, өзін-өзі құрбан етуге қабілеттілік қасиеттері атап 
көрсетіледі»
1
, – деп жазады З.А. Ахметов. 
Эпикалық поэмалардың бас кейіпкерлері Құртқа, Гүлбаршын, 
Қарагөз, Қарлыға, Назым, Ақ Жүніс, Қыз Жібек, Баян Сұлу, Айман 
мен Шолпан нақ сондай болып біздің көз алдымызға елестейді. Иә, 
әрине, олардың әрқайсысы – майдай алды сұлу. Қобландының әйелі – 
Құртқа бейнесі былай суреттеледі: 
«Сонда сұлу Қыз Құртқа 
Қылаң етіп, қылт етіп, 
Сылаң етіп, сылт етіп, 
Шекеде шоғы бұл етіп, 
Саулы інгендей ыңқылдап, 
Күшігендей сыңқылдап, 
Сүмбіледей жылтылдап, 
Буыны түсіп былқылдап, 
Алтын қақпақ дулыға 
Шекесінде жарқылдап, 
Мақпал төсек мамықтан, 
Алтын иек, ақ тамақ, 
Көтеріп басын сөйледі»
2

Қазақ халық ауыз әдебиетінің жарқын эпикалық поэмасы, алып 
қазынасы жас Жібек пен Төлегеннің нәзік махаббатының қайғылы 
оқиғасы – «Қыз Жібек» поэмасы. Рулық-феодалдық тұрмыстың қатал 
салттары Жібекке өз сүйгені – алыс қазақ руының жас жігіті – 
Төлегенімен некеде қосылуға рұқсат бермеді. Жастар қайғылы қазаға 
ұшырайды, бірақ салтқа көнбейді. 
Бұл эпикалық поэмада көптеген әр түрлі әйел порттреттері 
беріледі. Бірақ халықтың әсемдік мұратына сай келетін Жібек 
портреті ең қанық бояулармен суреттелген.
Бұл поэмадағы Жібек бейнесі былай суреттеледі: 
«Қыз Жібектің құрметі, 
Жиһаннан асқан сәулеті, 
1


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   145




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет