ҚазақТЫҢ этикасы мен эстетикасы астана



Pdf көрінісі
бет96/145
Дата04.11.2023
өлшемі2,51 Mb.
#189323
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   145
Байланысты:
etika-i-estetika-kazahov
20201028, Я против наркотиков, тапсырма 9 - психология
Маргулан А., Басенов Т ., Мендыкулов М.
Архитектура Казахстана. С. 15 
2
Қар.: Народное декаративно-прикладное искусство казахов. Л., 1970. 
3
Қар.: История Қазахской ССР в трех томах, т.1, стр.193. 


304 
бояулардың әр түрлі түстері таңдалып алынған. Осы күнге дейін 
сақталған ою-өрнектерде космогониялық, зооморфтық, өсімдік және 
геометриялық әуендер бар. Әсіресе, бұл айшық-гүл, сегіз қырлы 
жапырақ формалы әшекейлер, жұлдыз гүл, шыққан күн, қошқар мүйіз 
сияқты өрнектерге тән болды. 
Революцияға дейінгі қазақ халық өнерінде – сәндік кесте кең 
таралған болатын. Кесте тігумен негізінен жас әйелдер мен қыздар 
айналысқан. Кестемен төсек-орын, әйелдердің бас киімдері, 
көйлектері, қабырғаға ілінетін кілемдер, сандық тыстары, әр түрлі 
сөмкелер, орамалдар, сүлгілер және т.б. безендірілген. Кестені 
маталарға ғана емес, былғарыға да, киізге де түсірген. Кесте тігуде 
боялған жіптер, сонымен қатар күміс және алтын зерлі жіптер 
пайдаланылған. 
Қолданбалы өнер негізінен тұрмысты безендіру үшін қолданылса 
да, халықтың шығармашылық данышпандығы, оларға эстетикалық 
мәнділік те беріп, бұл пайдалы заттарды өнер туындыларына 
айналдырады. 
Олар арқылы (халық шығармашылығының басқа да түрлерімен 
қатар) қалың бұқараның эстетикалық сезімдері, көркем талғамдары 
қалыптасады.
Қазақтың халықтық оюы әр түрлі тоқыма бұйымдарында да кең 
қолданыс тапты. «Қазақтардың халықтық сәндік-қолданбалы өнері» 
атты кітапта халық ұсталарының бұйымның сипаты мен оның сәндік 
безендірілуінің байланысын керемет түсінуі, материалға деген 
сезімталдық және, асқан шеберлікке жеткізілген, ұсталықтың жоғары 
дәрежедегі техникасы туралы айтылады. 
Әр түрлі халық өнеріне тән, үстемдік етуші мақсатқа сәйкестілік, 
дәстүр арқылы берілетіндігі және негізгі шикізат болып табылатын 
жүннің өңінің сипаты мен түсін пайдалануда мүмкіндік беретіндігі, 
көптеген ұрпақтардың дағдысының дәлелі»
1

Кілем бұйымдарына өте үлкен мән берілді. Олардың әр 
қайсысының тоқылуында бірнеше халық шеберлері қатысқан. Бұл 
шеберлер жоғары эстетикалық талғамға, олардың қолынан шыққан 
кілем, алаша, киіз немесе басқа бұйымдар көз тартар болуы үшін, 
сурет бөліктерін сондай қиыстыру, сондай асқан әсерлілікке қол 
жеткізу іскерлігіне ие болған. 
Қалалардың 
өсуіне, 
құрылыс 
жұмыстарының 
күшеюіне 
байланысты, қазақтарға таза қолданбалы өнермен қатар революцияға 
дейін момументальды-сәндік өнер де дамыды. 
Тас мүсіндер стильдеу нәтижесінде «құлып-тастарға» айналды, 
құрылыстарда фреска әшекейленуі пайда болды.
1
Басеннов Т.К.
Народное декоративно-прикладное искусство казахов. Л., 1970 С.37. 


305 
Қолөнер кәсібінің дамуымен керамикадан, қоладан және 
басқалардан бұйымдарды жасап шығаруда іскерлік ұшталды. 
Зергерлік өнері де қазақтарда едәуір жоғары дамуға ие болды. 
Қазақтардың арасында, нәзік эстетикалық талғам иесі тамаша 
зергерлер болған.
Қазақтар табиғатынан шешен болады, өз ойларын тамаша әрі 
образды формада тұлғалап білдіре алады, басқалардың көркем де 
дұрыс сөзін тыңдағанда үлкен рақаттылық алады.
Бізге дейін эпос, өлең, ертегі, мақал-мәтел, тарихи әңгіме түрінде 
жеткен көркем шығармашылық туындылары, қазақ халқының бай 
көркем мұрасын ғана құрамай, сонымен қатар оның ары қарай жемісті 
дамуының кепілі де болады. 
Қазақтарда халық шығармашылығының ең ірі түрі эпос болып 
табылады. Эпос туындылары ғасырлар бойы қалыптасты және 
Қазақстан территориясында әр түрлі кезеңдерде болған барлық тарихи 
оқиғалармен тығыз байланысты болды. ХҮІ-ХҮІІІ ғасырларға 
жататын, 
туындылар, 
қалмақ 
және 
қалмақ-жоңғар 
жаулап 
алушыларына көрсетілген қарсылық туралы баяндаса, ал кейінгі 
кезеңдегі көптеген этикалық туындылар үшін (ХІХ ғ. және ХХ ғ. 
басы) әлеуметтік теңсіздікті тереңдете көрсету, жат елдіктер мен өз 
рақымсыздарын әшкерелеу және т.б. талаптану сипаты тән болды
1

Қазақ 
эпосы 
батырлық 
және 
әлеуметтік-тұрмыстық 
туындылардан құралады. Расында, бұл бөлініс шартты, өйткені, 
қантөгіс соғыстар туралы, халық мүддесін қорғаған, ержүрек 
батырлар туралы баяндайтын поэмаларда да, басты кейіпкердің 
махаббаты туралы лирикалық әңгімеге орын бар, ал басты тақырыбы 
күнделікті өмір, лирикалық әсерленушілік болатын шығармаларда, біз 
батырлардың игілікті ерліктерінің суреттемесін табамыз. 
Ал кеңес фольклоршылары, эпикалық шығармаларды, поэмада – 
ерлік салты ма әлде әлеуметтік-тұрмыстық сарын ба – қайсысы 
көптігіне қарап жанрлар бойынша жіктеуді ұсынады. Әдебиеттануда 
қабылданған жіктеуді пайдаланып, біз «Ер Тарғынды» халыққа кең 
танымал батырлық поэмалар қатарына, ал «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», 
«Қыз Жібек», «Айман – Шолпан», «Мақпал қыз» және «Күлше 
қызды» - лирикалық, әлеуметтік-тұрмыстық поэмаларға жатқызамыз. 
(Ескерте кететін жай, батырлық жанрындағы шығармалар көбінесе 
басты ұнамды кейіпкердің атымен аталады, ал әлеуметтік-тұрмыстық 
шығармалардың лирикалық бастауы, барлық суреттелген оқиғалар 
әдемі бас кейіпкер – бойжеткен қыздың айналасында өрбитіндіктен, 
поэма соның есімімен аталатын болады.
1
«История казахской литературы»в трех томах, т.1. С.242-243. 


306 
Қандай да бір ауызша дәстүрдегі шығармадай, қазақ эпикалық 
поэмалары көптеген варианттарда болады, олардың әрқайсысы – 
аңыз-жыр айтушының дербес туындысы.
Ең дарынды аңыз-жыр айтушыларда өз сөзімен айтудың немесе 
жырлаудың өзіндік үлгісі, шығармасының музыкамен сүйемелдеуі 
болған.
Аңыз-жыр айтушы, өз шеберлігін көрсеткенде, әңгімеленген 
аңыздағы барлық оқиғаға және құбылыстарға өзінің эстетикалық 
қатынасында білдірген. Суырып салма ақын дарындылығына сай, 
оның басты кейіпкері – батырдың өмірінің жеке эпизодтарын топтауы 
тартымдырақ, оның баяндауы батыр ерліктері мен қызық оқиғаларға 
бай болады. «Қазақ батырлар жырлары, құрылымында түйсінуге әсер 
етуші әр түрлі тәсілдер қолданылған, көркем әңгіме болып табылады. 
Бұл батырлар жырлары әңгіменің механикалық жылжуымен шектеліп 
ғана қоймайды, олар көркем әрі әсерлі, кейіпкерлер қарым-
қатынастары психологиялық күрделі»
1
, – деп ескертеді А.С.Орлов 
қазақ эпосына арналған зерттеуінде. 
Эпикалық шығармалар, әдетте, өте ұзын, олардың орындалуы 
бірнеше күнге де созылуы мүмкін, сондықтан аңыз-жыр айтушылар 
поэтикалық және музыкалық дарынды, өте жақсы жаттап алуға 
қабілетті ғана емес, асқан күш иесі де болуы керек еді.
Ақындар мен жыраулардың халық арасында үлкен қадір-сыйға ие 
болуы әбден орынды да. Аңыз-жыр айтушының қайсы бір ауылға 
келуі нағыз оқиғаға айналатын, ал оның өзін адамдар аса құрметпен 
әлпештейтін. Қазақтардың халық ауыз әдебиетіне ерекше қастерлеп 
қарауы туралы ғалымдар өткен ғасырда жазған. Айтарлық, 1893 жылы 
«Астрахан хабаршысында», осы құрметтеу арқасында «Әмір темір 
уақытына жататын, жүздеген аңыздар мен деректер, оқиғалар, он жыл 
бұрын ғана болғандай, керемет дәлдікпен беріледі»
2
, – деп 
көрсетіледі. 
Халық 
ақындарының, 
аңыз-жыр 
айтушыларының 
және 
әншілерінің әрбір жаңа ұрпағы бұрын жазылған шығармаларды есте 
сақтап әрі таратып ғана қоймай, өз үлестерін де қосып, сонымен қазақ 
фольклорының алтын қазынасын байытып отырды. 
Қазақ халқының өткен тарихы туралы поэтикалық әңгіме ретінде, 
эпикалық шығармашылық ескерткіштері халықтың көркем мұрасында 
ерекше орын алады. Қазіргі күнде Қазақстан республикасы Ғылым 
Академиясында жүз алпыс бес эпопеялар мен поэмалар бар, соның 
ішінде «Қобланды батыр», «Ер-Тарғын», «Қамбар батыр», «Алпамыс 
батыр», «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш Баян сұлу», «Айман-Шолпан» 
1


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   145




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет