299
мен
оның
ата-бабалары
туралы
алғашқы
этнографиялық
мәліметтердің пайда болуынан бастап, ХІХ ғасырдың ортасына дейін
(ол Ресейдегі феодализм дәуірімен сәйкес келеді); екіншісі – ХІХ
ғасырдың ортасынан бастап Ұлы Қазан социалистік революциясына
дейін (Ресейдегі капитализм дәуірі); үшіншісі – 1917 жылдан бастап
қазіргі күнге дейін. «Егер бұл дәуірдің бірінші кезеңі, қазақ халқы
туралы фрагменттік, ауық-ауық және айтарлықтай бірқатар кездейсоқ
этнографиялық мағлұматтарды жинақтау сипатында болса, онда
екіншісі
Ресейге
қосылумен
сәйкес
келеді...
Қазақтардың
этнографиясын азды-көпті жүйелі зерттеу сипатында және ғылыми
мағлұматтарды жинақтау ғана емес, оларды біршама зерттеу де тән»
1
.
Сонымен, Э.А. Масанов айтып ескерткендей, 1456 жылдан бастап
қазақ халқы туралы үздіксіз ең анық тарихи мағлұматтар бар. Олар
орыс және еуропалық мәліметтерде басылып шыққан материалдармен
1517 жылдан бастап едәуір толықтырылды.
Тарих куәландыруынша, монғол шапқыншылығы басып алған
халықтардың, соның ішінде Қазақстан территориясын мекендеген
халықтардың шаруашылығы мен мәдениетіне орасан зор зиян
келтірді. Ол тұрғылықты халықты жаппай қыруға әкеліп соқты,
аймақтың өндірістік күшіне зиян келтірді және экономика мен
мәдениеттің құлдырауы жағдайына әкеліп ғана қоймай олардың
дамуын ұзақ уақытқа тоқтатты. Монғолдар, Суаб, Сығнақ, Баласагұн,
Тараз, Отырар, Сауран, Женд және басқалар сияқты, Қазақстанның
мәдени орталықтарын қираған орындарға айналдырды
2
.
Сонымен қатар бұл қалалар, Қазақстан территориясын
мекендеген тайпалар мен халықтар өмірінде маңызды рөл атқарған:
олар ірі сауда орталықтары болған, олар арқылы даланың көшпелі
халықтары отырықшы егіншілік аудандармен өздерінің шаруашылық
байланыстарын жасайтын.
Зерттеушілер Н. Бернштам мен Ә.Х. Марғұлан анықтағандай,
мысалы, ІХ ғасырда, Отырар маңызды тарихи өзара байланыстар мен
сауда жолдарының тоғысқан жерінде орналасқан, ірі мәдени орталық
болған. Ондағы, кітаптар саны бойынша, әйгілі Александрия
кітапханасынан кейінгі екінші орынды иемденген кітапхана болған
деседі; бұл қаланың қарқынды мәдени өмірінің дәлелі, Отырардан
ғалымдардың жарқын саңлақтар тобы (соның ішінде әйгілі Әбу Насыр
әл-Фараби) шыққан.
Бірақ Отырар сол уақытта, айтып кеткеніміздей, Қазақстан
территориясындағы жалғыз мәдени ошақ болған жоқ. Бұл
1
Достарыңызбен бөлісу: