293
Әлемді түгел көрсе де,
Алтын үйге кірсе де,
Аспанда жұлдыз аралап,
Ай нұрын ұстап мінсе де,
Қызыққа тоймас адамзат!
Әлемді түгел білсе де,
Қызығын қолдан бөлсе де,
Қызықты күні қырындап,
Қисынсыз күйге түссе де,
Өмірге тоймас адамзат”
1
[19, 131 б.], — дейді Бұқар жырау.
Жоғарыда өлең жолдарындағы басты түсінікке “қызығу” жатады. Оны
орыс тіліндегі тек “интереспен” баламалау жеткіліксіз. Қызығу –
тіршілік иесі адамның өмірге
деген құштарлығы және оны
нәпсіқұмарлықпен теңеуге де болмайды. Нағыз кісіде қызығу
имандылықпен бақыланып отырылады.
“Қызығу” позициясы тіршілікті жандандыратын, оған мән мен
мағына беретін бастауды білдіреді. Оның кісі құштарлықтан
айырылып, тірі өліктің бір түріне айналып кетуі мүмкін.
Қызығу
абстрактыланған бейне емес, ол “өмір қызықтары” ретінде нақтылы
көрініс табады. Қызықты өмірде мұрат тіршілік мақсаттарына
айналады және бұл мақсаттар кісілік қасиеттерді бекітуге
бағытталады. Қазақ ақын-жыраулары
өмір мақсаттарын кісілік
тіршіліктің қызықтарымен тұтас қарастырады.
Әрине, бұл мұратты нәпсіқұмарлыққа шақыру деп анайы түсіну
дұрыс емес. Дәстүрлі әдеп адамдық толыққанды тіршілікпен бас
тартуды қаламайды. Әсіресе, бұл принцип Бұқар жыраудың атақты он
бір тілегінде сындарлы көрінеді. Олардың екеуі мұсылмандық
парызбен, екеуі отанды қорғау міндеттерімен, ал қалған жетеуі
денсаулық, сыйластық, бақытты өмір құндылықтарымен байланысты.
Бұл жерде назар аударатын нәрсе қазақ ақын-жырауларының мұратты
тым дерексіздендірілген, күнделікті өмір мәселелерінен алшақ қиялға
да, не өрісі тар пендешілік қажеттіліктерімен шектелмеуі.
Осындай
позиция еліміздің қазіргі жағдайындағы тіршілік қиындықтарынан
туған түңілу мен жалған мұраттардың жетегінде кетудің
(экзистенциалдық дағдарыс) көбеюінен де көрініс табады.
“Мұрат жақындаған сайын алыстай беретін сағым сияқты емес.
Кейбір, әсіресе өмір туралы дұрыс түсінігі қалыптаспаған жастар,
шындықтағы алғашқы қиындықтардан кейін-ақ өмір мен мұраттардың
арасы түпсіз тұңғиық екен деп ойлап қалады. Мұрат тек кітаптарда,
адамзаттың
қиял-армандарында ғана болады, ал адамдардың
1
Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет. Хрестоматия /құр. Мағауин М. - Алматы: Ана тілі, 1993.
131
б.
294
күнделікті әрекеттерінде оған орын жоқ деседі. Өмірді раушан
гүлдермен безендіру үшін, гүлдегі тікенектерді де ескеру қажет”
1
.
Қазақ ақын-жыраулары мұраттарының бедерлі қырына кісілік
мұраттарды отансүйгіштік сезіммен үйлесімді ұштастыру жатады. Ел
мұраты мен ер мұраты бір-бірімен тұтас әрекет етеді. Ақын-
жыраулардың саяси-әлеуметтік мұраттары эпикалық арнадан бастау
алады. Ал эпостың түйсінді мәселесі
елдің намысы мен мұраттарын
қорғау. Хандық дәуірдегі толассыз жаугершілік елдік мұраттарды
алдыңғы қатарға шығарып отырады. “Өзім жаман болсам, ағам
жақсы”, “у ішсең де руыңмен іш” деп жариялаған қоғамда, оған қоса
қатал, қуаң далада жалғыз өмір сүрудің мүмкіндігі жоқ еді. Сол
себепті кісілік еркіндіктің өзі шектеулі болды. Әрине, рулар арасында
оппозициялық қатынастар да белең алып отырды. Бұл, әсіресе, бейбіт
кезеңдерге тән еді. Бірақ, тоқтаусыз сыртқы қауіп рулық еркіндікті
ортақ мүддеге бағындырып отырды және жеке кісінің жоқтаушысы
рулық мүдделер этникалық тұтастыққа тәуелді бола бастады. Ж.О.
Артықбаевтың
пікірі бойынша, “саяси-потестарлы биліктің қай
бөлігінде болмасын көсемдерді жеке басының қабілетіне байланысты
қолдау, мойындау басым. Бұл меритократиялық принцип саяси
биліктің өміршеңдігінің бірден-бір кепілі. Қай ру болмасын өзінің
басшылығынан жігерлі адамды көруге ықтиярлы және мүдделі. Сол
сияқты хан сайланар адамның ел тізгініне ие болар қабілетін айрықша
ескереді”
2
. Яғни, хан-сұлтандар ел мұратына сәйкес болуы міндетті.
Айталық, ақын-жыраулар Абылай сияқты хандарды үлгі-өнеге тұтып,
оларда кездесетін жеке кемістіктерді аяусыз сынап отырған. Алайда,
осыдан келіп ақын-жырауларды “сарай ақындары” немесе марксистік
терминологиядағы “үстем тап” мүдделерін қорғаушылар деген
жаңсақтық болар. Мәселе – қазақ
сахарасында қалыптасқан
үйлесімділік пен ынтымақтастықтың ерекше бітімінде. Адамдық
қарым-қатынастарды реттеуде ақын-жыраулар жоғары үлгі – ел
мұратын білдіретін төрешілер қызметін атқарған. Егер елбасылар осы
мұраттарға сәйкес болмаса, ақын-жырауларда оларды аяусыз және
өткір сынға алған. Сонымен, қазақ ақын-жырауларының кісілік
мұраттары туралы түсініктері
өзіндік мазмұны терең, халықтың
рухани ізденістерінен туған қазына болып табылады. Біз бұл
қазынаның кейбір жақтарын ғана қарастырып өттік. Бұл мұра кейінгі
қазақ мәдениетінде өз жалғасын таба білді.
1
Ғабитов Т.Х.
Мақсат, мақсаттылық және мұрат. – Алматы: Қазақстан, 1985.
Достарыңызбен бөлісу: