284
Ақын-жыраулар жырларының заман жүгін көтерер мәселелерінің
бірі – ар, адамгершілік туралы ой-толғаулары. Бұл жырлар қазақ
философиясында кісілік қасиеттің бірі адамгершіліктің қазығы
екендігі даусыз. Қазақ ақын-жырауларының еңбектері негізінен, ата-
қоныс, көшпелілер болмысы, қоғам, адам, батырлық, көркемдік,
адамгершілік мәселелеріне байланысты болып келеді. Отанды сүю
ата-анасын сүюден басталады. Бұл нысаптылықтың айшықты
белгісіне жатады және оған ата-анасының өзін жақсы көріп қоймай,
тіпті олар жүріп өткен әрбір қадам жердің, әрбір уыс топырағын, тау-
тасын да жан-тәнімен сүйетін азаматтық сезімін мақтаныш, үлгі-өнеге
ету. Әрбір кісінің туған жерге деген, отанға деген сүйіспеншілігін де,
оны көздің қарашығындай қорғауы да, “ел басына күн туып, ер
етікпен су кешкен” замандарда жанқиярлық еңбек жасауы да әке мен
анаға деген махаббаттан ғана бастау алары сөзсіз.
Қазақтың дәстүрлі мәдениетінде нысап, несібе, тәубе негізінен
имандылық талаптарынан туатын кісілік құндылықтар ретінде
қабылданған Ислам дінінің қазақ сахарасында нығаюына қатысты
этикалық ұғымдардың діни мазмұны арта түсті. ХV-ХVI
ғасырлардағы жырауларда кісілік құндылықтардың көшпелілік,
тәңіршілдік түсіндірмелері мен суреттемелері басым болса, ХVIII
ғасыр ақын-жырауларында “обал”, “сауап”, “тәубе”, “несібе” сияқты
мұсылмандық мағынадағы түсініктер жиі қолданыла бастады. Әрине,
бұл ұғымдарда жалпы адамзаттық нормалар да көрініс тапты. Ғылыми
және оқу әдебиетінде “тәубеге” мынадай түсіндірме беріледі: “Тәубе –
адамның ағат кеткен іс-қылығына өкініш білдіріп, келешекте оны
болдырмауға үзілді-кесілді бел байлауы, барға шүкіршілік етуі, жаман
әдет бойға сіңбей тұрғанда, тез тәубаға келіп, оны қайталамауға,
жаманшылықтың орнығуына жол бермеуі. Тәубе адамның өзін-өзі
тәрбиелеудің бір жолы. Кімде-кім қателікке барып, теріс жолға түсіп
қалса, дереу өзін-өзі жазғырып, адамшылық жолға түсуге бел байлап,
бойын тез жинап алып, ар намысы алдында таза болуы жағын
ойластыруы тиіс. Сонда ғана ол “менің ожданым (ар-намысым) таза
деп қысылып-қымтырылмай айта алады”
1
Әрине, бұл анықтамаларда дидактикалық және педагогикалық
ұстанымдар бірінші орында тұр. Бірақ, қазақ әдебіндегі кісілік
құндылықтардың тізбегі көптеген ұғымдарды қамтиды. Олардың
арасында қазақ әдеп жүйесінің маңызды ұғымы “қанағат” ерекше
орын алады. Қанағат нысапсыздық, нәпсіқұмарлық, екіжүзділік
антиподы ретінде қарастырылады. «Қанағат – барға риза болу, місе
тұту, нысаптан шықпау, нәпсіге ермеу. Қанағат – ашкөзділікке
жібермейді, біреудің дүние затына сұқтандырмайды, сұғанақтық
1
Достарыңызбен бөлісу: