ҚазақТЫҢ этикасы мен эстетикасы астана



Pdf көрінісі
бет90/145
Дата04.11.2023
өлшемі2,51 Mb.
#189323
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   145
Байланысты:
etika-i-estetika-kazahov

 
117 б. 


290 
Арада хат апарған адамына. 
Асыл ғой баға жетпес осындай қыз 
Әр елдің аты шыққан тарауына”
1

Ақындық дәстүрде әйел сыны ерекше орын алған. Өйткені 
отбасылық құндылықтарды бірінші орынға қойған қазақ қоғамы үшін 
(“балажанды қазақ”) әйел тек эстетикалық ләззат объектісі болмады. 
Әйел отбасының тірегі ретінде саналды.
Әйелді құрметтеу дәстүрін тек ақындар ғана емес, оған қоса 
жырауларда сақтаған. Мысалы, жорықшыл жырау Ақтамберді: 
“Арудан асқан жар бар ма, жылқыдан асқан мал бар ма?!” – деп таң 
қалады. Әрине, жаугершілік заманда жырау жаудың “Әлпештеген 
ханшасын тегін олжа қылуды” да бекерге шығармайды
2
. Бұқар жырау 
өзінің атақты тілектерінде “Ардақтаған аяулыңның біреуге олжа 
болмауын, тас емшегін жібіткен анаңыздың аңырап қалмауын” қала 
дейді.
“Мұрат” категориясы кез-келген этикалық жүйенің түйінді 
ұғымына жатады. Өйткені әдептік нормалар күнделікті күйбең 
өмірдің тар міндеттерінен жоғары, болашақпен байланысты 
тұжырымдалады. Әлемдік этикалық және әлеуметтанулық әдебиетте 
мұрат мәселесі жан-жақты талқыланғанымен, бұл жетекші әдептік 
бағдар 
қазақ 
дүниетанымы 
контекстінде 
әлі 
жеткіліксіз 
қарастырылған. Мұрат – тұлға немесе әлеуметтік топтардың мінез-
құлқы мен арман-тілектерінің сипаты мен көріністерін айқындайтын 
“рухани күш, үлгі-өнеге. Арман мен мұрат құстың қос қанатындай 
өмір шындығынан туады, олармен рухтанған адам қиыншылық пен 
кертартпа қырсықтың сор батпағынан құтылуды аңсайды. Арман мен 
мұрат адамның өмірге деген құштарлығын арттыра түседі. Шындық – 
бұл іске асырылған арман болса, мұрат – алыстағы көкжиек
3
. Мұрат 
туралы нақтылы ұғымға жету үшін оны этномәдени контекстіде 
қарастырған жөн. Жоғарыда аталып өткендей, хандық дәуірінің ақын-
жыраулары мұрат сияқты қазақтың ділдік, әдептік түсініктерін 
төлтумалық сипатта барынша суреттеп берген. 
Жаңа қалыптасқан мемлекет үшін басты мұрат – ел берекелігі 
және оның тұтастығы жолындағы қажымас қайратты қажет ететін 
күрес. Бұл мұратты іске асыратын тұлғаға батырдың сомдалған 
бейнесі жатады. Қуаң даланы алғашқы игергендер – номадтар және 
басқа мәдени ареалдар (орман, тау, суармалы алқап және т.б.) оларды 
көп қызықтыра қоймаған. Көшпелілердің өзіндік санасында дала ол 
үшін ең қолайлы мекен болып есептелген. Қазақ сахарасы қазақ елінің 
1
ХV-ХVIII ғасырлардағы қазақ поэзиясы /редактор Ә. Дербісалиев. - Алматы: Ғылым, 1982.
 
122 б. 
2
Сонда
, 51 б. 
3
Жарықбаев Қ., Алдамұратов Ә., Ғабитов Т. Әдеп негіздері. - Алматы: Мұраттас, 1997. 114 б. 


291 
балама түсінігіне айналған. Өзен мен көлдің өзі жайлауға ыңғайлы 
жер деп есептелген. Асан қайғы айтқандай:
Қырында киік жайлаған,
Суында балық ойнаған. 
Оймауыттай тоғай егіннің
Ойына келген асын жейтұғын, 
Желде кеңес қылмайды 
Жемнен де елді көшірдің”
1

Адамзат ұрпағы өз мүмкіндігін табиғат құбылыстарымен де 
шамалай алатынын әсіресе үндестік сазы, үйлесім (гармония) 
ұғымымен айқынырақ түсіндіруге болады. Өйткені жан иесі өзінің 
белгілі бір дәрежеде жаратылыс жұрағаты екенін сезінбей жүре 
алмайды. Әлде-бір адам болмысын, көңіл-күйі, жан сарайын, қажет 
кезінде сыртқы мүсін-келбетін жете таныту үшін де көркем 
шығармада жаратылыс құбылыстарының тікелей көмекке келетін 
сәттері аз емес. Гармония дейтініміздің бір көрінісі сол
2

Ақын-жыраулар шығармашылығында көрініс тапқан әдемілік пен 
ізгілік мұраттарының тұтастығы қазіргі заман мәселелерін шешуде де 
оңтайлық танытады. Жоғарыда аталған ізгілік пен әсемдіктің мұрат 
деңгейінде тұтастануы ақын-жыраулар шығармашылығында айшықты 
көрініс табады. Қазақтың өнегелі бата сөзінде ең бірінші үміт жерге, 
сосын сол жердегі ерге және осы ерді өсірген елге айтылады.
Мұрат ретінде қастерленетін туған табиғат дәстүрлі қазақты 
дүниетанымда батыстық бағындырылуға тиісті түсінігінен мүлдем 
басқаша 
қабылданады. 
Бұл 
ерекшелікке 
ақын-жыраулар 
шығармашылығын зерттеген философтар мен әдебиетшілер де өз 
назарын аударады. Белгілі ғалым ш.ыбыраев өзінің эпикалық кеңістік 
концепциясында тел (бинарлық) оппозицияға негізделген көшпелі 
қазақтардың тіліндегі табиғат туралы түсініктерінің ұтымды 
болғанына назар аударады: “табиғат көрінісі, кеңістік бітімі әрекет 
пен бірлікте ғана көрінеді. 
Батыстың адамгершілік философиясы мен этикасында кісілік 
мұрат мәселесімен айналысқан ойшылдар жеткілікті. Олардың 
арасында мұрат мәселесімен тікелей айналысқан және батыс 
этикасына жүйелік талдау берген Д. Мур (1873-1958) ерекше рөл 
атқарады. Сол себепті айшықты үлгі ретінде Д. Мурдың мұрат (идеал) 
теориясының негіздеріне көңіл бөлелік. “Этика принциптері” атты 
еңбегінде Д. Мур “идеал” ұғымының мағыналылығына назар 
аударады. Біріншіден, мұрат шексіз ізгілік, мінсіз жағдаят, абсолютты 
жетілгендік деп түсіндіріледі. Бұл мағынада мұрат діни түсініктегі 
1
Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет. Хрестоматия / құр. Мағауин М. - Алматы: Ана тілі, 1993.64 б. 
2
Серікқалиұлы Зейнолла.
Дүниетану даналығы. – Алматы: Білім, 1994. 56-73 бб. 


292 
“жұмақ” ұғымына сәйкес келеді. Екіншіден, мұрат түпкі мақсат, 
арман-тілек, ең жақсы қоғам, мінсіз адам дегендерге жақын мағынада 
қолданылады. Бұл әр түрлі утопиялық ілімдерге тән позиция. 
Үшіншіден, мұрат ұғымы ішкі құндылығы жоғары және жеткілікті 
тұтастықпен байланыстырылады. Аталған аксиологиялық позиция 
құндылық ұғымын қайтадан негіздеуді талап етеді
1
. Жоғарыдағы 
позицияның басты кемшілігі жалпы рационалистік парадигмадан 
туындайды. Ақиқат кісілік қасиеттерден абстрактыландырылған 
объективті шындыққа сәйкестік болып табылса, онда мұрат жеке 
тұлғадан гөрі, жалпылама әлеуметтік тұтастыққа көбірек иек артады.
Егер қазақ ақын-жырауларының мұрат туралы түсініктеріне 
қайта оралсақ, онда оларда қаншама теориялық көпдеңгейлілік 
болмағанымен интуитивті деңгейде мұрат пен кісіліктің тығыз 
байланыста пайымдалатынын атап өткен жөн. Бұл жерде назар 
аударатын нәрсе эстетикалық мұрат пен ақиқаттың тұтаса келуі. 
Алайда бұл синкретизм ақын-жыраулар мен эпоста әртүрлі көрініс 
табады. Соңғымен салыстырғанда тұлғалық мұраттар еуропадағыдай 
дараланбаса да, өзіндік сипатқа ие бола бастады. М.З. Ахметовтың 
пікірінше, эпоста жырды шығарушының мұраттары бой тасалап 
қалады, “онан гөрі белгілі тарихи ортада қалыптасқан дәстүрлі 
қоғамдық сана айқынырақ көрініс береді, кейіпкерлердің бейнесі де 
соған лайық жасалады. Көбінесе, олар ересен күш-қуаты бар 
батырлар, мифтік образдар, әділеттілік, адалдық үшін аянбай 
күресетін аңыздық бейнелер кейіпінде көрінеді”
2
. Батыр мәдени 
феномен ретінде қаншама қауымнан бөлінгенімен, одан тым алыс кете 
алмайды. Біз осы сипатта батыстық мұрат туралы позициялардың 
көшпелі ел мұраттарын түсіндіруде дәрменсіздік көрсететініне назар 
аудардық. Кейінгі ғасырларда ел мұраты түбегейлі өзгерістерге 
ұшырайды. Рулық құндылықтар мемлекет, ұлыс игіліктеріне тәуелді 
бола бастады. Қазақ хандығы жайында батыр мәдени феномені 
қаншама маңызды болғанымен, мұрат жаршысына ақын-жырау 
айналады. Осы туралы Ахмет Байтұрсынов, әдеттегідей, өзінің дәл 
бағасын бере алады: “Елде бар рухты ақын ықтимал дәріптеп, 
күшейтіп, көпіртіп, көркейтіп айтуы. Бірақ жұртта жоқ рухты ақын 
өзінен шығара алмайды. Ақын сөзіне жұрт рухының сәулесі түспей 
тұрмайды. Халықтың батырлары кетіп, басқаға бағынып, рухы сөнген 
уақыттағы қазақ ақындарының сөзі әлі айтылғанды сипаттайды”
3
[.
Ақын-жыраулар адамдық толыққанды тіршіліктен туатын өмір 
қызықтарының толассыз қуатына назар аударайық. 
1
Мур Дж.
Принципы этики. – М: Прогресс, 1984.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   145




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет