ҚазақТЫҢ этикасы мен эстетикасы астана



Pdf көрінісі
бет88/145
Дата04.11.2023
өлшемі2,51 Mb.
#189323
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   145
Байланысты:
etika-i-estetika-kazahov

Жарықбаев Қ., Алдамұратов Ә., Ғабитов Т.
Әдеп негіздері. —Алматы: Мұраттас, 1997.
 
46 б. 


285 
жасаттырмайды. Қанағатшыл кісі – барынша кішіпейіл, қарапайым, иі 
жұмсақ. Сондықтан да ол көпшіліктің көзіне түсе бермейді. 
Қанағатшылық – қолдағы барына, қол жеткізген табыстарына разы 
болу, шүкіршілік ету. Әрине, кейбіреулер мұны адамшылыққа 
жарасатын көркем сипат, өмірде ортаймайтын қазына деп түсіне 
бермейді. Қаншама мол байлығы болса да, оны қанағат қылмайтындар 
да кездеседі. Мұндайларды жұрт көзі тоймайтын, қанағаты жоқ адам 
дейді. Ондайлар “болған сайын болсам деп, толған сайын толсам деп” 
ылғи да ашкөзділікке салынып, аллатағаланың қанағат-нысабын 
ұмытады, 
көбіне 
жалған 
сөйлеп, 
екіжүзділікке 
барады. 
Пайғамбарымыз: “монтаны екіжүзділіктің белгісі үшеу дейді. Олар: 
өтірік айту, уәдесінде тұрмау және аманатқа қиянат жасау”. 
“Екіжүзділік – жарамсақ жағымпаздықпен егіз қозыдай. Арамза, 
жарамсақ пен екіжүздіге қарағанда ашық жаудың өзі артық. 
Ондайлар: “адамның сиқын кетіреді!. Адам қолындағы барының 
игілігін көріп, соған шүкіршілік қылса, өмірі де мәндірек, қызығырақ 
болар еді
1

Қанағатшылдық түсінігінің түркілік әлемде ерекше орын алғаны 
белгілі. Айталық, Жүсіп Баласағұн Одғұрмыш бейнесі арқылы бұл 
ұстанымды өз еңбегінің арқауы етіп алса, Қожа Ахмет Иасауи 
қанағатты кісілікке жеткізетін басты жол деп сараптайды. Ақын-
жыраулар бұл дәстүрді жалғастыра отырып, қанағат түсінігі 
мазмұнына хандық дәуірге тән рухани бітімдерді үйлесімді қоса білді. 
Айталық, Асан қайғы жырларында қанағат кең пейілділікпен, нәпсіні 
тыйюмен, ақсүйектер мен батырларды ел мүддесінен алшақтамауға 
шақырумен және тағы басқалармен айшықталады (“асқынып жауап 
айтпаңыз”, “күн шығарып жатпаңыз”, “табиғат, ел қадірін біліңіз”…).
Қазақтың дәстүрлі әдебі әділдікті биліктің басты сипаттамасы 
ретінде алады. Әділетті билік ақын-жырауларда әрі мәдени, әрі 
әдептік, әрі құқықтық феномен ретінде суреттеледі. Қазақтың дәстүрлі 
мәдениетіндегі әдептік және құқықтық бастаулардың синкретизмі тек 
күнделікті қолданыста емес, сонымен бірге ғылыми әдебиетте оларды 
ажыратпай пайдалануға әкеледі. Бір мысал келтірейік. Әдеп және 
құқықтық реттеу тетіктерінің мызғымас бірлігі қазақтар арасында 
мәдени синкретизмге де негіз болады. Ол тек рулық-тайпалық 
қатынастармен шектелмей, сонымен бірге қоғамдық тұтастықтың 
элементтері болып табылатын әртүрлі әлеуметтік топтар мен жіктерді, 
қауым мен отбасыны, меншіктік, мұрагерлік қатынастарды, 
әлеуметтік бірлестіктердегі неше түрлі демографиялық топтарды 
(қариялар, балалар, әйелдер) қамтиды. Бұл жерде әлеуметтік бедел 
мәселесі, 
әлеуметтік 
қатынастардың 
не 
сұрықсыздығы, 
1
Жарықбаев Қ., Алдамұратов Ә., Ғабитов Т.
Әдеп негіздері. —Алматы: Мұраттас, 1997. 81 б. 


286 
тұрлаусыздығы, не шиеленістілігі, жанжалдылығы, не келісімділігі, 
ынтымақтастығы жыраулар үшін алдыңғы қатарға шығады. Мысалы, 
Бұқар жырау шығармаларындағы өзекті мәселелердің бірі – елдің 
бірлігі. Ол “бірлік болмай тірлік болмас”– деген қағиданы ұстанады, 
халықты бірауыздылыққа, ынтымаққа, елді қорғауға насихаттайды. 
Ру-руға бөлініп өзара қырқысу елді жақсылыққа алып келмейтіндігін, 
бір-бірімен тату тұруды, ру аралық қақтығыс халықты елдігінен 
айырып, ел тағдырын мүшкіл қалге алып келуі мүмкін деп елді 
бірлікке шақырып, елдің қорғанысын күшейту қажет деп, Абылай 
хандығын нығайту саясатын жүргізді. 
Енді осы әлеуметтік ынтымақтастық құндылығы хандық 
дәуірінде қандай құқық-әдептік тетіктердің қуатымен жүзеге асты 
деген мәселені қарастырайық. Бұл мәселенің өз астары бар. Өйткені 
қазаққа көршілес мұсылман елдерінде тұлғааралық қарым-қатынас 
шариғат заңдарымен реттеліп келеді. Қазақ хандығында көшпелі 
мәдениетке негізделген әдет құқығы өз күшін жоймады. Осы жөнінде 
Ә.Х. Марғұлан мынадай түсіндірме береді: “Қасым ханның қасқа 
жолының” негізі орта ғасырларда қыпшақ, шағатай ұлыстары 
қолданған “яргу” заңынан алынған, қазақша жарғы (хақихат) деген 
ұғымды білдіреді. Түпкі мәні жарудан, нәрсенің салмағын бір жағына 
аудармай, дәл, әділ шешуден шыққан. Дауды әділ, тура шешкен 
билерді халық бұқарасы ардақтап “қара қылды қақ жарған” деп 
мадақтаған. Өзінің мазмұны бойынша бұл заңның түбегейлі идеясы 
ежелгі әскери-демократия арнасына барып тіреледі». 
Әділеттіліктің нысаны – елдегі тыныштық. Бұл жөніде ақын-
жыраулар шығармашылығында талай тиянақты ойлар айтылған. Қазақ
арасында рулық қақтығыстар, ағайын арасындағы жанжал, екі 
адамның ұрыс-керісі бола қалған күнде қазақтың ағайындық береке 
деген ескі жосыны болған. Мұндайда қалыс ағайындар қарап 
тұрмайды, оларды берекеге шақырып, араға арашашы, дәнекер 
болады. Бірер шәугім шайын беріп немесе бірер малын сойып, оларды 
бір дастарханнан дәм татуға шақырады. Дәмнен үлкен нәрсе жоқ деп 
білетін халқымыз мұндайда салт бойынша дәмге үйірілуі, ағайын 
берекесінен аспауы шарт етіледі. 
Заңгер ғалым З. Кенжалиевтің пайымдауынша, қазақта тәртіп 
адам еркіндігін шектеуге бағытталмаған. Қоғамдық тәртіп жайлы 
халықтың көзқарасының негізінде бейбіт өмірге деген құлшыныс, 
тыныш өмірді аңсау жатыр. Бір ғажабы, қоғамдық тәртіп заңмен, 
құқықтық нормалармен тікелей байланыстырылмайды. Тіптен, 
қоғамдық тәртіп туралы ойдың өзі әлі жеке-дара боп шықпаған еді. Ол 
ел ішінің тыныштығы, ағайын татулығы, ел жарастығы тәріздес ой-
ағымдардың бір қабаты, ажырамас бөлігі түрінде өмір сүрді. 


287 
Халықтың бірлігі, ынтымақтығы, тату-тәттілігі – оның өз 
азаттығынан, еркіндігінен айырылып қалмауы үшін қойылар ең 
бірінші талап. Алауыздықтан бойын аулақ сала білген ел ғана еркін 
өмірге лайық, әйтпесе құлдық пен күңдікке душар болу қауіпі 
әрқашан дайын
1

Сонымен, хандық дәуірінде кісілік ынтымақтастықтың ерекше 
тәртібі болғандығы күмән келтірмейді. Әрине, оны Ф. Хайек 
тұжырымдаған 
батыстық 
өркениетке 
тән 
“адамдық 
ынтымақтастықтың кеңейтілген тәртібі” деп теңестіру дұрыс болмас. 
Әр этномәдениетке өзіне тән адам мен әлеумет арасындағы 
үйлесімділікті нығайту тетіктері болған. Бұл жерде белгілі социолог 
Э. Дюркгеймнің “органикалық ынтымақтастық” ілімін еске алуға 
болады. Осындай ынтымақтастыққа әр кісі жеке-дара әрекеттеніп 
(клетка сияқты) өз мүдделерін көздегенімен, жалпы осы әрекеттердің 
түпкі бағыты тұтастықты жетілдіруге, икемді етуге және сақтап 
қалуға арналған. Әрине, көшпелілік органикалық тұтастықта 
сегментарлық, рулық, кландық мүдделер үстемдік етеді. Хандық 
дәуіріндегі осыдан ынтымақтастық тәртібін зерттеушілер “әскери 
демократия” деп те атайды. Бұл ұғымның мазмұны көп қырлы болып 
келеді және арнаулы зерттеуді талап етеді. Біз әскери демократияның 
билігіне байланысты ерекшеліктеріне назар аудармақпыз. 
Бұл еркіндік рухының қазіргі тәуелсіздікке енді ғана қолы жеткен 
Қазақстан үшін де ғибараты мол. М.М. Қаратаев пен С.Е. Нұрмұратов 
осы жөнінде мынадай түйінді ой айтады: “Еңбекке, жаугершілікке 
деген ұмтылыс көшпенді қазақтар арасында батырлықтың 
дүниетанымдық, аксиологиялық, эстетикалық ұғымын сараптап 
шығарды. Құба далада, шетсіз-шексіз жерінде, төбесінде тек қана 
көгілдір аспаны бар, осындай табиғатта күнелтіп жүрген, өзінің 
батырлығына сүйенген, өзін аман сақтап қалатын әдіс-жұдырығының 
мықтылығына, өз түйелеріне, жылқыларына, садағы мен жебесіне 
сүйенген көшпелінің бейнесін елестете аламыз. Ондай тарихи кезең 
болмаса, ондай тарихи тұлғалар болмаса халқымыздың қазіргідей 
жері, территориясы, егеменді мемлекеті де болмас еді. Міне, 
жауынгерлік дүниетанымының тарихи қызметі де осында”
2

Егер көшпелілердегі қатыгездік туралы пікірсымақтарға келсек
онда оны бекерге шығаратын мынадай қағидаларды есте ұстаған жөн 
болар: 
1. Көшпелілер айыптыны тар қапаста ұстамаған, түрме болмаған.
1


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   145




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет