ҚазақТЫҢ этикасы мен эстетикасы астана



Pdf көрінісі
бет100/145
Дата04.11.2023
өлшемі2,51 Mb.
#189323
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   145
Байланысты:
etika-i-estetika-kazahov

Ерзакович Б.Г.
Песенная культура казахского народа. Алма-Ата, 1968. 


314 
көрсетуге мүмкіндік береді. «Шығыс поэзиясында.... суреттелген 
оқиғалардың немесе түйсінулердің қарапайымдылығы мен өмірге 
орайлылығымен қатар, тілдің таң қаларлық бейнелілігі және тіпті 
көпірмелілігі байқалады. Тыңдаушыларды тартатын, оларға әншілерді 
бірнеше сағат тыңдататын, мүмкін осы шығар»
1
, – дейді революцияға 
дейінгі зерттеушілер. 
Қазақ әншілерінің арасында нағыз асқан шеберлер бар. Олар әнге 
үлкен мәнерлілік бере алады, әндерді өңдеп, асқан шеберлікпен 
орындайды. Дарынды орындаушының айтқан әнін тыңдағанда, қазақ 
болмысының өзіндік құрылымына шарықтағандай боласың, өзіңді 
кең байтақ далада, ғажайып табиғат аясында жүргендей елестетесің. 
Мазмұны әр түрлі бұл әндерде халықтың эстетикалық 
көзқарастары, оның әсемдікті түсінуі көрініс тапқан. Әлемдегі барлық 
халық әндері бір тілде сөйлейді деп жазған Анри Барбюс. Ештеңеге 
қарамастан, олар өмір қуанышы туралы, жастық шақ туралы, көктем 
туралы, салттардың көркемдігі туралы айтады, өйткені адам жаны, 
қандай болғанда да, күнге талпынады, бостандыққа жол іздейді. Ал 
аңыздар мен өлеңдер – бұл бақытсыздардың немесе даңқы 
шыққандардың жанды қымбаттысы, халық қасіретінің сүйеніші 
болған құндылықтар. Оларда көпшіліктің дауысы естіледі, оларда 
тарихтың шақырған дауысы естіледі
2

Бұл анықтама қазақ халқының ән шығармашылығына да бүтіндей 
түседі. Егер өлеңдерді «жанды құндылықтар» деп санасақ, онда 
«мұндай құндылықтардың ерекше көптігінен, – деп жазады 
А.Затаевич, жақында ғана, өзінің басым көпшілігінде кедейлік пен 
бишаралық халге түскендіктің синонимі тәрізді саналған, қазақ халқы 
әлемдегі халықтардың өте байларының бірі болып танылуы қажет, 
оның әндеріндегі мазмұн мен күйзелістер тереңдігі, сондай-ақ 
формаларының көркемдігі мен таңдамашылығы оның үлкен ойлы 
дарындылығының дәлелі»
3

Өнер арқылы адамдар бір-біріне өздерінің ойлары мен сезімдерін 
жеткізетіні, жұртқа мәлім.
Қазақ халқы үшін өлеңдер ерекше қарым-қатынас құралы болған, 
қазақтар олардың көмегімен бір-бірімен қоршаған болмыс туралы 
эстетикалық әсерлерімен алмасқан. 
Ерте замандағы адамдар лирикасы – «бұл ... ішкі дүниенің 
толықтығы мен молдығынан болатын, өз болмысы мен сыртқы әлемді 
1
Достоевский М.
Старина и быт Средней Азии. В кн.: Культураные сокровища России. М., 1917, 
С. 59. 
2
Қар.: 
Анри Барбюс
. Современная Грузия и Закавказье. «Известия ЦИКа СССР и ВЦИКа» от 29 
июля 1928 г., №175 (3409). 
3
Затаевич А. 500 казахских песен и кюев. Алма-Ата, 1931. С. 3. 


315 
түйсінгенде оянатын және дұғалар мен әндерде берілетін, шаттықтың 
есепсіз төгілуі»
1
, – деп сендіреді В.Г. Белинский. 
Шынында да, көптеген халықтардың әндерінде, соның ішінде 
қазақ әндерінде, халық қайғысы туралы, адамдардың жалғандығы 
туралы айтылады, махаббатқа, жақсылыққа өздерінің азаматтық 
борыштарын адал орындауға, өмірге, еңбекке шақыру бар. 
Қазақтардың әннен қалай ләззат алғаны мен әнші-ақындардың 
әнге қалай сүйіспеншілік туғыза алғандығын бізге «Қырғыз әншісі 
Үлкенбайдың қазасы» туралы аңыз баяндайды. Оның қысқаша 
мазмұны мынадай. 
Кәрі де ауру Үлкенбай ақын қолына өзінің екі ішекті домбырасын 
алды да ән айта бастады. Ол тыңдаушыларының назарына толық ие 
болған, оларды, оның әні тудырған әлемге шарықтауға, оның өзін 
шабыт сәттерінде толғандырған, сол сезімдерді сезінуге, сол өмірді 
бірге сүруге мәжбүр еткен. Нәзік сезімге оранған, кәрі әнші бой 
жазды, оған бұрынғы күштері қайтып келді. Оның тыңдаушылары 
ақынға таң қалып қарады да бұл ұлы күштің қайдан келгенін түсіне 
алмады, ол қалай тез адамды тірілтті, бұлай тез жанатын от, қандай 
ұшқыннан тұтанды. Оған күшті сүйікті әні берді. Үлкенбай өз 
әндеріне қаншама жанын, адал шынайы сезімдерін халыққа деген 
қаншама сүйіспеншілігін салды
2

Қазақ халқының кең танымал, сүйікті ақыны Ноғайбай болды. Ол 
туралы, оның даңқы бүкіл кең байтақ далаға тарады. Ноғайбай 
әндерінің соншама күшті ықпал етуі, сондай зор әсер беретіндігі оның 
әндерінен кейін тыңдаушыларға басқа ақындардың әндері ұнамайтын 
болған. «Жоғары дәрежеде нәзік әрі көркем, «дала ұлына» тән керемет 
психикалық сараптаумен Ноғайбай тыңдаушыларының көз алдында 
сурет салды»
3
, олардың анық болғандығы соншалық, тәнмен сезінуге 
болатындай еді. 
Қазақ халқы әсемдікті жеңіл де еркін қабылдауға қабілеті бар. 
Қазақтардың жоғарғы шығармашылық күшінің жемісі – поэзия, онда 
халықтың бүкіл өмірі толығымен көрініс табады. Махаббат туралы 
қазақ әндерінің бірін тыңдап отырып, А. Алектров: «Сол уақытта, 
адам табиғаты барлық жерде бірдей, және кедей күркесі мен 
өркениетті еуропалықтың бай сарайында патшалық етуші махаббат, 
сондай билікпен қырғыз (қазақ – Б.Қ.) киіз үйлерінде де, өте аз 
зерттелген қайдағы Мугоджамаларда да патшалық етеді»
4
– деген ойға 
келген. 
1


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   145




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет