323
этнографиялық құндылық болып саналатын, бай коллекция жиналды.
Өзінің ғылыми ізденістерін жүргізу барысында, ол ұлттық киімді,
Орта Азия мен Қазақстанды мекендеген халықтар өмірінен тұрмыс
көріністерін, үйлердің және табиғат ерекшеліктерінің суреттерін
салған. Кеңес дәуірі кезінде Шоқан суреттері бойынша көптеген
тарихи жерлер, жеке тұлғалардың портреттері, олардың киім түрлері,
тұрмыс жағдайлары және т.б. қалпына келтірілді
1
. Шоқанның
замандастарының естеліктерінен Уәлихановтар ауылына қазақ
халқының тұрмысы мен мәдениетіне үлкен қызығушылық танытқан
орыс зиялыларының көп келгені мәлім. Олармен Шоқан өте тез
табысатын. Орыс зиялылары бозбаланың қабілеттерін танып,
Шоқанға орыс әдебиеті мен өнеріне деген қызығушылықты барынша
дарытуға талпынды.
Осының бәрі Шоқанның ішкі дүниесінде өшпес әсер қалдырды.
Кейінірек ол туралы Шоқан өзінің досы Г.Н. Потанинге айтқан.
Адам қоршаған әлемнен әсер алып ғана қоймай, оған деген өзінің
қатынасын да білдіргісі келетіні, жұртқа мәлім. Бұның Шоқан
Уәлихановтың қолынан келгендігіне бізді оның ғылыми және әдеби
еңбектері сендіреді
2
.
Шығыс және орыс классикалық әдебиетін білуі Шоқанға өз
халқының көркем шығармашылығын жаңаша қабылдауға және
жоғары эстетикалық деңгейден бағалауға мүмкіндік берді. Ол қазақ
халық ауыз әдебиеті үлгілерін жазып алу мүмкіндігін жібермеген, көп
нәрсені жаттап алып, кейін туыстары мен достарының ортасында
мәнерлеп оқып беретін болған.
Өзінің ауылында болғанда, Шоқан «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу»
және «Ер Көкше» атты халық поэмаларының бірнеше варианттарын
жазып алған болатын.
Шоқан Уәлихановтың әр түрлі дарындары, ол Омскінің кадет
корпусында білім алған кезінде, содан кейін озық ойшылдармен
танысуы мен жалықпай оқуы барасында, өңделіп, әсерлері мен
түсініктері толығымен дерлік нақты ғылыми қызығушылыққа реттелді
әрі қалыптасты. Бұл оқудың қаншалықты жемісті болғандығына
Шоқан Уәлихановтың еңбектері дәлел. Оның еңбектерінде, жалпы
өнер туралы және, атап айтқанда, Шығыс пен Орта Азия
халықтарының көркем шығармашылығы туралы көптеген терең ойлар
бар. Шоқан Уәлихановтың тарих, этнография және әдебиет салалары
бойынша жазған еңбектерінің Шығыс халықтарының, ең алдымен,
қазақ халқының эстетикалық мәдениетінің дамуы үшін маңызы зор.
1
Қар.:
Достарыңызбен бөлісу: