Сабақтың атауы Қ. Мырзалиев «Ана»өлеңі Жалпы мақсаттар



Дата02.07.2018
өлшемі16,79 Kb.
#46036
түріСабақ

Қазақ әдебиеті

15.04.16ж

5-сынып

Сабақтың атауы

Қ.Мырзалиев «Ана »өлеңі

Жалпы мақсаттар

Ана сөзінің мазмұны мен идеясын ашу, ананың еңбегін ақтауға, анаға деген сүйіспеншілікке, ананы құрметтеп, сыйлауға тәрбиелеу.

Ынтымақтастық атмосферасы

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Күн күлімдеп нұр төкті, бізге жолдап...



Балалар: Сәлем!

Жақсы сөздер нұр септі, бізге жолдап...



Балалар: Сәлем!

Еске сақтап кеңесті, достарға сыйла...



Балалар: Сәлем!

Кел,қосылып айтайық бір-бірімізге...



Балалар: Сәлем!

Үй тапсырмасын сұрау


Өткен сабақты еске түсіру үшін оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

Мағынаны тану


Қадыр Мырзалиев «Ана»

Бәрі де, Ана,

Бір өзіңнен басталды.

Сен деп жаздым алғаш өлең дастанды.

Қуандым ба,

Өзің бар деп қуандым.

Жыладым ба,

Өзің жоқ деп жас тамды.

Бәрі де, Ана,

Бір өзіңнен басталды.

Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды.

Еркелесем, бір өзіңе еркелеп,

Жасқандым ба,

Тек өзіңнен жасқандым.

Алғашқы дәм, ол да сендік сүт еді,

Ақ сүт берген қашанда үміт күтеді,

Отанымның өзі сенен басталып.

Жауларыма жеткен жерден бітеді.

Өлеңді құрылысына талдау


Бәрі де, Ана, / бір өзіңнен / басталды. (а)
Сен деп жаздым / алғаш өлең / дастанды. (а)
Қуандым ба, / өзің бар деп / қуандым. (б)
Жыладым ба, / өзің жоқ деп / жас тамды. (а)
(3 шумақты, 12 тармақты, 3 бунақты, 11-12 буынды, қара өлең ұйқасы)

«Ана» сөзіне топтастыру


Әрқайсымыз ана туралы не білеміз, ойымызға ана туралы не келеді, соны айтып жазып шығайық.
Оқушылар жауабы:
                                              қадірлі ақылды                                                 дос сұлу аяулы ажарлы      

құрметті              мейірімді т.б.



Сергіту сәті

«Ана» туралы өлең айту
«МузАрт» тобының репертуарындағы  «Анаға сәлем» өлеңін айту.

Оқушылар ән айтады.



Ой толғаныс

Ой толғаныс.
5 жолды өлең құрастыру.
1. Зат есім. Кім? Ана
2. Сын есім. Қандай? Мейірімді, адал
3. Етістік. Не істейді? Тәрбиелейді, бағады, үйретеді.
4. 4 сөзден құралған сөйлем. Ана - ең асыл жан.
5. Синоним. Шеше, аяулы жан.
Мақал-мәтелдер айту
Енді балалар, ана туралы мақал-мәтелдер айтайық.
Ананың сүті — бал,
Баланың тілі — бал.

Анасын көріп қызын ал,


Аяғын көріп асын іш.

Ананың ойы – балада,


Баланың ойы – далада.

Әкеге қарап, ұл өсер,


Шешеге қарап қыз өсер.

Анаңа ауыр сөз айтпа,


Атыңа ауыр жүк артпа.

Анаңды Меккеге үш арқалап апарсаң да


қарызынан құтыла алмайсың.

Шығармашылық тапсырма.


«Ана» тақырыбына шағын эссе жазу.
Оқушылардың жазған эсселеріноқыту.

Өзіндік  жұмыс  РАФТ  құрастыру

Рөл – оқушы

Аудитория – депутат

Формасы – ұсыныс  хат

Тақырып – Аялайық  ананы!

Дүниенің нұры, өмірдің гүлі, қызықтың қызығы – ананың қолында.
Ана – бір қолымен әлемді, екінші қолымен бесікті тербетеді.
Қорыта айтқанда, барлық адам ана алдындағы парызын өтеп, ақ сүтін ақтап, ананың шашына ақ түсірмей, тек осы пейілді жандардың бақытты болуын ойлау керек.


Үй тапсырмасы

«Ана» өлеңің жаттау.

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Рефлексия

Бағалауды ұсыну.

- Бүгінгі сабақта нені үйрендік?


- Сабақ ұнады ма?

ӨӨБ


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет