ҚазақТЫҢ этикасы мен эстетикасы астана


Нысанбаев А., Сарсенбаева З. О традиционной этике казахов



Pdf көрінісі
бет45/145
Дата04.11.2023
өлшемі2,51 Mb.
#189323
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   145
Байланысты:
etika-i-estetika-kazahov

 
Нысанбаев А., Сарсенбаева З. О традиционной этике казахов. 
Алматы: Институт философии и политологии МОН РК.
1997. С. 3-20


180 
Әбдімәлік Нысанбаев, Төлеуғазы Әбжанов
АДАМГЕРШІЛІК ТУРАЛЫ ПАЙЫМДАР 
Ғалымжан
. Адамгершілік адамзат қоғамының даму тарихы 
арқылы қалыптасып, әрбір дәуірдің өзіндік қайшылықтарымен біте 
қайнасып, жетіледі. Сондықтан да адамгершілік мәнін абстрактылы 
түрде 
қарап, 
оны 
адамдардың 
табиғатымен, 
биологиялық 
ерекшелігімен ғана байланыстыруға болмайды. 
Әрине адамзат тарихында пайда болған адамгершілікке 
байланысты көптеген категориялар — жомарттық, батылдық, 
шыншылдық, баққұмарлық, сыпайыгершілік, әділдік пен достық, ар 
мен намыс тағы басқалары сонау көне дәуірден басталып, күні бүгінге 
дейін өз маңызын жоғалтпаған. Сондай-ақ адамзаттың, әрбір адамның 
ішкі рухани адамгершілік дүниесінің негізгі формалары — үміт, сенім 
және махаббат үнемі даму үстінде. 
Дегенмен, бүл адамгершілік категорияларына әрбір қоғам өзінің 
даму процесінде оның мазмұнына көптеген өзгерістер енгізіп отырды. 
Айталық көне грек дәуіріндегі адамгершілік категориялары сол 
қоғамдагы тарихы, әлеуметтік, экономикалық процеске тығыз 
байланысты болып, сол заманның негізгі қозғаушы күші — құлдарды 
ешбір ойшыл, философ, жазушы, тарихшы, тағы басқалары адам деп 
есептемеді. Сөйтіп, ол қоғамдағы қалыптасқан моральдық, 
адамгершілік категориялардың құлдарға ешқандай қатысы жоқ болып 
шықты. Одан кейінгі орта ғасырлық дәуірде де адамгершілік 
проблемалар дін жолымен шешіліп, құдай туралы идеологияның 
қолында болып, адамдарды бағындырудың құралына айналды. Ал 
капиталистік қоғам барлық қатынастарды заттық қатынастар арқылы 
шешпекші болғандықтан адамның өзі мен күші сатылатын товарға 
айналғандықтан адамзат қалыптастырған моральдық адамгершілік 
категориялар қайшылыққа ұшырады, қанаушы таптың қолындағы 
рухани құралдарға айналды. 
Асан
. Біздің еліміздегі орын алған жатсыну процесіне 
байланысты мораль мен адамгершілік құны түсе бастады ғой. Қазір 
кейбір жастардың арасында адалдық, шыншылдық, ар-ұят, ұждан 
жауапкершілігі, сыйластық, тағы басқалары өзініц мазмұнынан 
айрылып, кейде жай бос сөз, кейде күлкіге айналып кетті ғой? 
Үсен
. Ол рас шынында да осы адамзаттың рухани азығы болып 
келген адамгершілік пен моральдың қазіргі күндердегі маңызы 
төмендеп барады. Сондықтан да осы адамгершіліктің қалыптасуының 
тарихи жолдарына қысқаша көз жүгіртейікші. Өйткені онсыз 
адамгершілік пен моральді, оның қазіргі ролін түсіну қиынға соғады. 


181 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   145




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет