ҚазақТЫҢ этикасы мен эстетикасы астана


Асан . Ойбай, ата ондай без-бүйрек, тас бауыр жандар көп-ақ қой,  қазір. Олар өз ұлтымызда да жиіленіп барады.  Омар ақсақал



Pdf көрінісі
бет53/145
Дата04.11.2023
өлшемі2,51 Mb.
#189323
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   145
Байланысты:
etika-i-estetika-kazahov

Асан
Ойбай, ата ондай без-бүйрек, тас бауыр жандар көп-ақ қой, 
қазір. Олар өз ұлтымызда да жиіленіп барады. 
Омар ақсақал
. О, тоба-ай десеңізші. Бұрын-соңды біздің 
қазағымыздың тарихында да жантүршігерлік соғыстар, қан төгістер, 
бір бірінен өш алу, қаталдық болған шығар. Ал енді мына біздің 
заманымыз болашаққа ұмтылып, еңбек етіп жатқанда, осындай үлкен 
адамдарға, қарттарға деген қатыгездік пен қиянатшылық тарихымызда 
ешбір болмаған еді ғой. Сонау көне заманнан бері қариялар, қарт 
адамдар дастарқанымыздың сыйлы қонағы болып, төрімізден орын 
алушы еді. Кімнен ғана үйрендік екен осы қатыгездікті? 
Асан
. Ақсақал біз бір жағынан әрине осыған үйрендік те, үйретті 
де ғой, мына қиюы қашқан дүние! 
Ғалымжан
. Дегенмен тәрбиеде көп мән жатқанын ұмытпауымыз 
керек. Балалардың өсуіне, олардың рухани түрде жетілуіне
адамгершіліктің қалыптасуына көңіл бөлмеген соң олар тасбауыр, 
менменшіл, қайырымсыз боп өседі. Әрине өміріміздің жоғарыда 
айтқандай жат қылықтары біздің жастарымызға үлкен әсер етті. 
Дегенмен адамның өзіндік тәрбие алу, даму процесін ұмытпайық. 
Атақты кеңес педагогы Василий Александрович Сухомлинский осы 
тәрбие туралы былай деді емес пе: «Тасбауыршылық адамдарға 
немқүрайды қарауды, ал немқүрайлылық — менмендікті, менмендік 
— қатыгездікті тудырады». 
Омар ақсақал
. Мәселе үлкенді сыйлау, ештемені білмей 
жатталған көрсоқырлылық емес, қайта ол адамдардың ақыл-өсиетін, 
сөздерін еске сақтап, тәлім-тәрбие алу, олардын өмір жолын әрі қарай 
жалғастыру. 
Ал енді балаларды, жастарды қай халық болмасын ерекше сүйіп, 
қүрметтеп, мәпелеп өсіруге тырысады. Мүнда да адамгершілікке 
байланысты көптеген жайлар бар. Алдымен жастарды, балаларды 
еркелетіп, мәпелеп «құлыным», «шыбыным», «ботам» дей отырып, 
оларға қатал да болып, тәртіпке шақырып, жаман әдет-ғүрыптардан 
жирендіріп отыру керек. Баяғыда «ұры» деген сөз өте қорқынышты, 
өте ауыр сөз болатын. Ұрлығы ашылып қалған адам не өте қатты 
жазаланып, не ауыр ар таразысынан өтетін. Ал қазір ұрлық деген 
көбейіп кетті. Жолда жатқан нәрсені іле кету былай тұрсын, үйлерді, 
мекемелерді тонау, әсіресе, жастар жағынан, әдетке айналып бара ма 


189 
деймін? Кейде осы мәселені «Бізде дүние әлі жетіспейді, адамдардың 
еңбекақысы әлі аз» деп түсіндірмекші болғанына қайран қаласың. 
Сонда немене бұл тонай беруге ұлықсат деген сөз бе? 
Баяғыда ананың ақ сүтіне аузы тиген балаға «ешкімнің ала жібін 
аттап басушы болма!» деп үйретпеуші ме еді, құдайым-ау. Айтайық әз 
Тәукенің жеті жарғысында осы ұрлыққа қарсы, адамгершілікті 
тәрбиелеу туралы мәселелер көп айтылды емес пе? Соның бір-екеуін 
еске түсіре кетейік: 
3-жарғы «Мемлекет ішінде жазықсыз кісі өлтіргендер өлім 
жазасына бұйырылсын!» 
4-жарғы «Өзге біреудің әйелімен зинақорлық жасап, ақ некені 
бұзушыларға өлім жазасы бұйырылсын!» 
5-жарғы «Өреде тұрған тұсаулы жүрген сайгүлік атты ұрлаған 
кісіге өлім жазасы бұйырылсын!» 
Міне, аса қатал болса да бірақ әділ заңның өткен заманындағы 
бейнесі осындай. Яғни «Ар жанға, жан тәнге батады» деген осы! 
Адамгершіліктің тағы бір көрінісі біздің тарапымыздан жастарға 
деген қатынасымыздың қате қалыптасуынан болып отыр-ау деймін. 
Біз балаларды, жастарды тым өбектеп, асыра бағалап, нақты түрде 
оларды өзіндік даму ерекшелігін бағдарлай алмаймыз. Осындай 
«тәрбие, алған жастар кейін келе ата-анасының мойнынан 
қартайғанша түспейді. Ондай балалар ата-анасын сыйламайды да, 
келешекте күтпейді, тіпті бара-бара өзімізге масыл болмасын деп 
олардан құтылуға тырысады. 
Әрине, балаға жөнсіз қатал болып, ұрсу-жеку, олардың жер-
жербірлеріне жете кемсіту де жақсылыққа әкеле бермейді. Ондай 
орынсыз жәбір көрген жастар, қауіпті жолға түсіп кетуі де мүмкін. 
Дегенмен жастарға әдет-ғұрып сақтау керек-ақ. Олар ғасырлар 
бойы халқымыз қадірлеп келген асыл қазынасы — адамгершілікті 
игеру қажет. Мәселен, сый-құрметті көрсету ғана емес, ізеттілік те 
кейде әрбір жастың киім-киісіне, өнер-бойын ұқыпты ұстап, әрбір істе 
ізгілікті болуына қарап отырып, оның ішкі дүниесіне де көз жүгіртуге 
болады. 
Асан
. Яғни атақты немістің ақыны әрі драматургы Ф. Шиллер 
айтқандай: «Адам өз ісімен танылады» ғой! 
Ар деген сөзден шығады біздің өткен өмір тарихымыз біздің 
арымыз. Арымыз таза болса тарихымызда таза. Бірақ тарихымыздағы 
ұзақ жылдар бойы орын алып келген қиянат пен ауыр зардаптар 
халқымыздың адамгершілік сана-сезімін ойсыратып жіберді ме 
деймін? Өйткені сонау жетпіс жылғы тарихымыздың өзі 
идеологияшылдықтың құрсауында болып, ресми түрде өмір сүрді ғой. 
Ал сонау ғасырларға созылып, мыңдаған жылдарды қамтыған тарих 


190 
жөнінде ештеңе айта алмайтын жағдайға жеттік. Тарих және оны 
зерттеу белгілі бір адамдардың қолжаулығына айналды. Енді ғана 
тарихымызды ластаған идеологиялық процестерден тазартуға, олай 
болса арымызды да тазалауға мүмкіндік туды. Дегенмен әлі де толық 
тазалыққа жетуге әкімшілік-әміршілік жүйе бөгет жасап келеді. 
Үсен
. Е, қайдам? Арымыз толығынан тазарды деген сөздің өзі 
іске асар қояр ма екен? Өйткені, қазір кейбір адамдардың 
адамгершіліктен жатсынып бара жатқанын көріп отырмыз ғой. Ондай 
мәңгүртке айналған адамға не істей аласың? Онда ешбір парасаттық 
қасиеті қалмаған — ол үшін ар-намыс, ұлттық сана-сезім бос сөз, 
адамгершіліктің барлық жағынан жұрдай болған. Абайдың тілімен 
айтқанда «сабырсыз, арсыз, еріншек, көрсеқызар, жалмауызға» не 
істейсің? Әлде Ш. Айтматовтың «Жан пида» романындағы 
Базарбайды «сен бүл дүниеде өмір сүруге татымайсың» деп өз 
қолымен атып тастаған Бостон сияқты іс-әрекет жасау керек пе? Ол да 
табыла кеткен ақыл емес. Өйткені мұндай іс-әрекеттен соң Бостонның 
қандай жағдайға ұшырағанын Шыңғыс ағамыз былай деп суреттейді: 
«Мына адамдардың жүзіне қарап, Бостон кенет өзінің әлдебір 
сызықтан өтіп, өзгелерден мүлде бөлініп қалғанын сезді... Қазір 
олардың жүзіне қарап, жатсынуды, жатырқауды байқады. Сонда 
барып енді өзі бұл адамдарға мәңгі мүлде жат екенін ұқты. Өмір бақи 
бүлар оны көріп білмегендей жат. Егер өліп қалып, көрден қайтадан 
тіріліп келсе, жүрт қандай шошыр еді, қазіргі халі де сондай» 
(Шыңғыс Айтматов. «Жан пида». Роман. Алматы. «Жалын» 1988. 475 
бет).
Міне адамгершілік үшін күрескен адамның жағдайы осындай. 
Адамдықтан безген «өзі де ит» адамды заңсыз әркім өзінше жазалауға 
тиіс емес. Бірақ ондай «ит адамға» жазалайтын заң біздің 
конституциямызда жоқ. Жатсыну деген процестің диалектикалық 
арақатынасы осындай. 
Асан
. Ал адамгершіліктен босап шығып, еркіндік алып ар мен 
намысты аяққа басып жүргендерге не істеу керек? Олар үшін 
адамгершілік принциптерінің бәрі де бос сөз. Дүниедегі ең мықты — 
ақша мен дүние-мүлік. Ал басқаларын, оның ішінде адамгершілік 
қасиеттерінде сатып алуға болады. Тек бар, бай болу керек! Олардың 
ойынша бай болсаң, тіпті Қарабай болсаң да ештеме етпейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   145




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет