ҚазақТЫҢ этикасы мен эстетикасы астана



Pdf көрінісі
бет65/145
Дата04.11.2023
өлшемі2,51 Mb.
#189323
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   145
Байланысты:
etika-i-estetika-kazahov

Хасенов Ж.
Ұлыс еліндегі әкімшілік жүйесінің құрылымы // ҚР Әділет министрлігінің 
хабаршысы – 1996. — № 4. 47 б. 
2
Сонда,
48 б. 


209 
тиесілі құны мөлшерінде барымталап, мал қуып алса да ерсі 
болмайтын. Оның әлі де болса шексіз, ретсіз қолданылуына Тәуке 
бірталай тыйым салды”
1
. Ресей империясы құрамына енгеннен кейін 
және дәстүрлі әлеуметтік реттеу өзгергеннен соң барымта бастапқы 
мағынасын жойып, заңсыздық аймағына кетті. Әрине, өзгерген заман 
жағдайында ескі әлеуметтік құрылымдарды қайтадан қалпына 
келтіруге шақырудың теріс жақтары айтпаса да түсінікті. 
Өзгерістер 
жағдайында 
қазақтың 
әдеп 
мәдениетін 
трансформациялауға шақырған тұлғалар ағартушылар болды. Ыбырай 
Алтынсариннің мына жолдарында бұл ой анық айтылып тұр: 
Желкілдеп шыққан көк шөптей 
Жас өспірім достарым, 
Қатарың кетті-ау алысқа-ай, 
Ұмтылыңыз қалыспай. 
Біз надан боп өсірдік 
Иектегі сақалды. 
“Өнер – жігіт көркі” деп 
Ескермедік мақалды… 
Біз болмасақ, сіз барсыз, 
Үміт еткен, достарым
Сіздерге бердім батамды
2

Қазақстандағы Ресей империясының отаршылдық саясаты 
халықты рухани жағынан күйзеліске ұшыратты, оның діні мен діліне, 
әдебіне, әдет-ғұрпына, салт-дәстүріне нұқсан келтірді. Халықтың 
тәуелсіздіктен айырылып, бодан болуынан ұлттық мінезде ұнамсыз 
қылықтар көбейе түсіп, жасқаншақтық, “құлдық психология” пайда 
бола бастады. Қазақ елі осындай тұйыққа тіреліп, одан қалай шығуды 
білмей, болашағын ойлап, қабырғасы қайысқан кезде халқымыздың 
Шоқан, Ыбырай, Абай сынды асыл перзенттері ұлттық әдеп жүйесінің 
күрделі мәселелерін шешуге ұмтылды. Абай әдеп тақырыбын 
қозғағанда иман мәселесіне көп көңіл аударады және оны арлылық 
пен ұяттың баламалары ретінде түсіндіреді. Абай өз халқының 
бойындағы кісілік қасиеттермен қатар, теріс қылықтарды да қатал 
сынға алады: 
Өсек, өтірік, мақтаншақ, 
Еріншек, бекер мал шашпақ..,— 
деген өлең жолдарында Абайдың сыни этикасы көрініс тауып тұр. 
Хакім 34-ші қара сөзінде “Адам баласына адам баласының бәрі — 
дос», - дейді. Абай қазақ этикасының түбегейлі ұстанымы — “Адам 
болу» талап-мұратын жоғары деңгейге қойды. Абайдың тағдыры 
1
Қосжанов А.С.
Сырым бидің құқылық шешімдері. – Қарағанды: ҚарМУ, 1996. 40 б. 
2
Шу батыр // Екі мың жылдық дала жыры. – Алматы: Қазэнциклопедия., 2000. 224 б. 


210 
метрополия айқындап берген жолдан басқаша болып шықты. Ол 
бодандық адамдық тип шеңберінен шығуға талпыныс жатады. Абай 
орыс білімі мен ислам дінінің қазақ қабылдаған құндылықтарын 
тоғыстыруға ұмтылды және осы негізде заман талаптарына сай қазақ 
адамын қалыптастыруға шақырды. Абай тұлғасыздандырылған 
еуропалық білім жүйесінің қазақ қоғамына сәйкес келмейтіндігін 
анық түсінді және “Адам болуды“ негізгі бағдар ретінде қабылдады. 
Бұрынғы ислам арқылы келген шығыстық “кемел адам” ілімін Абай 
дәстүрлі көшпелілік кісілік қасиеттермен және еуропалық (ресейлік) 
біліммен органикалық түрде қосуға ұмтылды. Сол себепті ол Ақыл, 
Жүрек және Еріктің бірлігіне шақырды. Абай Алланы жеке-дара 
жүрекпен қабылдайтын софылық бағытқа жақын келді. Қазақ адамына 
мұсылмандық отарлық жағдайда өзіндік менді сақтайтын күш ретінде 
ұсынылады: 
Махаббатпен жаратқан адамзатты, 
Сен де сүй, ол алланы жаннан тәтті. 
Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп, 
Және қақ жолы осы деп әділетті. 
Руза, намаз, зекет, хаж – талассыз іс, 
Жақсы болсаң, жақсы тұт бәрін тегіс
1
.
Абай бойынша, Алланы сүю адамды сүюге жеткізеді. Адамды 
Алла табиғатқа жақын етіп жаратқан. “Адамды жаратушы, – дейді 
ақын, – әуелі көзді көрсін деп беріпті, егер көз жоқ болса, дүниедегі 
көрікті нәрселердің көркінен қайтып ләззат алар едік? Ол көз 
нәзіктігінен керегіне қарай ашып, жауып тұруы үшін қабақ беріпті. 
Желден, ұшқыннан қаға беріс болу үшін кірпік беріпті. Маңдай теріні 
көзден қорғап тұруға керек болғандықтан, басқа тағы керегі бар 
қылып қас беріпті. Құлақ болмаса, не қоңыр, не күңгір дауыс, жақсы 
үн, күй, ән - ешбірінен ләззат ала алмас едік. Мұрын иіс білмесе, 
дүниеде болған жақсы иіске ғашық болмақ, жаман иістен қашық 
болмақтық қолымыздан келмес еді. Таңдай, тіл дәм білмесе, дүниеде 
не тәтті, не дәмдінің қайсысынан ләззат алар едік? Бұлардың бәрі 
біздің пайдамыз емес пе?”
2
. Яғни, Абай табиғатпен үйлесімді адамды 
мұрат тұтқан дәстүрлі қазақ мәдениетінің ұстанымдарын қолдап 
шығады. Бірінші бөлімде Абайдың “Мен” және “менікінің” 
арасындағы айырмашылықты руханилықпен түсіндіретіні туралы 
жазып өткенбіз. Жалпы руханилыққа ден қою шығыстық және 
көшпелі өркениеттің айшықты белгісіне жатады. Абай да осы 
принципті басшылыққа алады. “Жас бала да, – дейді Абай, – анадан 
1


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   145




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет