ҚазақТЫҢ этикасы мен эстетикасы астана



Pdf көрінісі
бет68/145
Дата04.11.2023
өлшемі2,51 Mb.
#189323
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   145
Байланысты:
etika-i-estetika-kazahov

Назарбаев Н.Ә.
Тарих толқынында. – Алматы: Атамұра, 1999. 225 б. 
2
Сонда, 
230 б. 


217 
ойлар” кітабында арнаулы қарастырады. Автордың пікірі бойынша
Абай сынаған “пысықтар” Кеңес заманында шолақ белсенділер болып 
шығады. “Желтоқсан оқиғасынан кейін де осындай “пысықтар” өрбіп 
шыға келмеді ме? Абай айтқандай, атым шығып қалсын деп, пысық 
журналистер, ғалымдар, партия, совет қызметкерлері халықты 
қуырып жібере жаздады. Олар халықтың жанды жерлері – тіліне, 
ұлттық мектептеіне, тарихына, өніп-өсіп келе жатқан студенттерге 
ауыз салды емес пе? Сол “пысықтар” қазір пәс болып, беттері қайтып 
қалғанымен, орайы келсе тағы да “көктеп шыға келуі әбден 
ықтимал””
1
. ХХ ғасырдағы қазақ қоғамында рушылдықтың қозып 
кетуі де, дейді ғалым, осы “пысықтар” мен “шолақ белсенділердің” 
эгоистік пиғылынан туады. Бұл құбылысты жасырын түрде 
қазақтарды бір-біріне айдап салу үшін әкімшіл жүйе де қолданған. 
Мысалы, басқарушылардың әр жүзден болуын ескеріп отыру. 
Ғарифолла Есімнің сараптауы бойынша, “шолақ белсенділіктің” 
теориялық негізі - ұлттық мүдде мен таптық мүддені шатастыру”
2

Мемлекеттік “казармада” адамның тектілігі оның шыққан әлеуметтік 
тобымен айқындалады. Анкеталарда “әке-шешем жұмысшы болды” 
деп жазуға көп адамдар ынталанған. 
Тоталитарлық қоғамдағы әдептік мәдениеттің органикалық 
формаларының бұзылуы туралы көп дәлелдер мен деректер келтіруге 
болады. Алайда жағдайды қара бояумен суреттей беру де 
сыңаржақтылыққа жатады. Жоғарыда аталып өткендей, тоталитаризм 
“қазақ адамын” мүлдем өз ыңғайына көндіріп, орындаушы мәңгүртке 
айналдыра алмады. Осыған дәлелдер мен мысалдарды көптеп 
келтіруге болады.
Қатал сынға ұшыраған қазақтың әдептік-мәдени құрылымдары 
(қауымдық және тұлғалық деңгейде де) өзіне тән ынтымақтастық, 
кісілік пен сұхбатшылдық құндылықтарын сақтап қалды. Оны 
бірнеше себептермен түсіндіруге болады.
Біріншіден, 
Қазақстанда 
индустрализация 
жүргізіліп, 
қалалардағы тұрғындардың саны артқанымен қазақтардың басым 
көпшілігі ауыл-селода қоныстанды. Нақтылы тарихи жағдайда, осы 
кеңестік 70 жылдың ішінде қазақтың төлтума мәдениеті ауыл-
селоларда өз бітімін сақтай алды, маргиналдыққа кем ұшырады, 
дүбаралық қатынастар аздау болды. Қысқаша айтқанда, ауыл 
тоталитарлық қоғамда да қазақ әдеп мәдениеті үшін ұйытқы болды. 
Қазіргі қазақ зиялыларының басым көпшілігі ауылдан шыққандар. 
Екіншіден, Кеңес Одағында жүргізілген мәдени революцияның 
жағымды жақтары да болды. Жалпы сауаттылықтың қалыптасуы мен 
1
Есім Ғ.
Сана болмысы: Мәдениет пен саясат туралы ойлар. – Алматы: Эксито-Верена, 1994. 10 б. 
2
Сонда, 
22 б. 


218 
білім-ғылым ордаларының ашылуы, ұлттық кадрларды дайындау 
қоғамның мәдени деңгейін көтерді. Көзі ашық қазақ зиялылары 
тоталитарлық бақылау жағдайының өзінде қазақтың әлеуметтік 
мәдениетін жетілдіруге үлкен қызмет атқарды. Мысалы Қ. 
Кемеңгерұлы: “Бұқарашыл орыс қиялиларының жеке дара ұстаған 
жалпы бақыт-махаббатына көтермеші болмай, таза Жапония жолымен 
жүріп, бірлік-берекеден айырылмай, ұлтшылдықты сақтау керек
1
, – 
деді. Тағы бір ескеретін жәйт: коммунистер өзінің Батысқа қарсы 
текетіресінде Шығысқа иек артқысы келді. Қазақ зиялылары осы 
ұстанымды пайдаланып, жалпы Шығыстың (соның ішінде - қазақтың) 
азаттығын армандады. Мысалы, кеңесшіл деп аталатын Сәкен 
Сейфуллиннің өзі “Күн Шығыстан атады!” деді.
Шын мәнісінде, 1991 жылдан Қазақстан үшін Күн атып, 
тәуелсіздік заманы келді. Қазіргі постиндустриалдық қоғамда әдеп 
негіздері: тұлға мен қауымның, әлеуметтік тұтастықтардың 
арасалмағы түбегейлі өзгерістерге ұшырады. Ақпараттық қоғамда 
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін даралану (индивидуализация) 
үдерістері бұрын-сонды болмаған қарқынға ие бола бастады. Жаңа 
әлеуметтік жағдайда коллектившілдіктің бұрынғы формалары 
(социализм, корпоративтік құрылымдар, аграрлық мәдениеттен қалған 
қауымшылдық, т.т.) өздерінің нормативтік мүмкіндіктерінен 
айырылып, тарихи шектілігін анық аңғартты. 
Индивидуалдану жағдайындағы теңсіздік таптық сипатынан 
айырылып, тұлғалық белсенділік пен жасампаздыққа негізделе 
бастады. Марксизм тілімен айтқанда, тапсыз капитализм орнықты. 
Индивид әлеуметтік реттелген қатынастар аймағынан шығып, өзі өз 
өмірін айқындаудың орталығына айнала бастады. 
Постиндустриалдық 
қоғамда 
тек 
аумақты 
әлеуметтік 
құрылымдар ғана емес, сонымен бірге бұрынғы қоғамдардың ұясы – 
отбасы да күрделі өзгерістерге ұшырап кетті. Жеке-дара амбициялар 
қалыптасқан отбасылық тұрақтылықты шайқалтып жіберді, “келісімді 
некелер” көбейе бастады, гендерлік қатынастар бірінші орынға 
шықты. Басқаша айтқанда, даралану үдерістері өздерінің құндылы 
нәтижелерімен (еркіндік, шығармашылық, жасампаздық, таңдау, т.т.) 
қоса дәстүрден арылған, индивидуалдандырылған мәдени кеңістікте 
жаңа қайшылықтар мен ауытқуларды тудыра бастады. 
Индивидуалдандырылған мәдени-әлеуметтік бірлестіктің өзіндік 
санасына постмодернизм жатады. Өйткені соңғының негізгі принципі 
– орталықтандырудан бас тарту. Соңғы жылдары постмодернизм жан-
жақты талқыланды және арнаулы әдебиет те жеткілікті. Бұл мәдени 
феноменді тура мағынасында “модерннен кейінгі” деп қабылдасақ, 
1


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   145




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет