ҚазақТЫҢ этикасы мен эстетикасы астана



Pdf көрінісі
бет69/145
Дата04.11.2023
өлшемі2,51 Mb.
#189323
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   145
Байланысты:
etika-i-estetika-kazahov

Қодар А.
Очерки по истории казахской литературы. – Алматы: Золотой век, 1999. С. 381. 


219 
онда одан капитализм мен социализмнің теке-тіресінен кейін 
қалыптасқан 
өркениеттілік 
үлгісін 
аңғаруға 
болады. 
Енді 
постсоциалистік әлемдік тәртіп американдық үлгінің толық жеңісін 
білдіреді деп жариялаушыларды да тудырды. Ф. Фукуяма өзінің 
атышулы “Тарихтың ақыры?” атты еңбегінде енді батыстық 
либерализмге ашқандай балама жол жоқ, ол түбегейлі жеңіске жетті 
деді
1
. Алайда қазіргі тарих либерализмнің жеңіске жетуіне күмән да 
келтіруге негіз бола алды. Біз бұл жерде қазіргі көпполярлық әлемдегі 
ұлттық және діни қақтығыстардың белең алып кеткендігін еске салып 
отырмыз. Қанша ма жеке адам құқықтарын қорғаймыз деп жар 
салғанымен (либерализмнің басты қағидасы), қазіргі посткапиталисдік 
(немесе постсоциалистік) билеушілер жаңа империалистік әлемдік 
тәртіпті орнатқысы келді. Бұған АҚШ-тың халықаралық терроризмді 
құртамыз деп Ауғанстан мен Иракты жаулап алуы да мысал болады. 
Баяғы “ақ нәсілдік адамның тарихи мисиясы” және “төменгі 
нәсілдерді өркениеттендіру қажеттілігі” теориясымақтары еріксіз еске 
түседі. 
ХХ ғасырда бірнеше жаңа мифтер өрістеді. Солардың біріне 
мұқтаждықтан арылған, тұлғалық қатынастар құқықпен үйлесімді 
реттелген мұрат қоғам туралы утопия жатады. Бұл утопияның 
марксистік және жаңа либералдық үлгілері бар. Соңғысын Ф. 
Фукуяма тарихтан кейінгі қоғамда идеология да, философия да, 
қақтығыс пен мүдделер күресі де жоқ бірлестік деп суреттеді
2
.
Алайда қазіргі өркениеттілік бағдарларын объективтік талдау 
аталған “жерұйықтың” әлі алыс екендігін көрсетеді. Базистік 
мұқтаждықтарды өтеу мүмкіндігі мүдделер қақтығысын шеше 
алмайды. Адамның әдептік тұлғалық қасиеттері жетілгенімен, олар 
жеке адамның бірлесе, қауымдаса өмір сүруге ұмтылысын бекерге 
шығара алмайды. Егер “Мен” тек өзім үшін ғана өмір сүрсем және 
ешкімге керегім болмаса, онда менің өзімнің де қажетім жоқ. 
Таптық қоғамның қозғаушы бір факторына аштықтан қорқу 
жатса, онда жаңа ақпараттық қоғамда тұлғалық таңдау алдында 
үрейлену пайда болды. Осы жөнінде У. Бек – адам қаншама бай 
тұтынушы 
қоғамда 
өмір 
сүргенімен, 
болашағы 
жөніндегі 
қорқыныштан арылмайды дейді
3

Осы үдерістің көптеген себептерінің арасында шектеусіз 
даралану ерекше орын алады. Бұл шектеусіз даралану батыстық 
ойшылдар арасында, мифологиялық реттелген қоғамның ақыры келді 
деген ілімдерді дүниеге әкелді. Бірақ индустриалдық өркениеттің 
1
Бек У.
Философия истории. //Антология. С. 290. 
2
Сонда,
310 б. 
3
Сонда, 
63 б. 


220 
реттелген құрылымдарынан құтыла бастаған жеке адам жаңа 
әлеуметтік тұтастықтардың құрсауына түседі. Гипершындық
бұрынғы материалды немесе субъективті шындықтан да адам 
тіршілігін шектеп тастады. Көптеген батыс ойшылдары осы жаңа 
жағдайда “қаупі мол өркениет” қалыптасты дейді. Олардың арасында 
экологиялық, тар мамандану, денсаулық, жаңа кедейшілік қауіптерін 
атап өткен жөн. Басқаша айтқанда, шексіз даралану әлеуметтік қауіпті 
өркениет үлгісін тудырады. Рухани өмірді айтқанда тұтынушылық 
қатынастар, құнсыздану мен жатсыну шегінен шығып кетеді. 
Индивидуалдандырылған қоғамда жатсыну жеке адамның өзіндік 
тағдырынан туғандай болып көрінеді. Бәріне “өзім кінәлімін” деген 
принцип А. Камю суреттеген адамдық шарасыздыққа әкелуі әбден 
мүмкін. 
Адам мен әлеуметтік тұтастықтың арасындағы мәдени 
үйлесімділіктің бұзылуынан туған құнсыздану мен жатсынудың жаңа 
формалары Қазақстан сияқты жаңа қалыптасып келе жатқан 
қоғамдарда ерекше байқалады. Бұл мәселе енді ғана теориялық 
талдаудың объектісіне айналып келе жатқандықтан, ғылыми және 
көпшілік әдебиеттегі кейбір көзқарастарға салыстырмалы сараптау 
беріп, сосын өз тұғырнамамызды анықтайық. 
Бұл мәселені басқаша қарастыратын позициялар да жеткілікті. 
Әсіресе, этноцентристік дүниетанымда жекешілдік, Меншілдік ұлт 
мүддесінде қарсы келеді деген ой айтылады. Қазақ ұлтының жалғыз 
мемлекетінде бірегейлену этникалық деңгейінде өту керек делінеді. 
“Ең алдымен, бірегейлену процесіндегі ұйтқы ұлт – мына біздер, 
қазақтар өзімізге жүктелген күрделі де жауапты міндеттің салмағын 
толық сезімге алмай отырмыз. Өз елімізде отырып, атамекенімізге 
өзге отандастарымызды бауырға тарта қамқорлық жасаудың орнына
жетімдіктің зары өтіп кеткен бала тәрізді жеке мүддеміздің аясынан 
шыға алмай, айналамыздың бәріне өгейлене қараймыз. Бізге салса, 
“ақша бөлмейтін тас сараң үкімет те өгей”, “жиналып ап өзге тілде 
сөйлейтін парламент мүшелері де өгей”, “өз өнерпаздарынан гөрі жат 
елдің әншілерін жарылқауға құмар кәсіпкерлер де өгей”
1

Алайда, ұлттық бірегейлену абстрактылы ұран болып қалмауы 
керек. Ұлттың өзі адамдық Мен төңірегінде заман талаптарына сай 
модернизацияға ұшырап отыруы қажет. Мысалы, Орталық Азияның 
постсоциалистік ұлттарын нақтылы алсақ, онда олардың капиталистік 
те, социалистік те, демократиялық та, монархиялық та тәжірибелері 
жоқ екендігіне көз жеткізу қиын емес. Басқаша айтқанда, 
патриархалды-рулық өзіндік сана мен тоталитарлық құрылымдардың 
тарихи тұйыққа апарып тірейтіні сөзсіз. Әрине, жоғарыдағы ойларды 
1


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   145




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет