193
Омар ақсақал
. Оны сіздер білесіздер, оқыған ғалым адамсыздар
ғой?! Оны да ақтап, «дәләлдейтін» оқымыстылар табылар?!
Ғалымжан
. Сіздер балаларыңыз бен немерелеріңізге «оқыңдар,
әйтпесе надан боласыңдар» — деп үйретесіздер ғой?! Сол оқығандық
ақылдылыққа әкеле бермейтінін жаңа талқыладық емес пе?! Оған
қалай қарайсыз?
Омар ақсақал
. Түсіндім сұрағыңды, қарағым!
Заманына қарай
ағымы, толқыны емес пе?! Көптің ойы осыған қарай ауып кетті ғой,
оған не істейміз? Бірақ оқығаннан гөрі тоқыған ата-баба дәстүрімен
оның өткен жолына көбірек үңілу, содан сабақ алу дұрыс қой?!
Ғалымжан_._Адамдық_пен_надандықтың_арасы_қанша_Омар_ақсақал'>Ғалымжан_._Ата-баба_жолын_игеруден_әлі_де_қалып_бара_жатырмыз_ғой,_ақсақал!_Омар_ақсақал'>Ғалымжан
. Ата-баба жолын
игеруден әлі де қалып бара
жатырмыз ғой, ақсақал?!
Омар ақсақал
. Онда зауал келді десеңші — артың қараңғы,
алдың — терең жар, енді қайда барып оңасың?
Ғалымжан
. Адамдық пен надандықтың арасы қанша?
Омар ақсақал
.
Әрі қашық, әрі өте жақын. Көне замандағы
даналар айтты емес пе? Егер
надан өзінің надандығын білсе, ол
ақылды болатын көрінеді.
Ғалымжан
. Онда өнегесіздік надандықтың негізгі белгісі
болғаны ғой?!
Омар ақсақал
.
Дұрыс айтасың, қарағым! Өнегесіздік жайлаған
жерде адамдыққа жол жоқ!
Ғалымжан
. Е, кең дүние тарылып, қуырыла бастады десеңізші?!
Омар ақсақал
.
Иә шырағым, заман құрылып болды ғой.
Ізгіліктен ізде қалмай жүрмесе жақсы болар еді?!
Достарыңызбен бөлісу: