Қазақтың ұлттық ойындары – тәрбие көзі әдістемелік нұсқау Астана 2011 Пікір жазған



бет58/87
Дата05.02.2022
өлшемі3,86 Mb.
#15325
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   87
Қамшы тастау
Ойынның мақсаты: Өлең жолдарын айта отырып, дұрыс сөйлеу үлгілерін қалыптастыру.
Ойынның көрнекті құралдары: Қамшы.
Ойынның мазмұны: Ойынға бірнеше бала қатысады, шеңбер жасап тұрады. Жүргізуші өлең жолдарын айтады.
Аспаймын, саспаймын,
Шеңберді айнала бастаймын.
Біреудің тұсына келгенде,
Білдіртпей қамшы тастаймын.
Егер біреу сезіп қалса, жүргізушіні қуып жетуі керек. Жете алмаса айыбын төлейді.





Аш қасқыр


Ойынның шарты: Ойынға 10-15 бала қатысуға болады. Ойыншылардың арасынан біреуі аш қасқыр болып сайланады. Ойыншылар – қойлар аш қасқырға жеткізбей қашып, жүгірулері керек. Қай ойыншыға болсын аш қасқардың қолы тисе, ол аш қасқырға айналады да, өзі ойыншыларды қуа жөнеледі.


Қыз қуу

Ойын жүргізуші арасы екі шақырымдай жерде көмбе белгілейді. Аттың орнына шыбық ат пайдаланылады. Қыз бала атпен бір көмбеден екінші көмбеге қарай шабады. Ер бала қыз баланы көмбеге жеткізбей, қуып жетуі керек. Егер қуып жете алмаса, келесі көмбеге дейін қыз бала ер баланы қуады.


Көріп қалса білдірмей,
Жақындай түс бір-бірлей.
Тез арада жет дағы ала қаш
Өзгелер қалсын үлгермей.



Қазақша күрес
Ойын алаңының ортасына кілем төселеді.ортаға екі бала шығып күш сынасады. Белбеу арқылы біреуі екіншісіне кілем үстіне құлатып, жауырынын жерге тигізу керек. Жауырыны жерге тиген ойыншы жеңілген болып есептеледі. Күрес кезінде әдіс-айла төбелеске ұқсамау керектігін ойын жүргізуші қатаң бақылау керек.
Топ ішінде ойналар,
Шағыны да болады.
Кімдік көп айналар
Бәйгені сол алады.

Алшы

Ойын басталар алдында әрбір ойыншы сақасын иіреді. Кейде барлық ойыншылардың бір бала уыстап алып жерге шашады. Кімнің сақасы алшы түссе, сол ойынды бірінші бастайды. Ойынға қатысушылар әр ойыншы үш-төрт асық тігіп, кезегімен ата бастайды. Сақа мен асық иірген кезде бірдей жағымен түскен болса, асықты алып әрі қарай ата береді. Сақа алшысынан түсіп, асық басқаша де асықты алады. Сақа мен асықтың жатсы сәйкес болса, асықты алуға болмайды. Кезегін келесі ойыншыға береді. Осылайша жердегі асық таусылғанша ойын жалғаса береді.


Күші көрнеу басымы,
Қарсылас қолын жығады.
Алшы түсіп асығы
Жүлде алып көңілі тынады.




Асық ату

Аумағы 2-3 қадамнан тұратын шеңбер сызылады. Ортасына әр ойыншы келісім бойынша екі-үш асықтан тігеді. Сақасын иіру арқылы кезек алған ойыншылар 5-7 қадамдай жерде тұрып, тігілген асықтарды сақамен ата бастайды. Ойыншы сызықтың сыртына шыққан асықты ғана алады. Егер ойыншы бірдей-бір рет асықты шеңбермен шығара алмаса, ойыннан шығады.Ойыншылардың бәрінің кезегі біткенде ойын қайта жалғасады.





Сыңарын табу

Бұл ойында открыткаларды түрлі формамен екіге боліп қияды да, араластырып, ойын басқарушы көпшілікке таратып береді. Ойынның шарты: әркім өз қолындағы открытка қиындысының екінші бөлегін іздейді, ол адамды тапқан соң екеуі бірігіп өлең айтады, иә би билейді.









Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   87




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет