Қаныш Сатпаев (1899-1964 жж.) - геолог, қоғам қайраткері, Қазақ КСР ҒА ұйымдастырушысы және оның бірінші Президенті, геология-минерология ғылымдарының докторы (1942), профессор (1950), КСРО ҒА академигі (1946), Тәжік ҒА құрметті мүшесі (1951), қазіргі Баянауыл өңірінде туған.
1926-1929 жж. “Атбасцветмет” тресінің геологиялық бөлімін басқарған, 1929-1941 жж. – Қарсақпай комбинатының геология-барлау бөлімінің бастығы және бас геологі, 1941-1964 жылдары – Қазақ КСР Геология ғылымдары институтының директоры (1946 жылға дейін КСРО ҚазҒАФ), КСРО ҚАЗҒАФ (1941-46) Президиумының Төрағасының орынбасары, Төрағасы, Қазақ КСРҒА Президенті (1946-1952 және1955-1964). Геологияның көкейкесті мәселелерімен айналыса жүріп, Қаныш еліміздегі металлогеникалық ғылымдардың негізін қалаушылардың бірі болды. Қазақстан метталогендік мектебін құрушы. Өзінің ғылыми ізденістерінің көпшілігін ол Қазақстанның кен орындары мен минералдық ресурстарының геологиясын зерттеу мәселелеріне арнады. Ғылыми мұраларының ішінде Жезқазған кен орындарын зерттеудегі және Орталық Қазақстанның болжау металлогендік картасын жасауға арналған еңбектері жоғары бағалы болып табылады. Сәтбаев Жезқазған кен орнының осы типтегі әлемдегі ең ірілер разрядына жататындығын дәлелдеді. 1923-1931 жылдары Жезқазған, Ұлытау аймақтарында оның айтуымен Жезқазғанның болашағын қайта қарауға мүмкіндік берген кеңейтілген жаңа зерттеу бағдарламасы белгіленді. Геология – барлау қызметін озық теориямен қаруландырды, іздеу – барлау жұмыстары бағытын айқындап берді.
30-жылдары Жезқазғанда мыс кенінің түзілуінің нақты өлшеуішін ұсынды, ол түгелімен тәжиребеде нақтыланған болатын және кен орнындағы қалыпқа түсірілген кешенді геология бақылау жұмысының негізіне сүйеленген. Қаныш Орталық Қазақстандағы геологиялық дамудың, сондай-ақ осы аймақтағы әрбір алты геотектоникалық сатыларының мерзімдеріндегі геологиялық құрылым мен металлогендік ерекшеліктің басты белгілерін сипаттайтын негізгі құрылымдық элементтерді анықтады. Көмекші палеогеографиялық металлогендік және басқа карталардың кешені жасалды.
Өзінің зертеулерінің келесі сатысын ғалым жекелеген пайдалы қазбалардың кен орындарының генетикалық табиғатының ерекшеліктеріне арнады, геохимиялық, минералогиялық, геологиялық - құрылымдық қатынастағы ерекшеліктерін, олардың түзілулеріндегі геологиялық жағын анықтады. 50 металлогендік формацияны бөліп ала отырып, Орталық Қазақстанның әрбір металдық тобы үшін жеке болжамдық картасын жасады, оны еңгізудің нәтижесінде 1954-1958 жылдары әртүрлі металдардың жаңа кен орындары мен кен түзілулері ашылды. Қаныш Имантайұлы басшылығымен осы карталарды жасағаны үшін бір топ ғылымдар Лениндік сыйлықтың лауреаты (1958) болды, І Бүкілодақтық маталогения мәжілісіңде Қазақстан геологиясы мектебінің көш бастап тұрған рөлі мойындалды.
Жезқазғандағы тау-кен металлургия комбинатының құрылысы, Қарағандыдағы, Балқаштағы металлургия зауыттары, Ертіс - Қарағанды, Манғыстаудағы, Мұғалжар, Торғайдағы табиғи байлықтарды ашу жөніндегі ірі зертеулерді ұйымдастыру, республикадағы минералды-шикізат базаларының ірі объектілерін игеру, Кенді Алтай, Қаратау фосфориттері және басқа көптеген кен орындары Сәтбаев есімімен байланысты. Ол Қазақстанның экономикалық аудандарында өндіріс күштерін зерттеу мен игеруге арналған республика ҒА жоспарлық сессиясын өткізудің қозғаушысы болды.
КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1942), Қаныш Сәтбаев төрт Ленин орденімен, Отан соғысының орденімен және көптеген медалдармен марапаталған. Жоңғар Алатауындағы мұздық пен пик жоталарына, Қазақ КСР ҒА Геология институтына, Жезқазғандағы таукен – металлургия комбинатына, республикамыздағы қалалар мен селолардағы көптеген көшелер мен мектептерге ұлы ғалымның есімі берілген. Оның есімін нөмірі 2402 шағын ғаламшары алып жүр (1929 жылғы 31 шілдеде). Белгілі ғалым-астроном Николай Степанович Черных сансыз жұлдыздардың арасынан осы ғаламшарды ашқан еді. Шағын ғаламшар Жерге әрбір бір жыл бес айда жақын келеді. Бұл ғаламшар оны ашушы Н. Черныхтың ұсынысымен «Сәтбаев»-деп аталған. Халықаралық ғаламшарларды зерттеу орталығы бұл есімді бекіткен.