ҚазақТҰтынуодағЫ


Карл Маркс (1818-1883 жж)



бет47/94
Дата07.02.2022
өлшемі1,27 Mb.
#82097
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   94
Байланысты:
учебное пособие каз ИСТЭК.

Карл Маркс (1818-1883 жж) неміс экономисі, философ, марксизмнің негізін қалаушы. Өзінің ғылымдағы жолын заңгер және философ болып бастады. Маркс экономикалық проблемалармен «Рейін газетінің» редакторы болып жүрген кезінде бетпе-бет кездесті және жерге жеке меншік мәселелерімен айналысты. 1842 жылы Маркс Фридрих Энгельспен (1820-1895 жж) танысты, оның Маркске қарағанда өзгешелігі арнайы экономикалық білімінің жоқтығы болды. Энгельс өздігінен білім алумен көп айналысты, әсіресе тарихи және философия саласы бойынша терең ізденді, сөйтіп уақыт өте келе тамаша экономист-теоретик болып шықты.
К. Маркстің бірінші саяси экономия бойынша еңбегі – «1844 жылғы экономика-философиялық қолжазбалары». Бірінші бөлімінде – кірістің негіздері: еңбек ақы, капиталға пайда, жер рентасын қарады. Маркс шын мәнісінде еңбек ақыны жұмысшының өмірі мен оның отбасының өмір сүруіне қажетті байлықтар мен қызметтердің жиынтық құны түрінде түсінсе де, еңбек ақыны еңбек үшін ақы деп атайды. Оның анықтамасы бойынша капиталға пайда – жинақталған басқа біреудің еңбегі. Маркс жер рентасын ауыл шаруашылылығындағы басқаның төленбеген еңбегін пайдалану нәтижесі ретінде қарады.
Маркс бұл логикалық пайымдаудың тізбегінде, капитализм эволюциясының алғашқы сатыларында, капиталистік өндіріс қатынастарының дамуын көрсетті. Қазіргі заманғы капиталистік қатыстық, әлеуметтік кепілдіктерінің жеткілікті түрде дамыған жүйесін жасады. Алғашқы экономикалық еңбегінде Маркстің алдына қойған сұрақтары әлі күнге дейін актуалды, олар адамның өзін-өзі жатырқауын жою туралы сұрақ, бұл капиталистік өндіріс тәсілінің негізі мен тағдыры және өндіріс құралдарына меншік негізінде қоғамның болашағы мен дамуы туралы түсініктерінің тұтастай жүйесі. Ол теориялық жүйе ретінде үш өзара байланысты бөлімдерден тұрады және оның ілімінің методологиялық негізін құрайды (1 үлгіні қараңыз).
1 үлгі

Сонымен, Маркс ілімі ХІХ ғасырда адамзаттың ең қымбат ойы неміс философиясының, ағылшын саяси экономиясының, францияның утопиялық социализмінің заңды жалғасы болып саналады. Бұл марксизмнің үш методологиялық негізі, XVII-XVIII ғасырдағы философтардың материалистік идеялары. Ол мұны неміс классикалық философиясымен, әсіресе, өз кезенде Фейрбахтың материализмінің негізіне құрған, Гегельдің диалектикалық жүйесімен байытты. Мұның ең маңызы – диалектика, яғни біржақтылықтан, неғұрлым толық, терең және еркін түрде дамуы туралы ілім, мәңгілік дамушы материяның көрінуін беретін, адам білімінің салыстырмалығы турал ілім. Философиялық материализмді тереңдете және дамыта отырып, Маркс оны аяғына дейін жеткізді, оның табиғат танымын адамзат қоғамының танымына таратты. «Капиталды» жазу кезінде методологияға айналған Маркстің тарихи материализмі ғылыми ойлардың аса ұлы жетістігі болды. Маркс, А. Смитпен Д. Рикардо негізін құрған еңбек құны теориясын дамытты, Маркс бұл теорияны капитализмді талдаудың негізгі теориясы етті (2 үлгіні қараңыз).


Марксизм классикалық саяси экономияның бірқатар ережелерін өзіне мұра етіп алды. К. Маркс «Капиталға» даярлық барысында, өзінің ізбасарларына қосымша құн теориясын түсіндіретін («Капиталдың» ІҮ томының негізі) тұтастай том жазды. Алайда, бұл оның алдындағы тұжырымдамаларды жанжақты сынаумен қосарлана жүрді. Сын Маркс пен Энгельстің теориялық сындары, олардың еңбектерінің негізгі элементі болды. Аса даналы зерттеу «Капиталдың» өзін Маркс капитализм мен буржуазиялық саяси экономиясы ретінде жазды.
Утопиялық социализм - негізгі дерек көздерінің бірі болды. Ұлы утопист – социалистер капитализмге өткір сын айтты, алайда ол теориялық шектеуліктен зардап шекті, өйткені ғылыми негізге ие болмады және басым түрде эмоциалдық сипатқа ауысты. Маркс пен Энгельс капитализм сынын ғылыми негіздеді, ішкі қайшылықтар мен капиталистік жүйенін экономикалық заңдарын ашып көрсетті. Сен-Симон мен Р. Оуэн социалистік жобаларды алға жылжыта отырып, болашақ қоғамның көптеген белгілеріне өз көзқарастарын білдірді. Алайда, олар пролетариаттың дамымаған, таптық күресінің пісіп-жетілмеген кезеңінде өмір сүрді. Ұлы социалист-утопистер пролетариаттың тарихи міндеттерін көрмеді, ал олардың социалистік жоспарлары, нақты өмірден алшақ, фантастикалық (қиял-ғажайып) болды. Маркс пен Энгельс олардың утопиялық идеяларын сынға алып ғылыми социализм теориясын жасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   94




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет