ҚазақТҰтынуодағЫ


А. Смит шығармаларында классикалық саяси экономияның дамуы



бет8/25
Дата05.11.2016
өлшемі2,72 Mb.
#817
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   25

3.3 А. Смит шығармаларында классикалық саяси экономияның дамуы.


Адам Смит (1723-1790 жж.) – классикалық саяси экономияның негізін салушы. Оның басты еңбегі - «Халықтар байлығының табиғаты мен себептері туралы зерттеу» саяси экономияның ғылым ретінде қалыптасу кезеңінің аяқталуы болды. Бұл еңбегінде автор саяси экономияның пәнін, методологиялық және жалпы негіздерін айрыша ілім саласы ретінде анықтады. Кітап 5 бөлімнен тұрады: бірінші бөлімі, өндіріс процесі мен оны бөлуге арналған және негізгі таптардың табыстары мен олардың пайдасы туралы ілімнен тұрады; екінші бөлім, капитал және оның функционалды формаларын қарастырады. Үшінші бөлімде капитализмнің даму тарихының жағдайлары көрсетілген. Төртінші бөлімде бұрынғы өткен экономикалық ілімдерге (меркантилизм және физиократизм) талдаулар берілген. Бесінші бөлім мемлекеттің қаржы мәселелеріне арналған.

А. Смит ғылым ретінде саяси экономияның қос міндетін анықтады:



  1. объективті экономикалық шындықты талдау және оның даму заңдылықтарын анықтау;

  2. фирмалардың және мемлекеттің экономикалық саясаттарды жүргізу, ұсыныстарын әзірлеу.

Бұл экономика ғылымына қосылған маңызды үлес болды. Ол ел байлығы мен оның қуатын арттыру жолын анықтайтын ғылым ретінде саяси экономияның міндетін айқындады.

А. Смит логикалық абстаркция әдістері арқылы экономикадағы заңды, анықтаушы процестерді және кездейсоқтықтан абстаркциялауды; сыртқы көрністен ішкі заңдылықтарды анықтау әдістерін жасады.

А. Смит методологиясы экономикалық либерализм тұжырымдама негізі ретінде мына жайлардан қөрінеді:


  • жекелеген тұлғалардың мүдделері қоғамның мүддесімен сәйкес келеді;

  • «экономикалық адам», эгоизммен (менмендікпен) бөлінген және байлықты көбірек жинауға ұмтылатын тұлға.

  • еркін бәсекелестік экономикалық заңдардың әрекет етуінің өзгермейтін жағдайы болып саналады;

  • пайда үшін күрес және еркін сауда, бүкіл қоғамға пайдалы қызмет ретінде бағаланды;

  • рынокта, еркін бәсеке адамдардың мүдделері арқылы, олардың іс-әрекетін басқарып тұтастай алғанда бүкіл қоғамға жоғары пайдалы проблемаларды шешетін «көзге көрінбейтін қол» іс-қимыл жасайды.

А. Смиттің экономикалық ілімінің негізгі идеялары:

  • материалдық өндіріс өнімі, өнімді еңбекпен айналысатын халықтың үлесіне қатысты ұлттық байлық болып саналады;

  • еңбек өнімділігін арттырудың негізгі факторы – бұл еңбек бөлінісі (мамандану), ол жұмыс уақытын үнемдейді, еңбек дағдыларын жетілдіреді, өндіріс құралдарын дамытады, қол еңбегін жойып, оны жеңілдетеді.

А. Смит, экономикалық құбылыстар өздігінен стихиялық және объективті заңдармен анықталады деп санады. Ол экономиканың табиғи еркіндігің, шаруашылық күштерінің еркін айналымын жақтады. А. Смит адамзат қоғамын қоғам дамуының кезеңдерінде тәуелсіз адамдардың айырбас (меновой) одағы деп санады, өйткені айырбасқа бейімділік-бұл тарихтан тыс процесстер. Бұл классикалық мектептің көзқарастарының негізі болды.

А. Смит, еңбек бөлінісі мен айырбастық ұлғайып өсуі бірін-бірі итермелей отырып қатар жүреді және қоғамдық өндіріс процесінің нәтижесінде стихиялы (өздігінен) тауарлық әлемінен бөлініп шыққан ақшаның маңызды рөлін көрсетті. Ақша функциясының ішінен ол айналым құралдарының функциясын айрықша атап көрсетті. Ол ақшаны айналым процесін жеңілдету үшін техникалық құрал деп санауға тоқталды. Оның өлшеусіз еңбегі, ол ақша мен несиені өндірістен шығарды және бұлардың бағынышты ролін көрсетті. Дегенмен А. Смит ақша несие факторларының дербестігін және олардың өндіріске кері әсерін жете бағаламады.. Смиттің экономикалық көзқарастарынын негізгі құн теориясы оның көзқарастарының қарама - қайшылығын айқын көрсетеді . Мәселен, ол құнның үш анықтамасын берді:



  • құн еңбек шығындарымен анықталады;

  • құн сатып алынатын еңбекпен, яғни аталмыш тауарды алуға жұмсалған, еңбек көлемімен анықталады. Бұл ереже қарапайым тауар өндірісі үшін дұрыс болып есептегенімен, капиталистік өндіріс жағдайында ол дұрыс емес, өйткені тауар өндіруші еңбекақыны өндірістен гөрі айырбас кезінде көбірек алады. Осы жерде Смит, капиталистермен жұмысшылар арасындағы қатынаста құн заңының бұзылатын қайшылығын көреді, осы себептен ол құнның басқа, үшінші теориясын жасады;

  • тауар құны табыстармен: еңбекақымен, пайдамен және рентамен анықталады. Бұл жерде ол жай ғана пайда емес, капиталдан түсетін орта пайданы айтып отыр. Смит өндіріс бағаларының категориясын құрастырды. Бұл анықтама «Смит догмасы» деген атақ алды және өндіріс факторларының теориялық негізін құрды.

А. Смит, қоғамда өмір сүретін үш таптың: жер иеленушілердің, капиталистердің және жұмысшылардың бар екендігін ескере отырып жоғарыдағы теорияны негіздеді. Жер иеленушілер – өндіріс құралдарының меншікті иелері болғандықтан жалгерлік ақы ретінде рентадан табыс алады.

Капиталистер – өндірістің негізгі құралдарының иегерлері және жұмыс күшін жалдаушылар болғандықтан табысты пайда түрінде алады. Егер ол жерді жалға алып және тау-кен өндіру өнеркәсібін құратын болса, онда пайданың бір бөлігін жер рентасы түрінде жер иесіне береді, сонымен ол өндіріс капиталисттерінің ауыл – шаруашылық капиталистерінен айырмашылығының жоқтығын көрсетеді. Бұл оның үлкен ғылыми жетістігі.

Смит сондай-ақ, ешқандай меншікке ие емес және өзінің еңбегін еңбекақыға жалданбалы жұмысшылар табын ерекше көрсетті.

А. Смиттің негізгі қателігі оның үнемі еңбекті сату деп айта беретіндігінен тұрды, ал Маркс одан кейінірек, шындығында сатып алу - сату (заты) еңбекті емес, жұмыс күшін, яғни еңбекке жарайтын қабілет екендігін түсіндірді. Капиталист еңбекті сатып алып отырып, оны еңбек процесінде пайдалану құқығын иеленеді, сөйтіп жұмысшы капиталист үшін қосымша құн жасайды.

Смит одан әрі еңбектің қандай түрлері ұлт байлығының өсуіне әсер ететіндігін зерттеді. Осы жерде ол еңбектің екі түрін - өнімді және өнімсіз еңбекті қарастырды. Бірінші – қосымша құн жасаушы, ал екінші – осы байлықты тұтынушы. Ол былай деп жазды: «Мәселен, мануфактурадағы жұмыскер еңбегімен, өзі өңдейтін заттардың құнын өсіреді яғни оны өзіне керекті және шаруашылық иесінің пайдасын көбейтеді». Өнімді еңбек туралы пікірі Смитке кезінде өзіндік ең батыл ескерткіш жасауға мүмкіндік берді. Мәселен, ол былай деп жазды: «Кейбір ең құрметті деген қоғам сословиялары үй қызметшілерінің еңбегіне ұқсас, ешқандай құн өндірмейді... Мысалы, мемлекет басшысы (государь) өзінің бүкіл сот шенеуніктері, бүкіл әскері мен флоты өнімсіз (өндіріссіз) жұмысшылардан тұрады. Сол, бір тапқа кейбір ең маңызды, сол сияқты жеңіл ойлы кәсіпкерлер – ақсүйектер, дәрігерлер, барлық тектегі жазушылар, актерлер, музыканттар, опера әншілері және басқалар жатқызылуы тиіс». Осылай ол қоғамда өнімсіз жұмысшылардың үлесі неғұрлым аз болса, қоғамның байлығы соғұрлым тез өседі деген идеяны алдыға салды. Бұл-мемлекеттік билікпен белгілі бір дәрежеде оппозицияда болған, бірақ қолдарында дворяндық үкімет бар, прогрессивті таптың позициясы еді.

А. Смит ілімінің әлемдегі экономикалық ойды дамытуға үлкен ықпалы болды. XVIII ғасырдың соңында – XIX ғасырдың басында оның идеялары Ұлыбританияда, Францияда және басқа елдерде, оның ішінде Ресейде кең таралды, крепостнойлық пен патшаға қарсы күресте пайдаланылды.



3.4 Д. Рикардоның методологиясы

және оның еңбек құн теориясы.


Давид Рикардо (1772-1823 жж) - өнеркәсіп төңкерісі дәуірінің экономисі, Англиядағы классикалық саяси экономияны жасауды аяқтаушы А. Смиттің экономикалық теориясын жалғастырып, оның кейбір кемістіктерін түзетуші.

Д. Рикардоның саяси экономиясының ерекшелігі оның зерттеу методологиясында.

Оның бірінші еңбегі ақша айналымы мен валютаға арналды. Оның басты еңбегі – «Саяси экономияның бастаулары және салық салу» (1817 ж), 32- тараудан тұрады, онда экономия теориясын зерттеудің негізгі методологиялық үлгілері берілген. Экономист – саясаткер ретінде оның Ұлыбританияға астық әкелуге тыйым салу заңына қарсы шығуы, бұл заңнан соң жер рентасы бағасының өсуіне және өнеркәсіп пайдасың төмендеуіне әкеліп соққан болатын.

Смит сияқты, Рикардо мемлекеттің экономикаға араласуына қарсы болды, сыртқы сауданың еркіндігі үшін күресті. Қоғам мен шаруашылықтың дамуына деген тарихи көзқарастың жоқ болуы Рикардо үшін, сол сияқты бүкіл классикалық саяси экономияға тән болды. Капитализмді ол бірден-бір мүмкін және табиғи құрылыс деп, ал оның экономикалық заңдары – жалпыға бірдей және мәңгілік деп санады. Оның ілімінің шектеулілігі осыдан тұрады. К.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің экономикалық қатынастарын еңбек құны теориясының позициясынан зерттеуге талпынуы мен өндірісте капиталистік тәсілдің ішкі заңдылықтар жүйесін ашуға ұмтылысынан тұратындығын көрсетіп берді. Құн тек алғашқы қауымдық қоғамда ғана еңбекпен анықталады деген Смиттің ережесін теріске шығара отырып, Рикардо жұмысшы еңбегі капиталистік қоғамның барлық таптар табыстарының (еңбекақының, пайданың, проценттің, жер рентасының), бірден-бір көзі деді. Рикардо мынандай қорытындыға келді, капиталистің пайдасы – жұмысшының төленбеген еңбегі, дегенмен ол құн заңының тұрғысына байланысты пайданың пайда болуын, қосымша құн заңын ашып көрсете алмады. Рикардо, сондай-ақ, еңбектің қосарлы сипатына түсінбегендіктен саяси экономияның басты қарама-қайшылығын шеше алмады.

Давид Рикардоның саяси экономиясының ерекшелігі оның экономия теориясын зерттеудегі үлгілік (моделдік) методологиясынан тұрады. (2 үлгіні қараңыз).

Рикардо, саяси экономия пәні деп, қоғамдағы таптарды құрайтын, адамдардың экономикалық қатынастары деді. Оның алға қойған басты міндеті – еңбекақы, пайда және жер рентасы формасындағы негізгі таптар арасындағы ұлттық табысты бөлу негізіне жататын заңдарды зерттеу болып саналды. Абстракциялы ғылыми әдісті қолдана отырып Рикардо, капиталистік шаруашылықты ең ортақ реттеуші принципі ретінде еңбек құны заңын жасады және ол саяси экономияның бастапқы ережелерінің бірі болып саналды.



2 үлгі

Д. Рикардо идеясына сәйкес саяси экономияның басты міндеті

Рикардо экономикада объективті және стихиялы, бірақ танымдық заңдар әрекет етеді деп санады. Олардың танымдық әрекеттерімен қатар ол қоғамдағы өндіріс күштерінің өсуіне әсер етуші экономикалық саясатты жасау саяси экономияның міндеті деп санады (3 үлгіні қараңыз).



3 үлгі
Рикардоның экономикалық көзқарастары

Еңбек құны теориясында Д. Рикардо мынандай анықтамалар берді;



  • тұтыну және айырбас құндарында айырбас құны жұмсалған еңбекпен, сондай-ақ жұмсалған капиталдың көлемі және уақытының ұзақтығымен анықталады;

  • қысқа мерзімдік кезеңдегі тауар бағасы сұраныс пен ұсыныс арқылы анықталады, ал ұзақ мерзімдік кезеңде – өндіріс шығындарымен анықталады;

  • жұмысшылардың еңбекақысының өсуі тауарға деген бағаның өзгеруіне емес, кәсіпкердің пайдасының өзгеруіне әкеледі;

  • тауар ретінде ақша құнының төмендеуі еңбекақының және тауарлар бағасының өсуіне әкеледі.

Д. Рикардо еңбекақы туралы ілімінде, жалдамалы жұмыскердің табысы, оның еңбегі үшін төленген ақы деп анықтады:

  • жұмыс қолының ұсынысы неғұрлым көп болса, солғұрлым жұмысшының еңбек ақысы төмен яғни керісінше;

  • еңбекақының «темір заңы» бойынша, енбекақыны ең төменгі күн көру деңгейінде ұстау халық санының табиғат заңымен негізделген, яғни еңбекақыны көтерген жағдайда туу көрсеткішті өсіп, еңбек рыногында ұсыныс өседі.

Экономиканың жалпы өсуіне қарамастан, ауылшаруашылық өнімдері бағасының өсуімен байланысты жұмысшы табының жағдайы нашарлай түседі. Еңбекақының төмендеу үрдісі тек қана мемлекет тарапынан бақылау орнатылған кезде ғана тоқтауы мүмкін.

Рикардо пайданы былайша белгіледі:



  • еңбек ақыдан құнның артық болуы;

  • жұмысшыға төленбеген еңбегінің бөлімі;

  • пайданың көбею тәсілі – еңбек өнімділігінің өсуі;

  • ауылшаруашылық өндірісіндегі еңбек өнімділігінің төмендеуі тамақ өнімдері бағасының өсуіне және еңбекақының ең төменгі мөлшеріне әкеледі, одан әрі, пайда нормасы төмендеп, «пайда нормасының төмендеу» заңы әрекетін бастайды.

Рента алуды негізі етіп Рикардо жерге деген меншікті анықтады. Жердің құнарлылығы, ондағы өнімдерді өткізу үшін рынокқа жақын орналасуы, рентаны құрушы факторлар деді. Дифференциалды рентаны ең жақсы және ең нашар жерлердегі ауылшаруашылық өнімдері құнының арасындағы айырмашылығы деді. «Жердің құнарлылығынан айырылу» заңын мойындап, рентаны «жердің әр түрлі құнарлылығы мен орналасу есебінен құралатын орта пайдадан жоғары артық құн»деп анықтады.

Д. Рикардо рента (таза өнім) табиғаттың сыйы деген физиократтардың заңсыз (қисық) көзқарастарын, сондай – ақ егіншіліктен алынатын табыс табиғатқа байланысты деген Смиттің қателігін көрсетті. Табиғат рентаны жасауға қатыспайды және баға деңгейін анықтамайды деп дәлелдеді Рикардо. Рентаның көзі жердің құнарлылығы емес, ауыл шаруашылығындағы жұмысшылардың еңбегі деді. Ауылшаруашылық өнімдерінің құны нашар жерге жұмсалған еңбек шығындарымен анықталады. Бұл - реттеуші баға. Жақсы және нашар жерлерден алынатын бірдей сападағы өнімдер осы баға бойынша сатылады. Тек қана өте құнарлы жерлерде ғана артық өнімдер пайда болып жер иелерінің нарықтық пайдасының көзін құрайды.

Нашар жерлердің иелері рента ала алмайды, бұл жерлердегі өндіріс бағасы шығындармен сәйкес келеді. Рента – өндіріс факторынын ақысы (бұл тегін өзіндік еңбексіз алынған табыс). Жердің меншік иесі болмаса, онда рентаны фермер алады.

Ақша теориясы белгілегендей:



  • тұрақты ақша айналымы экономиканың өсуінің басты жағдайы;

  • ақша жүйесінің ең жақсы базасы (негізі)- алтын;

  • алтынның қағаз ақшаға айырбасталуы мүмкін, бұл үшін қатаң курс бойынша олардың құндылығын қамтамасыз ету керек;

Салыстырмалы басымдық теориясы арқылы Д.Рикардо, салыстырмалы шығындарды салыстыру мен еңбекті халықаралық реттеу негізінде халықаралық сауданың пайдалы екендігін дәлелдеді. Сыртқы сауда, әлемдік рынок, валюталық ілімінде маңызды орын алады. Ғылыми позиция тұрғысынан төлем баланстарын стихиалы түрде теңестіруді, әр түрлі елдердегі бағаның салыстырмалы деңгейіне әсерін тигізуші алтынның халықаралық қозғалысының әсерін түсіндіруге тырысты. Сонымен бірге, оның көзқарасы (жол табушылығы) ақшаның сандық теориясына және төлем баланстарын тексерудің дағдарыстық сәттерін жете бағалауға, артық өндірудің ортақ белгілерінің мүмкіндіктерін жоққа шығаруға негізделді. Соған қарамастан, Рикардо XIX ғасырдың аяғына дейінгі ағылшын классикалық саяси экономияның дамуына ықпалы шексіз болды. Рикардо ілімі XIX ғасырдың бірінші жартысындағы ағылшын утопиялық социализімнің экономикалық идеяларының және марксизмнің негізі болды.

Рикардоның экономикалық ілімі өнеркәсіп төңкерісі дәуіріндегі капитализмнің даму проблемалары мен қарама-қайшылықтарын көрсетті. Ол капиталистік өндіріс тәсілінің прогрессивтігін, оның өндіргіс күштерінің дамуына аса зор мүмкіндіктерін көрсетті.

Бірақ Рикардоның ілімі кеңінен белгілі болып, экономика ғылымының дамуына үлкен әсерін тигізгенімен, оның ілімін тікелей жалғастырушылар болмады.

Рикардоның классикалық саяси экономиясының маңызын түсінуге мына негіздер көмектеседі:



  1. Логикалық абстракция әдісінің көмегімен Рикардоның саяси экономиясына экономикалық құбылыстар мен процестерді тереңдеп көру тән болды. Ол шынайы болмысты үлкен белсенділікпен және құлшыныспен талдады.

  2. Адамның еркіне тәуелсіз объективті экономикалық заңдардың өмір сүру түсінгі классиктер ойларының негізі болды. Бұл заңдар, экономикалық жүйелердің табиғи дамуын, олардың өзін - өзі реттеу әдістеріне тән екендігін көрсетті. Осыдан мемлекеттің экономикаға араласуын шектеу керектігі туындады.

  3. Барлық классикалық ілім еңбек құн теориясының және бүкіл пайданың болуынан құралған.

  4. Классикалық саяси экономия буржуазиялық қоғамның таптық құрылымына талдау жасады. Қосымша еңбек, жалданбалы еңбекті қанау капиталистер мен жер иеленушілердің пайдаларының көздері деген қорытынды жасады.

  5. Классикалық саяси экономия қоғамдық капиталдың ұдайы өндіріс механизмін, капиталдың жинақталуын зерттеп, экономикалық дағдарыстардың болмай қоймайтындығын көрсетті.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет