ҚазақТҰтынуодағЫ


Экономикалық теорияның институционалды-әлеуметтік бағытының генезисі



бет25/25
Дата05.11.2016
өлшемі2,72 Mb.
#817
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25

9.3 Экономикалық теорияның институционалды-әлеуметтік бағытының генезисі.


Институционализм – қазіргі батыстың экономикалық ойлардың көрнекті ағындарының бірі. Оның ерекшеліктері:

  • институционалистер экономика пәнін кең түрде қарастырады. Олар шаруашылық қызметке әсер ететін факторлар мен жағдайлардың барлық түрлерін есепке алуды қажет етеді.

  • «экономикалық» адам деген қатынастан туатын экономикалық қатынастарды талдаудан бас тарту қажет.

Институционализмнің басты ерекшелігі (мағына) институттарды безендіру мәселелеріне беріледі.

Институтционализм ХІХ ғ. аяғында пайда болып үш бағытта тарады.

Олар: әлеуметтік-психологиялық институционализм; әлеуметті-құқықтық және эмперикалық (коньюнктура-статистикалық) болып.

Бұлардын барлығы жалпы фундаменталды жағдайларың бірлігіне қарамастан, олар бір-бірінен талдау тәсілдері мен әдістерімен, экономикалық құбылыстардың салаларын және себептерін талқылаумен, қоғам өміріндегі жеке институттардың мәні мен рөлі бойынша ерекшеленеді.

«Ескі» институтционалистермен (Т. Веблен, Дж. Коммионс және У. Мичелл) неоинститутционалистердің (Дж. Гелбрейт, Дж. Бьюкенен, Р. Коуз, Д. Норт және т.б.) көз қарастарының арасында кем дегенде үш ерекшеліктер бар:


  1. «Ескі» институтционалистер құқық пен саясаттан экономикаға жүрген, басқа қоғамдық ғылым әдістерінің көмегімен, экономикалық процесті талдауға ауысты. Неоинститутционалистер, керісінше, саяси, құқықтық және көптеген басқа проблемаларды қоғамдық ғылымдардың неокласикалық экономикалық теория тәсілдерінің көмегімен әсіресе қазіргі микорэкономика аппаратары және ойымен теорияны қолданып талдауға кірісіті.

  2. «Ескі» институционализм индуктивті жекешеліктен қоғамдық тәсілдерді қолданды, сондықтан ортақ институционалды теория сол бетімен қолданылмай қалды. Осы институттар ортақ теориясыз талданған, неоинституционализм дедуктивті тәсілдерді қолданып: институттарды бірыңғай теория негізінде талдаған.

  3. «Ескі» институтционализм ең басты көңілді үйымның мүддесін қорғау мақсатында басты орынға тәуелсіз индивидті қояды. Неоинституционалистер бірінші орынға еркін мүшесін сайлайды ол қай ұжымға мүше болуды өзі шешеді.

Әлеуметтік-психологиялық институционализм ағымын тұрған Торетейн. Б. Веблен (1857-1929 жж.), американың экономисті және социологы. Ол экономикалық дамудың психологиялық теориясын қалыптастырды.Оның ең маңызды еңбектері: «Теория праздного класса» (1899), «Қазіргі заманға сай өркендеудегі ғылымның орны және басқа очерктер» (1919), «Қазіргі заманға өзгеретін жүйелердің очерктері» (1934). Веблен экономикалық құбылыстарды бекітілген дәстүр ретінде қарастырған. Ғалым ойынша, адамның еңбекке деген уәжін (мотив) қоздырушы мыналар: «аналық» инстинкті, ата-аналарды балаларын асырауына мәжбүр етеді және «білуге құмарлық» инстинкті, яғни адамдардың қоршаған ортаны және әлемді білуге ұмтылады.

Вебленнің айтуынша, қоғамдық-экономикалық құрылымының эволюциясы биологиялық процеспен табиғи таңдаумен заңдалынған.

Веблен барлық қазіргі заманға сай индустриялық Технологиялық тұжырымдамалардың негізін салушы болған.

Ол «бизнес» және «индустрия» әлемін бөліп көрсеткен. Біріншісі – қатынас сферасымен, ал екіншісі – өндіріс сферасымен айналысады.

Ғалымның айтуынша, менеджер, басқарушы, финансистер бизнес сферасын көрсетеді. Бизнес Вебленнің айтуынша, өзіне кері әсер тигізе отырып ұлттылықты діни дөрекілікті және меншікті тудырады. Веблен былай ойлаған, индустрия әлемі бизнес әлеміне басым жағдай жасауы керек. Оның айтуынша саяси билік инженерлер мен техниктердің «генералдық штабына» берілуі қажет. Вебленнің техникалық идеялары оның ізбасарларының еңбектерінде дамыды.

Институтционализмде әлеуметтік-құқықтық бағыттардың негізін қалаушы болып Дж. Д. Коммонс (1862-1945 жж.) табылады. Оның басты еңбектері – «Құқықтық капитализмнің негіздері» (1924). «Институционалдық экономика. Оның саяси экономикадағы орны» (1934). «Еңбек экономикалық теориясы әрекеттерінің» (1950). Коммонстың методологиясы өзімен шекті пайдалылық мектебінің ережесімен экономикадағы юридикалық концепциясының синтезін білдіреді.

Экономикалық талдауда Коммонстың басты көңілі жан-ұя мемлекеттік профсоюздық корпорацияларды, сауда ұйымдары сияқты институттарды зерттеуге бағытталған Коммонс бойынша экономикалық категориялар және институттар заңды ресімдеу арқылы көрінеді. Коммонстың айтуынша, нарықтық жағдай қазіргі заманға сай капиталистік қоғамда «рас емес» және «әділсіз» болуы мүмкін. Барлық минустарды жою үшін заңдылықтарды бекітіп және заңды дұрыс қолдану керек. Барлық тойтарыстар заңды негізде шешілулері керек.

Эмперистік немесе коньюнктуралық статистикалық институционализмнің басты шеңінде У. Митчелл (1874-1948 жж.). Т. Вебленнің оқытушысы тұрған автордың «Экономикалық теорияның түрлері туралы дәріс» (1935).

Митчелдың зерттеуіндегі басты орын адамдардың қоғамдағы жүріс – тұрыстарына жүгінген. Ғалымның айтуынша, адамдардың психологиясы, олардың әдеп-ғұрыптары экономикалық дамудың ең басты факторы болып табылады. Соған қарамастан Митчелл индивидке емес қоғамдық психологияға артықшылық берген.

Митчелл басты көңілді экономикадағы құбылыстарға ақша айналысының мәселелеріне аударған.Оны ойландырар жағдай: қай фактор экономикаға ең көп әсер етеді, ал оның ішінде әсіресе – қаржы, ақша және несиеге.Митчелдің айтуынша, осы сфералар басты болып саналып осыларды дұрыс реттеу дағдарысты болдырмауына әкеледі. Митчелдің методолиялық тәсілінің ерекшелігі мынада: үлкен статистикалық материалдарға сандық талдау әдістерін белсенді қолданды.

У.Митчелл экономикадағы циклдік құбылысты экономикалық зерттеудің Ұлттық бюросын қалыптастырды. Ол «үлкен» және «кішігірім» циклдің ұзақтығын есептеді, экономикалық дамудын дағдарыссыз моделін құрастырды.

Митчелл арнайы мемлекеттік жоспарлау органдарын дамытуды жақтады. Жоспарлау бұл жерде директивті емес, ұсынысты түрінде болуға тиіс.



Қазіргі инстиционализм немесе неоинституционализм өзінің алғашқы түрінен көп ерекшеленеді яғни, ерте немесе ескі институционалзммен салыстырғанда.

Неоинституционализмнің ең жарқын өкілдері болып Дж. Гелбрейт, Г. Мюрдаль, Я. Хейлбронер, Д. Белл, О. Тоффлеп, және т.б саналынады.



Бұл ағымның ең жоғары өсуі ХХ ғасырдың 50-60ж. сәйкес келеді. Соғыстан кейін институционализм 30-шы жылдарғы институционализмнен методология жағынан да, теория аумағында жағынан да ерекше. Институционализмнің эволюциясы жаңа этаптарда индустриялдық технократтық тәсілді игеруден белгілі. Индустриялдық тұжырымдамалардың тамырлары Т. Вебленнің еңбектерінде көрінді. Бірақ 50-60-шы жылдардағы институционалистер ҒТР-ны «бизнес» әлемімен байланыстырды. Қазіргі институционализмнің лидерлері Дж. К. Гелбрейт. Оның еңбектері – «Американдық капитализм» (1925), «Жаңа индустриялдық қоғам» (1967), «Экономикалық теория және оның мақсаттары» (1973).

Дж. Гелбрейт индустриялдық жүйені, корпорацияларды, басқару мәселелерін монополия ішіндегі басқарумен қоғамды басқаруды, мемлекеттің рөлін, экономикалық саясаттың сұрақтарымен капиталистік жүйенің шаруашылық механизмін зерттеді.

Капиталистік мемлекеттердің барлық экономикалық жүйесін Дж. Гелбрейт екі сектордың-жоспарлық және нарықтық жиынтығы ретінде қарастырды. Біріншісіне ол «жетілген корпорацияларды» кіргізді. Олар жаңа технологияны пайдаланып бағаны белгілейді, қоғаммен үкімет алдында әкімділік жүргізеді. Мұндай корпорация ұйымы индустриалды қоғамның негізі(стержні).

Гелбрейдтің ойынша жетілген корпорацияларда билік және басқару меншік иесінен техноқұрылымға (инженрелер, менеджерге) ауысады.

Екінші жүйеде – нарықта – қоғамның әлеуметтік, рухтық және экономикалық мақсаттары біріктірілген. Оған шағын бизнес қол өнері қызметін көрсету сферасы жатады.

Дж. Гелбрейттің кейбір көз қарастары өзгерді. 70-шы жылдарда дағдарыс Дж. Гелбрейтке оның жоспарлау жүйесін мемлекеттің реттеуінсіз жеткілікті және тұрақты еместігіне көрсетті. Оның ойынша жетілген корпорациялар мен техноқұрылымының билігін шектеу қажет деді. Нақты күш, оның ойынша – бұл мемлекет. Дж. Гелбрейт «үлкен» корпорациялар мен басқару революциясы капиталистік өндірістің көп бөлігін бюрократизацияға әкелгенін көрсетті. Осының нәтижесінде әлеуметтік теңсіздік және қоғамның жіктелуі «артероксерозі» пайда болды. Бұл жағдайдан шығу үшін Дж. Гелбрейт мемлекеттің реттеу рөлін күшейту керек дейді. Осыған орай ол монитористердің көз қарастарынан бас тартты «қаржы –ақша» саясатының орнына финансы – бюджеттік саясатты қолдады.

1986 жылы институционалдық зерттеулердің танудың ерекше жылы болды. Осы жылы американдық экономист Дж. Бьюкеннен, «Қоғамдық таңдау теориясын» қалаушы, Нобель сыйлығына ие болды. Сонан кейін 1991 жылы, Р. Коуз, 1993 жылы Д. Корт Нобель лауреаттары атанды.



Дж. Бьюкеннің қоғамдық таңдау теориясының негізгі постулаты мынада, адамдар саяси салада әрекет жасай отырып өздерінің жеке мүдделерін ойлайды, және бизнес пен саясат арасында ажырамас қыр жоқ. Бұл теория дәйекті түрде мемлекетте қоғамдық мүддеден басқа ешқандай басқа мақсат жоқ деген мифті әшкерлейді. Қоғамдық таңдау теориясы – бұл ғылымның ерекше саласы, ол адамдардың өздерінің жеке мүдделері үшін үкіметтік мекемелерді қалай пайдаланатын әдістер мен тәсілдерді зерттейді: «Рационалды саясаткерлер» алдымен өздерінің олардың беделің көтеруге көмектесетін және келесі сайлауда олардың жеңіске жету мүмкіндіктерін беретін бағдарламаларды қолдайды. Сөйтіп, қоғамдық таңдау теориясы қоғамда индивидуализм принципі әрекет ететіндігін дәйекті түрде дәлелдеуге тырысады, ол мемлекеттік қызметпен қоса барлық қызмет түрлерінде қамтиды. Осы зерттеулердің пафосы экономиканы мемлекеттік реттеудің мақсаттары мен мүмкіндіктерінің кейнсиандық теорияға, сондай-ақ Гелбрейттің негізгі идеяларынада қарсы бағытталғаны анық.

Рональд Коуз, институционалистік әдістемені пайдалана отырып, фирмалардың пайда болу себебін анықтауды мақсат етті. Фирманың ішкі қызметі, нарықтық негіздерде өтпейді – мұнда тікелей басқару шеңбері бойынша берілетін бұйрықтар мен олардың орындалуыың рөлі орасаң зор. Сонымен бірге фирманың тыс қызметі еркін нарықтық бағаны ескере отырып, нарықтық принциптерді жүзеге асырады. Неліктен фирманың ішкі түрлі буындары арасында нарықтың қатынастар қалыптаса алмайды. Коуздың зерттеулері мынаны көрсетеді, егер барлық қарым-қатынастар нарықтық негіздерде құралса, онда трансакциялық шығындар күрт көтеріледі. Егер тікелей директивалық басқару трансакциялық шығындарды үнемдейтін болса, онда жаңа фирма пайда болады. Бірақ бүкіл ұлттық экономиканы бір фирма түрінде ұсыну мүмкін емес, өйткені ірі ұтымды бір орталықтан басқару да шығындардың өсуіне әкеліп соғады, басқаруды қыйындатады. Сондықта кәсіпорынның едәуір өсуіне оның оптималды көлемін анықтаудың қажеттігі туындайды, мұнда нарықтық үйлестіру шығындары орталықтандырылған бақылау шығындарына тең болуы керек.

Дуглас Норт, «тарихи оқиғаларды зерттеуге экономикалық теория мен сандық (количественной) әдістерді қолданғаны үшін» Нобель сыйлығына ие болған. АҚЩ пен басқа да елдердің экономикалық тарихын зерттей келе, ол нарықтық экономика құрылымы мен онда өтіп жатқан процестер елдің әлеуметтік және саяси институттары мен тығыз байланысты екендігін дәлелдеді. Норттың пікірі бойынша нарық адамзатқа шексіз ауыртпалық әкелуі мүмкін, егер «алдын алатын қарсы шаралар» осы бір өзін өзі бүлдіретін механизмнің әсерін бәсендетпесе. Түрлі саяси және құқықтың институттардың көмегі мен «қоғам өзін-өзі реттейтін нарықтық жүйеге тән қателерден өзін қорғай алады».

9.4 Осы заманғы консерватизмнің негізгі ағымдары.


Экономикалық ойлардың тарихында неоконсерватизмнің монетаризм және ұсыныс экономикасы сияқты екі аса көрнекті теориялық мектебі ерекшеленеді.

Монетаризм – бұл кейнсиандыққа қарсы шыққан бағыт, «еркін нарық», «мемлекеттің араласпау» идеяларын қорғаушы, мұнда ақша теориясы басты мәселе ретінде қарастырылады. Монетарлық мектеп шеңберінде ақша және ақша процестері талданады. Осы заманғы монетаризм орталығы Милтон Фридмен (1912 ж.т.) бастаған АҚШ-тың Чикаго мектебі. Оның ең бірінші назар аудартқан еңбегі «Позитивті экономикалық ғылымның әдістемесі» (1953ж.) болды. Фридман позитивті және нормативті экономикалық теория арасын батыл түрде ашты прогресс тек позитивті негізінде ғана мүмкін деп берік мәлімдеді. Фридменның басты еңбектері мыналар: «Позитивті экономика очерктері» (1952 ж.), А.Шварицпен бірігіп шығарған кітап – «Құрама Штаттарының монетарлық тарихы, 1867-1960 жж.» (1968ж.)

Монетаризмнің басқа да ықпалды фигураларына Р. Барро, И. Фишер, К. Брунер, А. Мельтцер және т.б. жатқызуға болады. Олар Фридменның көз қарастарын дамытып түрлендірді.

Өзінің қалыптасуында, М.Фридменның монетарлық коцепциясы бірнеше кезеңнен өтті: 50-ші жылдар – перманентті табыс теориясын жасау; 60-шы жылдар – шаруашылық циклдің монетарлық теориясын жасау; 70-ші жылдар – номиналды табыстың монетарлық концепциясын жасау және ақшаның негізгі экономикалық параметрлерге әсерін түсіндіру.

Монетаристер кейнсиандық талдаудың негізгі қағидаларына қарсы тұрады. Мәселен, М Фридмен сұрансты мемлекеттің экономикаға араласу шараларымен реттеу бағдарламасына қарсы шықты. Ол бюджеттік дефицит саясатын жиынтық сұранысты жандандыру құралы ретінде жоққа шығарады. Монетаристер кірістің пайда болу көз өндірісті емес , барлық көріністегі байлықты есептеді. Байлықтың негізгі бес түріне М.Фридман ақшаны, облигацияларды, акцияларды, физикалық игіліктерді, адам капиталын жатқызады.

Модификацияланған сандық ақша теориясы негізінде монетаристер кейнсышылармен «макроэкономика-ақша» бағытында мынадай үш деңгейде қарсы шықты:




Деңгейлер

Кейнсианшылар

Монетаристер

Жалпы алғышарттар

Нарықтың тұрақсыздығы және мемлекеттің белсенді араласуы

Еркін нарық жүйесінің ұзақ мерзімді тепе - теңдігі

Экономикалық саясаттың басым бағыттары

Бюджеттік (жиынтық сұранысты ынталандыру үшін мемлекеттік шығындар)

Несиелі – ақшалық бюджеттік жүйелер сонша роль атқармайды, бюджеттік кіріс жағын қараса да жеткілікті

Ақша – несиелік саясатының беру механизмі

Проценттік ставкаға әсері арқылы белсенді дискрециялық сипат

Ақша ұсынысының баяу өсуін қолдау.

Ақша айналысы жылдамдығының тұрақты- тұрақсыздығы туралы мәселе «түйінді» болды. Монетаристік концепция ақшаның сандық теориясына сүйенеді. Оның мәні : тауардың бағалары ақша қаражатының мөлшерімен белгіленеді. Ақша көлемі артса- баға да өседі және керісінше ақша азайса баға да арзандайды. Ақшаның негізгі қасиеті өтімділігі.

Өзінің сандық теориясын түсіндіруде Фридмен әркімнің сұранысы байлықтың мөлшерімен, баламалы активтерге ие болу, пайданы шығарып алуға ұмтылу мен шектелетіндігін көрсетеді.Ақша көп болғанда оны бағалы қағаздар сатып алуға, қосымша пайда алуға пайдаланады.Ақша ұсынысынан ақшаға сұраныс салыстырмалы түрде тұрақты. Ақшалай сұранысқа кірістерден басқа әсер ететіндер: бағаның деңгейі, проценттік ставканың мөлшері. Ақша ұсынысы айналыстағы ақшаның санын білдіреді. Ол ақша эмиссиясының мөлшерімен, коммерциялық банктерін несиелермен, бағалы қағаздардың сату-сатып алумен анықталады. Ақшы массасының сұранысымен ақша ұсынысы арасындағы сәйкестік нарықтың өзін-өзі реттеу механизмін қамтамасыз етеді. Егер ақша ұсыныс азайса, онда несие шарты қатаяды, проценттік ставка көтеріледі. Осының нәтижесінде ақшаға сұраныс біраз төмендейді, ақшаның бір бөлігі пайдалы активтерді сатып алуға пайдаланатын болады. Ақшаға сұраныс пен ұсынысының тепе-теңдігі бұзылады, одан кейін ол жаңа нүктеде тоқтайды. Осы жағдайда орталық банк өз саясатын түзетеді - ақша ұсынысы артады, ставка төмендейді. Процесс кері бағытта жүреді. Осыдан Фридмен мынандай қортынды шығарды:

  1. Нарықтық экономикада, сұраныс пен ұсыныс арасындағы тепе-теңділікті қалпына келтіруге кедергі жасамау керек;

  2. Егер ақша массасының қарқыны тауар массасының өсу қарқынынан артса немесе керісінше ақша массасы тауар айналысының өсім қарқынынан артта қалса, онда жағымсыз ауытқулар пайда болып, экономикалық дамудың тұрақтылығы бұзылады;

  3. Ақша массасының өсуі бағалардың орнықтығын қамтамасыз ететін қарқынмен жүріп, ұлттық жиынтық өнім (ҰЖӨ) динамикасына сәйкес келуі тиіс.

Фридменнің пікірі бойынша ақша саясатының проблемасы сұраныс пен оның ұсынысы арасындағы сәйкестікті қамтамасыз етуде жатыр.

Фридменнің ойынша, ақшаның өсімі ұлттық жиынтық өнімнің өсуіне сәйкес болуы тиіс.



Фридмен айналыста болатын ақша массасының өсу қарқыны іскерлік циклдің қозғалысына байланысты екендігін анықтайды. Ғалым экономикалық циклдің шындарының орташа айналыстағы ақша массасының максимум мен салыстырғанда 16 айда құрайтын заңдылығын анықтады, ал олардың орташа кемуі – оның минимумынан кем 12 ай. Осылардан ол мынандай қортынды шығарды: ақша несие саясаты шеңберінде проценттік ставкаларды емес, ақшалай ұсыныстың өсім қарқынын тұрақтандыру керек. Фридмен монетарлық ережені заңдылықпен белгілеуді жақтады, ақшалай ұсыныс жыл сайын сол қарқында нақты ҰЖӨ әлеуметтік өсімнің жыл сайынғы қарқыны сияқты сол қарқының артуы тиіс, яғни 3-5% не.

Монетарлық теорияға сәйкес инфляцияның негізгі себебі ақша массасының артылуына байланысты – «ақша көп-тауар аз».

Осы артылу әдетте жиынтық сұранысты ақшамен ынталандыру саясатын жүргізгенде пайда болады. Нәтижесінде ақша нарықтың реттеуші құралы рөлін атқармай қалады.

Инфляцияны тудыратын арналарды бітеу үшін монетаристер мыналарды ұсынады:

  • Ақша айналысының өсімін қатаң қадағалау;

  • Қатаң ақша - несие саясатын жүргізу, ақша массасының біртектілік өсу ережесін пайдалану;

  • Тұрақты фискалды саясат жүргізу;

  • Бюджеттің тепе-теңдігін қамтамасыз ету. Мемлекеттік бюджет дефицтын жою, өйткені ол инфляцияның пайда болу көзі және мемлекеттің нарықтық мехнизмге ақталмайтындай араласуын көзі болып қызмет етеді;

  • Кейбір жағдайларда экономиканың күтпеген әсер ету әдістерін пайдалану (мәселен «шок-терапиясы» әдісі).

Монетаристік саясаттың негізгі принципі – ақша массасының өсімінің тұрақты қарқынына қол жеткізу, бұл нарықтың өзін-өзі реттеу негізінде өндірістің өсіміне және жұмыспен қамтудың жоғарғы дәрежесін сақтайды. Монетаризмді жақтаушылар инфляцияның жалғыз көзі ақша массасының өсімі, ал нөлдік инфляция шартсыз және экономикалық саясаттың анықтаушы мақсаты болып табылады деп есептеді.

Экономикалық ұсыныс теорияның авторлары А. Лаффер, Р. Барроу, П. Эвнс және т.б. 1970-1980ж.ж. АҚШ пен Англияда макро анализ мектебі құрды.

Ұсыныс экономикасының теориктері (монетаристермен қатар) кейнсиандықтарды мына негізгі пунктер бойынша сынады:



  1. Кейнсиандық теория стаганфляцияға ие бола алмайды, себебі олар ортаға жиынтық сұранысты қояды;

  2. Мемлекеттің экономикаға араласуы салық мөлшерінің артуын тудырды – абсолюттік және салыстырмалы түрініс (ұлттық табысқа қарағанда);

  3. Шынында да бұл құбылысты кейнсиандық түсіндіруі дұрыс емес, өйткені салықтардың басым бөлігі ерте ме кешпе кәсіпкерлердің шығындарына айналып, тұтынушыларға жоғарлаған баға ретінде қайта салынады;

  4. Жоғары салықтар және мемлекеттік трансферттер еңбекке деген ынтаны жойып, кәсіпкерлік тәуекелділікті азайтады;

  5. Мемлекеттің құрылымдық реттеу саясаты көбіне бәсекеге қабілетсіз фирмаларды қорғайды, бұл еңбек өнімділігіне залалын тигізеді;

  6. Үкіметтік «жалпы әлеуметтік» реттеу саясаты қоршаған ортаны қорғау өнім сапасын жақсарту, еңбек қорғау және қауіпсіздікті өсіру бизнесті жүргізу шығын арттырды, бұл кәсіпкерлік инициативаны төмендетті.

Ұсыныс экономикасының теоретигі А. Лаффер салық салу деңгейінің төмендеуі инфляциялық дефицитті тудырмайды деп санайды. Оның салық ставкасы мен салық түсімдері арасындағы тәуелділікті бейнелейтін пікір қазір Лаффердің қисық сызығы ретінде белгілі.

Мұның мәні, салық салу деңгейі салық түсімдер белгілі бір деңгейге дейін өседі. Сосын ол төмендейді өйткені салықтың жоғарғы ставкасы экономикалық белсендікті ұстап тұрады, бұл ұлттық табыс өндірістін төмендеуіне әкеледі. Лаффердің пікірі бойынша төмен салық ставкалары кәсіпкерлікті жандандырып қор жинауын және инвестициялар мен инновацияларды жүзеге асыруға ынталандырады.

Бюджет дефицитінің қысқаруы жолдары: - салықтарды жасыру және төлемеу мөлшері қысқарады; - салық салу деңгейінің төмендеуі өндірісті ынталандырып, жұмыспен қамтуды өсіріп үкіметіне трансферттік төлемдерін қысқартады. Салық жоғарғы ставкасы салық түсімдерін арттырады, бірақ оның салықтық антиынталандыруды экономикалық белсенділікті төмендтеді. Керісінше салықтарды төмендету мемлекеттің табыстарының көрсету қысқа мерзімде төмендеуіне әкеледі, бірақ ұзақ мерзімде жұмысқа ынта тудыру, қаржы жинау, инвестициялардың, өсіуі кәсіпкерлік тәуекел және өндірістің ұлғайтуын артырады.

Ұтымды күту теориясы – бұл экономикаға қатысушылардын конъюктуралық өзгерісіне, экономикалық саясат тигізетін әсерілерін қарастыратын теория. Адаптивтікке қарағанда ұтымды теориясы күту тек өткен тәжірибеге сүйеніп қана қоймай, келешекте болжауға, болар оқиғаларға бара беруге дейін сүйенеді.

Бұл теорияны жақтаушылар «экономикалық субьектілер» экономикалық бағыттың өзгерістерін жайбырақаттанып тосып отырмайды. Кеңейтілген ақпаратқа сүйене отырып, олар ақша - несиелік және қаржы – бюджетттік саясатының ықтимал салдарларын болжап отырады, мемлекеттік құрылымдардың іс әрекетін теңдестіруге көмектесетін ұтымды шешімдер қабылдайды. Кәсіпкерлер мен халық процестермен үрдістерді байқап қана қоймай экономиканы реттеуді кім жүзеге асыратындығының мәні мен логикасын игеруге тырысады.

Ұтымды күту теориясын жақтаушылар монетаристердің тұжырымна ұқсас пікірді ұстайды. Мемлекеттің экономикалық өмірге араласуы тек ұзақ мерзімді ғана емес, қысқа мерзімді тұрғығада қолайлы емес. Олардың пікірінше, ірі фирмаларда тиісті дәрежеде толық ақпарат болады да, «жоғарыдан» қабылданатын шешімдерге жылдам бет бұрады. Фирмалар экономикалық ауа райын болжап қоймай, басқарушылар тобының ықтимал іс-әрекетін алдын-ала көре білуі керек. Сұранысқа ақшаны «айдау» өндірістің артуына емес, бағаның инфляциялық жарқырауына әкеледі.

Фридмен сияқты Роберт Лукас та (ұтымды күтулердің таңдаулы теориктерінің бірі, Нобель сыйлығының лауреаты, 1995ж.) және оның жақтаушылары нарықтық экономика бұзылған тепе-теңдікті қалпына келтіруге қабілетті деп санайды. Бағалар икемді және қозғалмалы, оның ауытқу фирмалардың деңгейінде болады. Макродеңгейінде баға теңеседі. Мемлекеттің араласуы тек нарықтың өзін-өзі реттеу процессін бұзады.

Экономикалық агенттердің экономикалық саясаттағы өзгерістерге сену реакцияны қамтамасыз ету үшін, оларды алдын-ала өзгерістер туралы хабарлап және оларды мемлекеттік құрылымдардың болжаулары мен бағаларына сенуге үйрету керек.


ТҮЙІН


Неоклассиктер – еркін кәсіпкерлікті, бірдей мүмкіндікті, нарықтық күштердің еркіндігін, экономиканың өзін-өзі реттеуін жақтаушылар. Осы мағынада неоклассиктер – А. Смиттің тікелей ізбасарлары.

Осы заманғы неоклассикалық бағыт біркелкі емес. Онда бірнеше мектеп аңғарылады: Австрия мектебі – шекті пайдалық теориясы (оның негізін қалаушы К. Менгер, Ф. Визер, Е. Бем-Баверк); А.Маршалл бастаған Кембрижд мектебі; А.Вальрас бастаған Лозан мектебі.



ХІХ ғ. соңғы 30жыл ішінде классикалық саяси экономияның орның маржиналдық экономикалық теория басты. Маржинализмнің негізгі идеясы – шекті экономикалық шамалардың фирма, сала, бүкіл халық шаруашылық масштабында экономикалық жүйенің өзара байланысты құбылысы ретінде зерттеу.

Институционализм – осы заманғы батыс экономикалық теорияның аса көрнекті және маңызды бағытының бірі (Т. Веблен, Дж.Коллинс және У. Митчелл). Институционализмді ғылыми мектеп ретінде 1970 ж. соңында басталды: Ал шынында ХХ ғ. 30 жылдары институционализм идеялары тарихшылар, экономист және социологтар арасында кейінен тарай бастады.

Биліктің негізі нарық заңдары емес – техника деп айқындаушы рөлді тұтынушы емес өнім шығарушы атқарады деген ойды, экономикалық қатынастарда «экономикалық адам» деп аталатын позициясын талдаудан керек пе жоқ па, мемлекет өз қарамағына экологияны, білімді, медицинаны алса жеткілікті емес деген сұрақтар қойылуда. Бұларға анық жауап керек.

Экономикалық теория тарихында неоконсерватизмнің екі ең жарқын теориялық мектебі бар: монетаризм және ұсыныстар экономикасы. Монетаризм – кейнсиандыққа қарсы шыққан, «еркін нарық», «мемлекеттің араласпауы» идеяларын қолдайтын бағыт, ол ең бастсы деп ақша теориясы мәселесін қойды.

Ұтымды күту теориясы – бұл экономикалық қызметке қатысушының конъюнктураның экономикалық саясат шараларының өзгерістеріне реагциясын қарайтын теория. Бейімделгенге қарағанда ұтымды ұсыныстар тең өткен тәжірибесіне ғана емес, алдынғы оқиғаларды болжауға, бағалауға сүйенеді.

Негізгі терминдер:


Маржинализм;

Маржиналдық революция;

Шекті пайдалылық;

Жалпы экономикалық тепе-теңдік;

Тұрақты фискалды саясат;

Өкілетті фирма;

Монетаризм;

Лаффер қисық сызығы;

Технологиялық құрылым;

Эконоикалық ұсыныс теориясы;



Ұтымды күту теориясы.

Практикум

§1 Енді Сіз білесіз:


  1. Маржинализм және маржиналдық революция дегенді?

  2. «Бірінші толқындағы» маржиналистер математиканы пайдалана отырып экономиканың қандай теориялық проблемаларын қарады?

  3. «Маржиналдық революцияның» екінші толқынында қандай жаңа теориялық мектептер пайда болды?

  4. Институционализм дегеніміз не және оның экономикалық ойдың неокласикалық бағытынан айырмашылықтары қандай?

  5. Монетаризм дегеніміз не, оның негізгі идеялары қандай? Ұсыныс теориясын жақтаушылардың негізгі постулаттары?

  6. Ұтымды күту теориясының негізгі идеялары қандай?



§2 Қайталау үшін сұрақтар:


  1. Австриялық мектептің экономикалық процестерді талдауға көз қарасы қандай принципке негізделген?

  2. У. Джевонстың қандай қағидалары оны маржинализмнің негізін қалаушыларын бірі деп айтуға мүмкіндік береді?

  3. А.Маршаллдың «баға», «сұраныс», «ұсыныс» факторларының функционалдықи өзара байланыс туралы пікір қандай?

  4. В. Паретонның «Оптимум Парето» қоғамдық пайдалылығы туралы тұжырымдарының мәні мен мақсатын мазмұндаңыз.

  5. М. Фридменнің монетарлық ережесі неге негізделген? «Лаффер қисық сызығы» практикалық қолданыста бар ма? Ұтымды күту дегеніміз не?

  6. Институционализмінің негізгі бағыттарын атап, олардың ерекшеліктерін көрсетіндер?



§3 Білімді өзіндік тексеруге арналған тестер:


  1. Шекті пайдалылық тұжырымдамасының негізгі қағидаларына жатпайтындар:

  1. Тұтыну сұранысын талдау;

  2. Өндіріс құралдарының құндылығы еңбек шығындарымен анықталады;

  3. Игіліктерді алмастыру «тепе-теңдік » приципі негізінде өтеді;

  4. Екі жаққа да қолайлы баға шекті пайдалылық тепе-теңдігін көрсетеді;

  1. А.Маршалл экономистердің күшін құнның жанындағы теориялық даудан мына проблемаларды зерттеуге аударды:

  1. Сұраныс пен ұсыныстың өзара іс қимылы;

  2. Инвестициялар;

  3. Ақша-несиелік қатынастар;

  4. Ел экономикасындағы институттардың рөлі.

  1. Л.Вальрас моделінің негізгі қорытындыларына мыналар жатпайды:

  1. Барлық нарықтарда бағалардың өзара байланысы мен өзара келісуі бар;

  2. Тең бағалар барлық нарықтарда өзара іс-қимыл нәтижесінде қалыптасады;

  3. Тең бағалардың бір мезгілде барлық нарықтарда болу мүмкіндігі математикалық тұрғыда дәлелденеді;

  4. Тұтыну тауарларына бағалар өндіріс факторларының бағаларына тәуелді.

  1. Қоғамның экономикалық құрылымының эволюциясы қай ғалымның пікіріне сәйкес, биологиялық процестер сияқты табиғи таңдауға түседі?

  1. Ф.Визер;

  2. А.Маршалл;

  3. Т.Веблен;

  4. Дж.Кейнс;

  5. М.Фридмен.

  1. Кейнсиандыққа қарсы шығып, «еркін нарық » идеясын қуаттаушы, басты мәселені ақша теориясына аударатын бағыт қайсы?

  1. Монетаризм;

  2. Неоинституционализм;

  3. Ұтымды күту теориясы;

  4. Маржинализм.

  1. Мына төмендегі келтіргендердің қайсысы дұрыс емес:

  1. Баяғы институционалистер құқықпен саясаттан экономикаға қарай жылжыды;

  2. Баяғы институционалистер дедуктивті әдісті қолданды;

  3. Баяғы институционализм индивидтің мүддесін қорғау жөніндегі ұжым әрекетінен назар аударды;

  4. Неоинституционалистер политологиялық құқықты, неоклассикалық экономика көмегімен, осы заманғы ойындар теориясын пайдаланып зерттеді.

ҮСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


  1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы. Алматы: Дәуір, 1992.

  2. Назарбаев Н.Ә. Қазакстан-2030. Алматы, 1997.

  3. Назарбаев Н. Ә. Тарих толқынында. Алматы: Атамүра, 1999.

  4. Аникин А.В. Путь искании. Социально-экономические идеи в России до марксизма. М., 1990.

  5. Аубакиров И. А. Извлечение из опубликованных работ в разные годы. Алматы: Қазақ университеті, 2000.

  6. Ашимбаев Т. А. Экономика Казахстана на пути к рынку. Тенденции и размышления. Алматы: Казакстан. 1994.

  7. Баликоев В.З. Общая экономическая теория. Новосибирск, 1999.

  8. Бұгыбаева Р.О., Жанагулов А.Ш., Жетпісбаева М.К., Сүіндіков Ж.С. Макроэкономика. Барлық мамандыққа арналған оқу-тәжеребе құралы. Караганды, 2002.

  9. Всемирная история экономической мысли. М.: «Мысль» 1т., 1987, 2т., 1988, 3т., 1989.

  10. Доскалиев С. Қазақстанның халықаралық экономикалық қатынастары. Алматы: Қазақ университеті, 1997.

  11. Елемесов Р. Переходная экономика: проблемы методологии и теории. Алматы. Қазақ университеті, 1998.

  12. Жанагулов А.Ш. Макроэкономика. Учебно-методическое пособие для студентов всех специальностей. Караганды, 2001.

  13. Жанагулов А.Ш., Сүіндіков Ж.С. Нарықтық экономиканын казіргі терминологиялық түсіндірме сөздігі. Караганды: КЭУ баспасы, 2003.

  14. Жатканбаев Е. Средневековые мыслители Центральной Азии о государстве и государственном управлении //Вестник КазГУ. Серия экономики, 1998. № 10

  15. История экономических учений. М.: ИНФРА-М., 1999.

  16. История экономических учений. Полный курс в кратком изложении. М. 2002.

  17. История экономических учений. Пособие для подготовки к экзаменам конспект лекции в схемах. М. 2000.

  18. История экономическихучений. Часть I. МГУ, 1989.

  19. Кабдиев Д. К. Развитие экономической мысли в Казахстане (конец ХІХ-начало XX века) Алма-Ата: Казахстан, 1978.

  20. Казахстан на пути к рынку. Алма-Ата. АН КазССР.-1991.

  21. Костюк В.Н. История экономических учений. Курс лекций. М. 1997.

  22. Мальтус Т. Опыт о законе народонаселения. М. 1993.

  23. Марк Блауг. Экономическая мысль в ретроспективе. М.: Дело ЛТД, 1994.

  24. Муканов М.С. Из исторического прошлого. Алматы: «Казахстан». 1998.

  25. Назарбаева Д.Н. Содружество Евроазии. М.: ЗАО «Бизнес-школа «Интер-Синтез». 2000.

  26. Национальная программа разгосударствления и приватизации собственности в Республике Казахстан. Алматы: Ғылым, 1993.

  27. Новейшая история Казахстана. Сборник документов и материалов. т.1 (1917-1939г.г.). Алматы: «Санат». 1998.

  28. Нурпеисов К., Аяганов Б., Жаксылыков Н., История Казахстана. Алматы: «Мектеп», 2003.

Нурсултан Назарбаев Президент Республики Казахстан. Анкара, 1995.

  1. Нұрсултан Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті

  2. Очерки экономической истории /Под ред. академика С.Б.Баишева. Алма-Ата, 1974.

  3. Прошлое Казахстана в источниках и материалах. /Под ред. проф. С. Д. Асфендиярова. 2-е издание. Алматы: «Казахстан». 1998.

  4. Теоретическая экономика: Учебник. /Под ред. д.э.н. проф. У. К. Шеденова. Алматы-Актюбинск. 1999.

  5. Титова Н.Е. История экономических учений. Курс лекций. М. 1997.

  6. Толыбеков С. Е. Кочевое хозйство казахов в XVIII- начале XX века. Алма-Ата: Наука, 1971.

  7. Экономикалық ілімдер тарихы пәнінің үлгі бағдарламасы. Алматы: Қазақ университеті, 1999.

  8. Экономикалық ілімдер тарихы. Алматы: Қазақ университеті, 1997.

  9. Экономическая энциклопедия. Политическая экономия. М.: Советская энциклопедия, 1972-1980. Т. 1-4.

  10. Энтони Б. Аткинсон, Джозеф Э. Стиглиц. Лекции по экономической теории государственного сектора. М.: Аспект Пресс, 1995.

  11. Юность науки. Жизнь и идеи мыслителей экономистов до Маркса. М., 1985.

  12. Ядгаров Я.С. История экономическихучений. М.: ИНФРА-М., 1997.

Редакторы: Семқұл Б.М.

Компьютермен терген: Карыбаева Д.А.-Қ.


Басуға қол қойылды ________________

Көлемі б.т.

Тапсырыс ___________ Таралымы _______ дана

Қарағанды экономикалық университетінің

баспаханасында басылған

Қарағанды қаласы, Академиялық көшесі 9



Тел. 44-17-29





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет