ҚазақТҰтынуодағЫ


ХІХ ғасырдағы Қазақ – демократтарының



бет19/25
Дата05.11.2016
өлшемі2,72 Mb.
#817
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   25

7.4 ХІХ ғасырдағы Қазақ – демократтарының

әлеуметті –экономикалық көзқарастары.


ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақтың тарихи деңгейне орысша білім алған, еуропалық мәдениетке енген, сонымен қатар туған жеріне қызмет ету деген мақсат қойған ұлттық қайраткерлер шыға бастады. Олардың ойынша қазақ халқының алдында бір ғана жол жатыр, ол-өнерді, мәдениеті, ғылым мен жаңа дәуір білімдерін тек қана орыс тілін игеру арқылы үйрену деді.

Бұл жерде ең алдымен Омбы Кадет корпусын бітірген, Абылай ханның ұрпағы, офицер, ғалым және саяхатшы Шоқан Шынғысұлы Уалихановты (1835-1865 жж) атап айту қажет.

Шоқан ұлы орыс жазушысы Ф.М. Достоевскийдің ең жақын досы болған, сонымен қатар Петербор университетінің ректоры, ботаника профессоры А.Н. Бекетовпен, ғалым саяхатшылар П.П. Семенов - Тянь-Шанский, Г.Н. Потанин, ақын және жазушылар А.Н. Майков, Л.Н. Полонский, В.В. Крестовский сияқты сол уақыттағы прогресивті қайраткерлермен достық қарым – қатынаста болған. Шоқан сол уақыттағы орыс қоғамына Шығыс Түркістанды, Ыстық қөлді зерттеушісі, география ғылымына үлкен жаңалық енгізген ұлы саяхатшы ретінде танымал болды. Сол үшін ол 22 жасында Имераторлық географиялық қоғамның мүшесі болып сайланды.

Сонымен қатар оның аты қазақ халқының рухани мәдениетінің дарынды өкілі, ұлттың ашық болашағының кепілі ретінде де шықты, ол - “Манас” эпосының тарауларын бірінші қағаз бетіне түсіріп, қазақ эпосының керемет шығармасы “Едігені” жазған бірінші ғалым. Шоқан қырғыз және қазақ халықтарының экономикалық қатынастары, мәдениеті мен әдебиеті, этнографиясы мен тарихына арналған көптеген зерттеулер қалдырды.

“Сіз-еуропалық білім алған, өз ортаңыздың бірінші адамысыз... Бұл сізді көп нәрсеге міндеттейді”, - деген Достоевский Шоқанға жазған хаттарының бірінде.

Шынында да, Ш.Уалиханов тек қазақ халқының ортасынан ғана емес, сонымен қатар барлық Түркістан ортасынан шыққан жаңа типті ғалымдардың бірі еді және ол тағдырмен жүктелген ұлы мәселелердің биігінде, шыңында өз орнын тапты. Өзінің қысқа ғұмырында Шоқан бес томды құрайтын үлкен ғылыми мұра қалдырды.

Оның шығармаларына кіріспе сөзінде, жас ғалым өмірінің кілт үзілгеніне өкініш білдіре отырып, профессор Н.И. Весельевский былай деп жазды: “Шоқан Шынғысұлы Уәлиханов құйрықты жарық жұлдыз секілді шығыстану аспанынан ағып түсті. Орыс оқымыстылары әлемде оны феноменалды құбылыс деп таныды және одан түрік халықтарының тағдыры туралы ұлы және аса маңызды жаңалықтар ашуын күтті”.

Ш. Уалихановтың экономикалық ойларының толысып, жетілуі, ең алдымен, оның өмірі мен қызметі өткен объективті жағдайлар негізінде қалыптасты. Бұл кезең, патшаның отаршылдық саясатынан туындаған, қазақтардың малшаруашылығының құлдырауын бастан кешіп жатқан кез болатын.

Күшейтілген бекіністер салу үшін мал жайылымдарының маңызды бөлігін патша әскерлерінің басып алуы, көшпелі шаруашылықтардың жаппай кедейленуіне әкелді. Қоғамның одан әріқарай экономикалық даму қажеттілігі, көшпелі өмір салтымен байланысты емес, шағын учаскелер жағдайында табысты түрде дами алатынын, шаруашылықты жүргізудің өзгеде формаларын дәлелдеушы теориялар туды. Қазақ қоғамының өндіріс күштерінің дамуына қойылған заңсыз талаптар Ш. Уалихановтың экономикалық пайымдауларында өз көрінісін тапты.

Орыс революционер – демократтарының экономикалық шығармалары Ш. Уәлихановтың экономикалық көзқарастарының қалыптасуына орасан зор әсерін тигізді. Әсіресе ол Н.Г. Чернышевскийдің “Современник” журналында басылған, “Капитал және еңбек” мақаласының “Еңбекшілердің экономикалық теориясы” мен “Джон Стюарт Миллдің саяси экономия негіздеріне ескертпе” деген бөлігінен өзінің “Қырғыз Сібір ведомствасының сот реформасы туралы жазбалары” деген жұмысында сілтеме жасады. Орыс демократтарының экономикалық шығармаларымен танысу, Уәлихановқа Қазақстанның шаруашылық дамуының жай – күйі мен болашағын терең зерттеп – үйрену мен талдауды ғана емес, сонымен бірге Орта Азияның өзге мемлекеттерінің қызметін талдауға және өзінің экономикалық ойларының қалыптасуына көмектесті:

Уәлиханов халық шаруашылығының жекелеген салаларын экономикалық талдау жасауға аса назар аударды, көшпелі халықтар шаруашылығын жүргізу формалары мен әдістері бойынша практикалық кеңестер беруге тырысты.

Шоқан Уәлихановтың экономикалық пайымдаулары, негізінен, мал бағу, көшпелі өмірдің рөлі, егіншіліктің маңызы, өнеркәсіп, сауда, мемлекеттің салық саясаты, халықтың қоныстану жағдайы және қазақ қоғамының экономикалық, саяси, мәдени өмірінің мәселелері сияқты проблемаларына бағытталды.

Шоқанның алға жылжытқан демократиялық идеяларын қазақтың өзге де ағартушы – демократтары Ыбрай Алтынсарин мен Абай Құнанбаев одан әрі дамытты.

Ыбрай Алтынсарин (1841-1889 жж) - қазақтың ағартушы – педагогі, фольклоршысы, жазушысы, этнографы. Қазақтың алғашқы мұғалімі, қазақ балалар үшін ана тіліндегі және орыс тіліндегі оқулықтардың авторы.

Ыбрай Алтынсариннің экономикалық көзқарастары оның шығармаларында баяндалған, сондай-ақ патша әкімшілігінің атына жазған ресми баяндама жазбаларында көрініс тапқан. Алтынсарин халықтың еңбек ететін қабілетін тек ағартуға ғана шақырып қойған жоқ, сонымен бірге экономикалық жағдайларын жақсартуға да шақырды. Ол мұндай дәреже барлық қазақтардың көшпелі салт өмірден отырықшылыққа көшуі нәтижесінде ғана болады деп санады. Алтынсарин Қазақстанда кәсіптік – техникалық білім беруді дамытуға үлкен үмітпен қарады. Оның пікірі бойынша, бір ғана жалпы білім беру салыстырмалы түрде экономикалық өмірге аз пайда әкеледі, сондықтанда халыққа қолданбалы білім қажет. Алтынсариннің өтініш хаты бойынша Торғай қаласында бірінші рет, қазақ даласында балалар мен қыз балаларға училищесі ашылды, онда қыздар жалпы біліммен қол өнерін оқыды.

Оның ағарту – педагогикалық көзқарастары К.Д. Ушинский, Л.Н. Толстой және т.б. орыс мәдениетінің қайраткерлерінің ықпалымен қалыптасты Ы.Алтынсарин мектептерінде оқу процестері діни негізінде емес, ізетті бағытында жүргізіліп, содан барып қатысушылар жоғарыдағы билікте емес, халық қажеттеріне қызмет етуіне көп күш жұмсады. Осы деңгейде ол қазақ балаларын үнемі орыс тілін тереңдеп оқуға, орыс мәдениетінің жетістіктерін игеруге, содан соң европалық өркениетке “терезе ашуға” шақырды. Осы жолда ұлы педагог ағартушылық қызметіндегі беделін ғана емес, сонымен қатар ғылыми және әдеби дарынын пайдаланды. Оның әдеби мұрасы орыс графикасы негізінде баспасөзден шыққан “Қазақ хрестоматиясы” жазылған. Ағартушы – педагог өзінің әдеби шығармаларында ең басты байлық – қой немесе басқа байлықтар емес, басты байлық-білім деді . Білім ғана жоғарыға өсуге, материалдық және рухани дамуға мүмкіндік береді деген ойды айрықша айтқан. Сондықтан, әлемдік бірлестіктің ішінде жемісті еңбек етіп, өсіп даму үшін қазақтар еңбек пен ғылымның биік шыңдарын да жете білу керек деген.

ХІХ ғ. Ренесанс дәуіріне дейінгі қазақ даласының рухани өмірінің ерекшеліктерінің бірі, оның тұйықтылығы мен оқшаулығы болды. Оның поэзиясы мен өнері негізінен ескі дәстүрлер маңызында өзін-өзі байыту жолымен дамыған болатын. Енді қазақтың ойшылдары мен ағартушылары, уақыт талабына сай, Батыс өнері, ғылымы, мәдениеті мен әдебиетіне бағдарлама бастады. Ұлттық тамырларды жоғалтпай, еуропалық өркениетке бұра бастады. Осының нәтижесінде, аз уақыт ішінде, Қазақстанның экономикасы, әдебиеті мен мәденитеті, ұлттың рухани өмірі алға жылжып, жаңа сапа мен мазмұнға ие болды.

Осы рухани төңкеріс Абай Құнанбаевтан (1845-1904 жж) басталды.

Беделді халықаралық ұйымның бастауымен 1995 жылы Абайдың 150 жылдығын тойлау – барлық қазақстандықтар үшін үлкен қуаныш болды.

Абайдың мерейтойы Париж, Лондон, Пекин, Стамбул - әлемінің 80 елінде тойланды. Абай – ұлы дарын ғана емес, ол данышпан кемеңгер. Атақты Кант “дарын” мен “данышпан” түсініктерін беріп – “Данышпан” өнер, ғылым, жалпы қоғам дамуында жаңа бағытты қалыптастырады десе, Томас Манн “данышпан адамзатты дамудың жаңа сапалы сатысына көтереді” деді. Сондықтан данышпандық кең ұғымды категория. Абайдың, қазақ ұлтының, атақты қайраткерлері Бұқар жыраудан, Төле биден, Қазыбек биден, Әйтеке биден және басқа ойлылардан айырмашылығы, ол өзінен -өзі жалпы қазақ өмірінің дәуірі болып табылады.

Абай қазақтарға ойлау мен таңдаудың жаңа жүйесін әкеліп, Шығыс пен Батыс Еуропа мәдениеттерінің арасындағы көпір болып, қазақ өміріне араб, орыс, парсі, неміс, поляк, венгр мен ағылшындардың рухани жетістіктерін жеткізген тұлға. Абай әлемі осы екі мәдениеттің қоймасын танытады.

Абай ақын, классик және қазақтың жазба әдебиетінің негізін қалаушы ғана емес, сонымен бірге ғылымның әртүрлі саласында, оның ішінде экономикалық мәселелер, әсіресе көшпелі ауылдың экономикасы туралы көптеген ойлар айтқан, мұра қалдырған ұлы ойшыл.

А. Кунанбаевтың дүниетанымы мен қызметінің қалыптасуы, қазақ ауылына тауар – ақша қатынастарының салдары - патриархалды – феодалдық құрылыс дағдарысының кең етек алған жағдайында өтті. Бұл кезең, сондай – ақ, аймақтағы патша отаршылдығының күшеюі мен сипатталды.

1886 жылы Абай Семей статистикалық комитетінің толық мүшесі болып сайланды. Облыс әкімшілігінің жанындағы бұрынғы ресми орган, статкомитет өзінің тікелей міндеттерінен тысқары, аса маңызды ғылыми зерттеу жұмыстарында жүргізді. Орыс зерттеушілерінің еңбектеріне назар аударған Абай, экономика, статистика және социология мен бір мезгілде орыс зерттеушілерінің көшпелі шаруашылық экономикасының ерекшеліктерімен, әдеттегі құқықтарымен қазақ халқының тарихымен танысты.

Қоғамдық істерге би және болыс басқарушысы болып, Абай көшпелі шаруашылық экономикасын, оның мұқтаждарын өте жақсы білді. Сондықтанда, ағартушы – демократ ретінде, Абай, өзінің шығармаларында Қазақ халқының алдында тұрған экономикалық проблемаларды көрсетті.

Қазақ ағартушысы Абай бүкіл шығармасының арқауы ретінде патриархалды – феодалдық құрылыстың ру аралық тартысын, феодалдық езгіні, жұмыссыздықты, байлардың кедейлерді қанауын, көшпенділік және т.б. сол сияқты өзекті мәселелерінің көрінісін берді.

Ол өзінің “Қараша, желтоқсанмен сол бір екі ай” өлеңінде ауылдағы әлеуметтік қатынасты неғұрлым дәл ашып суреттейді. Мұнда Абай көшпелі – кедейлердің тағдырымен бірге, сондай – ақ, олар мен байлардың арасындағы таптық қарама қайшылықтарды көрсетті. Қазақ ауылы екі жікке жарылды. Бір жағында – кедейлер, олардың үлесіне ауыр еңбек пен тұрмыс қиындығы тиген. Екінші жағында – байлар, олар көшпелі – кедей көпшіктерін қанау есебінен байыған, сараң және тас жүрек адамдар. Сонымен бірге, ол байларды кедейлердің ауыр еңбегін жеңілдетуге көмектесуге, өмірді жақсартуға шақырады. Дәл осы көзқарасында Абайдың әлеуметтік – экономикалық ойларындағы қайшылықтар көрінеді.

Абай өз кезеңінде Ыбрай Алтынсарин шығармаларының тақырып өзегі ретінде өнімді еңбекті алса, ол да осыны өзіне тақырып етіп алды. Абай қоғамды дамытудағы еңбектің рөлі туралы Алтынсарин ойларын одан әрі дамытты. Ол адамдары жалпы еңбекке, мал шаруашылығымен, егіншілікпен және қолөнер кәсіпшілігімен айналысуға ғана шақырып қоймай, еңбек жағдайы үшін жаңа өріс іздейді: кедейлерді жалдануға шақырады, патриархалды – феодалдық қанаудан құтылудың бір құралы осы деп білді.

Абайдың пікірі бойынша, еңбек қана адамды көтереді және оның әл – ауқатын жақсартады.

Сол кездегі қоғамның таптық құрамын Абай, А. Добролюбов сияқты адамдарды “еңбекшілерге” және “жатып ішер арамтамақтарға” бөлді. Абай еңбек, қайраткерлігін сүйді. Ол үшін адамдарға молшылық әкелетін қызмет формаларының барлығы жақсы. Абай жатып ішер арамтамақтардың барлығын бірдей жек көрді, бұл адамдар ештеңемен айналыспайтын немесе өз ісіне салдыр - салақ қарайтын немесе қалада, өз еңбегін сату есебінен өмір сүрудің орнына, байдың қызметшісі болудан аспайтын, кедейленген батырақтарды сынады.

Абай әрекетсіздікті, жұмыссыздықты көптеген керексіздіктердің көзі деп санады. Абай өз шығармаларында қазақ халқының экономикалық деңгейін көрші халықтардың деңгейімен салыстырды. Ол, қазақтардың көршілері - өзбектер, татарлар мен орыстардың – шаруашылық дамуының салалры мен мәдениетін айқындап алға дамығанындығын көрсетті. Бұл құбылыстың себебін ағартушылықтан, көрші халықтардың шаруашылықты жүргізудің неғұрлым прогресивті формаларымен байланысты екендігін көрсетті. Сондықтан да, ағартушы өзінің шығармаларында қазақ халқын үнемі өнімді, пайдалы еңбекпен айналысуға, шаруашылық жүргізудің алдынғы қатарлы формаларын қабылдауға, шақырды.

Абай еңбек пен жерді байлықтың көзі деп санады. Ол өзінің ауыл – аймағымен бірге отырықшылыққа көшуді және оның артықшылығын көрсету үшін егіншілікпен айналысуға шақырды. Ол облыс басшылығынан көшпелі халықтың қалың ортасында орналасатын екі ауыл шаруашылық мектебін ашуды сұрайды. Бұл егіншілік тәжирбесін тез қабылдауға және отырықшылыққа көшуді жеңілдетуге көмектеседі дейді.

Абай “Қара сөздерінің” “Отыз үшінші сөзінде: “Молшылық болуы үшін, кәсіпкерлікке үйрену қажет” дейді. Ол қолөнершілік кәсібімен айналысатындар қазақтардың ішінде дұрыс іспен айналысушылары деп санады. Өйткені, олар өз еңбегінің өнімдерімен өмір сүреді:

Ағартушы қоғам дамуына, экономикалық прогреске, саудаға үлкен орын берді. Ол өзінің шығармаларында феодалдық тұйықтықты жою ісіне, ауылдар арасындағы экономикалық байланыстарды күшейту ісіне сауданың прогрессивтік ролін дұрыс сипаттады.

Абай өзінің шығармаларында адамдардың мүліктік теңсіздік себептеріне, біреулердің бай, біреулердің кедей болуына тоқталды. Ол адамдар туысымен барлығы тең, мүліктік және әлеуметтік айырмашылықтар Құдайдың бергені, жаратқанның ісі емес, адамдардың өзінен, олардың еңбекке деген ұмтылушылығы мен ынталануына байланысты деді.

Абай шығыс тәртібіне сынмен қарады, уақытты бос өткізумен шарапқа мойын сұнуды сынап, бірінші болып қазақ даласында өмірлік деңгейге ағарту мен білім мағнасын көтерді. Қоғамдық даму принциптері басқа елдерде бар екендігін айтып “Оян қазақ” деп ұран тастаған алғашқы қазақ қайраткері.

Абай өмір мен еңбек мағынасына жаңа мазмұн берген данышпан. Оның айтуынша, тек еңбек қана – барлық байлықтың түп тамыры, адамға – қанағат әкеледі. Оның “Сенде бір кірпіш болып дүниеде, кетігін тап та, бар, қалан” деген афоризмі қазақ өмірінің жаңа мазмұнын көрсетеді. Абай халқына еңбекке негізделінген жаңа мұрат-идеал әкелді “Адам байлығының ерекшелігі малының көптігінде емес, білім мен еңбек қорлығында”, яғни “байлықты еңбексіз жинай алмайсын”, “Маған жас еңбекқор қадірлі, өзінің сақалын саудалап сатқан шалдан гөрі”, - деген ол.

Абай-өте қайғылы тұлға. Оның тағдыры гректерге жаңа дүние танымын әкелген Сократтың өміріне ұқсайды. Виктор Гюго айтқандай “жаңашылдық бұрынғы дәстүрлерді жоққа шығарады” дегендей, халық әрбір жаңашылыққа күмәнділікпен, сенбеушілікпен қарайды. Гректер өз уақытында Сократты “ол жаңа ұрпақты дұрыс өмірлік бақыттан тайдырды деп” – сот алдында жауапқа тартты. Тек жүздеген жылдар өткеннен кейін ғана отандастары Сократты данышпан деп таныды. Абай тағдыры осы ұлы данышпанның тағдырынан айырмашылығы жоқ. Томас Манның айтқанындай “данышпан өмірі үнемі қайғылы” – дегендей Абай халқын жаңа биікке көтеруге тырысты, бірақ өкінішке қарай, оны түсінбеді. Міне, бізде оның қайтыс болғанына 100 жыл өткеннен кейін ғана оны тануды бастадық. Бұл Платон, Кант, Достоевскийді тану сияқты ұзақ өмірлік процесс.

Егер Абай шығармаларын ұқыпты көңіл бөліп оқысақ, онда оның шығармалары арқылы, қызыл жіппен тіккендей шеттету, қоғамды жоққа шығару мәселелері талданған. Бұл мәслені өз уақытында Гегель, Маркс, Сартр, Камю да көтерген болатын. Абайда былай деген «мұндай қоғамда барлығы керісінше құрылған, оған қарсы шаралар регреске әкеледі».

Абай өз халқына сын көзбен қарап, өз патриотизмін қазақтардың ұлттық кемшіліктерінің сынына тоғыстырған. Осыдан, Абай гректерді сынаған Сократтың, Ресейді сынаған Лермонтовтың, “Горе от ума” авторы Грибоедовтың пікірлесі болып табылады.

Абай ұлы философ. Оның “қара сөздері” мың жыл бұрын өмір сүрген біздің данышпанымыз Әл-Фарабидің шығармалары деңгейіндегі философиялық трактат болып табылады. Мысалға , “Жиырма жетінші қара сөзінің” мазмұны, оны Абай, Сократ, Платон, Аристотель, шығармаларымен таныс бола отырып жазды деген ойды тудырады. Оның үлгісі мен сөз байланысы Монтен, Лорошфуко, Авиценаның шығармаларын елестетеді.

1993 ж. “Егемен Қазақстан” газетінде жарияланған күнтізбеде (дневник) Абай портреті мен Мухаммед Пайғамбар суреті қатар орналасқан. Күнтізбені құраушылар осымен осы екі ұлы ойшылдардың әлемге әсер еткен рухани ықпалын ерекше көрсеткілері келген шығар.

VІІ ғасырда өмір сүрген Мухаммед пайғамбардың ілімдері қазіргі адамгершілікке әсері аз емес.“Абайды тану арқылы-біз ғасырға жуық Маркске, Ленинге табыну нені бергенін білдік. Сондықтан да Абайға табынушылық емес, оның мұрасын зерттеу қажеттілігін түсіндік.

Зерттеушілердің ойлары бойынша, қазақ даласында ренесанстік даму кезеңдерінде, саяси, идеологиялық және экономикалық жүйелер қалыптасты. Осы жаңарудың әсерін біз қазіргі рухани өмірдің барлық бағыттарынан сеземіз.

Абай көшпелі халықты ағартып, патриархалды – феодалдық қоғам сарқыншақтарын жойып, қазақ халқына еркіндік және теңдік әперуге көмектесуші болды.

Абай Қазақстанның экономикалық дамуының болашағы бойынша дұрыс ойлар айтқан үздік білгір. Оның әлеуметтік – экономикалық мәселелер жөнінде айтқан пікірлері– қазақ халқының экономикалық ойларына өлшеусіз үлес қосты және ұлттық сана – сезімді оятуда белгілі роль атқарды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет