ҚазақТҰтынуодағЫ


ТАҚЫРЫП: АНГЛИЯДАҒЫ КЛАССИКАЛЫҚ САЯСИ ЭКОНОМИЯНЫҢ ДАМУЫ



бет7/25
Дата05.11.2016
өлшемі2,72 Mb.
#817
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   25

3 ТАҚЫРЫП: АНГЛИЯДАҒЫ КЛАССИКАЛЫҚ САЯСИ ЭКОНОМИЯНЫҢ ДАМУЫ





    1. Классикалық саяси экономияның пайда болуының тарихы және оның жалпы сипаттамасы.

    2. У. Петти – ағылшын классикалық саяси экономияның негізін салушы.

    3. А. Смиттің шығармаларында классикалық саяси экономияның дамуы.

    4. Д. Рикардоның методологиясы және оның құн теориясы.

    5. Мальтустың саяси экономиясы және қазіргі мальтузиандықтар.


Аталмыш тақырыппен танысып Сіз мыналарды білесіз:

  • Классикалық саяси экономияның пайда болуының тарихи жағдайларын;

  • Классикалық саяси экономияның жалпы сипаттамаларын;

  • Классикалық саяси экономияның әрбір өкілінің (У. Петтидің, А. Смиттің, Д. Рикардоның) экономика ғылымын дамытудағы қосқан үлестерін;

  • Экономика ғылымының алғашқы дамыған кезде алуан түрлі экономикалық мектептердің тууы, дегенмен, олардың өз бетімен экономикалық заңдарды талдауға қабілеттерінің болмағандығын.



3.1 Классикалық саяси экономияның пайда болуының тарихы және оның жалпы сипаттамасы.


Англиядағы классикалық саяси экономия капитализмнің қалыптасу кезеңінде пайда болды. Классикалық саяси экономияның өкілдері капиталистік өндірісті зерттеп сонымен бірге, саяси экономияның ғылыми негізін қалады. К. Маркс жазғандай, «Классикалық саяси экономия - бұл, сонау У. Петтиден бастап буржуазиялық өндірістік қатынастардың ішкі тәуелділіктерін зерттеген, бүкіл саяси экономия». Саяси экономия классиктері, зерттеу пәнін айналым аясынан өндіріс аясына ауыстырып, еңбек құн теориясы негізін қалай отырып және капиталистік ұдайы өндірістегі қосымша құның кейбір формаларына талдау жасау арқылы, меркантилистермен салыстырғанда экономика ғылымының алға дамуына үлкен қадам жасады.

Классикалық саяси экономияның өкілдері капиталистердің мүдделерін, олардың прогрестік ролін қорғады және капитализмді қоғамдық өндірістің мәңгілік формасы деп дәлелдеді. XVII ғасырдың ортасында өнеркәсіптің жекелеген салаларының (әсіресе сукно) маңызды түрде дамуымен капитализмнің ауыл шаруашылығына ептеп енуі басталды. Ендігі жерде классикалық саяси экономияның өкілдері капиталдың қорлану жинақтары айналым саласында емес, өндіріс саласында, осыдан туған проблемаларды шешуге кірісті (1 үлгіні қараңыз)



Атамыш үлгі XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың басында Англияда индустриалды өнеркәсіп өндірісі мен ірі жер пайдаланудың (оларға тән барлық қарамақайшылықтардың) дамуын көрсетеді. Классикалық саяси экономия дәл осы жаңа тап – өнеркәсіп капиталистерінің мүдделерін қорғау мақсатында туындады.

3.2 У. Петти – ағылшын классикалық саяси экономиясының негізін салушы.


Уильям Петти (1623-1687 жж) – Англиядағы классикалық саяси экономияның негізін салушы. Оның негізгі еңбектері: «Салықтар мен алымдар туралы трактат» (1662 ж); «Ирландияның саяси анатомиясы» (1672 ж);

1 үлгі

XVIIІ ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың басындағы Англиядағы экономикалық жағдай.


«Саяси арифметика» (1676 ж); «Ақша туралы бірнеше ауыз сөз» (1682 ж);

У. Петти саяси экономияға, жаңа әдіс кіргізіп - құбылыстың мәнін талдап, экономикадағы себепті қатынастар мен олардың заңды байланыстарын көрсетті.

Петтидің көзқарасы меркантилизмнен классикалық саяси экономияға баяу ауысу сипаттын білдірді. Оның ілімінде әлі бірегей және біртұтас теориялық көзқарастар жүйесі болмағанымен, өзі негізін салған еңбек құны теориясын пайдалана отырып, тауар бағасы, еңбек ақы, жер бағасы және т.б. сол сияқты экономикалық құбылыстарды түсіндіруге талпыныс жасады. Оның теориясы бойынша, құн-еңбек шығындарымен анықталады. Бірақ Петти еңбектің қосарлы сипатын білмеді, тұтыну құнын құнменен араластырды. У Петти сондай-ақ еңбекпен қатар, табиғатта құн көзі болып саналады деп болжады. «Еңбек-әке және байлықтың белсенді мақсаты, ал жер-оның анасы» деген нақал сөз дәл сол Петтиге жатады.

У. Петтидің еңбекақы туралы ілімі оның құн теориясымен байланысты. Өзінің ой тұжырымдарында ол жұмыс күші емес, еңбек - тауар болып саналады деді, ол сияқты классикалық саяси экономимияның бүкіл өкілдері де солай деп санады. Петти, еңбекақы - бұл еңбектің бағасы деді. Оның мөлшері – бұл жұмыскерлердің өмір сүруінің ең аз мөлшердегі қаржысы, яғни жұмыскерлерге төленетін ең аз мөлшердегі қаржы немесе олардың жасаған құнының бір бөлігі ғана, ал өндірісте жасалған құнның басқа бөлігін капитал иелері пайдаланады.

У. Петтидің рента туралы ілімі, сондай ақ, оның еңбек құны теориясына сүйенеді. Рента оның көзқарасынша, бұл өндіріс шығындарын алып тастағандағы егіншіліктен алынатын өнімдердің құны, яғни рента еңбекақының үстінде жасалған артық құн ретінде немесе қосымша еңбек өнімі. Петти іліміндегі дәл осы рента, қосымша құнның негізгі формасы ретінде қатысады. Петти рынокқа салыстырмалы түрде алғанда жердің әртүрлі орналасу жағдайымен байланысты дифференциалды рентаны еске салады. К. Маркс атап өткендей, “Петти А. Смитке қарағанда дифференциалды рентаға жақсы түсінік берді”.

У. Петти бойынша ссудалық процент - бұл жер рентасынан өндірілетін, және жердің бағасынан пайда болатын табыс. Бірақ бұл шынайы емес. Шын мәнісінде ссудалық процент жердің бағасына қатысты емес, керісінше, жердің бағасы ссудалық процент нормасына қатысты болады. Ссудалық процент нормасының өзі орта пайданың нормасынан туады және ссудалық капиталға сұраныс пен ұсыныс арақатынасымен анықталады.

Пайданы экономикалық жүйеде дербес категория ретінде У. Петти қарастырмаған. Жердің бағасы туралы Петтидің ілімі, капиталданған (қорланған) жер рентасы, жердің баға түсінігі, оның осы категорияға неғұрлым жақын келгендігін көрсетеді. Бірақ жер бағасының проблемаларын дұрыс шеше алмады. Ол бар болғаны жер бағасының бірде - бір фактордан – жер рентасына тәуелді екендігін анықтады. Сондай ақ жер бағасы жер рентасы емес, ссудалық проценттің капиталданған деңгейі деді. Тұтастай алғанда, У. Петтидің ілімін бағалай отырып, сол кездегі барлық маңызды деген экономикалық еңбектер оның көзқарастарымен байланысты- дұрыс немесе қате деген түрде қабылданғанын атап өту керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет