Азилхан Нуршайыков. Акикат пен аныз



бет17/29
Дата24.10.2022
өлшемі396,82 Kb.
#154730
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   29
Байланысты:
Ақиқат пен аңыз. Әзілхан Нұршайықов
Оқу мақсаты. Б к,См, Farm18 19, материалы 10
Ардақты Мұхтар аға!
Жазған хатыңызды алып, өте шаттанып, төбем көкке, қолым қияға жеткендей болып отырмын. Хатыңызға көп рахмет. Мені әсіресе қуантқан жай — Сіз менің хатымды алып, менің жаманды-жақсылы пікіріме толық түсінгенге ұқсайсыз: Отан соғысын тақырыпқа алып еңбек етемін. Ол еңбекті ат үстінен емес, әбден терең мағына-мазмұнына төселіп, біліп алып бастаймын деген ниетіңіз, талабыңыз мені өте қуантады. Сіз сияқты қазақ әдебиетінің полковнигі шынында солай істемеуіне де болмайды. Сырттан қарап, көргенге қызығып, терең тексермей, шын-өтірігін араластыра бес-алты күндік өмірі бар шығарма жазу — әдебиет ефрейторлары мен сержанттарының қызметі емес пе? Ал, Сіз, құдайға шүкір, полковниксіз ғой. Талабыңыздың орындалуына тілектеспін. Сіздің қолдан шыққан көркем, тарихи еңбек болашақта жалғыз қазақ әдебиеті ғана емес, барлық әдебиеттің ішінде төрден орын алып, жалғыз біз емес, біздің немере-шөберелерімізге үлкен үлгі, насихат дастан болып, бірнеше ғасыр өмір сүретініне кәміл сенемін.
«Абайдың» бірінші кітабының жарыққа шыққанына да өте қуаныштымыз. Ол жайындағы хабар қазақ әдебиетінің түңғыш ұл баласының қайта туғанындай болып естілді! Амандық болса, оқып, көріп, пікірімізді адал ниетпен айтармыз деген үміттемін.
Әрине, үмітсіз адам баласы болушы ма еді — соғыс бітсе, біз жеңсек, аман-есен тірі елге қайтып, жақын ағайын-туысқандардың дидарын қуанышпен көрсек дейміз. Ол үшін, жан-тәнімізді аямай, майданға қыза кірісеміз. Егер де ол ниетке жетсек әңгімені дастан-дастан етіп айтып беруден біз қашпаймыз ғой. Бірақ та майдан — өмірдің қыл көпірі емес пе? Ол көпірден жанның барлығы бірдей аман-сау өте бермейді ғой. Сол тар жол, тайғақ кешуде мыңды басқарған өте қиын, ғажайып міндет емес пе «Білмеймін қандай асу алда жатыр, құз ба екен, қия ма екен таңдай татыр? Сиынып аруақ пен бір құдайға, ұстадым етегіңнен баста батыр!» деп өзіңіз сөйлетпеп пе едіңіз қаһарманыңызды? Сол сияқты, біз бастаған бұқара — солдат қауымы өзінің қол басына осыны айтып, сеніп сиынып артына ілеседі. Адамның істеген ісін ізсіз тастап кету — қолбасыға үлкен сын емес не? Ол көзі тірі кезінде айтып, жазып беретін іс мойнындағы үлкен борышын орындағаны болып табылмай ма? Сондықтан мен осы борышты орындауға асықтым.
«Знамя» дейтін журналдан Александр Альфредович дейтін жазушы қайтадан келіп, батальонның бастан кешкенін тағы да қайталап айтып бергін деп, телміріп отырып алды. Зерікпестен жарым ай ілесіп жүрді. Ауызша айтқанның жаман да болса қағаз бетінде қалады ғой деген оймен, мен оған бастан өткен соғыстардың барлығын Мәскеуге дейінгісін толық етіп, әрбір соғысты екі-үш сағаттан баяндадым. Бір жарым ай дегенде Бек менің айтқандарымды бұлжытпай жазып алып, жақында ғана кетті. Екінші бөлімін қайта келіп жазбақ! Бек үлкен жазушы емес — жақсы стенограф, айтқаныңды айтқанша жазады — оның қасиеті сол.
Кетерінде мен оған былай дедім:
Сенің жазатын кітабыңның қысқаша мазмұны мынау:
Мен істедім дегеніне — мың істеді десеңші! Ер істеді дегенше — ел істеді десеңші! Мен — мыңдікі болмасам, Ер — елдікі болмаса — Кім істеді дер едің?
Қызметіңді, Александр Альфредович, ешкімнен қызғанба, жасырма. Айтқанымның бәрін жазып алдың, бірақ түсінген жоқсың. Себебі сен мен бастаған мыңның кім екенін, менің кім екенімді және қазақтың салт-санасын, әдет-ғұрпын білмейсің. Мен айтқан қазақтың халық мақалдарын жазуға сенің қаламың қорқақ, тілің қысқа. Сондықтан байқа, олардың мазмұнын дұрыс беру үшін тиісті адамдармен ақылдас.
Кіммен ақылдасайын? Сіздің ұйқыңызды бөліп жазып алған нәрселерімді қайта түсіндір деп әурелеуге ұялдым, — деді маған Бек.
Кіммен ақылдасуыңды Мәлік пен Құрманбектен сұрағын, — дедім мен оған.
Бақсам, Мәлік пен Құрманбек Сізді ұсынғанға ұқсайды. «Қырық мақал» дейтін бір нәрсе жазып едім. Егерде оны Құрманбек жөн деп тапса Сізге жіберер.
Уақыт, жағдай белгілі ғой. Ойдағыны түгел жазуға шама қайдан келсін, айып етпеңіз.
Хатыңызға, талабыңызға бас иіп, сәлем беруші Бауыржан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет