Қазына Капитал Менеджмент


диаграмма: Өңірлер бөлінісіндегі МЖӘ жобаларына инвестициялар (2019 ж.)



Pdf көрінісі
бет22/55
Дата28.02.2023
өлшемі1,59 Mb.
#170473
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   55
Байланысты:
Стратегия развития кк

26 диаграмма: Өңірлер бөлінісіндегі МЖӘ жобаларына инвестициялар (2019 ж.) 
 
Дереккөзі: «2020 Preqin Global Private Equity & Venture Capital» есебі
2020 жылы инвестициялық міндеттемелер 252 жоба бойынша 45,7 млрд АҚШ долларын 
құрады, бұл 2019 жылғы деңгеймен салыстырғанда 52 пайызға төмендеді. Жеке инвестициялар 
бойынша міндеттемелер инвестиция көлемі 31,3 млрд АҚШ долларын құраған 2004 жылдан 
бастап осы деңгейге дейін төмендеген жоқ. Алайда, жалғасып жатқан пандемияға қарамастан, 
10
«2020 Preqin Global Private Equity & Venture Capital» есебі 


27 
екінші жартыжылдықтағы инвестициялар бірінші жартыжылдықпен салыстырғанда 15 пайызға 
артты.
11
Пандемияның салдары Қазақстанда МЖӘ жобаларын іске асыруға да әсерін тигізді: 2020 
жылы жасалатын шарттардың өсуі 2 еседен астамға төмендеді, көптеген жобалар тоқтатылды: 
2019 жылы МЖӘ механизмі бойынша 294, ал 2020 жылы – 119 шарт жасалды. МЖӘ схемалары 
бойынша іске асырылатын жобалар дағдарыс кезінде әсіресе осал болып табылады, бұл МЖӘ 
институтының күрделі сипатына, жоғары тәуекелдерге байланысты. 
Бүгінгі таңда ҚР-дағы жобалардың жалпы санының 55%-ға жуығы білім беру саласында. 
Білім беру саласындағы МЖӘ жобаларының жартысынан астамы - мектепке дейінгі ұйымдар. 
Сонымен, бүгінгі таңда 70 млрд теңге сомасына 240 МЖӘ Шарты жасалды. Осы жобалардың 
аясында жаңа құрылыс, ғимараттарды мектепке дейінгі мекемелерге қайта құру жүзеге 
асырылды, оларды қалпына келтіру, жаңғырту және пайдалану жөніндегі жұмыстар жүргізілді. 
МЖӘ сенімгерлік басқаруға беру, жалға беру және т. б. форматта жүзеге асырылды. 
Екінші және үшінші орында – тиісінше, денсаулық сақтау және энергетика және ТКШ 
салалары. Бұл ретте, көлік және инфрақұрылым саласында неғұрлым ірі жобалар іске 
асырылды.
12
Соңғы 5 жылда Қазақстандағы инфрақұрылым нарығындағы инвестициялар көлік және 
логистика саласында шоғырланды. Негізгі демеушілер ретінде мемлекет пен ХҚҰ-ның белсенді 
қатысуы және жекелеген сегменттерге (жол құрылысы, жаңартылатын энергия көздері және 
денсаулық сақтау) жеке инвесторлардың біршама қатысуы байқалады. 
МЖӘ механизмі тарихи жобаларды қаржыландыру көлемі мен саны шектеулі Қазақстан 
үшін 
жаңа 
болып 
табылады. 
Муниципалитеттерде 
коммерциялық-бағытталған 
инфрақұрылымдық жобаларда жеткілікті құзыреттердің болмауы МЖӘ механизмін дамыту 
проблемаларының бірі болып табылады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет