22
6,8%-ын құрады (2020 жылдың басында - 1 200 млрд теңге немесе 8,14%).
Бір жыл ішінде
жұмыс істемейтін қарыздар көлемі 123 млрд теңгеге немесе 10%-ға төмендеді.
NPL-дің неғұрлым ірі көлемдері мыналарға тиесілі: – "Қазақстан Халық Банкі" АҚ – 185,6
млрд теңге (несие қоржынының 3,8%-ы); – "KASPI BANK" АҚ – 103,4 млрд теңге (несие
қоржынының 6,7%-ы); – "Сбербанк" АҚ ЕБ – 97 млрд теңге (несие қоржынының 5,4%-ы); -
"Банк ЦентрКредит" АҚ - 71 млрд теңге (несие қоржынының 6,3%-ы).
Бүгінгі таңда нарықта ПНҚ-мен ұсынылған стресті активтерді басқару жөніндегі
мемлекеттік қор жұмыс істейді. 2020 жылдың соңындағы жағдай бойынша ПНҚ басқаруындағы
стресті активтердің жиынтық құны 267,7 млрд теңгені (ПНҚ қаржылық есептілігі) құрады.
Қордың қоржыны негізінен жылжымайтын мүлік объектілері болып табылады. Бұдан басқа,
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның, "Қазақстанның инвестициялық қоры" АҚ-ның (бұдан әрі - ҚИҚ)
еншілес ұйымы болып табылатын 2021 жылғы тамызға дейін стресті активтерді басқару
жөніндегі тағы бір қорды атап өту қажет. 2019 жылдың соңында ҚИҚ басқаруында мемлекеттік
қорлардың барлық стресті активтерінің 49%-ға жуығы (301,7 млрд теңге) болды. Қоржын
мынадай индустрияларда шоғырланған: ауыл шаруашылығы (27,3%), металлургия және өндіріс
және қайта өңдеу (тиісінше 13,6%),
тамақ өнімдері, тоқыма және былғары өндірісі және
құрылыс материалдары (тиісінше 9,1%) және басқалар. Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға
арналған кешенді жоспары шеңберінде ҚИҚ құқықтарды (талаптарды) басқаға беру шарттары
бойынша ҚИҚ-тың ҚДБ алдындағы міндеттемелерін қамтамасыз ету жөніндегі кепілдікті
сақтай отырып, электрондық аукцион нәтижесінің қорытындылары бойынша жеке секторға
берілді.
Қазақстандағы стресті активтер нарығының мамандандырылған қор басқарушылары
тұлғасында белсенді қатысушылары жоқ (ЕДБ, ПНҚ және САБК басқа). Алайда,
стресті
активтер нарығының мөлшері айтарлықтай үлкен және жақсы әлеуетке ие. Ол негізінен
коммерциялық банктер мен мемлекеттік қорлармен ұсынылған.
Қазақстандағы стресті активтер нарығы негізінен экономикалық құлдыраудан, қарыз
алушылар тарапынан сапасыз менеджменттен және т. б. туындаған 2016-2018 жылдары өсуді
көрсетті. ҚНРДА жұмысының қорытындысы бойынша қазақстандық банктердегі стресті
активтердің көлемі 15,5%-ға (497 млрд теңге)
төмендеп, 2020 жылы 2,3 трлн теңгені құрады.
Айта кету керек, қазіргі уақытта стресті активтер нарығы жақсы ойластырылған
нормативтік базаны, жұмыс істемейтін қарыздарды қалпына келтіру бойынша
инфрақұрылымды және мемлекеттік қорлар мен ЕДБ арасындағы ынтымақтастықты жақсарту
үшін коммерциялық жағдайларға қатысты құрылымдалған әдіснаманы қажет етеді.
ҚКМ стресті активтер нарығын сауықтыру мақсатында стресті активтер қорларына
қатысатын болады, олар өз кезегінде стресті активтерге, оның ішінде өз борыштарына қызмет
көрсете алмайтын компаниялардың немесе өтімділікпен проблемалары бар және операциялық
өзгерістерді қайта құрылымдау және жүзеге асыру үшін қосымша
капиталды қажет ететін
компаниялардың борыштық міндеттемелеріне инвестицияланатын болады. Осы сегментке
инвестициялау үшін бөлінген қаражаттың қолжетімді капиталын тиімді басқару үшін ҚКМ
сенімді бизнес-моделі және елеулі ішкі құны (intristic value) бар компанияларға қайта
құрылымдау есебінен пайда алу мақсатында инвестициялайтын тәуелсіз және тәжірибелі GP
тартуды жоспарлап отыр.
Достарыңызбен бөлісу: