Қазына Капитал Менеджмент


Қазақстанда тікелей инвестициялар нарығын дамыту үшін мүмкіндіктер



Pdf көрінісі
бет17/55
Дата28.02.2023
өлшемі1,59 Mb.
#170473
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   55
Байланысты:
Стратегия развития кк

Қазақстанда тікелей инвестициялар нарығын дамыту үшін мүмкіндіктер
* Экономиканың өсуінің әлеуетті нүктелері: Тұрақты валютада ақша ағындарын тудыратын 
экспортқа бағдарланған жобаларды дамыту инвесторларды валюталық тәуекелдерден қорғайды 
және инвестициялық белсенділікті, әсіресе халықаралық ойыншылар тарапынан арттыруға 
ықпал ететін болады. Сонымен қатар, қаржыландыруы шектеулі көрші нарықтарға қызметін 
кеңейте алатын жергілікті кәсіпорындар инвестициялар үшін тағы бір тауашаны білдіреді. 
• Активтерді жекешелендіру: ҚР Үкіметі бастамашылық еткен жекешелендіру 
бағдарламасы жеке сектордың пайдасына мемлекеттің рөлін төмендетеді деп күтілуде. 2021 
жылдың басындағы жағдай бойынша 384 актив сатуға қойылды немесе сату алдындағы 
дайындықта және ТИҚ инвестициялары үшін әлеуетті жобалар болуы мүмкін. 
• Құрылған сауда алаңын - KASE Private Market дамыту есебінен қор биржасының 
белсенділігін арттыру. Бұл ШОБ-қа қаржыландырудың балама көздерін табуға мүмкіндік 
береді деп күтілуде. Қорлар өз кезегінде сенімді және перспективалы компанияларға 
инвестициялауға қол жеткізеді. 
• Нарықтың кәсіби деңгейін арттыру және кәсіпкерлерді оқыту үшін халықаралық және 
тәжірибелі GP тарту қажет, олар қазіргі уақытта ТИ құралдары туралы жеткілікті білмейді. 
• Институционалдық инвесторлардың инвестициялары (зейнетақы қоры және сақтандыру 
компаниялары) нарықтың белсенділігі мен оның өтімділігін арттыруға көмектеседі. 
* Жеке инвестициялар үшін неғұрлым перспективалы болып саналатын энергетика, ауыл 
шаруашылығы және көлік секторларының одан әрі өсуі күтілуде. 
1.1.4. Стресті активтер нарығы
Стресті активтер - бұл дефолт болған немесе дефолттың үлкен ықтималдығы бар активтер 
(қарыздарды қоса алғанда), осыған байланысты ЕДБ елеулі қайта құрылымдауды жоспарлайды, 
не осы активтер бойынша кепілмен қамтамасыз етуді ЕДБ алып қоюы мүмкін, немесе алып қою 
процесінде болады, не ЕДБ осындай активтерді сатуды қарауға дайын (кепілмен қамтамасыз 
ету мәртебесіне қарамастан). Бұл активтер ЕДБ теңгерімінде болуы, ЕДБ теңгеріміне есептен 
шығарылуы, САБК берілуі мүмкін.
Стресті активтер қоры, кез келген басқа FPI сияқты, шектеулі серіктестерден (limited partner 
– LP) қаржыландыруды тартады және оны бас серіктес (general partner - GP) басқарады. Қор 
стресті активтерге, оның ішінде өз борыштарына қызмет көрсете алмайтын компаниялардың 
немесе өтімділікпен проблемалары бар және қайта құрылымдау және операциялық өзгерістерді 
жүзеге асыру үшін қосымша капиталды қажет ететін компаниялардың борыштық 
міндеттемелеріне инвестиция салады. Қор, әдетте, қайта құрылымдау арқылы пайда табу 
мақсатында сенімді бизнес-моделі және елеулі ішкі құны (intrinsic value) бар компанияларға 
инвестициялауға ұмтылады.
Іс жүзінде қор осы активтерді сатып алуға құқығы бар мамандандырылған ұйымдар арқылы 
банктерден дисконтпен жұмыс істемейтін несиелерді (NPL) сатып алады.


21 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет