25
шығуды және инвестицияларды қайтаруды қамтамасыз ету жөніндегі дағдарысқа қарсы
шараларды іске асыру басталды.
Технологиялық бизнес үшін венчурлік инвестициялардың қолжетімділігін қамтамасыз ету
мақсатында "QazTech Ventures" АҚ венчурлік нарықты дамыту жөніндегі жұмысына венчурлік
қорларды құруға және дамытуға бағытталды.
2019 жылы "QazTech Ventures" АҚ V-ші Жаһандық Қорға қатысу туралы 500 Startups-пен
10 млн АҚШ доллары көлеміндегі Шартқа қол қойды. Осы 10
млн АҚШ долларынан кем
дегенде 2 млн АҚШ доллары қазақстандық стартап жобаларына 150 000-нан 250 000 АҚШ
долларына дейін инвестицияланады.
2020 жылы "QazTech Ventures" АҚ-мен сингапурлық "Quest Ventures Asia Fund II L.P.»
венчурлік қорымен жалпы мақсатты көлемі 50 млн АҚШ долларын құрайтын келісімге қол
қойылды. "QazTech Ventures" АҚ 10 млн АҚШ долларын құрайтын капиталымен осы қорға ірі
инвестор ретінде кірді. Келісім шарттың талаптарына сәйкес бірлесіп құрылған қор алдағы үш
жылда Қазақстан мен Орталық Азияның болашағы бар стартап-жобаларын
қарайды және
қаржыландырады. Осы 10 млн АҚШ долларынан қор акселерациялық бағдарлама аясында
Қазақстан мен Орталық Азияға 1,5 млн АҚШ долларын және Қордың жалпы көлемінің 10%-ын
(5 млн АҚШ долларынан артық емес) инвестициялайды.
9
Бүгінгі таңда Қазақстандағы венчурлік инвестициялар нарығы іске асырылу сатысында.
Нарықта ерте сатыдағы мәмілелер басым, ал кеш сатыдағы мәмілелер сирек кездеседі, себебі
бұл кезеңге бірнеше жоба ғана жетеді. Сондай-ақ, венчурлік
қорлар санының жеткіліксіз
болуына байланысты, жеке венчурлік инвесторлар мәміленің қаржыландырудың бастапқы
кезеңі және жеке инвестициялардан инвестициялық қорларға
көшу кезіндегі негізгі
ойыншылардың бірі болып табылады.
Электрондық коммерция және қаржылық технологиялар интернеттің дамуына және елдің
салыстырмалы түрдегі жас тұрғындарына байланысты венчурлік инвестициялар үшін
нарықтың негізгі секторлары болып табылады. Сондай-ақ, көптеген стартаптар бастапқыда
жергілікті нарыққа
назар аудара отырып құрылады, бұл масштабын және жаңа нарықтарға
шығу мүмкіндігін шектейді.
Достарыңызбен бөлісу: