6. Оқу əдістемелік құралдар жəне авторлық дəрістер
«Қазіргі қазақ тілі. Сөз тіркесі жəне жай сөйлем синтаксисі
курсы Ж.Əмір, М.Балақаев. «Қазақ грамматикасы», 12 авторлық
Қазіргі қазақ тілі, Ұ.Р.Ержанова «Бақылу- пысықтау жаттығулар
жинағы, 2009 ж.
Пəн бойынша дəрістер кешені
№1- дəріс Қазіргі қазақ тілі Сөз тіркесі жəне сөйлем синтаксисі» пəні
Тақырыбы: Синтаксис ғылымына кіріспе
Дəріс мазмұны: Тіл – адам баласының қалыптасуымен қабаттаса қолға
алынып келе жатқан мəселе. Əр тілдің бастауы белгілі ғалымдардың ой-
тұжырымдары негізінде қалыптасса керек. Алғашқы пікірлер түрлі деңгейде
дамыды. Сақ дəуіріндегі ғылыми ойлардың да бүгінгіге қажетті пайдалы
жақтары бар. Керісінше кез келген пікірлерге түбегейлі еліктей беруге
болмайтындығы да үрдіске енді. Дегенмен кез-келген мəселені бастауда ұзақ
тарихы бар тілдердің методологиясын алу да қажет сияқты. Тіл туралы
ғылым ертедегі Үндістан, Грек, Араб елдерінен басталып, сонан кейінгі
уақытта дүние жүзі тілдерінің қалыптасуына үлкен септігі тиді. Ертедегі
Үндістанда Панини, В.Катьяян, Хартхари, Грек-Римде Т.Лукрецкий Кар,
Аристотель, Гераклит Эфесский, Августин, Платон, Араб елінде Халил аль-
Фарахиди, Сибавеих зерттеулерімен аттары қалған. Тіл туралы мəселелер
Еуропа, Азия елдерінде де өріс ала бастады. Түркі тілдерінің алғашқы
зерттеушісі ретінде М.Қашқаридың есімі белгілі болды.
Негізгі əдебиеттер:
1. Есенов Қ. Сабақтас құрмалас сөйлемнің құрылысы. – Алматы, 1982.
2. Есенов Қ. Қазақ тіліндегі синтаксистік қатынастар. – Алматы, 1985.
3. Жиенбаев С. Синтаксис мəселелері. – Алматы, 1941.
4. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – Алматы, 1999.
5. Қордабаев Т. Тарихи синтаксис мəселелері. – Алматы: Ғылым, 1964.
6. Мадина Г. Қазіргі қазақ тіліндегі жақсыз сөйлемдер. – Алматы, 1959.
7. Мұсабекова Ф. Қазіргі қазақ тіліндегі жай сөйлем пунктуациясының
негіздері. – Алматы, 1959.
8. Төлегенов О. Қазіргі қазақ тіліндегі жалпы модальді жəне мақсат мəнді
жай сөйлем типтері. – Алматы, 1968.