«Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы»

бет1/7
Дата28.06.2017
өлшемі1,16 Mb.
#20425
  1   2   3   4   5   6   7

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3-деңгейлі CМЖ

құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-05-14-5-05.3/01-2013.

«Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы» пәнінің оқытушыға арналған жұмыс бағдарламасы

_____ 2013 жылғы

№3 басылым

5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған

«Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы» пәнінің

ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

ОҚЫТУШЫҒА АРНАЛҒАН ПӘННІҢ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

СЕМЕЙ

2013
КІРІСПЕ
1 ҚҰРАСТЫРҒАН:

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің қазақ тілінің теориясы мен әдістемесі

кафедрасының доцент м.а., ф.ғ.к. Калиева Самал Ерболқызы

2 КЕЛІСІЛДІ

2.1 Қазақ тілінің теориясы мен әдістемесі кфедрасының отырысында қаралып, талқыланды.

Хаттама №___ «___» ___________2013 жыл.

Кафедра меңгерушісі: _______________ Жұмағұлова Ә.М.

2.2 Филология факультетінің оқу- әдістемелік бюросында талқыланып, бекітілді.

Хаттама №___ «___» ___________2013 жыл.
ОӘБ төрайымы_________________ Мұқанова Қ.Қ.
2.3 Филология факультетінің Ғылыми кеңесінде бекітілді.

Хаттама №___ «___» ___________2013 жыл.

Төраға________________Қадыров А.Қ.

3 БЕКІТІЛДІ

Университеттің оқу-әдістемелік бюросында бекітілді.

Хаттама №___ «___» ___________2013 жыл.

Оқу жұмысы жөніндегі проректор_________________ Искакова Г.К.

4  2013 ж. «____» __________ шыққан ПОӘК-нің
№ 3 БАСЫЛЫМЫ

Мазмұны

1. Қолданыс аясы

2. Нормативтік сілтемелер

3. Жалпы ережелер

4. Оқытушыға арналған жұмыс бағдарламасының мазмұны

5. СӨЖ-ның тақырыптары

6. Пәннің оқу-әдістемелік картасы

7. Оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы

8. Әдебиеттер

1 ҚОЛДАНУ АЯСЫ

ПОӘК қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы пәні тіл білімі ғылымының бір саласы, қазіргі қазақ тілінің сөздік құрамы мен сөздік қорын, сөздердің лексикалық жүйеде алатын орнын, шығу төркінін, қолданылу қабілетін, күнделікті қарым-қатынастағы көрінісін, стильдік мәні мен сипатын тексеретін ғылым. Халқымыздың басынан кешірген тарихынан, тіршілік еткен кәсібінен, материалдық байлығы мен рухани қазынасынан мол мәлімет бере отырып тілші мамандарға ғылыми негізде білім беруді мақсат етеді.

2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

Осы «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы» пәнінің оқытушыға арналған жұмыс бағдарламасы берілген пән бойынша оқу үрдісін ұйымдастырудың тәртібін төмендегі нормативтік құжаттар негізінде жүзеге асырады:

- 050205(11) «Филология: қазақ филологиясы» мамандығының 3.08.275-2006 бекітілген ҚР МЖМБС мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты;

- СТУ 042-РГКП-СГУ-8-2007 Пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеуге және ресімдеуге қойылатын жалпы талаптар университет стандарты;

- ДП 042-08.10.12-2007 «Пәннің оқу-әдістемелік кешенінің мазмұны мен құрылымы» құжаттық іс-жосығы.
3. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

3.1.Пәннің қысқаша мазмұны:

«Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы» пәні тіл білімі ғылымының бір саласы, қазіргі қазақ тілінің сөздік құрамы мен сөздік қорын, сөздердің лексикалық жүйеде алатын орнын, шығу төркінін, қолданылу қабілетін, күнделікті қарым-қатынастағы көрінісін, стильдік мәні мен сипатын тексеретін ғылым. Халқымыздың басынан кешірген тарихын, тіршілік еткен кәсібін, материалдық байлығы мен рухани қазынасын зерттеудегі лексикология және фразеологияның алатын орнын түсіндіру.

3.2. Курстын мақсаты – «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы» пәні – ғылыми-теориялық білім беруді мақсат ете отырып, оның болашақта зерттелуге тиіс мәселелеріне байланысты студенттерді ғылыми ізденіске баулиды.

«Қазіргі қазақ тілі» курсы – ЖОО қазақ тілі мен әдебиеті мамандықтарына оқылатын ғылыми-теориялық пән. Оның лесикология саласында сөз және оған тән белгілер, лексикалық мағына және оның ұғыммен байланысы, лексикалық мағынаның құрылымы мен түрлері, лексикадағы жүйелік қатынастар қаралады. Қазіргі қазақ тілі лексикасының шығу арналары анықталады. Қазақ тілінің сөздік құрамы мен сөздік қоры, қазақ тілі лексикасының дамуы мен құрылымы, оның стиль түрлеріне байланысты жіктелістері сараланады. Сондай-ақ фразеология мәселесі мен лексикография мәселесі де жан-жақты түсіндіріледі.

3.3. Курстың міндеті - «Қазіргі қазақ тілінің лексикалогиясы» тілдің жүйелік және құрылымдық ерекшеліктері, лексикологияның зерттеу нысаны, лексикалық мағына, сөздік құрам және сөздік қор жайлы мағлұмат беру.

Студенттер қазақ тілінің лексикалық жүйесін, сөздік құрамның стильдік-әлеуметтік жіктелісін, лексикалық мағынаның ерекшелігін, құрылымын, сөздің басқа тілдік бірліктерден айырмашылығын білуі қажет.

Қазақ тіл білімінің осы күнгі қол жеткізген табыстары негізінде студенттерге лексикологияның зерттеу нысандары болып табылатын сөз, лексикалық мағына және оның құрылымы туралы, лексикадағы жүйелік қатынастар мен қабаттар жайлы жан-жақты лингвистикалық түсінік қалыптастырып, білім беру болып табылады.

Тілдік бірлік ретіндегі сөздің ерекшелігін, тілдік жүйедегі маңызын түсіндіру, мағына және оның түрлерін, лексикалық мағынаның грамматикалық мағынадан басты айырмашылықтарын таныту. Студенттердің теориялық білімдерін іс жүзінде қолдана алу дағдысын қалыптастыру.

3.4.Курстың соңында студент мыналарды білуі керек:

- Қазіргі қазақ тілінің лексикологясы мен фразеологиясының өзекті мәселелерін білуі керек;

- Алған білімдерін практикада қолдана білу;

- Тілді талдаудың негізгі әдістерін меңгеру керек;

- Теориялық талдау жасай алу;

- Қазақ тілі тарихының даму және қалыптасу сатылары, бағыттары және концепция мәселелерін түсіну;

- Өзіндік пікір айта алу;

- Негізделген және қалыптасқан теориялық білімдерін жинақтай білу.

3.5. Пән пререквизиті:

Пререквизиті:

Қазақ тілінің диалектологиясы

Қазақ тілінің терминологиясы

Қазақ тілінің семантикасы

Қазақ тілінің стилистикасы

Қазақ тілінің тарихи грамматикасы

Тіл біліміне кіріспе

3.6. Пәндік постреквизит:

Жалпы тiл бiлiмi

Қазақ әдеби тiлiнiң тарихы

Көне түркі тілі

1 Кесте – Оқу жұмыс жоспарынан көшірме

Курс

семе стр

кредит

Дәріс

Семинар

ОСӨЖ

СӨЖ

барлығы

Бакылау түрі

2

3

3

30

15

30

30

105

емтихан

4 ОҚЫТУШЫҒА АРНАЛҒАН ПӘННІҢ ОҚУ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫНЫҢ МАЗМҰНЫ

  1. Кесте – Пәннің мазмұны. Сағаттарды сабақ түріне шағу

Тақырыптардың атауы мен мазмұны

Сағат саны

Әдебиеттер

1

2

3

Дәріс сабақтары

1. Сөздің анықтамасы. Сөздің формалары. Оморфондар. Омографтар. Варианттар мен дублеттер. Қос сөздер. Біріккен сөздер. Фразалық тіркестер. Сөздің мазмұны. Лексикалық мағына, грамматикалық мағына, эмоционалды-экспрессивті мағына, контекстік-стилистикалық мағына, тақырыптық-семантикалық мағына. Сөзге тән белгілер. Сөз типтері.

2

1; 2; 3.

2.Сөз мағынасының өзгеру себептері. Сөз мағынасы өзгеруінің, жаңа мағына иеленуінің сыртқы /экстралингвистикалық/ және ішкі /лингвистикалық/ себептері болатындығы. Ауыспалы мағынаны тудыратын тәсілдер. Сөз мағынасының функционалды семантика заңы бойынша да өзгеретіндігі. Метонимия жасалу жолдары. Бүтіннің орнына бөлшекті, жалпының орнына жалқыны, үлкеннің орнына кішіні немесе керісінше қолданудың негізінде сөз мағынасының ауысуы.

2

1; 2; 3.

3.Көп мағыналылық. Омонимдер. Лексикалық мағыналардың түрлері: тура /номинативті/ мағына, фразеологиялық байлаулы мағына, синтаксистік шартты мағына. Сөз мағыналарын затпен, құбылыспен байланысу сипатына қарай, функциялық-стильдік реңктеріне қарай топтастыру. Сөздердің мағыналық қатысына қарай жіктелуі. Омонимдердің көп мағыналы сөздерден айырмашылығы. Омонимдердің жасалу жолдары. Омонимдердің типтері.

2

4;5;6.

4.Синонимдер. Антонимдер. Синонимдердің айырым-белгілері. Синонимдік қатар және доминант. Синонимдердің мағыналық, контекстік-стильдік реңктері. Синонимдердің жасалу жолдары. Антонимдердің ерекшеліктері, жасалу жолдары. Табу. Эвфемизм. Дисфемизм.

2

4;5;6.

5.Қазіргі қазақ тілі лексикасының шығу арналары. Қазақ тілінің сөздік құрамы мен негіздері сөздік қоры. Сөздік құрамның жалпы сипаты. Негізгі сөздік қордың басты белгілері. Негізгі сөздік қор мен сөздік құрамның ара қатынасы. Түркі тілдеріне ортақ сөздер. Түбір сөздер мен туынды сөздер. Сөз тудырудың лексикалық, фонетикалық, морфологиялық және синтаксистік жолдары.

2

5;6;7.

6.Өзге тілден енген сөздер. Монғол тілдерінен енген сөздер. Араб, иран тілдерінен енген сөздер. Орыс тілінен енген сөздер. Кірме сөздердің лексикалық-семантикалық, фонетикалық және грамматикалық жағынан игерілуі.

2

2;5;6;7.

7.Қазіргі қазақ тілі лексикасының стильдік мәні. Қазақ тілінің ауызекі және жазба формалары. Ауызекі сөйлеу тілінің ерекшеліктері. Әдеби тілге тән басты белгілер. Әдеби тілдің нормалары. Әдеби тілдің стильдік тармақтары.

2

9;10;12.

8. Лексикография. Лексикографияның теориясы мен практикасы жайында жалпы мағлұмат. Лингвистикалық және лингвистикалық емес сөздіктер. Лингвистикалық сөздіктердің жасалу мақсатына, спецификалық ерекшеліктеріне және көлеміне қарай бірнеше түрге бөлінетіндігі.

2

2;3;4; 10;12.

9.Фразеологизмдердің зерттелу тарихы. Түркі және қазақ фразеологизмдерінің зерттелуі, қазіргі тіл біліміндегі зерттеу бағыттарына шолу. І.Кеңесбаев, Ә.Қайдар, М.Копыленко мектептерінің қалыптасуы. Ш.Балли, В.Виноградов, Н.Шанский, М.Молотков, В.Телия т.б. зерттеу еңбектері.

2

8;9;10.

10.Фразеологизмдердің тілдік бірлік ретінде танылуы. Фразеологиялық тіркестер деп тану үшін қойылатын талаптар. Фразеологизмдердегі тұрақтылық, тұтастық, тиянақтылық белгілері. Фразеологизмдердің ұйтқы сөздері. Фразеологизмдерді өзіне ұқсас тіркестерден ажырату жолдары. Мақал-мәтелдердің фразеологияға қатысы.

2

4;5;6;8;9.

11.Фразеологизмдердің семантикалық категориялары. Фразеологизмдердің варианттары: лексикалық, фонетикалық, морфологиялық, лексика-грамматикалық түрлері. Фразеологиялық антонимдер. Мағыналас фразеологизмдер, олардың доминанттары мен қатарлары. Фразеологизмдердің семантикалық категорияларының прагматикалық ерекшеліктері, олардың адамдық фактор, антропоцентрлік зерттеу бағыттарындағы орны.

2

6;8;9;10.

12.Фразеологизмдердің лексика-семантикалық тақырыптары және грамматикалық ерекшеліктері. Қазақ тіліндегі фразеологизмдерге тақырыптық шолу жасау. Олардың грамматикалық ерекшеліктері. Фразеологизмдерді сөз таптарына қарай топтастырудағы шарттылық. Фразеологизмдердің құрамы мен құрылымы. Қос тағанды фразеологизмдер сипаты. Фразеологизмдердің сөйлемдегі синтаксистік қызметі туралы.

2

11;12;13.

13.Қазақ фразеологиясының стильдік ерекшеліктері. Тілдің фразеологиялық құралдарының стилистикалық қолданысы. Фразеологизмдердің лексикографиялық стильдік ерекшеліктері.

2

6;8;9;10

14.Қазақ фразеологизмдерінің қалыптасуындағы ұлттық мәдени маңызы бар түпдеректер. Қазақ ұлтының мәдени өмірінің көрінісі – фразеологиялық қордан ерекше байқалатындығы. Қазақ фразеологизмдері – халық өмірінің айнасы екендігі. Әр ұлттың мәдени ағымындағы тілдік құбылыстар тамырланып, қалыптасуы үшін оның көптеген алғышарттары мен салалары болады. Қазақ фразеологизмдерінің мәдени ақпарат көздері. Ұлттың дәстүрлі мәдениет үлгілеріндегі дағдылы ұлттық рәсімдердегі тұрақты айтылатын тіркестер. Мәдени деректер түсінігіндегі – мақал-мәтелдер. Образ эталонға айналған тұрақты теңеулер тіркесі. Қазақ тіліндегі сөз символдар, символдық мәні бар сөздер мен сөз тіркестері. Троп түрлеріндегі образды тіркестердің фразеологизмдерге айналуы.

2

6;8;9;10

15.Фразеологизмдердің көркем әдебиетте қолданылуы. Көркем әдебиет тілі мен фразеологизмдердің стильдік қолданысы мәселелерінің зерттелуіне шолу. Көркем әдебиет тіліне тән ерекшілік – оның көп стильділігі екендігі. Фразеологизмдер ойды әсерлі берудің негізгі тәсілдері. Көркем әдебиет тіліндегі фразеологизмдердің кейіпкер тілі, авторлық баяндау, диалог, монолог, пейзаждық суреттеулерде қолданылуы. Көркем әдебиет тілінің өзіндік ішкі формасының болуы. Көркем проза фразеологизмдерін стильдік жақтан саралау.

2

11;12;13.

Барлығы

30

Тәжірбиелік сабақтар

Сөздің анықтамасы

1

1. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. – А.: Санат, 1993.

2. Болғанбаев Ә. Қазақ тілінің лексикологиясы. – А., 1988.

3. Кеңесбаев І. Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. – А., 1962.

4. Аханов К. Қазақ тілі лексикасының мәселелері. – А., 1955.

Сөз мағынасының өзгеру себептері

1

Көп мағыналық. Омонимдер

1

1. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. – А.: Санат, 1993.

2. Болғанбаев Ә. Қазақ тілінің лексикологиясы. – А., 1988.

3. Кеңесбаев І. Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. – А., 1962.

4Аханов К. Қазақ тілі лексикасының мәселелері. – А., 1955

5. Аханов К. Қазақ тіліндегі омонимдер. – А., 1958.

Синонимдер. Антонимдер

1

1. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. – А.: Санат, 1993.

2. Болғанбаев Ә. Қазақ тілінің лексикологиясы. – А., 1988.

3. Кеңесбаев І. Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. – А., 1962.

4.Болғанбаев Ә. Қазақ тіліндегі синонимдер. – А., 1980.

14. Белбаева М. Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы. – А., 1976.

Қазіргі қазақ тілі лексикасының шығу арналары

1

1. Болғанбаев Ә. Қазақ тілінің лексикологиясы. – А., 1988.

2. Кеңесбаев І. Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. – А., 1962.

3. Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы С. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. – А.: Санат, 1997.

4. Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. – А.: Ғылым, 1977.

5. Аханов К. Қазақ тілі лексикасының мәселелері. – А., 1955

6. Аханов К. Қазақ тіліндегі омонимдер. – А., 1958.

7. Айтбаев Ө. Қазақ терминологиясының дамуы мен қалыптасуы. – А., 1988.

8. Барлыбаев Р. Қазақ тіліндегі сөз мағынасының кеңеюі мен тарылуы. – А., 1968.

9. Болғанбаев Ә. Қазақ тіліндегі синонимдер. – А., 1980.

9. Белбаева М. Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы. – А., 1976.

Өзге тілдерден енген сөздер

1

1. Болғанбаев Ә. Қазақ тілінің лексикологиясы. – А., 1988.

2. Кеңесбаев І. Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. – А., 1962.

3. Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы С. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. – А.: Санат, 1997.

4. Айтбаев Ө. Қазақ терминологиясының дамуы мен қалыптасуы. – А., 1988.

5. Барлыбаев Р. Қазақ тіліндегі сөз мағынасының кеңеюі мен тарылуы. – А., 1968.

6. Белбаева М. Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы. – А., 1976.

Қазіргі қазақ тілі лексикасының стильдік мәні

1

1.Балақаев М. Қазақ әдеби тілі және оның нормалары. – А., 1984.

2. Балақаев М., Жанпейісов Е., Томанов М., Манасбаев Б. Қазақ тілінің стилистикасы. – А., 2005.

3. Балақаев М., Серғалиев М. Қазақ тілінің мәдениеті. – А., 1995.

Лексикография

1

1. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. – А.: Санат, 1993.

2. Болғанбаев Ә. Қазақ тілінің лексикологиясы. – А., 1988.

3. Кеңесбаев І. Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. – А., 1962.

4. Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы С. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. – А.: Санат, 1997.

5. Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. – А.: Ғылым, 1977.

6. Айтбаев Ө. Қазақ терминологиясының дамуы мен қалыптасуы. – А., 1988.

7. Белбаева М. Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы. – А., 1976.

Фразеологизмдердің зерттелу тарихы.

1

1. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. – А.: Санат, 1993.

2. Болғанбаев Ә. Қазақ тілінің лексикологиясы. – А., 1988.

3. Кеңесбаев І. Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. – А., 1962.

4. Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы С. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. – А.: Санат, 1997.

5. Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. – А.: Ғылым, 1977.

6. Балақаев М., Жанпейісов Е., Томанов М., Манасбаев Б. Қазақ тілінің стилистикасы. – А., 2005.

7. Белбаева М. Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы. – А., 1976.

Фразеологизмдердің тілдік бірлік ретінде танылуы.

Фразеологизмдердің семантикалық категориялары

Фразеологизмдердің лексика-семантикалық тақырыптары және грамматикалық ерекшеліктері

1. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. – А.: Санат, 1993.

2. Болғанбаев Ә. Қазақ тілінің лексикологиясы. – А., 1988.

3. Кеңесбаев І. Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. – А., 1962.

4. Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы С. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. – А.: Санат, 1997.

5. Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. – А.: Ғылым, 1977.

6. Балақаев М., Жанпейісов Е., Томанов М., Манасбаев Б. Қазақ тілінің стилистикасы. – А., 2005.

7. Белбаева М. Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы. – А., 1976.

Қазақ фразеологиясының стильдік ерекшеліктері

Қазақ фразеологизмдерінің қалыптасуындағы ұлттық мәдени маңызы бар түпдеректер

1. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. – А.: Санат, 1993.

2. Болғанбаев Ә. Қазақ тілінің лексикологиясы. – А., 1988.

3. Кеңесбаев І. Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. – А., 1962.

4. Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы С. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. – А.: Санат, 1997.

5. Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. – А.: Ғылым, 1977.

6. Балақаев М., Жанпейісов Е., Томанов М., Манасбаев Б. Қазақ тілінің стилистикасы. – А., 2005.

7. Белбаева М. Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы. – А., 1976.

Фразеологизмдердің көркем әдебиетте қолданылуы

1. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. – А.: Санат, 1993.

2. Болғанбаев Ә. Қазақ тілінің лексикологиясы. – А., 1988.

3. Кеңесбаев І. Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. – А., 1962.

4. Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы С. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. – А.: Санат, 1997.

5. Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. – А.: Ғылым, 1977.

6. Балақаев М., Жанпейісов Е., Томанов М., Манасбаев Б. Қазақ тілінің стилистикасы. – А., 2005.

7.Белбаева М. Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы. – А., 1976.

Барлығы

15

1 Дәріс

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7

©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет