«Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2016 жылғы №3 басылым 5 в 020500 «Филология: қазақ тілі»



бет1/4
Дата22.06.2017
өлшемі497,52 Kb.
#19826
  1   2   3   4

УМКД 042-16.1.32/03-2013.


______2013 жылғы

№ 3 басылым



беттің беті







ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3-деңгейлі СМЖ

құжаты

УМКД


УМКД 042-16.1.32/03-2016




УМКД

«Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы»

пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар



______2016 жылғы

№ 3 басылым




5 В 020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған

«Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы»
ПӘНІНІҢ ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

СЕМЕЙ


2016
Мазмұны
1 Глоссарий

2 Дәрістер

3 Практикалық сабақтар

4 Студенттердің өздік жұмысы



1 ГЛОССАРИЙ
Адвербиалдану – сөздің үстеу тобына өтуі

Адъективация – сөздің сын есімдер тобына өтуі

Аффикс – тіл элементі

Грамматика – (грек. – әріп, жазу) тілдің құрылымы, яғни морфологиялық категориялар мен тұлғалар

Грамматикалық категория – бірыңғай мағынасы бар грамматикалық тұлғалар қатарларының қарама-қарсы қойылатын жүйесі

Деривация – бастапқы тіл бірліктерінен басқа туынды тіл бірліктерін жасау процесі

Етіс – етістікке тән грамматикалық категория

Қосымша морфема – морфеманың бір түрі

Морфема – (грек.) тілдің негізгі бірлігі, ең кіші таңба

Морфология – (грек. форма және сөз, ілім) тілдегі сөз тұлғалардың құрылысы мен мағынасын айқындайтын тіл механизмдерінің жүйесі

Түбір – сөдің лексикалық мағынасын сақтаушы негізгі бөлік
2 ДӘРІСТЕР
1 модуль Негізгі грамматикалық ұғымдар

№1 дәріс тақырыбы: Сөз және оның морфологиялық құрылымы




  1. Сөз – лингвистикалық зерттеулердің негізгі объектісі.

  2. Фонетика, лексика, синтаксис және сөзжасаммен морфологиялық арақатынасы.

  3. Сөз және оның морфологиялық құрылымы.

4. Тілдің лексикасы мен грамматикалық құрылысының өзара қатынасы.

5. Сөздің дыбыстық жағы.

6. Сөз мағынасы (лексикалық мағына мен грамматикалық мағына)
Тіл-тілдің өзара бір-бірімен байланысты екі жағы болады. Оның бірі-тілдің сөздік, екіншісі-тілдің грамматикалық жақтары. Тілдің осы екі жағының бірлігінен біртұтас тіл құралы да, айтылатын ой түсінікті болып, тіл нағыз қатынас құралы ретінде қызмет ете алады.

Сөз дегеніміз – қыры-сыры мол, күрделі тілдік категория. Сөздің мағыналық, дыбыстық, шығу төркіні, даму тарихы, қолданылу ерекшелігі, жасалу жолы т.б. алуан түрлі жақтары бар.

Сөз – айналамыздағы зат я құбылыс жайындағы ұғымның аты я атауы болса, әрине ол атаудың қоғамдық өмірде өзіне телінген мағынасы да болады. Бірақ ол мағына өзі атайтын затпен я құбылыспен тікелей табиғи байланыста болмаса да, сол ұғымды білдіретін белгілі я сол ұғымның мазмұнының бейнесі ретінде қалыптасатындықтан, бір тілде сөйлейтін адамдардың бәріне де бірдей түсінікті болады.

Тілдің сөздігі осындай әр алуан мағыналары бар сөздерден құралады. Тілдегі сөздерді, олардың жүйесін, даму заңдарын, қоғамдық тұрмыстың сала-салаларымен байланыс-қатынасын, сондай-ақ жеке сөздердің лексикалық мағыналарын, сөздердің шығу тарихы мен мағыналарының даму, қолданылу өзгешеліктерін лексикология ғылымы тексереді.

Лексикалық мағыналары басқа-басқа сөздерді әрі қарай топшылай түсіп, топ-топқа бөліп, олардың әр тобына тән жалпы және жалқы сипаттарын анықтауға болады.

Адам өзара сөйлескенде жеке лексикалық сөз арқылы білдіруге болмайтын неше алуан мағыналардың бәрін де тек грамматикалық амал-тәсілдердің көиегі арқылы ғана түсінікті етіп айта алады. Әрбір тілдің өзіне тән грамматикалық амал-тәсілдерінің жиынтығы тілдің грамматикалық құрылысы деп аталады.


Дәрісті қорытындылау:

1. Сөз – лингвистикалық зерттеулердің негізгі объектісі.

2. Морфология – тіл білімінің салалары фонетика, лексика, синтаксис және сөзжасаммен тығыз байланыста болады.

3. Сөздің лексикалық және грамматикалық мағынасы болады.

4. Тілдің лексикасы мен грамматикалық құрылысы өзара қатынасы.

5. Сөздің екі дыбыстық жағы – сөздің сыртқы дыбыстық жағы және ішкі мазмұны, мағына жағы болады.


Бақылау сұрақтары:

1. Сөз және оның морфологиялық құрылымы неден тұрады?

2. Сөз мағынасы (лексикалық мағына мен грамматикалық мағына) дегенді қалай түсіндіңдер?

3. Тілдің лексикасы мен грамматикалық құрылысының өзара қатынасына тоқтал.


Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Алматы: Ана тілі, 1991. – Б. 3-12.

  2. Оралбай Н. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. Алматы: Інжу-Маржан, 2007. – Б. 3-14.

№2 дәріс тақырыбы: Негізгі грамматикалық ұғымдар және оларды анықтау жолдары



  1. Грамматикалық мағына, грамматикалық тәсіл, грамматикалық форма, грамматикалық құрылым.

  2. Негізгі грамматикалық ұғымдар және оларды анықтау жолдары.

  3. Грамматикалық мағына берудің тәсілдері: қосымша, көмекші сөз, сөздердің орын тәртібі, қосарлану, интонация.

  4. Қосымшалардың жіктелуі. Қосымшалардың мағыналық жақтан ерекшеленуі.

  5. Сөзформа – сөздің өмір сүру тәсілі.

  6. Сөзформаға тән белгілер.

  7. Сөз формалары. Негізгі және туынды формалар.

  8. Сөз таптарының формалану мүмкіндіктері.

9. Грамматикалық ұғымдар туралы жалпы түсінік.

10. Грамматикалық мағына және грамматикалық форма.

11. Грамматикалық категориялар туралы түсінік.
Тілдің грамматикалық құрылысын тануда да, оның негізгі мәселелерін анықтауда да әрі таяныш, әрі нысана тұтатын негізгі грамматикалық ұғымдар бар. Грамматикалық құрылысқа қатысы бар негізгі ұғымдар мыналар: грамматикалық мағына, грамматикалық форма және грамматикалық категория.

Грамматикалық мағына дегеніміз – сөздің нақтылы лексикалық мағынасымен жарыса отырып, сол лексикалық мағынаны айқындай, саралай түсетін я сөйлемдегі басқа сөздермен қарым-қатынасқа түсу нәтижесінде туатын жалпы мағынасын айтамыз. Грамматикалық мағына сздің түрленуі арқылы да, сөйлемдегі басқа сөздермен қарым-қатынастары арқылы да айтылады.

Қазақ тілінде грамматикалық мағына тудыратын сөздердің бір тобы өте, тым, аса, нағыз, нақ, дәл сияқты күшейткіш сөздер. Мыалы: өте жақсы, тым жұпыны т.б. Грамматикалық мағына негігі сөзерге шылау сөздердің селбесуі арқылы да туады. Мыс: Құрымбайдың ол не үшін келгенін де сезді.

Грамматикалық құбылыстың өзіне тәнграмматикалық мағынасы мен сол мағынаны білдіретін грамматикалық тәсілі үнемі бірлікте болады. Грамматикалық мағына - грамматикалық құрылыстың мазмұны болса, грамматикалық тәсіл сол мазмұнды білдіретін формасы. Сондай жалпы грамматикалық мағыналарды білдіретін грамматикалық амал-тәсілдер грамматикалық формалар деп аталады.

Грамматикалық категория тікелей сөйлемдегі сөздерге және сөз тіркестеріне тән жалпы грамматикалық мағынамен байланысты болады. Жалпы грамматикалық категориялар ішінара морфрологиялық категориялар және синтаксистік категориялар болып екі салаға бөлінеді.



Грамматикалық категориялар туралы түсінік.

Өзіне тән грамматикалық формасы бар жалпы грамматикалық мағына грамматикалық категория деп аталады.



Келіңіз, менде қызық кітаптар, газет-журналдар бар, бірге отырып оқиық (Б.Майлин); Мүсәпірге тиген ат ұшқыр, менің атым ұшқалақ (С.Мұқанов; Адамды бағындырудың асылы – еңбек, түбінде еңбексізді еңбек жеңбек (С.Мұқанов); Міне енді сіз үйіңіздесіз (Ғ.Мүсірепов) деген сөйлемдердегі сөздер грамматика заңы бойынша құрылған. Бұл сөздердің кейбіреулеріне көптік жалғауы, кейбіреулеріне тәуелдік, кейбіреулеріне септік, кейбіреулеріне жіктік жалғауы жалғанып тұр да, солардың арқасында сөйлемдердегі айтылған ойлар да көріктеніп, жатық айтылып тұр. Бұл төрт түрлі жалғау тек осы сөйлемдерде ғана емес, өзге сөйлемдерде де үнемі қолданылып, әрқайсысы өз орнында белгілі мағыналар үстепғ сөздердің қызметтерін сараландырып отырады. Демек, төрт түрлі жалғаудың әрқайсысының өзіне тән грамматикалық мағыналары және сол мағыналарына орай арнаулы грамматикалық формалары бар. Сол себептен олар өз алдарына категория деп танылып, әрқайсысы бас-басына септеу категориясы, көптеу, тәуелдеу, жіктеу категориясы делініп есептеледі. Сөздерге жалғаулардан өзге жұрнақтар да қосылып, өздерінің ерекшеліктеріне қарай, әр түрлі грамматикалық мағыналар үстеп, әрі олардың тұлғаларын өзгертіп, әр қилы басқа категориялар тудырып отырады.
Дәрісті қорытындылау:

1. Грамматикалық мағына, грамматикалық тәсіл, грамматикалық форма, грамматикалық құрылым – грамматикалық құрылысқа қатысы бар н е г і з г і ұ ғ ы м д а р.

2. Тілдегі өзіне тән грамматикалық формасы (тәсілі) бар жалпы грамматикалық мағына г р а м м а т и к а л ы қ к а т е г о р и я деп аталады.

3. Грамматикалық мағына берудің тәсілдері: қосымша, көмекші сөз, сөздердің орын тәртібі, қосарлану, интонация.

4. Грамматикалық мағына – грамматикалық құбылыстың м а з м ұ н ы болса, грамматикалық тәсіл сол мазмұнды білдіретін ф о р м а с ы.

5. Сөзформа – сөздің өмір сүру тәсілі.

6. жалпы грамматикалық мағыналарды білдіретін грамматикалық амал-тәсілдер г р а м м а т и к а л ы қ ф о р м а л а р.
Бақылау сұрақтары:


  1. Грамматикалық мағына дегеніміз не?

  2. Грамматикалық форма дегеніміз не?

  3. Грамматикалық ұғымдар дегеніміз не?

  4. Грамматикалық категория дегеніміз не?

  5. Грамматикалық категорияларды атаңыздар

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Алматы: Ана тілі, 1991. – Б.12-23.

  2. Оралбай Н. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. Алматы: Інжу-Маржан, 2007.


4-дәріс



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет