«Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2016 жылғы №3 басылым 5 в 020500 «Филология: қазақ тілі»



бет2/4
Дата22.06.2017
өлшемі497,52 Kb.
#19826
1   2   3   4

Грамматикалық категориялар


Грамматикалық категориялар туралы түсінік.
Өзіне тән грамматикалық формасы бар жалпы грамматикалық мағына грамматикалық категория деп аталады.

Келіңіз, менде қызық кітаптар, газет-журналдар бар, бірге отырып оқиық (Б.Майлин); Мүсәпірге тиген ат ұшқыр, менің атым ұшқалақ (С.Мұқанов; Адамды бағындырудың асылы – еңбек, түбінде еңбексізді еңбек жеңбек (С.Мұқанов); Міне енді сіз үйіңіздесіз (Ғ.Мүсірепов) деген сөйлемдердегі сөздер грамматика заңы бойынша құрылған. Бұл сөздердің кейбіреулеріне көптік жалғауы, кейбіреулеріне тәуелдік, кейбіреулеріне септік, кейбіреулеріне жіктік жалғауы жалғанып тұр да, солардың арқасында сөйлемдердегі айтылған ойлар да көріктеніп, жатық айтылып тұр. Бұл төрт түрлі жалғау тек осы сөйлемдерде ғана емес, өзге сөйлемдерде де үнемі қолданылып, әрқайсысы өз орнында белгілі мағыналар үстепғ сөздердің қызметтерін сараландырып отырады. Демек, төрт түрлі жалғаудың әрқайсысының өзіне тән грамматикалық мағыналары және сол мағыналарына орай арнаулы грамматикалық формалары бар. Сол себептен олар өз алдарына категория деп танылып, әрқайсысы бас-басына септеу категориясы, көптеу, тәуелдеу, жіктеу категориясы делініп есептеледі. Сөздерге жалғаулардан өзге жұрнақтар да қосылып, өздерінің ерекшеліктеріне қарай, әр түрлі грамматикалық мағыналар үстеп, әрі олардың тұлғаларын өзгертіп, әр қилы басқа категориялар тудырып отырады.

Бақылау сұрақтары:

  1. Грамматикалық категория дегеніміз не?

  2. Грамматикалық категорияларды атаңыздар.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Алматы: Ана тілі, 1991.



  1. Оралбай Н. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. Алматы: Інжу-Маржан, 2007.

Морфологияның ең кіші бірлігі – морфема. 5,6 -дәріс



Сөздің морфологиялық құрамы мен жасалу жолдары. Морфемалар мен жұрнақтар

1. Сөздің морфологиялық құрамы мен жасалу жолдары.

2. Морфемалар мен жұрнақтар.

3. Жұрнақтардың жалпы сипаттамасы.

4. Жұрнақтардың құрамы.

5. Жұрнақтардың мағыналары және қолданылу ерекшеліктері.


Сөздің лексикалық я грамматикалық мағыналарын білдіретін бөлшектерді морфемалар деп атайды. Морфеманың өзіне тән мағынасы(мазмұны) және өзіне тән сыртқы дыбыстық жамылышы (формасы) болады. Морфемалар түбір морфема және қосымша морфема деп екіге бөлінеді.

Түбір морфема – сөздің әрі қарай бөлшектеуге келмейтін ең түпкі негізі.

Мысалы: айт, тіл

Қосымша морфемалар деп түбірге қосылып, оған қосымша мағыналар үстейтін мағыналарды айтамыз.

Мысалы: тіл-і, тіл-сіз, айт-ыл, айт-ылар, айт-атын

Қосымша морфемалар сөз тудыратын және форма тудыратын қосымшалар (морфемалар) жұрнақтар деп, сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшалар (морфемалар) жалғаулар деп аталады.

Сөз тудыратын жұрнақтар өзі қосылып айтылған сөздерінен жаңа туынды сөз жасайтын болғандықтан (лексика-грамматикалық) категория қатарына жатады, форма тудыратын жұрнақтар өзі қосылып айтылған сөзінің белгілі бір сөз табына тән грамматикалық қызметін анықтау үшін қолданылатын болғандықтан, функционалды-грамматикалық категория қатарына жатады. Ал жалғаулар сөйлем ішіндегі сөздерді бір-бірімен байланыстыратын категория болғандықтан, таза грамматикалық категорияға жатқызылады.

Құрылымы мен құрамы жағынан жұрнақтар жалаң және құранды жұрнақтар болып екіге бөлінеді.

Жалаң жұрнақ мағына, форма жағынан да бөлшектенбейтін бір бүтін жұрнақ. М/ы: -ім, -пе, -шы, -қыш, -шік, -лік

Құранды жұрнақтар: -ымды, -імді, -малы, -мелі, -қылықты, -кілікті т.б.

Жұрнақтар мынадай топтарға бөлінеді:


  1. Төл және кірме жұрнақтар

  2. Көне және жаңа жұрнақтар

  3. Тірі және өлі жұрнақтар

  4. Жалаң және құранды жұрнақтар

  5. Дара мағыналы және көп мағыналы жұрнақтар

  6. Синоним және омоним жұрнақтар

  7. Құнарлы және құнарсыз жұрнақтар

Бақылау сұрақтары:

1. Жұрнақтардың құрамы туралы тоқталыңыздар.

2. Жұрнақтардың мағыналары және қолданылу ерекшеліктері.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Алматы: Ана тілі, 1991.



  1. Оралбай Н. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. Алматы: Інжу-Маржан, 2007.


7,8 -дәріс

Жалғаулар

1. Жалғаулардың жалпы сипаттамасы.

2. Жалғаулардың түрлері.


  1. 3. Жалғаулардың байланысу тәсілдері.

Жалғаулар сөйлемдегі жеке сөздерді өзгертіп, түрлендіру арқылы оларға белгілі грамматикалық мағына үстейтін морфологиялық формалар болып есептеледі.

Қазақ тілінде жалғаулардың төрт түрі бар: көптік, тәуелдік, септік, жіктік.

Қазақ тілінде есімдер де, етістіктер де жақ бойынша түрлене алады. Жіктік жалғаулары жақтық мағына берумен қатар, жекеше, көпше мағыналарды да бере алады. Қазақ тілінде жіктік жалғаулардың төрт түрі бар.



Бақылау сұрақтары:

1.. Жалғаулардың түрлері туралы айтыңыздар.



  1. 2. Жалғаулардың байланысу тәсілдері қандай?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Алматы: Ана тілі, 1991.



  1. Оралбай Н. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. Алматы: Інжу-Маржан, 2007.


9,10 -дәріс

Сөз формалары және олардың жасалу жолдары

1. Сөздің жасалу жолдары.



  1. 2. Сөз формалары олардың жасалу жолдары

  2. 3. Сөздің негізгі түрлері

Сөз дегеніміз - өзара бір-бірімен байланысып, жанаса да, жарыса да өмір сүретін және қызметі жағынан өзара селбесіп, бір-біріне жәрдемдесіп топталатын формалардың жүйесі болып табылады.

Сөз формасы деп оның (сөздің) морфологиялық құрпамындағы бөлшектерінің, синтаксистік байланыс-жалғас тәсілдерінің өзара бір-бірінен ерекшеленіп бөлінерліктей және соған орай қосымша мағыналарды білдірерліктей әр алуан түрлерін айтамыз.

Қазақ тілінде сөз формалары морфологиялық, систаксистік тәсіл арқылы да жасалады.

Сөздің негізгі түрлері.Сөздер формалық нұсқаларына қарай жалаң және күрделі сөздер болып екіге бөлінеді.

Жалаң сөз деп құрамында бір ғана негізгі түбір бар сөздерді айтамыз да, күрделі сөз деп құрамында ең кемінде екі не одан да көп негізгі түбір бар сөзді айтамыз. Жалаң сөздер іштей түбір сөз және туынды сөз болып бөлінсе, күрделі сөз ішінара біріккен сөз, кіріккен сөз, қос сөз, қысқарған сөз болып бөлінеді.

Сөздің өз алдына тұрып мағына бере алатын, әрі қарай бөлшектеуге келмейтін түпкі мағыналы бөлшегі, түбір немесе негізгі түбір, немесе түбір сөз деп аталады.

М/ы: бас, бастық, басшы, басқар, юасқарма дегендердің бәрі бірдей түбір сөздер емес, түбірлес сөздер.

Сонымен түбір деп, әрі қарай бөлшектенбейтін, морфемаларға мүшеленбейтін, нақтылы бір зат я құбылыс жайындағы немесе я әрекет жайындағы ұғымды білдіретін белгілі бір дыбысты я дыбыстық құрамды айтамыз.

Туынды сөздер деп, жұрнақтар арқылы негізгі түбірлерден өрбіген сөздерді айтамыз. Туынды түбір деп құрамы негіз сөз бен жұрнақтан тұратын сөздер аталады. Мысалы, үгітші, қаламгер, әсемпаз, сәнқой т.б.

Туынды түбірге сөзжасамның синтетикалық тәсілі арқылы жасалған туынды сөздер ғана жатады. Сонда туынды түбір мен туынды сөз деген екі терминнің арасында үлкен айырма бар. Сондықтан бұл екі термин кейде орынсыз бірінің орнына бірі қолданылатынына қарамастан, олардың әрқайсысының өз мәнінде қолдану керек.

Туынды түбір туынды сөздердің ішіндегі ең көп тараған түрі. Сөзжасамның синтетикалық тәсілі сөзжасамдық жұрнақтар арқылы туынды түбір сөздер жасап, тілді байытып отырады.

Туынды түбірдің құрамы негіз сөз бен сөзжасамдық жұрнақтан тұрады. Туынды түбірдің мағынасы негіз сөз бен сөзжасамдық жұрнақтың мағынасынан жасалады. Негіз сөздің лексикалық мағынасы жұрнақ қосылғаннан кейін туатын лексикалық мағынаға негіз болады, сондықтан туынды түбірдің мағынасы мен негіз сөздің мағынасы үнемі байланысты болады.

Туынды түбірлердің мағынасы оған негіз болған сөздің мағынасымен байланыста бола тұра, ол негіз сөздің мағынасынан белгілі дәрежеде өзгешелігі болуы крек. Кейде туынды сөздің мағынасы үлкен өзгеріске түссе, кейде ол мағыналық ерекшелік аз болуы да мүмкін.

Таулы, ақылды, өнерлі сияқты туынды түбірлерге сөз табы өзгерді, бірақ мағынадағы өзгеріс өте үлкен емес. Туынды түбір құрамы жағынан алғанда, екі морфемадан тұрады. Олар: негіз сөз және сөзжасамдық жұрнақ. Бұл екі морфема – туынды түбір үшін міндетті шарт. Негіз сөзден туынды түбірдің құрамы қашанда күрделі болады. Туынды түбірге негіз болған сөз қандай түбір болса да, одан жасалған туынды түбірдің бір морфемасы артық болады.

Туынды түбірлер белгілі сөз таптарының құрамында болады. Туынды түбірлердің сөз таптарына қатысты болатын себебіне, өзіне тән жұрнақтарына толық тоқталу.



Бақылау сұрақтары:

1.Сөз формсы деген не?



  1. 2.Сөздің негізгі түрлері?

  2. 3. Туынды түбірлерге мысал келтіріңдер.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Алматы: Ана тілі, 1991.

  2. Оралбай Н. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. Алматы: Інжу-Маржан, 2007.


11,12 -дәріс

Күрделі сөз. Күрделі сөзді топтастыру

  1. Күрделі сөздер

  2. Күрделі сөздерді топтастыру

Күрделі сөз дегеніміз – сөздердің жай синтаксистік тіркесі емес, араларындағы синтаксистік қатынастарын жоғалтып, семантикалық мағынасы жағынан да, грамматикалық қызметі жағынан да тұтас бір бүтін тұлға ретінде қалыптасқан тіркес. Күрделі сөздердің кейбіреуі синтаксистік тәсіл мен морфологиялық тәсілдің комбинацииялануынан, яғни екеуінің де ерекшеліктерінің тоқайласуынан туса, кейбіреу тұтас сөз тіркесінің лексикалануынан, кейбіреулері тұтас сөз тіркесінің идиомалануы негізіде пайда болған.

Компоненттердің ара қатынасы деп бірігу, қосарлану, тіркесу арқасында туған күрделі сөздің сыртқы фонетикалық түр-тұрпаты мен ішкі семантикалық құрылымында, олардың араларында заң ретінде орнығып қалыптасқан қарым-қатынастардың нәтижесін я оның жиынтығын айтамыз.

Кіріккен сөз деп компоненттерінің я біреуі, я екеуі де бірдей әуелгі өз мағыналарынан айрылып, тұтасымен тұрып басқа бір жалпы мағына білдіретін және сонымен бірге, сол компоненттері фонетикалық жағынан әр қилы өзгерістерге ұшырап, бір-бірімен белгілі дәрежеде әрі үндесіп, әрі ықшамдалып құралған күрделі сөздерді айтамыз. М. Сексен, тоқсан, әкел, биыл.

Біріккен сөз деп компоненттері мағына жағынан да, форма жағынан да елеулі өзгерістерге ұшырамай-ақ, өз ара бірігіп, жинақталған бір тұтас лексика-семантикалық мағына білдіретін күрделі сөзді айтамыз.

М. Тасбақа, Екібастұз т.б.

Белгілі бір қоғамдық ұйымдар мен мекемелердің атауын қысқартып жазуды қысқарған сөздер деп атаймыз. М. ҚазМПУ, АҚШ, ҚазССР, колхоз, мм, см.

Қос сөздер қайталама және қосарлама болып екіге бөлінеді.

Қайталама қос сөздер белгілі бір сөздің я қосымшасыз, я қосымшалы түрінің екі рет қайталануы арқылы, я сол сөздің не бір дыбысының немесе бір буынының өзгеріп қайталануы арқылы жасалады. М. Мая-мая, бара-бара, қап-қара т.б.

Қосарлама қос сөздер лексикалық мағынасы басқа-басқа екі түрлі сөзден құралады. М. Ата-ана, үлкен-кіші, ертелі-кеш т.б.

Бақылау сұрақтары:

1. Күрделі сөз деген не?



  1. 2. Күрделі сөздердің түрлері?

  2. 3. Күрделі сөз мысал келтіріңдер.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Алматы: Ана тілі, 1991.

  2. Оралбай Н. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. Алматы: Інжу-Маржан, 2007.


13-дәріс

Сөз таптары және олардың морфологиялық құрылымы. Сөз таптарын жіктеу

  1. Сөз таптарының морфологиялық құрылымы

  2. Сөз таптарын жіктеу

Қазақ тіліндегі барлық сөздер семантикалық және морфологиялық белгілеріне қарай, ең алдымен үш топқа бөлінеді. Олар- атаушы сөздер, көмекші сөздер және одағай сөздер.

Атаушы сөздер дегеніміз өздеріне тән лексикалық та, грамматикалық та мағыналары бар және ретіне қарай, үстеріне әр қилы қосымша реңдер жамап алып, өзге сөздермен әр алуан қарым-қатынасқа түсе алатын дербес сөздер.

Көмекші сөздер дегеніміз өздеріне тән лексикалық мағыналары солғындаған, лексикалық мағыналарынан гөрі грамматикалық мағыналары басым болу себебінен көбінесе әр алуан грамматикалық қатынастарды білдіріп, әр қилы грамматикалық қызмет атқаратын жәрдемші сөздер.

Одағай сөздер деп ешқандай да ақиқат ұғымдарды білдірмейтін, тек адамның әр алуан көңіл күйі мен әр қилы сезім райларын білдіру үшін қолданылатын сөздерді айтамыз.

Сөз табы деп жалпы лексика-грамматикалық сипаттары мен белгілері бәріне бірдей ортақ болып келетін сөздер тобын айтамыз.

Атаушы сөздер есімдер және етістіктер деген топтарға бөлінсе, есімдердің өзі атаушы есімдер және үстеуші есімдер болып жіктеледі.

Атаушы есімдер іштей зат есім, сын есім, сан есім, есімдік деген сөз таптарына сараланса, үстеуші есімдер іштей үстеу сөздер мен еліктеу сөздерге бөлінеді.

Көмекші сөздер ерекшеліктеріне қарай жалғаулықтар, септеуліктер, демеуліктер деп аталатын топтарға бөлінеді.

Қазіргі қазақ тіліндегі сөздер 9 топқа бөлінеді:

1. Зат есім 6. Үстеу

2. Сын есім 7. Еліктеу сөз

3. Сан есім 8.Көмекші сөз (шылау)



  1. Есімдік 9. Одағай

  2. Етістік



Бақылау сұрақтары:

  1. Сөздер морфологиялық және семантикалық белгілеріне қарай нешеге бөлінеді?

  2. Қазақ тіліндегі сөз таптары неше топқа бөлінеді?

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Алматы: Ана тілі, 1991.

  2. Оралбай Н. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. Алматы: Інжу-Маржан, 2007.



14,15 -дәріс

Зат есімнің лексика-грамматикалық сипаты

1. Зат есімнің семантикалық ерекшеліктері

2. Зат есімнің грамматикалық ерекшеліктері

3. Зат есімдердің құрылымы туралы.

4. Зат есімдердің жасалу тәсілі.

Зат есімнің қай-қайсы болсын заттық ұғымды білдіргендіктен, олар негізінен алғанда, біркелкі болғандарымен іштей нақтылық және абстрактілік, жалпылық және жалқылық, даралық және жинақтылық, жекелік және топтық сияқты семантикалық категорияларды қамтиды. Мысалы: ағаш, су, шөп, сүт, темір тәрізді сөздер, әдетте көзбен көріп, қолмен ұстап тануға боларлықтай нақтылы, деректі заттармен байланысты ұғымдарды білдірсе, ақыл, сана, ой, жақсылық, адамгершілік секілді сөздер ойлау, топшылау қабілеттері арқылы танылатын абстрактылы заттермен байланысты ұғымдарды білдіреді.

Зат есімдердің ішінде даралау және жинақтауұғымын білдіру қабілеті де жоқ емес. Мыс: Құрт, құмырсқа, апа, қарындас, төсек, орын тәрізді дара сөздер белгілі-белгілі заттардың аты болса, құрт-құмырсқа, апа-қарындас, төсек-орын сияқты қос сөздер белгілі бір ұғымдардың жинақтап, олардың топ-тобының атын білдіреді.

Зат есімнің ішінде өздеріне тән семантикалық және грамматикалық ерекшеліктері бар кейбір топтар да жоқ емес. Ондай, семантикалық және грамматикалық ерекшеліктері бар топтарға: адамзат және ғаламзат есімдерін, жалқы есімдерді, көптік мәнді есімдерді эмоциялы-экспрессивтік зат есімдерді, көмекші есімдерді жатқызуға болады. Зат есім – сөзжасамы өте күрделі сөз табы. Оның түрлі себептері бар. Зат есімде сөзжасам тәсілдерінің бәрі қызмет етеді және де бәрі де белсенді қызмет атқарады. Зат есімнің сөзжасамдық бірліктері де алуан түрді. Солардың ішінде зат есімні сөзжасамдық жұрнақтары ерекше көзге түседі. Зат есімнің сөжасамдық жұрнақтарға өте бай, олардың мағынасы мен құрамында да үлкен ерекшеліктер бар.

Зат есімнің синтетикалық тәсіл арқылы жасалуында сөзжасамдық жұрнақтар арқылы жасалуы жатады. Зат есімнің сөзжасамдық жұрнақтары деп алуан түрлі сөздерден туынды түбір зат зат атауын жасайтын жұрнақтар аталады. Мыс: тыңшы, қызметкер,арбакеш, сыпырғыш т.б.

Туынды туынды зат есімдердің жасалуына зат есім, сын есім, сан есім, етістік сөздер негіз болады. Осы сөз таптарының сөздерінің негіз болуы арқылы жасалған туынды түбір зат есім сөздер туынды түбір сөздер болып саналады.



Бақылау сұрақтары:

1. Зат есімнің синтетикалық тәсіл арқылы жасалуына мысал келтіру.

2. Зат есімнің жұрнақтары.

3. Зат есімнің жалпы сипаттамасы.

4. Зат есімнің лексика-грамматикалық сипаты.

5. Зат есімдердің құрылымы туралы.



Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Алматы: Ана тілі, 1991.

  2. Оралбай Н. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. Алматы: Інжу-Маржан, 2007.


16,17 -дәріс

Сын есімнің морфемалық құрамдары

1. Сын есімнің семантикалық топтары.

2. Сын есімнің морфемалық құрамдары.

3. Сын есімдердің жасалуы.

4. Шырай түрлері

Ақ, қара, сары, көк, сұр, биік, үлкен, аласа, жылы, жұқа, қалың, тік, ірі, кіші сияқты сапалық сын есімдерді алсақ, қазіргі кезде олардың қай-қайсысы болса да, тиісті морфемаларға бөлшектенбейтін түбір сөздер есебінде қабылданып, ежелден келе жатқан негізі сын есімдер ретінде түсініледі.

Сөйтіп, сын есімдерді морфемалық құрамдарына қарай, негізгі сын есімдер және туынды сын есімдер деп бөлуге болады. Бірақ оларды осылайша жіктеу шартты нәрсе екенін есте үстау қажет, өйткені қазіргі кезде негізгі сын деп жүрген сөздердің көпшілігінің төркінін талдап қарағанымызда, туынды сындар болып келеді. Мысалы: тұнық, суық, сұйық, сирек, жазық, толық, ашық, жабық, иік, жетік, тілік, сергек сияқты сындар бастапқы тұн, суы, ары, сұйы,сире, жаз, тол, аш, жап, и, жет, тіл, сергі деген етістіктерден туған.

Сын есімдер морфологиялық, синтаксистік, морфологиялық-синтастиктік тәсілдер арқылы жасалады.

Морфологиялық тәсіл бойынша туатын сын есімдер тиісті жұрнақтар арқылы жасалады.

Синтаксистік тәсіл бойынша туатын сын есімдер жалаң сын есімдердің бір-бірімен тіркесуі арқылы ( ақ сары, қызыл сары; қара көк), негізгі сындар мен туынды сындардың бір-бірімен тіркесуі арқылы, зат есім мен туынды сын есімнің бір-бірімен тіркесуі арқылы ( көп балалы, ауыз жолды, жібек көйлекті), негізгі және туынды сын есімдердің қайталануы арқылы (үлкен-үлкен, үлкен-кіші, таулы-таусыз, елді-күнді) жасалады.

Морфологиялық-синтаксистік тәсіл бойынша туатын сын есімдер белгілі бір синтаксистік формадағы сөздің семантикалық жағынан бірте-бірте дами отырып, адъективтенуі арқылы (мысалы; басқа, өзге, шала-жансар т.б.) жасалады.

Зат есім, етістік сөзжасамынан кейінгі орында сын есім сөзжасамы тұрады. Сын есім туындылар есім сөздерден де, етістіктен де жасала береді. Сын есімнің туынды атаулары құрамы жағынан дара және күрделі болып бөлінеді. Дара туындыларға бір сөзден тұратын жұрнақ арқылы жасалған туынды түбір сын атаулары жатады.

Күрделі сын атаулары екі не одан да көп сыңарлардан жасалып, бір сандық белгінің атын білдіреді. Сын есімнің сөзжасамдық жұрнақтарының бір тобы есім сөздерден сындық туынды түбір атауларды жасайды. Сын есімнің сөзжасамдық жұрнақтары сөзжасамдық қабілеті жағынан әр түрлі.

Есім сөздерден туынды түбір жасайтын сөзжасамдық жұрнақтар сөзжасамдық қабілеті жағынан өнімді және өнімсіз болып бөлінеді. Тілге көптеген туынды түбір сын есім қосқан жұрнақтар өнімді болып саналады. Өнімді сөзжасамдық жұрнақтардың ішінен –ды, -ді, -ты, -ті, -лы, -лі жұрнағы ерекше көзге түседі.

Өнімсіз жұрнақтар тілге жекелеген туынды түбір сын аталымдарын ғана қосқан, сондықтан олар өнімсіз жұрнақ аталады.Мысалы: -қы, -кі жұрнағы арқылы жинақы, күлдіргі, бұралқы сияқты туынды сын атаулары ғана жасалған. Сол сияқты –ын, -ін жұрнағы да аз ғана туынды жасаған. Мыс: бүтін, ұзын, ортан.

Сын есім сөзжасамы сөзжасамдық жұрнақтарға байлығы жағынан жұрнақтардың мағынасына толық тоқталу.

Заттың белгісі я сипаты біркелкі болмай, рең жағынан әр түрлі дәрежеде болатынын, демек, сипатының я белгінің бір затта артық, бір затта кем болатынын білдіретін сын есім формалары шырай формалары деп аталады. Сын есімнің 4 түрлі шырайы бар: жай шырай, салыстырмалы шырай, күшейтпелі шырай, асырмалы шырай.

Бақылау сұрақтары:

1. Сын есімнің семантикалық топтары.

2. Сын есімнің морфемалық құрамдары.

3. Сын есімдердің жасалуы.

4. Шырай түрлері.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Алматы: Ана тілі, 1991.

2. Оралбай Н. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. Алматы: Інжу-Маржан, 2007.


18-дәріс

Сан есімнің лексика-семантикалық өзгешеліктері

1. Сан есім туралы түсінік.

2. Сан есімнің лексика-семантикалық өзгешелігі.

3. Сан есімнің морфологиялық өзгешелігі.

4. Сан есімнің синтаксистік өзгешелігі.

Сан есімдер – есімдер тобына жататын сөз таптарының бірі. Сна есімдер басқа сөздерге тіркестірілмей жеке-дара айтылғанда , тек абстракт сандық ұғымдардың атаулары ретінде қолданылады. Олардың нақты мағыналары өзге сөздермен қарым-қатынасқа түсіп айтылғанда ғана айқындалып отырады.

Морфологиялық сипаттары жағынан да сан есімдердің өзіне тән, өзге сөз таптарына ұқсамайтын ерекшеліктері бар. Сан есімнің негізгі функциясы анықтау қызметі болғандықтан, ол үнемі айқындайтын сөздерінен бұрын қолданылады, бірақ ешқандай да морфологиялық өзгеріске түспейді.

Сан есімдер іштей дара сан және күрделі сан болып екіге бөлінеді. Дара сандардың атаулары аса көп емес, олардың бар болғаны - жиырма шақты ғана. Күрделі сан есімдер осы аталатын дара сан атауларының әр алуан жолымен тіркестіріле қолданылуы және қосарлана айтылуы арқылы жасалады. Сан емімдер септік сан, реттік сан, болжалдық сан, жинақтық сан, топтық сан, бөлшектік сан болып алты топқа бөлінеді.



Бақылау сұрақтары:

1. Сан есім туралы түсінік.

2. Сан есімнің лексика-семантикалық өзгешелігі.

3. Сан есімнің морфологиялық өзгешелігі.

4. Сан есімнің синтаксистік өзгешелігі.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Алматы: Ана тілі, 1991.

2. Оралбай Н. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. Алматы: Інжу-Маржан, 2007
19-дәріс

Есімдіктер туралы жалпы сипаттама

1. Есімдіктер туралы жалпы сипаттама.

2. Жіктеу есімдіктері,

3. Сілтеу есімдіктері.

4. Сұрау есімдігі.

5. Өздік есімдік.

Есімдер тобына жататын сөз табының бірі – есімдіктер. Есімдіктер затын атын, сынын, санын, я олардың аттарын білдірмейді, бірақ солардың орнына жұмсалады. Есімдіктер белгілі бір түсінікті я ойды жалпылама түрде меңзеу арқылы білдіреді.

Есімдіктер шығу төркіні жағынан екі топқа бөлінеді: оның бір тобына өте ерте заманнан келе жатқан байырғы түбір есімдіктер енеді де, екінші тобына тіліміздің даму, жетілу процестерімен байланысты, кейінгі заманда пайда болған есімдіктер жатады.

Бірінші тобына: мен, сен, ол, біз, сіз, қай, кім? Не? Міне, бұл, осы, сол

Екінші тобына: бір, бар, біреу, бүкіл, түгел, әр, күллі, пәлен т.б.

Мағыналарына қарай есімдіктер мынадай топтарға бөлінеді: жіктеу, сілтеу, сұрау, өздік, белгісіздік, болымсыздық, жалпылау.

Бақылау сұрақтары:

1. Есімдіктердің мағыналық топтары

2. Сұрау есімдігіқалай жасалады?

5. Өздік есімдіктеріне мысал келтіру.



Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Алматы: Ана тілі, 1991.

2. Оралбай Н. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. Алматы: Інжу-Маржан, 2007
20, 21, 22, 23, 24-дәріс

Етістіктің лексика-семантикалық сипаты

1. Етістіктің лексика-семантикалық сипаты.

2. Етістіктің морфологиялық сипаты және жасалу жолдары.

3. Етістіктің грамматикалық категориялары.

4. Салт және сабақты етістік.

5. Етістер туралы жалпы түсінік.

6. Болымды және болымсыз категориясы.

7. Етіс. Оның түрлері.

Етістіктің лексикалық құрамында қанша сөз болса, солардың әрқайсысының өзіне тән лексикалық мағынасыболады. Солай бола тұра лексикалық мағыналары қаншалықты басқа-басқа болғандарымен, сол етістіктердің бәрі де, ең алдымен өздерінің мазмұнындағы барлығына да ортақ сипат есебінде танылатын семантикалық ерекшеліктеріне қарай бір сөз тобына телінеді. Дегенмен де, лексика-грамматикалық белгілері біріңғай жеке сөз табы саналатын етістіктердің өздерін іштей бір-біріне мағына жағынан жақындықтарына, өзара функция жағынан орайластықтарына қарай топ-топқа бөлуге болады.

Етістікті мағынасына қарай топтастыру мәселесі де, басқа сөз таптары сияқты, белгілі бір мақсатқа я нысанаға орайлас құрылуы қажет.

Морфологиялық құрылымы жағынан етістіктер жалаң етістіктер және күрделі етістіктер деп аталатын екі салаға бөлінеді. Осымен қатар етістіктің аналитикалық етістіктер деп аталатын түрлері де бар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет