Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамынан дәріс тезистері №1 дәріс. Сөзжасам – тіл білімінің жеке саласы



бет39/50
Дата04.12.2023
өлшемі0,85 Mb.
#194883
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   50
Байланысты:
1 дәріс. Сөзжасам – тіл білімінің жеке саласы-emirsaba.org

Кіріккен күрделі етістік
Кіріккен күрделі етістік деп екі сыңардан кұралып, сыңарлары дыбыстық құрамын толық сақтамаған, біртұтас лексикалық мағына беретін, күрделі қимыл ұғымын білдіретін туынды етістіктер аталады. Мысалға, оған апар (алып бар), әкел (алып кел), әпер (алып бер), әкет (алып кет) сияқты кіріккен етістіктер жатады. Кіріккен етістіктердің кұрамы алғаш толық. мағыналы етістіктер болғаны белгілі, сондыктан олардың сыңарларының дыбыстық кұрамы толық сақталмаса да, түп негізіне карап, ол күрделі етістіктерге жатады.

Тіркескен күрделі етістіктер

Тіркескен күрделі етістікгер деп екі етістік сыңардан құралып, бір лексикалық мағына білдіретін, бірақ сыңарлары емле бойынша бөлек жазылатын сөздер аталады. Мысалы, алып кет, көріп бер, алып қайт, біліп бер, қайтып кел т.б. Тіркескен күрделі етістіктердің сыңарлары мағыналы етістіктерден жасалып, сыңарларының мағынасынан күрделі қимыл ұғымының атауы жасалады.


Тіркескен күрделі етістіктердің сыңарлары кез келген етістіктен болмайды және күрделі етістіктің бірінші сыңары мен екінші сыңары болатын етістіктерде де үлкен айырма бар және ұқсастык та жоқ емес. Ұқсастық мынада - негізгі түбір етістіктер күрделі етістіктің бірінші сыңары да, екінші сыңары да бола береді. Ал айырмашылық - күрделі етістіктің бірінші сыңары негізгі түбір етістіктен де, туынды түбір етістіктен де болады, ал екінші сыңары тек негізгі түбір етістіктен ғана болады және олардың саны да кұрамы да белгілі, олар тілдегі отыздай негізгі түбір етістіктер. Сондыктан күрделі етістіктің бірінші сыңары болатын етістіктердің саны олардан әлдекайда көп. Бұл тіркескен күрделі етістіктердегі сыңарлардың қызметін қалыптастырған.
Тіркескен күрделі етістіктердің сыңарлары қызметіне қарай ауыспалы сыңар, тірек сыңар болып бөлінеді.
Ауыспалы сыңар тіркескен күрделі етістіктің кұрамында бірінші орында тұрады. Мысалы, алып кел, беріп кет, жинап ал, ойлап отыр, көздеп тұр, тыңдап түр, біліп кел, көріп ал, сынап кетті т.б.
Тіркескен күрделі етістікге тірек сыңар екінші орында тұрады. Мысалы, біліп бер, көріп кел, тындап отыр, айтып кет, сұрап қайт, сұрап кел т.б.
Ауыспалы сыңардың бірінші орында тұруы туынды түбірдегі негіз сөзбен сай келсе, тірек сыңардың екінші орында тұруы жұрнақтың орнымен сәйкес келеді.
Тіркескен күрделі етістіктердің екі сыңары да сөзжасамдық бірлік, негіз сөз қызметін атқарады. Дегенмен күрделі етістіктің күрамын туынды түбір етістікпен салыстырғанда, онда ұқсастық байқалады. Туынды түбірдегі түрлі негіз сөздерден бір жұрнақ арқылы бірнеше туынды түбір жасалуы ұқсап, түрлі ауыспалы сыңарлардан бір тірек сыңар арқылы бір топ тіркескен күрделі етістіктер жасалады. Мысалы, алып кел, беріп кел, көріп кел, біліп кел, кайтып кел, санап кел, жинап кел, әперіп кел, апарып кел т.б.
Бір жұрнақ арқылы жасалған туынды түбірлердің мағынасында байланыс болатыны сияқты, бір тірек сыңар арқылы жасалған тіркескен күрделі етістіктердің де мағыналары байланысты болады. Мысалы, сатушы, әнші, малшы, жазушы, күйші, домбырашы, жыршы сияқты туынды түбірлердің бәріне мамандық мәні ортақ, сол арқылы олардың мағынасы байланысты. Сол сияқты алып кет, көріп кет, біліп кет, сынап кет, жинап кет, апарып кет, әкеліп кет, әперіп кет деген бір тірек сыңар арқылы жасалған тіркескен күрделі етістіктердің бәріне кет тірек сыңарының мағынасы ортақ, сол аркылы олардың бәрінің мағынасы байланысты.
Туынды түбірмен тіркескен күрделі етістіктердің жасалуындағы сондай ұқсастықтар сөзжасамның жалпы зандылықгарын аңғартады. Ал олардың арасындағы айырмашылық олардың түрлі тілдік құбылыс болуына байланысты.
Тірек сыңар болатын етістіктер мыналар: апар, әкел, әкет, бар, әпер, бер, біл, жат, жатыр, жөнел, жүр, жібер, кел, кет, кайт, қал, қой, қыл, отыр, өт, сал, соқ, таста, тұр, түс, шық.
Осы отыз тірек сыңардың әрқайсысы бірнеше жүзден тіркескен күрделі етістік жасайды. Сонда тек тіркескен күрделі етістіктердің өзі бірнеше мың болады. Олай болса, тіркескен күрделі етістіктер сөздік қордың бір бай бөлшегі болып шығады.
Тіркескен күрделі етістіктердің сыңарлары белгілі қосымшалар арқылы байланысады, Олар - көсемшенің -ып, -іп, -п, -а, -е, -й, -ғалы, -гелі, -қалы, -келі жүрнақтары. Аталған жүрнақтардың сыңарларды байланыстырып, тіркескен күрделі етістік жасаудағы қызметі бірдей емес, өйткені олардың кейбіреуі бұл қызметгі белсенді атқарып, көптеген тіркескен күрделі етістіктер жасап, кейбіреулері
арқылы шамалы ғана күрделі етістіктер жасалған.
Келтірілген жүрнақтардың ішінде ең өнімдісі - көсемшенің -ып, -іп, -п жұрнағы. Бұл жұрнақтың сыңарларды байланыстыруы арқылы өте көп күрделі етістік жасалған. Оның дәл санын келтіру қиын, бірақ сыңарлары -п көсемше арқылы байланысқан күрделі етістіктер басқалардан бірнеше рет артық екені сөзсіз.
Көсемшенің жұрнактарының ішінде ең өнімсіз қызметті - ғалы жұрнағы аткарады. Олар арқылы жасалған күрделі етістіктер шамалы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет