Қазіргі бастауыш мектептердегі тәрбие әдістері түрлеріне зерттеу жүргізу, қорытынды жасап, ұсыныс әзірлеу



Дата22.12.2021
өлшемі16,16 Kb.
#127481
Байланысты:
Қазіргі бастауыш мектептердегі тәрбие әдістері түрлеріне зерттеу жүргізу


Қазіргі бастауыш мектептердегі тәрбие әдістері түрлеріне зерттеу жүргізу, қорытынды жасап, ұсыныс әзірлеу.

Мектептің есігін ашқан жас ұрпаққа адам бойындағы қасиеттерді қастерлеп, өмір талабына сай заңдылықтарды түсіндіру, үйрету. Әдептілік, имандылық, инабаттылық , мейірімділік, қайырымдылық, құндылықтары қалыптасқан халқымыздың асыл да абыройлы қасиеттерін жас ұрпақтың сана – сезіміне,

ақыл – парасатына ұялата білу, рухани жаны таза адам болуға тәрбилеу.

Бастауыш мектеп жасындағы баланы тәрбиелеу – жалпы тәрбие үрдісінің ең неізгі кезеңі. Тәрбие – бұл өмірлік шығармашылық.

Оқыту үрдісі педагогикалық үрдістің басты қараушысы болып табылады. Оқыту үрдісі мұғалім мен оқушының бірлескен әрекеті негізінде оқыту мен оқудың бірлігін көрсетеді.

Қазіргі таңда оқыту үрдісіне қойылатын талаптардың өзгеруіне байланысты оқыту технологиялары негізінен қолданылуда. Оқу үрдісіндегі оқыту технологиялары дегеніміз қойылған мақсаттарға және күтілетін нәтижеге тиімді жету жолдарын қамтамасыз ететін оқу бағдарламаларында қамтылған білім мазмұнын меңгертудің жүйеленеген формалары, әдіс – тәсілдері.



Бастауыш білім беру деңгейінде қолданылатын оқыту технологиялары төмендегі негізгі талаптарға сәйкес болуы керек.

  • Оқу үрдісінде білім алушылардың өздерін еркін сезінуіне жағдай туғызу.

  • Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын дамыту, күтілетін нәтижелерге жетуге талаптандыру.

  • Жеке басдамытуға бағытталған әдіс – тәсілдерді қолдану.

  • Өз бетімен жұмыс істеп, шешім қабылдауға мүмкіндіктер туғызу.


Қазіргі ғалымдану мен техниканың қарқынды даму кезінде оқу – тәрбие үрдісін ізгілендіру өзекті мәселелердің бірі болып отыр.

Оқу - тәрбие үрдісін ізгілендіру – жеке тұлғаның еркін дамуы үшін оның бойында жалпы азаматтық құндылықтардың қалыптасуын қамтамасыз ететін дидактикалық ұстаным ретінде басшылыққа алынуы тиіс.

Мектептің бастауыш сатысында оқу – тәрбие үрдісін оқушылардың өзара іс - әрекетімен мұғалім мен оқушының өзара қарым – қатынасын дұрыс ұйымдастыру арқылы оқушының ойлау белсенділігін арттыруға, сабақта интерактивтік әдісті тиімді пайдалануға болады. Мұнда негізгі және жетекші үрдіс – іс - әрекетті оқытуды ұйымдастыру.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет