АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
Еуразия гуманитарлық институты 2021 ж. 16
сәуірде
студенттер
мен магистранттардың «ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖАҢА ҰРПАҚ - 2021» атты
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған республикалық ғылыми онлайн-конференциясын
өткізеді
Мынадай секциялар жұмысы ұсынылады
Педагогика және психология.
Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар: тарих, әлеуметтану, философия, әлеуметтік жұмыс, экология.
Қазақ және орыс филологиясы.
Шетел филологиясы және аударма ісі.
Құқықтану.
Қазіргі экономиканың қаржылық аспектілері.
Конференцияға қатысу үшін өтінімді және тезисті 2021 жылдың 25 наурызына дейін автордың мақаласында толық атын белгілеп жіберу керек. Өтінім мен тезистің нысаны ұсынылды. Конференциядан кейін ISBN бар жинақты басып шығару жоспарлануда. Конференцияның жұмыс тілдері – қазақ, орыс, ағылшын.