АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОЛОГИЯ ЖӘНЕ КӨПТІЛДІ БІЛІМ БЕРУ ИНСТИТУТЫ
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ КАФЕДРАСЫ
Студенттер мен магистранттардың № 71 дәстүрлі ғылыми конференциясының материалдары
Ғылыми жинақ
Алматы, 2017
ББК Студенттер мен магистранттардың № 71 дәстүрлі ғылыми конференциясының материалдарына арналған баяндамалар мен мақалалар жинағы. – Алматы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, «Ұлағат» баспасы, 2017. – 194 бет.
ISBN Жинақты баспаға Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Филология және көптілді білім беру институты Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасына қарасты Жас ғалымдар кеңесі мен «Бойтұмар» және «Қ.Жұмалиев» атты ғылыми үйірмелерінің бірлестігі ұсынған.
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Филология және көптілді білім беру институты Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы жанындағы «Тағылым» ғылыми-эстетикалық клубы мен «Бойтұмар», «Қ.Жұмалиев» атты ғылыми үйірмелері № 71 студенттердің дәстүрлі ғылыми конференциясының әралуан секция жұмыстарының нәтижелері бойынша дәстүрлі республикалық ғылыми-теориялық конференция материалдарының жарыққа шығуын ұйымдастырды.
Конференция материалдарын қамтыған бұл жинақ студенттерге, оқытушыларға, магистранттар мен тыңдаушыларға, PhD докторанттарға және филология институтының студенттеріне арналады.
ББК
Жалпы редакциясын басқарған – педагогика ғылымдарының докторы, доцент Ж.Т.Дәулетбекова.
Жинақты баспаға әзірлеген жауапты редакторлар: филология ғылымдарының докторы, аға оқытушы А.Таңжарықова, филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор (доцент) С.Жиренов.
Пікір жазғандар: Мұхамади Қ. – С.Демирел атындағы университеттің доценті, филология ғылымдарының кандидаты.
Әбдіхалық К. – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты.
ББК
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ КАФЕДРАСЫ
«ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ»
СЕКЦИЯСЫ ҚАЗАҚТЫҢ ОЙЫН АТАУЛАРЫ
(М.Әуезовтың «Абай жолы» роман – эпопеясының І томы бойынша) Серікбаева Гүлдана - 5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3-курс студенті
Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к., доцент Майра Жүнісова Академик Ә.Т.Қайдар: «Этнолингвистика – этностың (одан ұлыс, халық, ұлт) инсандық болмысынан туындап, санасында сараланып, тарихи жадында сақталып, тіл арқылы ғасырлар бойы қалыптасып, қорланып, рухани мәдени мұра ретінде атадан балаға, әулеттен нәсілге үзілмей ауысып келе жатқан дәстүрлі мирасты жаңғыртып, жан-жақты зерттеп, танымдық мәнін ашып, болашақ ұрпаққа ұсыну мақсатына байланысты дүниеге келген тіл білімінің құнарлы саласы» [1, 475], - деп кешенді анықтама береді. Ғалым бұл саланың ерекшелігін нақты айтып кетеді.
Ежелден дәстүрлі ойындарда халықтың өмір сүру әдісі, тұрмыс-тіршілік еңбегі, ұлттық салт -дәстүрлері, адалдыққа, күштілікке ұмтылуы, шыдамдылық, т.б. құндылықтарға мән берілуі – халық данышпандығының белгісі. Ұлттық ойындар - халық тәрбиесінің дәстүрлі табиғатының жалғасы. Мақаламыздың зерттеу нысаны – қазақтың ұлттық ойын атауларының этнолингвистикалық сипаты (М.Әуезов «Абай жолы» 1-том) [2, 1-томы].
Ұлттық спорт және ойын атауларының қай түрін алсақ та, халықтың тілдік дәстүріне, дүниетаным – түсінігіне сай қалыптасқан. Ұлттық ойын атауларының негізі этнолингвистика мен этномәдениетте жатыр, оларды бір-бірінен бөліп қарауға болмайды.
Біздің ғылыми мақаламыздың мақсаты да осы ұлттық ойын атауларының табиғатын, шығу тегін, семантикалық өрісін, этнолингвистикалық сипатын қарастыру болып танылады.
Осы мақсатқа жету барысында, мынадай міндеттерді орындадық:
Зерттеу материалы етіп М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясының 1-томындағы ойын атауларын жинақтап, жалпы саны – 13 екенін анықтадық;
Романннан сол ойын туралы мәліметтерді жинақтау;
Ойын атауларының семантикалық өрісін анықтау барысында «Аймақтық сөздік», «Қазақ әдеби тілінің сөздігін», «Түсіндірме сөздікті» І томдық қаралып, соның ішінде «Қазақ әдеби тілінің сөздігінен» біраз түсініктемелер алынды. Сонымен қатар Е.Сағындықов, Ж.Мизамхан, А.Құрауұлы, «Ана тілі» газеті, т.б. зерттеу еңбектердегі ойын атауларының талдауларын қарастырдық.
М.Жұмабаев ойындарды халық мәдениетінен бастау алар қайнар көзі, ойлау қабілетінің өсу қажеттілігі, тілдің, дене шынықтыру тәрбиесінің негізгі элементі деп тұжырымдайды. [ http://anatili.kazgazeta.kz/?p=9804]
Халық мәдениетінің негізгі айнасы оның сөзінен, кез келген құбылысты, зат атауын тануынан белгілі болатынын, ойын атауларының да қазақ халқында алатын орны, атқаратын рөлі болғандығына көзіміз жете түсері анық.
Халқымыздың ұлы перзенттерінің бірі, аса көрнекті жазушы М.Әуезовтың өзі де кезінде: «Біздің халқымыздың өмір кешкен ұзақ жылдарында өздері қызықтаған алуан өнері бар ғой. Ойын деген менің түсінуімше, көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір ерекше мағыналары болған», - деп ойынның халық өміріндегі үлкен маңызын тұжырымдағанын да білеміз. [http://www.alimsak.kz].
Біздің зерттеуімізде сол асқаралы жазушының Абай сынды ақынның өмір жолына арнаған роман тілінен төмендегідей ойын атауларын жинақтап, жан-жақты талдауға ұмытылыс жасалды:
М.Әуезовтың «Абай жолы» роман – эпопеясы І томында 13 ойын атаулары кездеседі. Олар:
Ат шабыс
Көкпар
Серке тарту
Теңге алу
Балуан күрестіру
Ақсүйек
Серек құлақ
Орамал тастау
Хан жақсы ма?
Мыршым
Белбеу соқ
Ләппай тутәлә
Тоғызқұмалақ
Мысалы: 1.Тыстағы ойын: ат шабыс, көкпар, серке тарту, теңге алу, балуан күрестіру - баршасы да осы күні болды [2, 238] деген сөйлемде қазіргі кезде ұлттық ойын түрі ретінде Орта Азия бойынша ойналып отырған ойын атаулары кіргендігінің дәлелі бола алады.
Бозбалалар ойнайтын қазақтың ұлттық ат спортына жататын ертеден келе жатқан ойындарының бірі -теңге алу . Қазақ әдеби тілінің сөздігінде мынадай анықтама берілген: «Теңге алу (ілу) – шұңқырда жатқан теңгені атпен шауып келе жатқан адамның іліп әкететін ұлттық ойыны». Теңге ілу ойыны тегіс жерде өткізіледі. Ойынға жасы 18-ден асқан адамдар ғана қатысады. Ол ертеде үлкендігі ақ тоқымдай киіздің үстінде 50, 20, 15 тиындық майда ақшаларды салып қоятын болған. Қазір тақыр жердің ойықтау тұсына ақ шүберекке түйілген зат тасталады.Желіп келе жатқан аттың үстіне отырып желісін баяулатпастан төменге тез иіліп сол және оң жағынан орамалмен оралған теңгені көтеріп, артына тастап отыруы керек. Әрбір сәтсіз талпыныстың артына айыптық уақыт белгіленеді. Теңгені көп ілген салт атты жеңімпаз аталады. Теңге ілу алаңының ұзындығы 120 метр. Теңгені іліп алуға дейінгі ұзындық 30 метр. Теңге саны бесеу болуы керек. Теңгелердің ара қашықтығы 10 метрден. Теңге ілушілер теңгені орнынан іліп лақтырып тастауы керек. Жарысқа бекітілген ережеге сай спортшының уақыты, ілген теңгесінің санына бөліп қорытындысы шығарылады. Ойынға жуас жылқылар пайдаланылады. Ат ойыншының қалауынша шабады, бірақ теңге жатқан жерге келгенде, баяулауға немесе тым ағынды шабысқа салуға болмайды.
2.Алтыбақан қасындағы ән мен той тағы біраға созылып барған соң, Ербол тың ойын бастады. Онысы - «ақсүйек», содан кейін «серек құлақ» еді. [2, 274]. Ақсүйек те, серекқұлақ та ерекше мәліметтермен толықтырылып берілген. Ұлы ақынымыздың өміріндегі лирикалық махаббаттты суреттеу барысында Абайдың Тоғжанмен кездесуіне себепші етіп серекқұлақ ойынын көркем түрде береді. Ақсүйек ойыны – айлы түндерде ойналатын жастардың кең таралған дәстүрлі ойыны. Ақсүйек ойынында лақтырылатын сүйектің өзі «ақсүйек» деп аталады. Бұл ойынды ай жарық түндері, көбінесе жаздыгүні қыз бен жігіт, бозбалалар ауыл сыртында ойнайды. Мал келіп, қораланып болғаннан кейін күзет түнінде ауыл шетінде ойын басталады. Ойынға ертеде ірі қараның жілігі пайдаланылған. Ақсүйек ойынының бірнеше нұсқасы бар.
1-нұсқасы. Ойыншылар екі жақтан жарты шеңбер жасап жиналады. Ойыншылар саны алты адамнан кем болмауы керек (И.И.Ибрагимов). Кейде сүйек орнына сиырдың қылшығынан құмға езіліп жасалған жүн доп қолданған. Келісім бойынша бір ойын жүргізуші таңдалып алынады. Ол бір таяқты кезектесіп «ұстасу» арқылы ойыншылар екі топқа бөлінеді де ойынды бастайды. Екі топтың да ойыншылары киімдерін шешіп, екі жаққа үйіп қояды.Содан кейін ойын бастаушы А.-ті немесе жүн допты алады да, барынша алысқа лақтырады. Сүйек лақтырылған соң оны іздеп жан-жаққа жүгіреді. Ойынға қатысушылар А.-ті лақтыруға оны ұстап алуға немесе түскен жерінен тауып алып, үюлі тұрған қарсыластарының киімдеріне барып бір-бір заттан алып кетуге тырысады. Ал, қарсыластары болса, оларға кедергі жасап сүйекті немесе допты тартып алып, өз қарсыластарының киімдеріне қарай ұмтылады. Қарсыластары сүйекті немесе шарды бір-бірлеріне лақтырып беру арқылы қарсыластарының тымақ немесе аяқкиім сияқты заттарын алып өз жақтарына қашып келуге тырысады. Осылай ойын бір жақ жеңгенше жалғаса береді. Сөйтіп А.-ті қай топтың ойыншысы сөреге жеткізсе, қарсы топтағыларға жеңілген есебінде айып салынады. Ойын кезінде басқа сүйекті пайдалануға болмайды.
2-нұсқасы. Екі топқа бөлінген ойыншылар өз араларынан бір адамды «қарақшы» ретінде сайлап алады. Ойын басшысының біреуі А.-ті алады да, оны барынша алысқа лақтырады. Екі топтың ойыншылары теріс қарап тұрады да, лақтырылған сүйектің жерге түскен дыбысы естілгенге дейін орындарынан қозғалмай тұрады. Сүйек жерге түсе салысымен, сол жаққа қарай екі топтың да ойыншылары түгел іздеп тауып әкелуге кіріседі. Сүйекті тауып алған адам үш рет «Ақсүйек» деп айқайлайды да «қарақшыға» қарай жүгіреді. Басқалары болса, Ақсүйекті тауып алған адамға қарай жүгіріп, онан тартып алмаққа ұмтылады. Егер ала алмай қалса, онда ол өзі барып «қарақшыға» тапсырады. Содан кейін екінші топтың ойын басшысы сүйекті лақтырады. Қайсы топ сүйекті көп лақтырса, сол топ жеңген болып саналады. Алдын ала қанша рет лақтырулары керек екендігін келісіліп алынады. Жеңгендер жеңілген топты мазақтап, «Алай аттым, бұлай аттым, ақсүйекті жалаттым» деп қолдарын соға мазақтайды. Ақсүйекті ойынында отқа табыну, табиғаттың жандануы және табиғат мезгілдерінің ауысуы, осыған орай, шаруашылық маусымның ауысуы көрініс тапты.
Ойын шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа баулиды. Ақсүйекбірін-бірі ұнатқан жастардың оңаша кездесуіне дәнекер де болған. Ертеде «Ақсүйек» ойынын той-томалақ жасаған үй иелері ұйымдастыратын. Ондай кезде алдымен айтыс, ән-жырға кезек тиеді. Үлкендер жағы жастарға тәлім айтып, қисса-дастандар оқитын болған. Соңында, тықыршып тұрған жастардың ойынына кезек тиеді. Ақан сері Ақтоқтысымен, Абай Әйгеріммен, Біржан Ләйлімен ақсүйек арқылы табысқан деседі.
Ал заманымыздың белгілі композиторы Алтынбек Қоразбаев ұлттық ойын жайлы ән де шығарды:
Қызыл бешпент үстінде,
Қынама бел шашбаулым.
Алтыбақан тебуге
Сұранайын мақтаулым, шашбаулым.
Ай толықсып аспанда
Туған кезде, шашбаулым.
Ойнаймын деп Ақсүйек
Қуана бер мақтаулым, шашбаулым.
Серек құлақ – жазда жастардың кешке зікір салғандағы ойнайтын «Қызбөрі», «Көкбөрі» ойындарының бір түрі.
Сереқұлақ күрделі сөзі дербес мағыналысерек(серейген сөзімен түбірлес сын есім) пенқұлақсөздерінің лексика-грамматикалық, мағыналық жағынан үйлесіп біртұтас тұлғалануынан жасалған.
3. «Орамал тастау», «Хан жақсы ма», «Мыршым», «Белбеу соқ», «Ләппай тутәлә» сияқты күлдіргі ойындар да тегіс ойналды [2, 318].
Мыршым – алқа – қотан отырған қыз-бозбаланың жүзікті аузына салып, жасырып ойнайтын ұлттық ойыны.
«Қазақ тілінің аймақтық сөздігі бойынша» од. сөйл. Ләббай – Шеше, бір әйел, бір еркек келді ме? Л ә п п а й…Келді, қарағым (Ж.Нәжімеденов, Кішкентай, 107). – Л ә п п а й, тақсыр, айтқаныңыз құп болады (Оңтүстік Қазақстан, 12.07.1998, 4). Ләппай тутәлә. этногр. Балалардың күлдіргі ойындарының бірі. Бұл түнде ұзақ әсем ән де шырқалды. «Орамал тастау», «хан жақсы ма», «белбеусоқ», «л ә п п а й т у т ә л ә» сияқты күлдіргі ойындар да тегіс ойналды (М.Әуезов, Таңд. шығ. 1, 345).
Белбеусоқ– тізенің астынан орамал жүгіртіп ойнайтын қазақтың ұлттық ойыны. Бұл ойынға оннан отызға дейін адам қатысады. Ойыншылар екі топқа бөлінеді. Екі сызық белгіленеді. Екі сызықтың арасы 20-30 метрдей болады. Бірінші топтың ойыншысы белгіленген екінші сызыққа дейін жүгіреді. Ал екінші топтың ойыншысы оны қолындағы белбеуімен қуады. Егер жетіп алатын болса, екінші сызыққа жеткенше белбеумен соға береді. Екінші сызыққа жеткен соң белбеумен ұрып келген ойыншы қолындағы белбеуді тастай сала кері қайта бірінші сызыққа қарай жүгіреді. Ал әлгі қашып келген ойыншы белбеуді алып, мына ойыншының соңынан бірінші сызыққа дейін қуады. Белбеумен соға алса – жеңгені, ұра алмаса – жеңілгені.
«Хан жақсы ма?»– қазақтың ұлттық ойын-сауығының бірі. Бұл ойын жастар арасында шілдехана, қыз ұзату, келін түсіру сияқты думанды кештерде ойналады. Ойын ережесі бойынша, ойыншылар ортаға ауқымды ашық алаңқай қалдырып, дөңгелене отырады. Ойынға жиналғандар өзара ақылдасып, хан мен уәзірді сайлайды. Уәзірдің қолында мықты етіп шыратылған орамал болады. Хан уәзіріне халқымнан «Хан жақсы ма?» деп сұра деген бұйрық береді. Уәзір ойыншыларды жағалай жүріп әрқайсысынан сұрап шығады. Бұған «хан жақсы», «мәз емес», «жаман» деген секілді сөзбен немесе «хан былай» деп қолындағы орамалмен өзін ұрғыштап, келемеж етіп жауап беруге де болады. Ойыншылардың қайтарған жауабы мен қимыл-әрекетін уәзір бұлжытпастан ханның өзіне жасап көрсетеді. Өз кезегі келгенде хан өзін мазақтағандарға «жаза» бұйырады. Екінші ойын айналымында хан «халқымның кімнен зорлық-зомбылық көргенін сұра» деп тапсырады. Уәзір ойыншыларга жекелеп сұрақты қайталайды. Ойынға катысушылар думанды қызықтырақ ету үшін жігіт қыздан, қыз жігіттен көрген «қорлық-зорлығын айтып шағынады. Шағымшылардың сөз саптасына орай «Хан әмірін» беріп, бітімге келтіреді. Мысалы, Жігіт «Пәленше екі алмамды ұрлап алды, соны өзіме қайтарсын немесе өзінікі екендігін дәлелдесін» деген секілді шағым айтады. Хан даушыларға «өзара келіссін», «айыбын төлесін», т.б. әмір береді, жаза қолданады. Әмір мен жаза күлкі тудыру мақсатымен түрліше үкімге орайластырылады. Қазақ қоғамындағы хандық билікті астарлап бейнелейтін аталмыш ойынның жастардың рухани дүниесін жетілдіріп, ой-өрісін дамытуға ықпалы зор.
Жастардың сүйіп ойнайтын ойындарының бірі — «Орамал тастау» немесе «Орамал тастамақ». Бұл бір жігіт не қыз дөңгелене отырғандарды айналып жүріп, қалаған адамның сыртынан орамал тастап ойнайтын жастар ойыны. Ол жазда, алаңда, көгалды шөптесін жерде ойналады. Ойнаушылардың саны көп болса, ойын соншалықты қызық болады. Ойнаушылар тең екі топқа бөлінеді де, арасы он адымдай екі сызықтың бойына қарама-қарсы қатарласа тұрады. Жүргізуші қолындағы орамалын бірінші топтың өз жағындағы шеткі ойыншыға береді. Ол өзінің қарсыласының біреуіне тастайды да: «қа» деп дауыстайды. Ол қағып «ғаз», дейді, болмаса «ла» дейді. Сонда «қағаз», «қала», т. б. сөздер шығады. Айтатын сөз екі буыннан ғана тұруы керек, мысалы «са» деп дауыстаса, «са-дақ», «са-қа», «са-бын»-, «са-қал», «са-рын» т. б. сияқты сөздер айтылуы керек.Орамалды қағып алған ойыншы сол бірінші буынның сөзі шығатындай етіп айтуы керек. Егер ол екі буынға арналған сөздің алғашқы буынын тез, дұрыс тауып айта алмаса, онда ортаға шығып, өнер көрсетеді. Енді орамалды қарсыластар тобына өзі лақтырады. Лақтырған кезде жаңағыдай сөздердің бірінші буынын айтуы керек. Жазаны жауап бере алмаған ойыншы да тартып, ортаға шығып өнер көрсетеді. Осылайша екі топтың ойыншылары орамалды бір-біріне лақтыра отырып ойынды жалғастыра береді. Бұл ойын жастардың ойын дамытып, ана тілін жетік білуге, тапқырлық қасиеттерге үйретеді [ 5, 176].
Қазақ халқының бай этнографиялық материалдарын жинақтаған және оның ішінде ұлт ойынының тәрбиелік маңызы туралы пікір айтқандар К.А.Покровский, А.И.Ивановский, Н.И.Гродеков, Е.А.Алекторов, Ә.Диваев, А.Левшин, Н.Пантусов, Ф.Лазаревский, П.П.Пашин, Г.С.Запряжский, А.Шиле, А.Харунзин, А.Горячкин, П.Ходыров, Е.Букин, О.Әлжанов, т.б. болды. Е.Сағындықов өз еңбегінде: «Қазақтың ұлт ойындары тақырыпқа өте бай және әр алуан болады», - дей келіп, ұлт ойындарын негізінен үш салаға бөліп топтастырған.
Ә.Диваев «Игры киргизских детей» атты еңбегінде тарихта алғаш рет қазақтың ұлттық ойындарын үш топқа бөліп қарастырады. Кезінде ұлттық ойындарды зерттеген авторлар қатарында М.Тәнекеев, Б.Төтенаев, М.Балғымбаев, Ә.Бүркітбаев, т.б. есімдерін атауға болады. Кеңес Одағы кезіндегі ұлттық ойындардың маңызы мен қажеттілігін көрегендікпен қарастырған ғалым Б.Төтенаев «Қазақтың ұлттық ойындары» (Алматы, 1994) атты еңбегінде қазақ ойындарын бірнеше топқа бөліп, ойын шарттарын жазып, жастар үшін тәрбиелік мәнін зерделеп, ойын білдірген.
ХХ ғасырдың басында өмір сүрген этнограф М.Гуннер қазақтың ұлттық ойындарын былайша жіктейді:
1. Жалпы ойындар;
2. Қарсыласу мен күресу сипатындағы ойындар;
3. Ашық алаңқайдағы ойындар;
4. Қыс мезгіліндегі ойындар;
5. Демалыс ойындары;
6. Ат үстіндегі ойындар;
7. Аттракциондық-көрініс ойындар.
Қазақтың ұлттық қозғалыс ойындарын спорттық ойындардан ажыратып,
алғаш рет бөліп қараған ғалым М.Гуннер қазақ ойындарына топтамалық жіктеу жасай отырып, ұлттық ойындарды оқу үрдісінде пайдалануға ұсыныс жасайды.
Кеңес дәуірі жылдарында қазақтың ұлттық дәстүрлі халық ойындары күн тәртібіндегі өзекті мәселе болғанына қарамастан, сол тоталитаризм кезінде дәстүрлі ұлттық ойындарды зерттеген авторлар қатарында М.Тәнекеев, Б.Төтенаев, М.Балғымбаев, Ә.Бүркітбаев, т.б. есімдерін атауға болады. М.Тәнекеевтің «Казахские национальные виды спорта и игры» (Алматы, 1957). Бұл зерттеуінде ізденуші қазақтың «Тоғызқұмалақ» ойынының ереже тәртіптерін таразылап, халық ойынының қажетті жақтарын ашып, сонымен қатар басқа да ұлттық қозғалмалы, спорттық ойын түрлеріне тоқталып, анықтама беріп жіктеп, ғылыми сараланған пікірлер айтады. Кеңестік кезеңдегі ұлттық ойындардың маңызы мен қажеттілігін көрегендікпен қарастырған ғалым Б.Төтенаев «Қазақтың ұлттық ойындары» (Алматы, 1994) атты еңбегінде дәстүрлі қазақ ойындарын бірнеше топқа бөліп, ойын шарттарын жазып, жастар үшін тәрбиелік мәнін дәлелдеп, ойын зерделеген.
Е.Сағындықовтың авторлығымен жазылған ғылыми монография «Ұлттық ойындарды оқу-тәрбие ісінде пайдалану» (Алматы, 1993) деп аталады. Ғылыми еңбекте қазақ мектептерінде І-ҮІ сыныптарда сабақта және сабақтан тыс тәрбие жұмыстарында қолдану әдістері анықталып, оқу үрдісінде пайдалану қажеттілігі негізделеді.
Ә.Бүркітбаевтың авторлығымен 1985 жылы жазылған «Спорттық ұлттық ойын түрлері және оның тәрбиелік мәні» жинағында ұлт спорты түрлері мен ұлттық спорт ойындарының балалардың күнделікті өміріндегі алатын орны, тәрбиелік маңызы және ат спорты мен ұлттық ойындардың ережесі қарастырылса, М.Балғымбаевтың «Қазақтың ұлттық спорт ойыны түрлері» (Алматы, 1985) атты еңбегіндегі ат спортына қатысты бәйгені бастап жорға жарыс, аударыспақ, жамбы ату, аламан бәйге, т.б. жарыс түрлеріне салыстырмалы талдау жасалады.
А.Құралбекұлы мен С.Әкімбайұлы жалпы білім беретін қазақ мектептерінің дене шынықтыру жүйесінде қазақ этнопедагогикасы материалдарына, оның ішінде халық шығармашылығы мен ұлттық ойындарды тиімді пайдаланудың ғылыми теориялық-әдістемелік негіздеріне сүйене отырып талдау жасаса, А.Айтпаеваның ғылыми еңбегінде орыс тілінде оқытатын мектептердің бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеу құралы ретінде қазақ халқының ойындарын пайдаланудың теориялық-әдістемелік негіздері жасалып, олардың тәрбиелік мүмкіндіктері айқындалған.
Қорыта келгенде, қазақтың ұлттық ойындары Әуезовтың Абай жолында ерекше түсіндіріліп, анықталғанына көз жеткізілді. Сонымен қатар, мыршым, серекқұлақ, белбеусоқ, ат шабыс, көкпар, серке тарту, теңге алу, балуан күрестіру, ақсүйек, орамал тастау, хан жақсы ма, ләппай тутәлә, тоғызқұмалақ. Мақаламызда ұлттық ойын атауларын қарастырамыз, онда негізінен атаулардың білдіретін семантикалық мағына-мәнін ғана атап көрсеттік. Ал ойын атауларына этимологиялық талдау жасау болашақтағы жұмыстардың үлесіне қалдырылды.
Әдебиеттер тізімі: Қайдар Ә.Т. Қазақ тілінің өзекті мәселелері // Алматы: Ана тілі, 1998 475б.
Әуезов М. «Абай жолы» роман-эпопеясы І том. Алматы: «Жазушы» 2013.- 238-274-318 беттер.
Жұмабаев М. http://anatili.kazgazeta.kz/
Әуезов М. http://www.alimsak.kz/
Сағындықов Е. С. / Қазақтың ұлттық ойындары. —Алматы: «Рауан» баспасы,1991 жыл.—176 б.
Резюме
В статье рассматриваются семантические основы и названия национальных игр казахского народа по материалам роман-эпопеи «Путь Абая» М.Ауэзова.
Summary
The article examines the semantic framework and national titles of Kazakh nation game based on the epic novel "Abai's Way" M.Auezov.
«ЖАН» КОНЦЕПТІСІ
Гүлжан Құрбанбаева- 5В020500–«Филология»
мамандығының 2-курс студенті
Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к., доцент Майра Жүнісова «Жан» концептісін «Қазақ тілінің тұрақты сөз тіркестері» сөздігінен жинақтап, ғылыми мақала түздік.
Мақаламыздың нысаны тұрақты сөз тіркесіндегі «жан» тұжырымы.
«Жан» концептісі көзге көрінбейтін, қолмен ұсталмайтын, түрлі сезім мүшелері арқылы сезіп білу өте күрделі дерексіз зат болса да, қазақтар ұғымында, тіпті күллі адамзат танымында «жан» адам тәнінің басты бір мүшесі, тіршілік көзінің символы болып табылады [1, 48].
Жан концептісіне лингвистикалық тұрғыдан берген түсініктемеге шолу жасасақ, «жан» сөзі қазақ тілінің түсіндірме сөзігінде былай берілген:
Жан зат діни 1.Жан-жануарларға тіршілікке берілетін рух. Құран сөзін миына сіңген қарттар адамның жанын періште келіп алады,- дейді .(М.Тоқжігітов, Құран туралы.) 2.Жүректен бойға тараған қан,жүрек соғысы. Малда да бар жан мен тән, Ақыл,сезім болмаса, Тіршіліктің несі сән, тереңге бет қоймаса(Абай) 3.Адамның психологиялық ой-санасы, рухани қасиеті. Жаным алқанға келмегенше, ескілікті қолдап келдім 4. Қадір-қасиет тұту ретінде айтылатын сөз. Жалғанда жаны тәтті жалғыз біз бе?(Ғ. Малдыбаев, Желдірме) [3.622]
Жан азабын тартты Қатты қиналды, дертті болады.Кейін Дариға сырқаттанып қалған мезгілдеріне Қасым қатты жан азабын тартқанда, қалыпты жазу, творчествалық жұмысын тоқтатушы еді. (Е.Ысмайылов)[1.233]
Жан алқындыДемікті, тынысы тарылды; жан күйіктен азабқа түсті. Шер қозғалса жырлаймын, Жан алқынса, жылаймын, Жарылқа деп жалынбан. (Б.Күлеев) [1.233]
Жан аяды Кауіпке бармады; басын алып қашты. Алғанда ит етектен,жау жағадан, Ер ме екен жалтақтап жан аяған(Халық әндері) [1.233]
Жан аямас 1.Айнымас, кіршіксіз, қалтықсыз берілген.2. Қауіп-қатерден қайтпас, асқан, ерекше, нағыз Қызыл Сақалдың Дикті құтқарудағы жан аямас от қайратн айтқанда, Абай Баймағанбетке аң-таң болып, сүйсніп қарады. (М.Әуезов) [1.233]
Жан баурады өзіне беріле еліттірді, еліктірді. Абай да осыны әуел бастан осы әшекейден,и әсіре жылтыр нақыштап қашады.Бұл көркем сөздің жан баурар күшін , бар асыл айбатын біржола меңгеріп,оны өзіне әбден сағындырған суреткердің әдісі (М.Бaзарбаев) [1.234]
Жан беттетпеді Ызғарымен, айбарымен кісіні бетіне қаратпады; бетін алды. Жау айбынар түсі бар , Жан беттетпес күші бар (Қ.Қуанышбаев) [1.234]
Жан біткен Күллі адам атауы, күллі тіршілік атауы. Жайдары жүзің жабылмай,Жайдақтвп қашп сабылмай, Жан біткенге жалынбай, Жақсы өліпсің апыр-ай. (Абай) [1.234]
Жанға сая Жайлы,рақат мағынасында айтылады. Тірлікте бірлік ізде жаңға сая, Ұқпасқа айтқан сөзің болар зая, Бақиға жеткен қайта келмес болар, Келмеске жылаған көздіғ жас зая. (Шешендік сөздер) [1.234]
Жанға шипа, дертке дару Ауру-сырқатқа дауа. Менің алмама жанға шипа, дертке дару, егер алманы жесе, өлген адам тіріледі.(Қаз. ертегісі) [1.234]
Жан{-дай} дос {жолдас} Қимас,тату кісілер туралы айтылады. Қошқар мен теке екеуі жандай дос еді, бірін-бірі қамқор, ақылшы,серік болатын (Қаз. ертегі) [1.234]
Жан дауысы шықтыЫшқына айқалады, қатты дауыстады. Оның құтқарыңдар деген жан дауысы шықты. (Лен. Жас) [1.234]
Жан дәрмен қылды Барын, ақырғы күшін салды. Қорғаныста әйтеуір жан дәрмен қылып, жауды тежеп тұрса, шегіністе жау бұларды түп-түгел таптап өтеді(Т. Аханов) [1.235]
Жан дегенде жалғыз ұлы[баласы...]Ең ардақты бір ғана деген ұғымда. Жан дегенде жалғыз ұлым бар еді. Кешегі күні сол әскердің ішінде балам кетіп өлді (Қаз. ертегі) [1.235]
Жанды жер Тән ауыратын талма жер. [1.235]
Жанды сөз Қисыны бар әғгіме . асыл уағыз. өлген ата қабірінің басында, Жанды сөздер жазылған көк тасында.т Лапылдайды" өлме, ұрпағым,өлме!"-деп, "Қиянатқа, қияметке көнбе!"-деп (Ә.Тәжібаев) [1.235]
Жанды ұрлады өлтірді , қаза болды. өлмейін деп өлмейді өлерлік жан.Әсте өлмесін білгендей қылық қылған. Ажал келіп, бас салса, жанды ұрласа, өмір қайда, сен қайда,соны да ойлан(Абай) [1.235]
Жан жар Ғашық, сүйіскен кісі туралы айтылады. Жан жарым, осы саған сөзім айтар, өкпем көп шын айнысаң саған артар.Тапсырдым шын сүйіскен ақ жүрекке,Сол үшін мейлінше жауап қайтар (Б.Күлеев) [1.236]
Жаны жалғыз адамТірліктен ортадан бөлек; өжіреге өгей .Көңіліне Құлагерден құйылып мұз, Күйкиіп таста отыр Ақан байғыз,Жан тынышын елден емес, жерден тапқан,Сондай бір адам болыпты жаны жалғыз.(І.Жансүгіров) [1.238]
Жаны жанната болсын!Діни. Дүниеден өткен кісіге айтылатын тілек[1.238]
Жаны қасөш, жуысқан. Әкем ауылнай,бай атаулыларға жаны қас. (С.Көбеев) [1.239]
1.Тура мағына және ауыспалы мағына болып бөлінуіне қарай:
Тура мағынадағы тұрақты сөз тіркестері:
Жан азабын тартты Қатты қиналды, дертті болады.Кейін Дариға сырқаттанып қалған мезгілдеріне Қасым қатты жан азабын тартқанда, қалыпты жазу, творчествалық жұмысын тоқтатушы еді. (Е.Ысмайылов)
Жан алқындыДемікті, тынысы тарылды; жан күйіктен азабқа түсті. Шер қозғалса жырлаймын, Жан алқынса , жылаймын, Жарылқа деп жалынбан. (Б.Күлеев)
Жан аяды Кауіпке бармады; басын алып қашты. Алғанда ит етектен,жау жағадан, Ер ме екен жалтақтап жан аяған(Халық әндері)
Жан аямас 1.Айнымас, кіршіксіз, қалтықсыз берілген.2. Қауіп-қатерден қайтпас, асқан, ерекше, нағыз Қызыл Сақалдың Дикті құтқарудағы жан аямас от қайратн айтқанда, Абай Баймағанбетке аң-таң болып, сүйсніп қарады. (М.Әуезов)
Жан біткен Күллі адам атауы, күллі тіршілік атауы. Жайдары жүзің жабылмай,Жайдақтвп қашп сабылмай, Жан біткенге жалынбай, Жақсы өліпсің апыр-ай. (Абай)
Жанға сая Жайлы,рақат мағынасында айтылады. Тірлікте бірлік ізде жаңға сая, Ұқпасқа айтан сөзің болар зая, Бақиға жеткен қайта келмес болар, Келмеске жылаған көздіғ жас зая. (Шешендік сөздер)
Жанға шипа, дертке дару Ауру-сырқатқа дауа. Менің алмама жанға шипа, дертке дару, егер алманы жесе, өлген адам тіріледі.(Қаз. ертегісі)
Жанды жер Тән ауыратын талма жер.
Жаны жалғыз адамТірліктен ортадан бөлек; өжіреге өгей .Көңіліне Құлагерден құйылып мұз, Күйкиіп таста отыр Ақан байғыз,Жан тынышын елден емес, жерден тапқан,Сондай бір адам болыпты жаны жалғыз.(І.Жансүгіров)
Жаны жанната болсын!Діни. Дүниеден өткен кісіге айтылатын тілек
Ауыспалы мағынадағы тұрақты сөз тіркестері:
Жан баурады өзіне беріле еліттірді, еліктірді. Абай да осыны әуел бастан осы әшекейден,и әсіре жылтыр нақыштап қашады.Бұл көркем сөздің жан баурар күшін , бар асыл айбатын біржола меңгеріп,оны өзіне әбден сағындырған суреткердің әдісі (М.Бзарбаев)
Жан беттетпеді Ызғарымен, айбарымен кісіні бетіне қаратпады; бетін алды. Жау айбынар түсі бар , Жан беттетпес күші бар (Қ.Қуанышбаев)
Жан{-дай} дос {жолдас} Қимас,тату кісілер туралы айтылады. Қошқар мен теке екеуі жандай дос еді, бірін-бірі қамқор, ақылшы,серік болатын (Қаз. ертегі)
Жан дауысы шықтыЫшқына айқалады, қатты дауыстады. Оның құтқарыңдар деген жан дауысы шықты. (Лен. Жас)
Жан дәрмен қылды Барын, ақырғы күшін салды. Қорғаныста әйтеуір жан дәрмен қылып, жауды тежеп тұрса, шегіністе жау бұларды түп-түгел таптап өтеді(Т. Аханов)
Жан дегенде жалғыз ұлы[баласы...]Ең ардақты бір ғана деген ұғымда. Жан дегенде жалғыз ұлым бар еді. Кешегі күні сол әскердің ішінде балам
кетіп өлді (Қаз. ертегі)
Жанды сөз Қисыны бар әғгіме . асыл уағыз. өлген ата қабірінің басында, Жанды сөздер жазылған көк тасында.т Лапылдайды" өлме, ұрпағым,өлме!"-деп, "Қиянатқа, қияметке көнбе!"-деп (Ә.Тәжібаев)
Жанды ұрлады өлтірді , қаза болды. өлмейін деп өлмейді өлерлік жан.Әсте өлмесін білгендей қылық қылған. Ажал келіп, бас салса, жанды ұрласа, өмір қайда, сен қайда,соны да ойлан(Абай)
Жан жар Ғашық, сүйіскен кісі туралы айтылады. Жан жарым, осы саған сөзім айтар, өкпем көп шын айнысаң саған артар.Тапсырдым шын сүйіскен ақ жүрекке,Сол үшін мейлінше жауап қайтар (Б.Күлеев)
Жаны қасөш, жуысқан. Әкем ауылнай,бай атаулыларға жаны қас. (С.Көбеев
2. Тіркесуіне қарай:
1.Зат есіммен тіркескен:
Жанға сая Жайлы,рақат мағынасында айтылады. Тірлікте бірлік ізде жаңға сая, Ұқпасқа айтҚан сөзің болар зая, Бақиға жеткен қайта келмес болар, Келмеске жылаған көздіғ жас зая. (Шешендік сөздер)
Жанға шипа, дертке дару Ауру-сырқатқа дауа. Менің алмама жанға шипа, дертке дару, егер алманы жесе, өлген адам тіріледі.(Қаз. ертегісі)
Жан{-lдай} дос {жолдас} Қимас,тату кісілер туралы айтылады. Қошқар мен теке екеуі жандай дос еді, бірін-бірі қамқор, ақылшы,серік болатын (Қаз. ертегі)
Жан дегенде жалғыз ұлы[баласы...]Ең ардақты бір ғана деген ұғымда. Жан дегенде жалғыз ұлым бар еді. Кешегі күні сол әскердің ішінде балам
кетіп өлді (Қаз. ертегі)
Жанды жер Тән ауыратын талма жер.
Жанды сөз Қисыны бар әңгіме . асыл уағыз. өлген ата қабірінің басында, Жанды сөздер жазылған көк тасында.т Лапылдайды" өлме, ұрпағым,өлме!"-деп, "Қиянатқа, қияметке көнбе!"-деп (Ә.Тәжібаев)
Жан жар Ғашық, сүйіскен кісі туралы айтылады. Жан жарым, осы саған сөзім айтар, өкпем көп шын айнысаң саған артар.Тапсырдым шын сүйіскен ақ жүрекке,Сол үшін мейлінше жауап қайтар (Б.Күлеев)
Жаны жалғыз адамТірліктен ортадан бөлек; өжіреге өгей .Көңіліне Құлагерден құйылып мұз, Күйкиіп таста отыр Ақан байғыз,Жан тынышын елден емес, жерден тапқан,Сондай бір адам болыпты жаны жалғыз.(І.Жансүгіров)
Жаны жанната болсын!Діни. Дүниеден өткен кісіге айтылатын тілек
Жаны қас өш, жуысқан. Әкем ауылнай,бай атаулыларға жаны қас. (С.Көбеев
2.Етістікпен тіркескен:
Жан алқындыДемікті, тынысы тарылды; жан күйіктен азабқа түсті. Шер қозғалса жырлаймын, Жан алқынса , жылаймын, Жарылқа деп жалынбан. (Б.Күлеев)
Жан аяды Кауіпке бармады; басын алып қашты. Алғанда ит етектен,жау жағадан, Ер ме екен жалтақтап жан аяған(Халық әндері)
Жан аямас 1.Айнымас, кіршіксіз, қалтықсыз берілген.2. Қауіп-қатерден қайтпас, асқан, ерекше, нағыз Қызыл Сақалдың Дикті құтқарудағы жан аямас от қайратн айтқанда, Абай Баймағанбетке аң-таң болып, сүйсніп қарады. (М.Әуезов)
Жан баурады өзіне беріле еліттірді, еліктірді. Абай да осыны әуел бастан осы әшекейден,и әсіре жылтыр нақыштап қашады.Бұл көркем сөздің жан баурар күшін , бар асыл айбатын біржола меңгеріп,оны өзіне әбден сағындырған суреткердің әдісі (М.Бзарбаев)
Жан беттетпеді Ызғарымен, айбарымен кісіні бетіне қаратпады; бетін алды. Жау айбынар түсі бар , Жан беттетпес күші бар (Қ.Қуанышбаев)
Жан біткен Күллі адам атауы, күллі тіршілік атауы. Жайдары жүзің жабылмай,Жайдақтвп қашып сабылмай, Жан біткенге жалынбай, Жақсы өліпсің апыр-ай. (Абай)
Жан дауысы шықтыЫшқына айқалады, қатты дауыстады. Оның құтқарыңдар деген жан дауысы шықты. (Лен. Жас)
Жан дәрмен қылдыБарын, ақырғы күшін салды. Қорғаныста әйтеуір жан дәрмен қылып, жауды тежеп тұрса, шегіністе жау бұларды түп-түгел таптап өтеді(Т. Аханов)
Жанды ұрладыөлтірді , қаза болды. өлмейін деп өлмейді өлерлік жан.Әсте өлмесін білгендей қылық қылған. Ажал келіп, бас салса, жанды ұрласа, өмір қайда, сен қайда,соны да ойлан(Абай)
3.Негізге және туынды түбір болып бөлінуіне қарай:
1.Негізгі түбір:
Жан азабын тарттыҚатты қиналды, дертті болады.Кейін Дариға сырқаттанып қалған мезгілдеріне Қасым қатты жан азабын тартқанда, қалыпты жазу, творчествалық жұмысын тоқтатушы еді. (Е.Ысмайылов)
Жан алқындыДемікті, тынысы тарылды; жан күйіктен азабқа түсті. Шер қозғалса жырлаймын, Жан алқынса, жылаймын, Жарылқа деп жалынбан. (Б.Күлеев)
Жан аядыКауіпке бармады; басын алып қашты. Алғанда ит етектен,жау жағадан, Ер ме екен жалтақтап жан аяған(Халық әндері)
Жан аямас1.Айнымас, кіршіксіз, қалтықсыз берілген.2. Қауіп-қатерден қайтпас, асқан, ерекше, нағыз Қызыл Сақалдың Дикті құтқарудағы жан аямас от қайратн айтқанда, Абай Баймағанбетке аң-таң болып, сүйсніп қарады. (М.Әуезов)
Жан баурадыөзіне беріле еліттірді, еліктірді. Абай да осыны әуел бастан осы әшекейден,и әсіре жылтыр нақыштап қашады.Бұл көркем сөздің жан баурар күшін , бар асыл айбатын біржола меңгеріп,оны өзіне әбден сағындырған суреткердің әдісі (М.Бзарбаев)
Жан беттетпедіЫзғарымен, айбарымен кісіні бетіне қаратпады; бетін алды. Жау айбынар түсі бар , Жан беттетпес күші бар (Қ.Қуанышбаев)
Жан біткенКүллі адам атауы, күллі тіршілік атауы. Жайдары жүзің жабылмай,Жайдақтвп қашп сабылмай, Жан біткенге жалынбай, Жақсы өліпсің апыр-ай. (Абай)
Жанға саяЖайлы,рақат мағынасында айтылады. Тірлікте бірлік ізде жаңға сая, ұқпасқа айтқан сөзің болар зая, Бақиға жеткен қайта келмес болар, Келмеске жылаған көзді жас зая. (Шешендік сөздер)
Жанға шипа, дертке даруАуру-сырқатқа дауа. Менің алмама жанға шипа, дертке дару, егер алманы жесе, өлген адам тіріледі.(Қаз. ертегісі)
Жан {-lдай} дос {жолдас}Қимас,тату кісілер туралы айтылады. Қошқар мен теке екеуі жандай дос еді, бірін-бірі қамқор, ақылшы,серік болатын (Қаз. ертегі)
Жан дауысы шықтыЫшқына айқалады, қатты дауыстады. Оның құтқарыңдар деген жан дауысы шықты. (Лен. Жас)
Жан дәрмен қылдыБарын, ақырғы күшін салды. Қорғаныста әйтеуір жан дәрмен қылып, жауды тежеп тұрса, шегіністе жау бұларды түп-түгел таптап өтеді(Т. Аханов)
Жан дегенде жалғыз ұлы[баласы...] Ең ардақты бір ғана деген ұғымда. Жан дегенде жалғыз ұлым бар еді. Кешегі күні сол әскердің ішінде балам кетіп өлді (Қаз. ертегі)
Жанды жерТән ауыратын талма жер.
Жанды сөзҚисыны бар әғгіме . асыл уағыз. өлген ата қабірінің басында, Жанды сөздер жазылған көк тасында.т Лапылдайды" өлме, ұрпағым,өлме!"-деп, "Қиянатқа, қияметке көнбе!"-деп (Ә.Тәжібаев)
Жанды ұрладыөлтірді , қаза болды. өлмейін деп өлмейді өлерлік жан.Әсте өлмесін білгендей қылық қылған. Ажал келіп, бас салса, жанды ұрласа, өмір қайда, сен қайда,соны да ойлан(Абай)
Жан жарҒашық, сүйіскен кісі туралы айтылады. Жан жарым, осы саған сөзім айтар, өкпем көп шын айнысаң саған артар.Тапсырдым шын сүйіскен ақ жүрекке,Сол үшін мейлінше жауап қайтар (Б.Күлеев)
Жаны жалғыз адамТірліктен ортадан бөлек; өжіреге өгей .Көңіліне Құлагерден құйылып мұз, Күйкиіп таста отыр Ақан байғыз,Жан тынышын елден емес, жерден тапқан,Сондай бір адам болыпты жаны жалғыз.(І.Жансүгіров)
Жаны жаннатта болсын!Діни. Дүниеден өткен кісіге айтылатын тілек
Жаны қасөш, жуысқан. Әкем ауылнай,бай атаулыларға жаны қас. (С.Көбеев)
Енді осы «Жан» концептісіне байланысты жинаған тұрақты тіркестерге өз түсінгім бойынша тоқталсам:
Жан азабын тартты деген тіркесті мен қатты қиналған, зорыққан, әбден қиыншылық көрген адамға қолданады деп ойлаймын.
Жан алқындыдеген тіркесті іші алай-дүлей болды, жан дүниесі астан-кестен болды деп түсінемін
Жан аяды деген сөз жалпы мағынаада қорықты, тәуекелге бармады деген мағынада қолданады деп ойлаймын.
Жан аямас бұл тіркес ержүрек, тәуекелге бел буғыш деген мағынада өолданылады. Көбінде бұл батырларға тән.
Жан баурады еліктірді, өзіне қаратты деген мағынаға ие деп түсінем. Көбінде халық арасында мінезімен, әрекетімен жан баурайтын жан деген көп қолданылады.
Жан беттетпеді бұл қарсы шықты, берілмеді деген мағынада қолданылады. Кезінде бұл батырларға тән мінез болатын,берілмейтін, жауға тік қарап, қорықпайтын деген. Ал кәзіргі заманға салар болсақ, онда бетпақ, ұрысқақ адамдарға қолданылады.
Жан біткен деген ол барша тірі, жаны бар тіршілікке қолданылатын тіркес деп түсінем.
Жанға сая Жайлы,рақат мағынасында айтылады. Бұл тіркес көбінде бір жерге немесе затқа қолданылады.
Жанға шипа, дертке дару ем, пайдалы деген мағынада халық арасында кең қолданылады.
Жан{-дай} дос {жолдас} Сырлас,айырылмас сені түсінетін ең жақын адамдарға қолданылатын тіркес деп білем.
Жан дауысы шықтыбұлда қиналды мағынасында қолданылады.
Жан дәрмен қылды барын салды, қолынан келгенін істеді деген мағынаға ие тіркес деп түсінем.
Жан дегенде жалғыз ұлы[баласы...] жалғызы, бары да нары да сол, сол үшін бәріне дайын болатындай адамға қолданылады
Жанды жер ауыратын, жанға бататын жер.
Жанды сөз пайдасы бар, мағынасы бар, іліп аларлық сөз деген мағынада қолданылады
Жанды ұрлады өлді, өлтірді деген мағынадағы сөз деп ойлаймын
Жан жар өмірлік серігі, сүйген жары, құдай қосқан қосағы деген мағынада деп түсінем.
Жаны жалғыз адам жалғызсырап жүрген, қиналып жүрген адам түсінем.
Жаны жанната болсын! Дүниеден өткен кісіге айтылатын тіркес.
Жаны қас өш, жау адамды айтады деп білем.
Менің ойымша:
Жан азабын тартты, жан алқынды, жан дауысы шықты деген тұрақты тіркестер қазақта қиналды деген мағынада қолданылады. Бірақ біздің тіліміздің ерекшелігі сол, бұлар бір мағынаны берсе де, қолдану аясы әртүрлі. Мысалы: Сәкен бөлмеде жалғыз қалудан қорқып, жан дауысы шықты деген сөйлемдегі тұрақты тіркесті, Сәкен бөлмеде жалғыз қалудан қорқып, жан азабын тартты деп ауыстырсақ, бұл сөйлем өзінің бейнелік мәнін жоғалтатындығында.
Ал жан аямас пен жан аяды деген тіркестер бір біріне қарама-қарсы, яғни антонимдік тұрғыда тұр.
Негізі сөздердің өзі актив және пассив болып қолдану аясына қарай бөлінеді. Осы бойынша менің «Жан» концептісіндегі мысалдарды топтастырсақ,
Актив сөздерге, яғни жиі қолданылатын, кең тараған сөз тіркестеріне: Жан азабын тартты, Жан алқынды, Жан аяды, Жан аямас, Жан баурады, Жан біткен, Жанға сая, Жанға шипа, дертке дару, Жан{-дай} дос {жолдас}
Жан дауысы шықты
Жан дегенде жалғыз ұлы[баласы...]
Жанды жер
Жанды сөз
Жан жар
Жаны жанната болсын!
Жаны қас осылар жатады деп ойлаймын. Ал пассив, аз-маз қолданылатын, халық көп айтайтын сөздерге: Жан беттетпеді, Жан дәрмен қылды, Жанды ұрлады, Жаны жалғыз адам деген тіркестер жатады деп ойлаймын.
Қорыта келгенде, қазақ халқы сөзге бай халық қой, бұл баяндамамда «Жан» концептісіне кішкене тоқтала отырып, осы «Жан» концептісіне байланысты тұрақты тіркестерді жинадым. Оларды өзіндік тұрғыда : негізгі және туынды, тура және ауыспалы, есімді және етістікті тіркес деп бөліп қарастырып, қолдану аясына қарай актив және пассив деп бөліп, фразеологизмдерге сөздіктен тыс өз түсінігім бойынша тоқталдым. Фразеологизмдер - қазақ халқынын сөздік қорына үлес қосып тұрған, басқа тілдерден ерекшелеп, сөзге бейнелік мән беретін тілдік құбылыс. Осы баяндаманы жасай отырып, мен қазақтың қай сөзі болмасын, мағынасы кең, жан-жақты, синонимдері көп, бірақ қолдану аясы әртүлі екенін түбегейлі түсіндім.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. –Алматы: Арыс баспасы. 2007.
3.Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі 15 томдық, -Алматы. 2014.
Қ.ЖҰМАДІЛОВТЫҢ «ДАРАБОЗ» РОМАНЫНДАҒЫ
МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДІ ТІЛДІК-СЕМАНТИКАЛЫҚ ТАЛДАУ Шыңғыс Әбдіманап - 5В020500 – «Филология» мамандығының 3-курс студенті
Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к., доцент Майра Жүнісова Қазақ тіліндегі сөз мәйегі танылатын мақал-мәтелдердің орынды қолданылуының өзіндік табиғаты бар. Сол сөз мәйегінің астарын түсініп белу үшін мақаламызды мақал-мәтелдердегі семантикалық ой-өрнектеріне арнадық.
Қазақ тілінен филологиялық білімге ұмтылып жүргендіктен, Қабдеш Жұмаділовтың «Дарабоз» тарихи романын (І, ІІ томдары бойынша) дереккөз етіп алып, роман тіліндегі мақал-мәтелдерді зерттеуіміздің нысаны етіп алдық.
Заманының заңғар жазушысы Қабдеш Жұмаділов роман бойына қазақы ой мен сөз уызын барынша шеберлікпен орналастыра білген, мақал мен мәтелдердің, ерекше сөз қолданыстарының шын ұстазы екеніне романды оқи отырып көз жеткіздік. Алдымен мақал-мәтелдер теріліп алынып, олардың ой астарына көз жіберу үшін ғалым Әбдуәли Қайдардың «Халық даналығы» атты еңбегімен түсіндірмелер жасадық. Мақал мен мәтелдің өзара айырмашылығы мақалда нақтылық басым болса, мәтелде астар, тұспалдап айту басым келетіні белгілі. Осы мақала көлеміне сыйғанынша ғана мақал-мәтел, қанатты сөздер қаралды.
І. Қ.Жұмаділовтің «Дарабоз» тарихи романы (І томы бойынша):
1. Ағайынға қадірім жоқ – бетімді көреді,
Қатынға қадірім жоқ – етімді көреді
Мысал: Ағайынға қадірім жоқ – бетімді көреді, депті бағзыда бір қазақ [1, 385]. Аралас – құралас жүрген ағайын туыс адамдардың күнде кқрісіп отыратын ерлі-зайыптылардың бір-бірін қадірлемей бермейтін бір себебі – олар өзара етеке жақын жүріп-тұруы арқылы өздерінің жақсы қасиеттерімен бірге жаман қылықтарын да байқатып алуына, сырын білдіріп, кемістігін көрсетіп алуына байланысты болса, ал олардың алыстан араласып сырттан сыйласуының бір артықшылығы бір-бірінің осындай жақсы-жаман жақтарында білмеуінде [2, 163]. 2) Қатынға қадірім жоқ – етімді көреді, екінші қатары талданбаған.
2. «Ауру астан – дау қарындастан».
Мысал: «Ауру астан-дау қарындастан» дегенді бұл қазақ неге айтты дейсің?! Жеке адамдар емес, рулар мүддесі безбенге түсетін мұндай жағдайда. [1, 167]. Адам аурулары көбіне-көп денсаулыққа зиян келтіретін, бойындағы дертке жақпайтын тамақты ішіп-жеуден (не мөлшерден тыс көп ішуден) пайда болса , әртүрлі ұрыс-керісті , дау-дамайды көбірек шығаратын бөтен адамдар емес, басқалардан гөрі , бірге жүріп, біте қайнасқан, қыр-сырынды жақсы білетін жақын тумалар бастайды демекші. Екінші ауыспалы мағынасы адамның басына келетін бәленің бәрі: ауру да, сырқат та, дау да жақыннан, өз төңірегінен шығады дегенді білдіреді [2, 213].
3. «Бас жарылса бөрік ішінде, қол сыңса жең ішінде»
Мысал: Бас жарылса бөрік ішінде, қол сынса – жең ішінде. Тепсініскен тентектер бір-біріне сый-сыяпат апарып, кешірім сұрасын [1, 174].
1. Жорықтарда, соғыстарда, тіпті ағайын арасындағы қағыстарда бола беретін жарақаттарды қазақтар айғақ қылып елге жариялай бермеген. Ондағы мақсат қас жауына сыр бермеу, жақын адамының айыбын айғақтамау. Денеге келген жара тез қалпына келеді, тез жазылады деп санаған. 2. Ауыс.мағ. Тәнге келген жарадан қанша азап шексен де,сыртқа сыр білдірмеу – ұлттық дәстүр. Бұл әсіресе жақын-туыстардың арасында қатаң сақталып келген әдет. «Тән жарасынан да тіл жарасы ауыр» дейтін қазақ тіл жарасын ұмытпасада, тән жарасына көп кек сақтамаған [2, 240].
4. «Екі кеменің құйрығын ұстаған суға кетеді». Мысал: Екі кеменің құйрығын ұстаған суға кетеді деген осы екен ғой. Неткен қайғылы хал еді?! [1, 187]. Ауыспалы мағынасы. Екі істі немесе бірнеше істі бірден қолына алып әрекеттенуші адамның бір істің де үдесінен шыға алмай әрі –сәрі болуы ықтимал [2,184].
5. «Мың асқанға – бір тоқсан».Мысал: Мың асқанға - бір тоқсан. Тура келгенде заулдан Ақ патшаның таңбалы қағазы да қорғап ала алмады [1, 226]
Мың асқанға – бір тосқан.
Жылқы малы қаншама асау болсада, қайратты да айлалы жылқышы жігіттердің бұғауына бір түсері, сөйтіп жуасуы сөзсіз. 2.Ауыспалы мағ. Елден ерекше шығындап шығып мейманасы тасыған адамның да ерте ма кеш па әйтеуір бір-біреуден белгі қайтуы , жөн-жосық тәртіпге бой сұнуы сөзсіз демекші.[433-434]
ІІ. Қ.Жұмаділовтің «Дарабоз» тарихи романы (ІІ томы бойынша):
6. «Енесі тепкеннің еті ауырмас». Мысал:Енесі тепкеннің еті ауырмас болар. Кейде туыстың да тәубасын бойына келтіріп, ептеп дүрелеп алған теріс болмайды [1, 207]. Біріншіден енесі өз құлынын әдейілеп теппейді, екіншіден тебе қалған күнде де қатты теппейді деген сөз. 2. Ауыс.мағ. Балаларының баулып-тәрбиелеу, түзетіп жөнге салу мақсатымен ата-анасы ұрып-соғуы да бұзықтық қылса таяқ, қамшы астына алып, сабап алуы да мүмкін. Бірақ қазақ салтында ұрды, сабады деп балалары әкесіне де, шешесіне де өкпелей қоймайды:олар мұның бәрін (әрине әділетті болса) ата-ананың аялы алақаны деп сезініп тез ұмытып, еті ауырмайды дегенінің мәні осында [2, 283]
7. «Иесін сыйласаң, итіне сүйек сал». Мысал: Иесін сыйласан итіне сүйек сал деген қайда? Тіпті Бөрі сұлтанның жастығы, білместігі болсын-ақ, соның өзінде ағайынның алдынан өту. [1, 227]. Ертеректе ер адамдардың ауыл арасында жүргенде, ел аралағанда жолаушылағанда, аңға шыққанда көбінесе тазыларын (бәреу,не екі-үшеу) өзімен бірге ертіп жүретін әдеті болған. «Итті қонақ жараспас» деп ондайларды қазақтар ұнатпасада, итін ертіп жүрген елге де құрмет көрсетіп (тамақ,саяқ, сүйек беріп) ілтипат білдіруді жөн көрген. Өйткені олар мұны да ит иесіне деген құрметтің бір түрі деп санаған. 2.Ауыспалы мағынада игі – жақсы, елге беделді адамдардың өздерің ғана емес, төңірегіндегі (қызметші, атқосшы т.б) адамдарға да ілтипат көрсету жөн. Өйткені ол өзіне деген құрметті солардың қас қабағы арқылы сыйлай білген. [2, 342]
8. «Үйдің жақсы болуы ағашынан, ұлдың жақсы болуы нағашынан.» Мысал: Үйдің жақсы болуы ағашынан, ұлдың жақсы болуы нағашынан дегендей, асыл текті хандарымыздың түп тамыры Қоңыратта екен-ау [1, 231]
Үйдің жақсы болуы ағашынан, ұлдың жақсы болуы нағашынан. Себебі киіз үйдің жақсы көрінуі оның сүйегіне қажетті тал-қайыңдарды үйші орман-тоғайды аралап жүріп, ең жақсыларын (түзулерін, жастарын) тандап алып, жасауына байланысты болса, ұлдың жақсы болуы да оның шешесінің, әкесі таңдап жүріп, текті жерден, жақсы тәлім-тәрбие берген елден алуына байланысты. [2, 528]
9. «Құтты қонақ келсе, қой егіз табады». Мысал: Құтты қонақ келсе, қой егіз табады деген осы, Иншалла, сардардың шарапаты тиген бала ғой, ол да жаужүрек батыр болатын шығар! [1, 171]. Құтты қонақ келсе, қой егіз табады, (құтсыз қонақ келсе - қойға қасқыр шабады). Игі - шарапаты мол адам жүрген жерде, ол араласқан істе игілік шынайы байқалып, жақсы істің нәтижесі көріне бастаса, қыңыр мінез, қисық адам жүрген жерде бәле – жала, жанжал – шатақ та қабаттасып жүреді демекші [2, 403].
10. «Қорқақты қуа берсен батыр болады». Мысал: Қорқақты қуа берсе батыр боп шығады деген сөз бар. Қазақтың да ел болып , есе қайтаратын кезі келді білем [1, 283]. Жан-жануарлар ішіндегі ең қорқағы қоян саналады. Сондықтан да болар жабайы қоянды көрсе аңшы да, малшы да, жолаушы да, ит те қуа жөнеледі. Осыған үйреніп алған, еті өліп кеткен қоянды бара-бараодан қоықпайтын болады, қуғыншылар жақын келгенше қашпай тұрып алатынды да шығарады. 2. Ауыспалы мағынада: Адам да, қорқақ қоян сияқты әр нәрсені айтып, доқ көрсетіп, қорқыта берушілерге бара-бар еті үйреніп кеткендіктен қорықпайтын, қайта өзіне қарсылық көрсетіп айбат шегеді. [2, 409]
11. «Түйені жел қозғаса ешкіні аспаннан көр». Мысал: Түйені жел қозғаса ешкіні аспаннан көр дегендей Төленің күйі осындай болғанда, басқалардың жағдайы айтпаса да түсінікті [1, 17]. Қауымдағы рухы, тегі, болмысы мықты, күш-қайратты, ер-азаматтардың өздерің тағдырдың тәлкегі тәлтіретіп, қиыншылдық құрсауына алғанда, солардың жүйкесінің құртып, жігерін құм еткенде, табиғаты нашар,әлсіз-ілжуаз адамдар азып-тозып жүдеп, жабағы тышары белгілі. Демек мақал өмірдің неше алуан қиындығы мен қыспағына әркім әртүрлі төзімділік танытып: біреуге олар түйені жел тербеткейдей сезілсе енді біреулерге сол желден аспанда ұшып жүрген ешкіні көз алдына елестетуіде мүмкін [2, 507].
12. «Ауыл итінің құйрығы қайқы». Мысал: Ұлы жүз батырларына жағалай көз салып, - «ауыл итінің құйрығы қайқы» деп, қолбасының айтқанына көнбей, бұра тартатын бұралқы табылса, менен жақсылық күтпесін. Ауыл итінің құйрығы қайқы: Әдетте ит қорыққанда құйрығын қысып, ал батыл қимылдағанда құйрығын қайқайтып алатыны белгілі. Ауылды үйдің иттері не қотан маңын торыған қасқырларды көргенде иесіне арқаланып құйрығын қайқайтып алып батыл қимылдайды. Ал иесі жоқ итте оңдай батылдық болмайды. Бөгде итпен таласа да, бөтен біреуге үрсе де ол жалтақтық көрсетіп, құйрығын бұтына қысып алып батыл әрекетке бара алмайды. 2. Ауыспалы мағ. Ауылы жақын ит қасқырдан қорықпайды дегендей әрбір жан өз ауылында өзін еркін ұстайды, ол оның жүріс-тұрысынан байқалады [2, 215].
13. «Елдестірмек елшіден, жауластырмақ жаушыдан» Мысал: Елдестірмек елшіден, жауластырмақ жаушыдан деген біздің қазақ [1, 455].
Екі елдің арасын жақындастырып, дау-жанжалды доғартып, бейбіт ел болып өмір сүруі, көп жағдайда сол елдердің арасында жүрген елшілердің ізгі ісі мен ниет , қабілетіне байланысты. Ал ауыл-ел арасында болып тұратын (қыз алып қашу, жесір дауы, жер дауы, барымта т,б) даудамайды реттеудің орнына ұшықтырып , үлкен жанжалға айналдырып жіберу бұл іске алғаш араласқан жаушыларға да байланысты. 2. Ауыспалы.мағ. Тосыннан басталған істің оң , не адамдардың әрекетіне де байланысты. Осы мақалдың бүгінгі өмірге қатысты қолдасына бір мысал: Халықтың қамын ойлайтындарын рас болса, Нұрсұлтан мен Әкежан елдесуі , бірлесіп жұмыс істеуі керек. Мен тек Елдестірмек елшіден, жауластырмақ жаушыдан деген нақыл сөзді «Елдестіру – естіден, жауластыру – жағымпаздан» деп өзгертер едім. (ХХI век, 1999, 19 б.) деп жазады бір журналы [2, 281].
14. «Құланның қасынуынан – мылтықтың басылуы»
Мысал: Құланның қасынуынан – мылтықтың басылуы дегенің дәл келіп тұрғанына құдай шүкір –деді батыр [1, 396]. Аңыз бойынша бір мерген артқы аяғымен басын қасып тұрған құнанды жалғыз оқпен атып, құнанның басымен артқы аяғын бірдей тигізген. Мақал халық арасында тараған осы оқиғаға негізделген. 2.Ауыспалы мағ. Бір іспен екінші бір істің оңтайлы сәті , орайлы тұсы бірден келіп, оңай шешілуі [2, 414].
Өзіндік талдауымыз: «Ағайынға қадірім жоқ – бетімді көреді, Қатынға қадірім жоқ – етімді көреді» ер адамның өз ортасындағы қадірі туралы айтылған. Әйелі еркегінің барлық мінін біледі дегенге саятын, сол мақсатта айтылған нақыл екенін аңғарамыз. Ал «Ауру астан-дау қарындастан» деген мақал сол замандағы даудың көбінесе рулармен, іргелес жатқан ағайынмен алауыздығынан туған деп ойлаймыз. Қазақта дау-жанжалдың көбі осындай өзара келіспеуден болады. «Бас жарылса – бөрік ішінде, қол сынса – жең ішінде» бұл мақал менің қолданып отырған әдебиетімде жақын екі рудың, ағайынның арасындағы жер дауың шешуі үшін би осы нақыл сөзді қолданды. Өйткені ішкі келіспеушілікпен, қақтығысты өз арасында, сыртқа сыр білдірмеу мақсатында айтты.
Енді келесі мақалдың семантикасына көз жіберер болсақ, «Екі кеменің құйрығын ұстаған суға кетеді» Шығармада бұл нақыл Әбілқайыр ханның не орысқа не қазаққа қажеті жоқ болмай, бейшара халге түсіп, аянышты күйін көрген Қабанбайдың айтқаны еді. Шынында да бір жағынан орыс патшаларының көңілінен шығуға тырысқан, бір жағынан кіші жүз тізгінін ұстаған хан екі істі қатар ұстап, жалтақтап дүниеден өткен еді.
«Мың асқанға – бір тосқан» Әбілқайырдың асау аттай ешкімге бағынбай, дандайсынып кеткен кезі. Халық қарғысына ұшыраған адам еді. Автор ханның ағайын айтқанын қанша тындамаса да, қанша орыстың етегін ұстасада ажал атты зауалдан құтыла алмайтынын меңзеді.
«Енесі тепкеннің еті ауырмас» мәтелі - көрші ағайынның, рудың әркіммен ауыз жаласып кеткеніне байланысты айтқан батырдың сөзі. Туысты тәубесіне келтіріп, орнына қою мақсатында ашумен айтылған сөз.
«Иесін сыйласаң, итіне сүйек сал» мақалы шығармада Қарақалпақ елі Бөрі сұлтанды өлтірген кезде қолданылған. Бөрі сұлтан Салқам Жәңгірдің ұрпағы еді. Яғни мақал арғы бабаны сыйласаң, оның ұрпағын да сыйла дегенмен ұштасып тұр.
«Үйдің жақсы болуы ағашынан, ұлдың жақсы болуы нағашынан» мақалы хандар төңірегінде айтылып отыр. Ұлы Әбілмәмбет пен Абылай хандардың шешесі Қоңырат руынан болғандықтан, ұлдың жақсысы нағашынан деп мақтауда.
«Құтты қонақ келсе, қой егіз табады» мақалы романда баяғы заманда үйге аты елге жайылған, қадірлі адам қонақ болса, оған ырымдап үйге жақсылық келеді дескен. Бір жағынан қонақ келген үйдің келіні босанып жатса, үй иесі жақсыға ырымдап қонаққа сәбиге ат қою мәртебесін береді.
Қорыта келгенде, мақал-мәтелдердің, қанатты сөздердің ерекше қолданысының арқасында халықтық таным тілімізде сақталып, мәңгі жасайтын ана тілімізге ғасырлар бойы дамыған асыл халқымыздың ой-парасатының ескерткіштеріндей әлі талай-талай жастардың тілін дамытуына, туған халқын тани түсуінде жарық жұлдыздай бағыттар беретініне кәміл сенеміз.
Әдебиеттер тізімі:
1. Жұмаділов Қ. Дарабоз романы. І, ІІ том. Алматы.
2. Қайдаров Ә. Халық даналығы (Қазақтың мақал-мәтелдерінің түсіндірме сөздігі). Алматы: «Тоғалай» баспасы. -2004. -560 б.
Түйін
Қ.Жұмаділовтың «Дарабоз» романындағы мақал-мәтелдердің семантикалық өрісі мен мағыналық астарынан ұғатынымыз, халқымызға қызмет етіп келе жатқан сөз мәйегін орынды контексте қолдану арқылы тіліміздің мәңгілігіне қосар үлесіміз зор болмақ.
Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к., доцент Майра Жүнісова Егер біз тұрақты сөз тіркестерін жиі былай қолданатын болсақ, сөзіміздің әрі кіріп, өңі нұрлана түсері анық. Мысалы Бердібекше, Болары болып, бояуы сіңген адам [1, 239], Бір істің істеліп қойғандығы, біреудің дәмелі ісінің өкінішпен өтіп кеткендігі туралы айтылады [2, 158].
Зерттеу нысанымыз - осындай тілімізде жиі кездесетін құлаққа сіңімді тұрақты тіркестер.
Фразеология деген термин негізінен екі түрлі мағынада қолданылады: бірінші мағынасы – тілдегі тұрақты тіркестерді зерттейтін тіл білімінің саласы деген ұғымда, екінші мағынасы – бір тілдегі фразеологизмдердің тұтас жиынтығы дегенді білдіреді.
Біздің қарастырайын деп отырған тақырыбымыз осы тіл білімінің саласындағы тұрақты сөз тіркестерін Б.Соқпақбаев «Өлгендер қайтып келмейді» романы аясында болмақ.
Мақсатымыз заманының балалар әдебиетіндегі асқақ жазушысы, бала психологиясын танытудың шебері Бердібек Соқпақбаевтың осы роман тіліне үңіліп, ондағы інжу-маржандай тұрақты сөз қолданыстарын жинақтау, әлі қарай саралау, контекстегі қолданылуының мән-мағынасын ашу.
Қазақ тіл білімінде фразеологизмдерді топтастыруда екі пікір бар: бірі І.Кеңесбаевтың топтастыруы, екіншісі – В.В.Виноградов пен Н.М.Шанскийдің үлгісі бойынша жасалған топтастыру.
1. І.Кеңесбаев фразеологизмдердің мағыналық тұтастығы мен құрылымының тұтастығына қарап, фразеологизмдерді екі топқа бөледі: фразеологиялық түйдек (идиома) және фразеологиялық тіркес (фраза).
Б.Соқпақбаевтың «Өлгендер қайтып келмейді» романындағы фразеологизмдерді осы зерттеулерге сүйене отырып, екіге бөлдік:
Фразеологиялық түйдекке фразеологизмдердің құрамындағы сөздер өздерінің лексикалық мағыналарын мүлде жоғалтып, бір-бірімен өзара жымдасып, ажырамастай болып тұтасқан фразеологизмдерді жатқызады. Мысалы, «Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» фразеологиялық мағынасы (тыныштық, бейбіт заман орнады ) деген мағынада қолданылған ал бұларды бөліп қарар болсақ, «қой», «үсті», «бозторғай», «жұмыртқалаған» сөздерінінің тікелей лексикалық мағынасынан туып тұрған жоқ.
«Ақ түйенің қарны жарылған» молшылық,қарық болу. «Жағамды жайлауынан салып отырмын» еркіндік, жайбырақат отыру. «Астынан су шығып» Өте жағдайсыз, тым ыңғайсыз жағдайда қалды.(Менімше, тұрақсыздық, бей берекетсіз отыру деген мағынада секілді). «Ет өліп» көнді, көндікті.
Б.Соқпақбаевтің «Өлгендер қайтып келмейді» романында идиоманы аз қолданған. Себебі, ақын халық оқылуына жеңіл, әрі түсінікті етіп жазуы керек. Сондықтан идиомадан көрі, көпшілігінде фраза қолданған.
Фразалық тіркеске құрамындағы сөздер негізгі (лексикалық) мағынасынан түгелдей емес, жарым-жартылай ғана айырылған, бірақ құрамы берік фразеологизмдерді жатқызады. Оған мысал ретінде Б.Соқпақбаев шығармасындағы фразеологизмдер негіз болады, «Қара басының қамы», «жүрегім жарылып», «мұрнымыздан су кетіп жатыр», «ауыз жаласып», «ат шаптырым», «құрдай жорғалайды». Бұл тізбектердің әрқайсысындағы компоненттер өзінің негізгі мағынасынан айырылып қалған жоқ, бастапқы тікелей мағынасын сақтап тұр [3,191].
Академик В.В.Виноградов фразеологиялық единицаларды бүтіндей фразеологизмнің бір тұтас мағынасымен оны құрастырушы сыңарлардың мағыналарының ара қатысы тұрғысынан фразеологиялық тұтастық, фразеологиялық бірлік, фразеологиялық тізбек деп үшке бөледі.
Осыларға тоқталсақ, Фразеологиялық тұтастық дегеніміз - семантикалық жақтан бөліп ажыратылмайтын, бір тұтас мағынасы сыңарларының мағынасымен жуыспайтын фразеологиялық оралым фразеологиялық тұтастық деп аталады. Мысалы, ет өліп, қара басының қамы, жүрегі жарылу, күдер үздім, қабағын бақтым, мұрнымыздан су кетіп жатыр, жағамды жайлауынан салып, жүрегінің түгі, атой сап.
Фразеологиялық бірлік деп, фразеологиялық тұтастық сияқты, семантикалық жақтан бөлінбейтін, бір тұтас единица, фразеологиялық бірліктің фразеологиялық тұтастықтан айырмасы: фразеологиялық тұтастықтың бір бүтін мағынасы құрастырушы сыңарлардың мағыналарымен мүлдем жанаспайтын болса, фразеологиялық бірліктің бөлінбейтін мағынасы құрастырушы сыңарлардың мағыналарының бүтіннің бір тұтас келтірінді мағынасына ұласуы нәтижесінде пайда болады. Мысалы, болары болып, бояуы сіңді, ымыраға келу, қаны қарайды, ат төбеліндей, сойылын соғатындар, астыңнан су шықса, төбем көкке жетіп, көз бояу.
Фразеологиялық тізбек - фразеологиялық оралымның бұл түрі ерікті мағынасындағы сөз бен фразеологиялық байлаулы мағынасындағы сөздің тіркесінен жасалып, өзінің даяр қалпында, тіркескен күйінде жұмсалады. Мысалы, желдей есіп, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған, сүттей ұйып, ақ түйенің қарны жарылған, мұрындарына исі барып көрмеген, ат шаптырым, жүндей түтед.
Орыс тіліндегі фразеологизмді зерттеуші Н.М.Шанский аталған классификацияны қолдай келіп, фразеологиялық оралымдардың төртінші түрі фразеологиялық сөйлемше деп есептейді. Фразеологиялық сөйлемше -фразеологиялық оралымның бұл түрі мағынасы ерікті сөздердің тіркесінен құралады, бірақ құрамы мен қолданылуы тұрақты болып келеді. Мысалы, Екі көздері төрт болып, таяқ тастам, ауыз жаласып, көзге ұрып тұрса да [4, 176]
Енді тікелей роман тіліндегі фразеологиялық тірестерге кезек берелік:
2.Мектепте әдетке айналған бұндай көз бояу жолға мен түспедім[1, 241].
Көз бояды. Алдады, өтірік айтты[2, 325].
3.Ақыры, қолымды бір-ақ сілтеп,ымыраға келуді жөн деп таптым[1, 243]
Сүттей ұйыды. Қатқысыз сенді, шын иланды, шын беріле, ықыласа түсе қалды [2,642]
16.Біреуге біреу нағыз досша, нағыз большевикше көмектесіп, ауыз жаласып еңбек ететін [1,262]
Ауыз жаласты. Әкей-үкей болды, бірін-бірі жақтады, ымы-жымы бір сырлас болды[2,89]
17.Барған жерің оңбаса, астыңнан су шықса, қайта қайтып төркініңді таппағанда кімді таппақсың?[1,270]
Астыңнан су шыққандай. Өте жағдайсыз, тым ыңғайсыз жағдайда қалды[2,68]
18.Тәйірі, ақ түйенің қарны жарылған бүгінгідей күні құр сырамен кісі тежелетін бе еді?[1,275]
Ақ түйенің қарны жарылды. Қарық боп қалды, ит басына іркіт төгілді[2,35]
19.Оның да тап қазір, біз үшін ең қиын кезде келіп, қол ұшын бергеніне де шексіз ризашылық білдіріп сыйлаймыз[1,276]
Қол ұшын берді. Қолқабыс етті, көмек көрсетті, жәрдемдесті[2,450]
20.Баратын үйімізге бұл кезде тіпті аз ғана, таяқ тастам жер қалған еді[1,281]
Таяқ тастам жер. Өте жақын, тиіп тұрған деген мағынада[2,672]
21.Зағыш Жамалжаным екеуі екі көздері төрт болып, кабинада қамалып отыр[1,282]
Екі көзі төрт болды. Сағынды, аңсады, жолына қарай-қарай шаршады, күте-күте зарықты, көруге асық болды[2,203]
22.Кейбіреулерінің мұрындарына көркем аударманың иісі барып та көрмегендер[1,284]
Мұрындарына исі келмеді. Ештеңеден хабары жоқ, дәнеңе білмеді[2,521]
23.Жүрегінің түгі болса, сен оны тыңдамай гөр[1,284]
Жүрегінің түгі бар. Ер, батыр, батыл кісі, ешнарседен таймайтын, қаймықпайтын, бетіне айтатын адам[2,280]
24.«Қазақ әдебиеті» газетінің редакторы Сарыбаев бізге қызметке келесің бе дегенде мен, шынымды айтсам , төбем көкке жетіп, қуандым[1,292]
Төбем көкке жетті. Қатты куанды, шаттанды, қуанышын тасытты[2,687]
25.Егер осыдан ештеңе дей алмай кетер болсам, былай таман шыққан соң Жақан мені сөз жоқ, жүндей түтеді[1,314]
Жүндей түтті. Әбден сабады, көгала торғайдай етіп сабады,талады, қор етті[2,277].
Қорытындылай келе, Қазақ тіл білімінде сөздік қор мен сөздік құрамның көбейіп, жандануына бірден бір негіз тұрақты сөз тіркестері деп білеміз. Алайда, қазақ тіліндегі тұрақты сөз тіркестерін кең көлемде зерттеу қажеттігін жоққа шығаруға болмайды. Бұл мәселе жете зерттеуді, нақтылауды қажет етеді. Соған байланысты болашақта қазақ романдары тіліндегі тұрақты сөз тіркестерін жинақтап сөздік етіп шығармақшымыз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Соқпақбаев Б. Өлгендер қайтып келмейді. Роман. Алматы: Арыс, 2010. 368 б.
2. Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі, Алматы: «Арыс» баспасы, 2007. 800 б.
3.Қалиев Ғ., Болғанбай Ә. «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы». Алматы: «Сөздік-словарь» баспасы, 264 б. 2006.
4. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. Алматы: «Санат». 1993, 196 б.
ӘБЖАППАР АБЛАҚОВТЫҢ СӨЗ ТІРКЕСІ ТУРАЛЫ ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАРЫ Нұреке Ақмарал 5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының
4-курс студенті
Ғылыми жетекшісі: п.ғ.д., доцент Рахметова Р.С. Сөз тіркесі мәселесі 1950 жылдарға дейін жай сөйлемдер мен құрмалас сөйлемдер аясында қаралып, арнайы зерттеу обьектісі болмаған. Тіл ғылымының саласы синтаксистің дамуы барысында сөз тіркесі синтаксисі түркологияда арнайы зерттеліп, оның өзіндік зерттеу обьектісі анықталды. Нәтижесінде сөз тіркесінің мазмұны айқындалып, кейбір мәселелердің одан әрі зерттелуіне жол ашылды. Сөз тіркесін зерттеген ғалымдардың бірқатары сөз тіркесіне номинативтілік қасиет, ал сөйлемге коммуникативтік қасиет тән деп көрсетеді. Мәселен, В.В.Виноградов, А.С.Смирницкий, В.В.Бабайцева, К.Аханов, А.Н. Баскаков сөз тіркесіне номинативтік қасиет тән десе, Ю.В.Фоменко, Л.И.Моисеев, М.Б.Балақаев сөз тіркесінің номинативтілігін жоққа шығарады. Қазақ тіл білімінің маманы К.Аханов осы жайлы: «Сөз тіркестері номинативті сипатқа бұрыннан жасалып қойған, даяр тұрған единицалар ретінде емес, сөздердің тілдің грамматикалық заңдары бойынша тіркесуі арқылы ие болады», дейді [1,4]. Ал ғалым Ә.Аблақов мұндай пікірді құптамайды және осы ойын былай жеткізеді: «Номинативтілік – сөздерге тән қасиет. Сөздердің номинативтілігін барлық ғалымдар бір ауыздан қуаттайды. Демек осылай дейтін болсақ, номинативті мәнге ие сөздердің тіркесінен, яғни толық мағыналы екі сөзден үшінші бір номинативтілік мән пайда болады деу ақылға сыйымсыз тәрізді. Ал бір сөздің бойындағы номинативтілік екінші сөз тіркесінде ешбір өзгеріссіз сол қалпында қалып қоймайды, егер ол сөзге екінші сөздің тіркесуінен ешбір мән қосылмаса, өзгермесе, онда екінші сөздің тіркесуінің ешбір қажеті де болмас еді: мұны мынадан байқауға болар еді. Тау, көл, тас дегендер заттардың жеке, дара атаулары болса, қызыл, көк, алғыр, епті деген сөздер сапа атаулары, сондай-ақ, қазу, ою, орнату деген сөздер іс-әрекеттің аттары. Осындай номинативті білдіретін сөздер өзара тіркескенде тағы бір номинативтілік мәнді білдірмейді, тіркескен екі сөздің арасынан жаңа мағыналық қатынас пайда болады, яғни жекеленген номинативті мағынаның үстіне анықтауыштық, толықтауыштық пысықтауыштық тәрізді жаңа граммматикалық мағыналар пайда болып, ой құрауға септігін тигізеді. Мысалы, епті жігіт дейтін болсақ, сапа атауы «епті» мен зат атауы «жігіт», басқаша айтқанда номинативті атаулардың тіркесінен тағы бір номинативті мән пайда болған жоқ, жаңа грамматикалық мағына жасалып тұр, ол – анықтауыштық қатынас. Сондай-ақ жер қазу деген тіркес зат атауы мен іс-әрекет атауы тіркесіп келіп, толықтауыштық қатынасты білдіріп тұр» [1, 3-6]. Бұл тұжырым арқылы номинативтілік қасиетінің жеке сөзге тән құбылыс екенін, ал сөз тіркестерінің осы номинативті мағынаның үстіне жаңа грамматикалық мағыналардың қосылуы арқылы жасалатынын көреміз.
Сөз тіркесінің табиғатын ашу барысында ғалым бірнеше мәселелерге көңіл бөледі. Сөйлем, оның ішінде жай сөйлем мен сөз тіркестерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсетеді. Сөйлем сөз тіркесінен, ең алдымен, коммуникативтік қызметі, яғни бірдеңе жайында хабар беру қызметі жағынан ажыратылады, ал сөз тіркесінде мұндай қасиет жоқ. Ғалым өз ойын мына мысалдар арқылы жеткізеді: 1) Мұғалім келді. 2) үйден келді. Біріншісі – сөйлем, екіншісі сөз тіркесі. Сөйлемнің өзіне тән белгілі бір құрылымдық үлгісі болады, ол – сол үлгі бойынша жасалады. Дербес қолданылуға мүмкіндік беретін құрылымдық үлгі – бастауыш-баяндауыштық құрылымдық үлгі. Бұл тек сөйлемге тән құрылымдық белгі. Сонымен сөйлем сөз тіркесінен предикативтілік қасиетімен, коммуникативтілік қызметімен, бастауыш-баяндауыштық құрылымдық үлгісімен, сондай-ақ интонациялық, модальдылық белгілерімен ажырытылады. Бұл қасиеттер сөйлемнің негізгі белгілері. Осы қасиеттері арқылы біз сөз тіркесімен айырмашылығын білеміз. Ендігі мәселе сөз тіркесінің өзіне тән негізгі белгілері, сөз тіркесі деп танудың жолдары.
Ғалым Ә.Аблақов сөз тіркесін өзге құбылыстардан ажыратудың бірнеше белгілері бар екенін, бірақ солардың ішінде тіркес құрамындағы сөздердің бірінің екіншісіне бағына байланысы немесе бірімен-бірінің екіншісіне бағына байланысы немесе бірімен-бірінің бағыныңқы граммматикалық байланыс арқылы тіркесуі ажырытушы белгілердің ішіндегі ең маңыздысы екенін көрсетеді. Осы тұрғыдан қарағанда предикативтік қатынас негізінде жасалған тіркестерді сөз тіркестерінің қатарына жатқызамыз ба, әлде сөйлемнің қатарына жатқызамыз ба деген сұраққа тіл білімі мамандары әр түрлі жауап береді. Бұл жайында О.С.Ахманова былай дейді: «Байланыстың негізгі үш түрі –атрибутивті, комплективті және предикативті түрлерінің ішінен біріншісі әрқашан да сөз тіркесін тудырады; байланыстың екінші түрі өздерінің тығыз байланысты формаларында ғана сөз тіркесін тудырады; үшіншісі оны ешқашан да тудыра алмайды» [1,8]. Мұндай пікірді жақтаушылар предикативті қатынас негізінде жасалған тіркестерді сөз тіркестерінің қатарында қарамай, предикативті конструкция немесе предикативті тізбек деп есептеп, бұларды сөз тіркестерінің синтаксисі емес, сөйлемнің синтаксисі деп тану керек дейді. Мұндай көзқарасқа профессор М.Б.Балақаев қарсы пікір айтады: «Сөйлемді сөйлемдік қасиеттеріне қарап сөз тікестерін де өзіндік қасиеттеріне қарап танып, мысалы, жазық дала дегенді сөз тіркесі деп танысақ, атқа мінді дегенді әрі сөйлем, әрі сөз тіркесі деп қарау керек», дейді» [1,9-10] Осы секілді ғалымдардың пікірін талдай отырып, ғалым өзінің ой-тұжырымдарын былай жеткізеді: «Біздің пікірімізше, атқа мінді деген – сөйлем емес, сөз тіркесі. Өйткені мұнда сөйлемге тән бастауыш-баяндауыштық құрылымдық үлгі жоқ, меңгерудің бағыныңқы байланысына тән тәуелді, бағынышты септік бар, ол барыс жалғаулы сөз, яғни ат деген сөз мін етістігінің лексика – грамматикалық мағынасына орай барыс септігінің -қа жалғауын қабылдап тұр» [1,11]. Осылай мұндай тіркестердің сөз тіркесі екенін дәлелдей келе, ғалым оның сөйлемнің обьектісі ретінде қарастырылуына мынадай тұжырым келтіреді: «Атқа мінді дегеннің сөйлем сияқты көрініп тұрған белгісі мінді етістігінің тұлғасына байланысты. Сөз тіркесі болу үшін мінді етістігінің қай тұлғада тұруы емес, мінсе, мініп, мін, мінбей бола беру мүмкін. Ал етіcтіктің жедел өткен шақ және 3-жақ жіктік жалғауының нөлдік тұлғасы сөз тіркесінің байланысына қатысы жоқ, бірақ осы жерде 3-жақ субьектінің бар екенін нұсқап тұр. Атқа мінді деген сөйлемді белгілеп тұр, сөйтіп, сөйлемге тән модальдылық, интонация және коммуникативтік сипат жедел өткен шақ пен жіктік жалғау тұлғалары арқылы беріліп, ол деген сөзбен бастауыштық-баяндауыштық қатынасқа түсу негізінде ой білдіріп, сөйлем болып тұр» [1,13] Ғалым бұл тұжырымы арқылы сөз тіркесі мен сөйлемнің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсетеді. 3-жақ субьектінің болуы оның сөйлемге тән белгілерінің бірі болып табылады. Осы мәселелермен қатар сөз тіркесінің атаулық мәнді білдіретін тіркестерден өзгешелігі, атаулық тіркестер мен сөз тіркестерінің және фразеологиялық тіркестер мен сөз тіркестерінің бір-бірінен айырмашылығын көрсетеді. Атаулық тіркестердің еркін синтаксистік тіркестерден айырмашылығы тұрақты фразеологиялық тіркестердегідей атаулық тіркестердің грамматикалық байланысы орын тәртібі арқылы тұрақты болады. Мұндай лексикалық орамдардың құрылысы да, құрамы да біршама тұрақты. Құрамындағы сөздер қалай болса солай ауыса бермейді. Мысалы: еңбек ақы, жер шары, т.б. Бұл тіркестер синтаксистік сөз тіркестеріндегідей сөйлеу процесінде құрылмайды, осы тұлғасында даяр бір бүтін лексема ретінде қолданылады. Сондықтан олар жеке-жеке бөлініп, сөйлем мүшелері бойынша бөлшектеп талдауға көнбейді, бұлардың арасына сөз салып қолдануға да болмайды. Осындай белгілерін ескере келе атаулық тіркестер мен фразеологиялық тіркестердің ұқсастығын айтады. Бірақ бұлардың өзіндік айырмашылықтары бар. Атаулық тіркестер, негізінен, заттың, құбылыстың атауы болса, фразеологиялық тіркестер атаулық мағынада қолданылмайды. Олар көбінесе көркемдік, бейнелік мағынада қолданылады, ал атаулы тіркестер ондай қызмет атқара алмайды. Фразеологиялық тіркестердің екінші бір ерекшілігі – оның метафоралық ауыспалы мағынада қолданылуы. Бұл фразеологиялық тіркестің басты белгісі. Келесі бір тіркестің түрі бұл – салаласа байланысқан тіркестер. Бұл тіркес түріне ғалым мынадай анықтама береді. «Тілімізде толық лексикалық мағынасы бар сөздер тізбегінен тұратын бірқатар тіркестер кездеседі. Бұлардың қатарына қыз бен жігіт, әке мен шеше, сабырлы да ажарлы тәрізді тіркестер жатады. Осы типтес тіркестер тіл білімінде салаласа байланысқан тіркестер немесе сөздердің салалас қатарлары деп аталып жүр» [1,19]. Салаласа байланысқан сөз тіркестерінің негізгі ерекшелігі ретінде тіркестердегі бағыныңқы және басыңқы сыңарлардың болмауы, олардың бірыңғай мәнде, тең дәрежеде байланысуы. Екінші бір ерекшелігі мұндай тіркестер құрамындағы сөздердің бірін түсіріп айтуға және орын алмастырып айтуға болады, бірақ бұдан салаластық қатар ыдырамайды. Мысалы: ұл мен қыз-ұл, қыз немесе қыз бен ұл-қыз, ұл және т.б. Сөйтіп, бұлар сөйлемнің бірыңғай мүшелерін құрайды, сөз тіркесі бола алмайды. Ал сабақтаса байланысқан сөз тіркестері сыңарларының бірін түсіріп айтуға немесе орны жағынан өзара алмастыруға болмайды, өйткені мұндай жағдайда сөз тіркесінің мазмұны мен грамматикалық табиғаты өзгеріп кетеді. Ендігі бір тіркес түрі бұл түйдекті тіркес. Бұл тіркес сөз тіркесі болу үшін, басқа бір лексикалық мағынасы бар сөздермен тіркесуі керек: үйге дейін барды, ауылдың маңы терең сай.
Ғалымның тағы бір кеңінен қарастырған маңызды мәселелерінің бірі – сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен формалары. Сөз тіркесінің байланысу тәсілдеріне ғалымдар аналитикалық, синтетикалық және аналитикалық-синтетикалық тәсілдерді жатқызады. Ғалым мынадай нәрселерді айқындай түсу қажет екенін айтады: 1.Сөз бен сөзді байланыстыруға дәнекер болатын тәсілдердің қатарына қосымшалар жатқызылады. 2. Жалғаулар сөз тіркесі құрамындағы сөздерді өзара байланысқа түсіретін амал ретінде қаралады да, олардың қатарына септік, тәуелдік, көптік, жіктік жалғаулары енгізіледі. Осы арада бір мәселені ескертіп өтеді, көптік жалғаулары барлық уақытта сөз бен сөзді байланысқа түсіре алмайды, ал жіктік жалғауы сөз бен сөзді байланысқа түсіреді, бірақ сөз тіркесін құра алмайды, себебі жіктік жалғауы арқылы байланысқа түскен сөздер бастауыш, баяндауыштан тұрады да, сөйлемнің қаңқасын құрайды. Демек, қиыса байланысқан тіркестер сөз тіркесінің емес, сөйлемнің обьектісінде қаралуы тиіс. 3. Сөз бен сөзді байланыстыру тәсілі ретінде бірде шылау атты сөз қолданылса, бірде көмекші сөз атты термин қолданылады. 4. Сөз тіркесі құрамындағы сөздердің байланысу тәсілдеріне жалғаулар, шылаулар, сөздердің орын тәртібі, интонация жатқызылады да, олар одан әрі қарай аналитикалық, синтетикалық және аналитикалық–синтетикалық тәсілдер ретінде сараланады.
Профессор Ә.Аблақов сондай-ақ етістіктердің меңгеріле байланысуын, оның дамуын әрбір септік жалғаулы сөз тіркестерінің өзгерістеріске түсу, жетілу жолдарын ашып көрсету арқылы айқындап көрсетеді. Ғалым өзінің «Қазақ тіліндегі шығыс жалғаулы сөз тіркестері», «Қазақ тіліндегі барыс жалғаулы сөз тіркестері» еңбектерінде осы септік жалғаулары арқылы сөз тіркестерінің жасалу жолдарын анықтап берді. Ғалым сөз тіркесінің жасалу жолдары жайлы: «Қазіргі қазақ тіліндегі барыс септігінің жалғаулары арқылы қалыптасқан сөз тіркестері өздерінің тамырын тым әріден бастайды. Алайда бұлар тілдің дамуы барысында құрылысы жағынан да, мағынасы жағынан да өзгерістерге ұшыраған», дейді [2,18]. Бұл өзгерістер барысында септік жалғауларының қалыптасқанын, яғни тарихи үдерістен өткенін дәлелдейді. Осының себептерін былай көрсетеді: 1) қазіргі қазақ тілінде барыс септігінің
-қа жалғауы болса, тәуелдік жалғауынан соң жалғанбайтын болса, ал Орхон – Енисей, әсіресе Енисей ескерткіштерінде тәуелдік жалғауынан соң да, зат есімдерден соң да жалғана берген. 2) барыс жалғаулы сөз тіркестері табиғатында қимыл-әрекеттің бағытын, кімге бағытталғандығын көрсетеді. 3) тым ертеде барыс жалғаулы сөз тіркестері қимыл-әрекеттің бағытын білдірсе, кейінгі уақытта қимыл-әрекеттің мақсатын, әрекетін, мезгілін білдіретіндей болып қалыптасты. 4) күрделенген сөз тіркестері құрамдарынан шылаулардың түсіп қалып ықшамдалуы да барыс жалғаулы сөз тіркестерінің қалыптасуына ықпал жасады. Мысалы: қонақ болу үшін барды – қонаққа барды. 5) қарсылық мәнді құрмалас сөйлемдер құрамынан сөздердің түсіп қалып ықшамдалуы. Мысалы: үйіне шақырып еді, бірақ біздер бармадық. 6) Басыңқы және бағыныңқы сыңарлардың дамуы. Мысалы: түс етістігінің дамуы, суға түсу, институтқа түсу. 7) Орыс тілінің ықпалы. Мысалы: партияға кіру, колхозға мүше болу. Бұл барыс жалғаулы сөз тіркестерінің жасалуының негізгі белгілері. Бұл белгілер тарихи үдерістер негізінде сұрыпталып қазірге уақытқа жетті.
Ғалым өзінің «Қазақ тіліндегі шығыс жалғаулы сөз тіркестері» атты еңбегінде шығыс жалғаулы сөз тіркестері әртүрлі грамматикалық мағыналарды білдіретінін айта келіп, осылардың ішінде басқаларға негіз бола алатындай екі түрлі мағынаны атап көрсетеді: 1) кеңістіктегі қимыл-әрекеттің басталар орны мен шығар жерін білдіру мағынасы. 2)қимыл-әрекеттің кімнен, неден басталатынын білдіру мағынасы. Шығыс жалғаулы сөз тіркестерінің қолдану шеңберінің кеңеюіне бағыныңқы сыңарлар мен басыңқы сыңарлардың мағыналық жағынан дамып, жетілуі ғана емес, сонымен бірге күрделенген сөз тіркестері құрамдарынан сөздердің түсіп қалып қолданылуына мынадай мысалдар келтіреді: «жас кезінен бастап білетін – жас кезінен білетін, құлынынан бастап өсірген – құлынынан өсірген»[3,20]. Яғни күрделенген сөздердің ықшамдалу процесі арқылы сөз тіркестері қалыптасты. Ғалым осы сықылды әрбір септік жалғауы арқылы жасалған сөз тіркестеріне талдау жасап, олардың ерекшеліктерін көрсетеді.
Қорытындылай келгенде, Ә.Аблақов сөз тіркесінің толық табиғаттын, оның жасалу жолын, байланысу тәсілін, формасы мен жай сөйлемнен айырмашылығын және жалпы лексикалануы сынды мәселелерді толығымен қарастырған. Сөз тіркесі синтаксисіндегі шешімін таппаған мәселелерге құнды пікірлер қалдырған. Ғалымның сөз тіркесі синтаксисі туралы келелі тұжырымдары аталған саланы дамытуға өз ықпалын тигізді. Сондықтан ғалымның синтаксис саласының дамуы мен қалыптасуына қосқан үлесін саралап айқындау біздің міндетіміз.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Аблақов Ә., Исаев С., Ағманов Е. Қазақ тіліндегі сөз тіркесінің дамуы мен лексикалану процесі. Алматы: Сана», 1997. 319 бет.
2. А.Аблақов. Қазіргі қазақ тіліндегі барыс жалғаулы сөз тіркестері. Алматы, 1973. 73 бет
3. А.Аблақов. Қазіргі қазақ тіліндегі шығыс жалғаулы сөз тіркестері. Алматы, 1977. 79 бет.
WEB КЕҢІСТІГІНДЕГІ ЖАСТАР ТІЛІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ Жанғазы Ақиқат - 5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 2-курс студенті
Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор (доцент) С.А.Жиренов
Қазіргі қоғам – жаңа ақпараттық технологиялардың қоғамы және XXI ғасырдың бұл ағымы - қоғам дамуының жаңа дәрежесіне жеткізді. Ақпарат алмасу, қарым-қатынас орнату, жұмыс іздеу, білім алу мүмкіндігі және тағы басқа іс-әрекеттер шынайы әлемге қарағанда виртуалды әлемде жүзеге асатын болды. Интернет жастардың ең сенімді құралдардың біріне айналды. Қазірдің өзінде әлем халқының 57 пайызы бетпе-бет тілдесуден гөрі, интернет арқылы, дәлірек айтқанда, әлеуметтік желі арқылы «әңгімелеседі».
Ал сіз интернетте ұзақ отырғанды жақсы көресіз бе? Таңертең тұра салысымен ноутбугіңізді қосып поштаңызды тексеремісіз? Бұл сұраққа Назарбаев Университет және басқа оқыту мекеме студенттері ойланбастан "ия" деп жауап береді. Себебі, студенттердің әлеуметтік өмір жаңалықтары ғаламтор арқылы жүзеге асады. Күн сайын жастардың жүзбе-жүз сөйлесуі азайып, әлеуметтік жүйе қолданысы, керісінше, артып келеді. Ғаламтор жүйесінінң дамуына 10 жыл ғана болса да, қазірдің өзінде ғаламтор қолданбайтын жастарды табу қиын.
Бүгінгі күні Интернет немесе жаһандық желі тек ақпаратты (мәліметті) жеткізу құралы ғана емес, сондай-ақ дүние әлеміндегі адамның бағыт-бағдарын айқындап отыратын маңызды құралдардың бірі болып саналады. Адам желі арқылы пайдалы ақпараттарды аша алады, өмірлік серігін, саяхатқа шығатын жолсерігін табады, ұтымды сатып алу, сату әрекеттері болады, жұмыс жасап пайда табады, әскери келіміс-шарт жасайды, әйгілі немесе танымал болады, қызығушылық мүдделері ортақ жандармен сұхбаттаса алады т.б. Адамның осылайша желілер әлеміне еніп, ықпалдасуы, тікелей қатыстылығы әртүрлі білім саласындағы зерттеушілердің қызығушылығын оятпай қоймады.
Жалпы Интернет дегеніміз – компютерлік желілердің ақпарат алмасуға арналған бүкіләлемдік қауымдастығы, бір-бірімен телекомуникация арналары (телефон, радио, жасанды жер серігі көмегімен байланыс) арқылы мәлімет алмасатын әртүрлі аймақтағы компьютерлік желілердің біріктірілген тарабы интернет деп аталады.
Тілімізге әрқашан болатын әртүрлі құбылыстар алдымен ауызекі тіл негізінде танылады, себебі ол қоғаммен, әлеуметтік өмірмен тығыз байланысты. Сондай-ақ жазбаша сөздің және ауызекі тілдің ара қатынасын анықтау, яғни тіл мен сөйлеудің өзара қарым-қатынасын, айырым тұстарын анықтау сынды көптеген проблемаларды сөз етуге болады. Осындай мәселелердің бірі «интернет тілі» проблемасы.
Қарым-қатынас түрлері. Интернет қарым-қатынас жүйесіндегі сөйлеу тілінің орны
Сөйлеу тілінің анықтамасы қарым-қатынас категориясы тұрғысынан сипатталады. Қарым-қатынас категориясын қоғамдағы субъектілердің (кластар, топтар және тұлғалар) іс-әрекетімен байланысының мықтап орын алыуымен түсіндіруге болады, қоғамдағы субъектілердің қызметінің, тәжірибесінің, қабілетінің, ақпараттың, білімділігінің және іс-әрекеттің нәтижесінің алмаса қолданылуы; тұлғаның және дамуы мен қалыптасуы тікелей жалпы қоғамдағы керекті жағдаяттарға байланысты. Ауызша және жазба категориялары болмаса қарым-қатынас жүйесі толық іске аспайды. Осыған байланысты қарым-қатынас жүйесін екіге бөліп қарастыруға болады. Бірінші қарым-қатынас типі – контактілі, екіншісі – дистантілі. Бұл қарым-қатынас түрлерінің өзіндік ерекшеліктері мен айырмашылықтары бар. Айталық, контактілі қатынаста сөйлеушілер тікелей уақыт режімінде байланысады, сөйлеуші мен тыңдаушы өзара ым, ираша, интонация арқылы да түсінесе береді. Ал дистантілі қатынаста сөйлеушілер қатар тұрмайды, олардың арасында белгілі бір кеңістік болуы мүмкін.