Студенттер мен магистранттардың №71 дәстүрлі ғылыми конференциясының материалдары Ғылыми жинақ



бет2/12
Дата08.06.2018
өлшемі465,29 Kb.
#41148
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Контактілі қарым-қатынас және ауызша сөз. Қарым-қатынастың бұл түрі күнделікті өмірде жиі қолданылады. Коммуникация тікелей болғандықтан мұнда ең алдымен ауызекі тіл қолданылып, бейвербалды амалдар, яғни мимика, ым, ишаралар сөзбен теңдей дәрежеде молынан пайдаланылады. Мысалы, бас изу – белгілі бір нәрсемен келісуді білдірсе, таңғалу – иығын көтеріп, ауызын ашуды білдіреді т.б. Күнделікті өмірде мұндай бейвербалды амалдарды көптеп кездестіреміз. Көз контактісі – дегеніміз коммуниканттың бір-біріне деген көзқарасы, олардың ішкі жай-күйінің жағдайы. Мысалы, көзін ары-бері жүгіртіп сөйлеу – коммуниканттың өзіне деген сенімсіздігін көрсетеді. Осыған байланысты лингвист Л.П. Буева былай дейді: «личный контакт обладает большой силой эмоционального воздействия, внушения, в нем непосредственно действует социально-психологический «механизм» заражения и подражения» [1].


Контактілі қатынас интернет желісінде дәстүрдегіден өзгеше. Желі коммуникациясында контактілі қарым-қатынас техниканың көмегімен іске асады. Яғни веб-камера арқылы екі коммуникант тікелей уақыт режімінде сөйлесе алады. Сондықтан біз электронды коммуникацияны да контактілі қарым-қатынас түріне жатқызамыз.

Дистантілі қарым-қатынас және жазба сөз. Қарым-қатынастың бұл түрі Уақыт пен Кеңістікке тікелей байланысты. Коммуникант Уақыт пен Кеңістік факторынан едәуір алшақ болады. Сондықтан комуникацияның бұл түрі көбінесе жазбаша формада іске асады. Е.А. Земская өз сөзінде былай дейді: «Письменная речь – речь, изображенная на бумаге (или какой-либо другой поверхности: пергаменте, бересте, камне, полотне и т.п.) с помощью специальных графических знаков (знаков письменности), предназначенных для изображения звуков речи» [2].


Ғалымның бұл пікіріне қосыла отырып, жазба тіл – адамзат дамуына, өсуіне ерекше ықпал етеді және оның өзіндік жүйесі бар екенін айтқымыз келеді. Жалпы жазба тілдің ең кіші единицасы – әріп болса, ауызша сөздің ең кіші единицасы – дыбыс. Қарым-қатынастың дистантілі түрі адамзаттың рухани өсуіне мүмкіндік береді. А.В. Арциховский жазба сөздің қызметін көрсете отырып, өз сөзінде былай дейді: «оно имеет большое значение для обогащения всей системы отношений личтости с миром, разрывает рамки непосредственного окружения, делает индивида причастным ко всем событиям мира, к разным поколениям, странам, эпохам»[3].

Желі коммуникациясында аталып көрсетілген қарым-қатынас формалары техниканың сан қырлы мүмкіндіктеріне байланысты ерекше жүйеге айналу үстінде. Әсіресе тілдің тұрмыстану формасының Интернет көмегімен жасалған қарым-қатынас кезіндегі көрінісі ерекше назар аудартады, себебі, коммуниканттардың барлық репликасы (сөздері) графикалық формада тіркеліп қалады, яғни «жазылады». Интернеттегі локалды желі арқылы таралатын интернеттің мына жанрлары адамдар арасында жиі қолданылады: 1. Чат-коммуникация; 2. Форум-коммуникация; 3. Электронды пошта-коммуникация; Бұдан басқа интернетте мынадай қосалқы коммуникация түрлері бар: блогтар, уики-жобалар (Уикипедия, уикибілім), интернет-дүкен, интернет-аукцион, электронды почта, жаңалықтар топтамасы (негізінен, Usenet), файл-алмасу желілері, интернет-радио, интернет-теледидар, IP-телефония, мессенджерлер, FTP-серверлер, іздеу жүйелері, интернет-жарнама, төлеу жүйелері т.б.

Бұл коммуникация түрлеріне тоқталмай-ақ жоғарыда аталып көрсетілген локалды желі ішіндегі чат, форум және электронды поштадағы қарым-қатынас әрекеттеріне ерекше тоқталуға болады.

Чат (chat – сөйлесу) – интернетті пайдаланушылардың бір-бірімен нақты уақыт режимінде («online» – ағылшын тілінен аударғанда «желі бойында», «байланыста» деген мағынаны білдіреді) сөйлесуіне мүмкіндік береді. Желіде нақтылы уақытта, яғни интерактивті сұхбаттасу.

Чат – Интернет жүйесіндегі қарым-қатынас жасасудың спецификалық формасы болғандықтан, мұндағы хабарлар көбінесе СМС (SMS) түрінде қысқаша формада жазылады. Хабарлардың ұялы телефондағы СМС-тен айырмашылығы тек Интернет жүйесі арқылы тарайтындығында. Чат арқылы хабарласу уақыт кеңістігі арқылы жүзеге асады. Яғни қарым-қатынас сол мезетте іске асып, бұған екі не одан да көп коммуникант қатыса алады. Коммуниканттар әртүрлі тақырыптарға байланысты пікір алмаса отырып, басқа да коммуниканттармен қарым-қатынасқа түсуге толық мүмкіндігі боладыЧатта диалогтық және полилогтық мәтіндер көптеп кездеседі. Жалпы чат-коммуникацияны былайша бөлуге болады:



  1. танысу чаты;

  2. төлемдерді қабылдау және жіберу чаты;

  3. әртүрлі ойындар чаты

  4. қарапайым сөйлесу чаты т.б.

Бірінші топтағы чат жүйесі көбінесе екі коммуникантқа арналады. Коммуниканттар о н л а й н режімінде бірімен-бірі танысып, пікір алысады. Ал екінші және үшінші чаттарда коммуникация көбіне монотиптік және политиптік түрде болады. Чат-коммуникациясында белгілі бір қарым-қатынасты жеделдету үшін сөздердің графикалық қысқартылған нұсқалары жиі қолданылады. Сөздердің графикалық формасы коммуникантқа дыбыстық формасы жағынан жақын келеді де көбінесе сөздің транскрипциясы сияқты елестетеді. Мысалы: см – сәлем, «сб – сау бол, қс – қалайсың, инет – интернет т.б. Осындай формалар жедел хабарласу жанрында (мысалы, ІСQ) қатынас жасау барысында жиі қолданылады. Интернетпен қатынас жасау кезінде байланыс арнасы коммуникант жасаған мәтіндерді жазбаша жазып алуға мүмкіндік береді. Әдетте сөйлеу кезінде әр саланың мамандары арасындағы қарым-қатынас әртүрлі болады. Мысалы, филолог маман және маман еместің арасындағы тілдік коммуникация өз деңгейіне жетпей, белгілі бір шегінде тоқтап қалады. Яғни коммуникация толық жүзеге аса алмайды. Себебі әр сала мамандарының өз термині мен сөйлеу жүйесіндегі ұстанымдары болады. Осы тәрізді жайттарды екінші коммуникант білмесе қарым-қатынас толық болмайды. Сондықтан интернеттегі форум-коммуникацияны әр сала мамандары үшін жасалған пікірталас орталығы деп айтса да болады. Мұнда белгілі бір коммуникант өз саласы жөнінде екінші коммуникантпен сөйлесіп, өз ойы мен пікірін ортаға салып, қарым-қатынас жасай алады [4].

Тақырыптың бастамасы: «Жаңадан шыққан қазақша майл ру агент». Ж.: Менде қазір сондай тур. Айтатыным бытшыт! Көп сөздерінің мәні жоқ. Маған ұнамайды. Нағыз қазақ тілін білмейтін шала қазақтар жасаған ғой. К.: Жоқ, аудармасы әжептәуір, кейбір қателер бар, әрине, оның бері жағында Windowsтың өзінде адамның күлкісін келтіретін қателер бар, бұл кешірімді. Д.: Бір қызығы, қосылғанда «Қотарылуда» деп тұрады ғой (Смайлик «күліп тұрған») нені қотарып жатыр? (Смайлик күліп тұрған). Түсініксіз.... Ол сөзді Майлагенттен ғана көрдім (Смайлик күліп тұрған). К.: Мен бұл сөзді көрмеппін ғой, қайда тур ол? (Смайлик күліп тұрған) Д.: Қосылып жатқанда тұрады (Смайлик) Қосылғанда күтіп отырсаңыз шығады. Орысша «ожидается» дегеннің аудармасы болу керек (смайлик) К.: аааааааа, қызық екен, менде қосылу деп жүктеледі. Бұл интернет қуатын болды. Ии ........әйтеуір.

Электрондық пошта Интернеттің танымал қызметтерінің бірі. Желі тұтынушылары арасында мәлімет алмасу ісін жүзеге асыратын қызмет жүйесі. Ол арнайы пошта программалары көмегімен жүзеге асырылады, мысал ретінде, Outlook Express программасын атауға болады. Оның көмегімен санаулы минуттар ішінде коммуниканттар хабарды жеткізе алады. Ол үшін пернетақтадан тиісті хабар мәтінін теріп, белгілі бір коммуникантқа (адресантқа) жіберу басты мәндет ретінде саналады. Жалпы электронды поштадағы қарым-қатынас жүйесі ауызекі сөйлеу тілімен өте ұқсас болып келеді. Жалпы интернет – коммуникациядағы жазба және ауызша сөздің (интонация, тон) паралингвистикалық құралдардың (сурет, фотосурет, шрифт, түс, графикалық символдар (смайликтер) және т.б.) жазбаша сипатына қарай бейімделуін көрсетеді. Сондықтан ауызша сөйлеуде қолданылатын паралингвистикалық құралдар мұнда қолданылмайды. Интернетте әріптер, сандар және тыныс белгілер паралингвистикалық амалдарды толық атқарады деп айтуға болады. Интернет тілінде бұлар смайлик немесе эмотикон деп те аталады.

Желі коммуникациясындағы негізгі смайл белгілер. Желі коммуни-кациясында қолданылатын смайликтердің (латын тілінен алғанда smaile – күлкілі езу; смайликтерді ең алғаш 1982 жылы Скот Фарман деген адам ойлап тапқан) немесе эмотикондардың болуы интернеттің ерекше өзіндік бір жүйе екенін дәлелдей түседі. Смайлик– дәстүрлі жазбадағы пунктуациялық әріптер мен цифрлардан құралған графикалық белгілер. Қазіргі таңда көптеген желі ресурстарында мәтін хабарламаларын сурет-бейнелермен толықтыру кеңінен қолға алынуда.

Жалпы алғанда қазіргі интернет жүйесіндегі таңбаларды былайша бөліп көрсетуге болады:

Қазақ интернет жүйесінде негізінен мыналар қолданылады:


  1.  :) (қос нүкте және жабық жақшадан тұратын смайлик) – күлкілі езуді білдіреді.

  2.  :( (қос нүкте және ашық жақшадан тұратын смайлик) – қайғыру, мұңдануды білдіреді.

  3.  :-( (қос нүкте, сызықша және жабық жақшадан тұратын смайлик) – ренжу, ызалану сезімін білдіреді;

  4.  ;) (нүктелі үтір мен жабық жақшадан тұратын смайлик) – қу немесе сарказмдық мінезді білдіреді. Кейде ол контекс ыңғайына қарай күлкіні де бейнелейді;

  5.  :-/ (қос нүкте, сызықша және қисық сызық) – мысқылдау немесе сарказм үшін қолданылады;

  6.  ;-) (нүктелі үтір, сызықша және жабық жақшадан тұратын смайлик) – жартылай көңілденуді білдіреді;

  7.  :-# (қос нүкте, сызықша және торша) – айтуға болмайтын құпия нәрсе;

  8.  :-* (қос нүкте, сызықша және жұлдызша) – бетті сүю;

  9.  :'-( (қос нүкте, сызық, сызықша, жабық жақша) – жылау;

  10.  :-/ (қос нүкте, сызықша, қысық сызық) – мырс ету;

  11.  :-│ (қос нүкте, сызықша, түзу сызық) – ерінді қысу;

  12.  :*) (қос нүкте, жұлдызша және жабық жақша) – мұрынның қызаруы;

  13. }:-) (жабық фигуралы жақша, қос нүкте, сызықша және жабық жақша) – қасты жыбырлату;

  14. │):-) (сызық, жабық жақша, қос нүкте, сызықша және жабық жақша) – милиционер;

  15. [:-│ – (жабық тік жақша, қос нүкте, сызықша және сызық) – франкештейн

  16. >:-) (жабық фигуралы жақша, қос нүкте, сызықша және жабық жақша) – панк (жастардың шаш қою формасы);

  17. ~:-) (ирелең, қос нүкте, сызықша және жабық жақша) – панк;

  18. ^ ¬¬¬¬– ^ – жапондық күлкі;

  19. \¬¬–/> – кружка;

  20. ││> – төртбұрышты кружка;

  21. ( )> – дөңгелек кружка.

Бұл белгілер вербалды хабардың мән-мағынасын толықтырумен бірге, қосымша ақпарат береді, жазуды үнемдеу үшін немесе айтуға болмайтын сөз орнына қолданылады. Смайликтердің арнайы қолданылу орны болмайды. Интернетте мұндай смайликтерді қолдану интернет тілін одан әрі қызықты қылып әрі хабар алмасуды жетелдететіні сөзсіз. Бір жағынан смайликтер аббревеатуралардың да қызметін атқарып отырады. Жоғарыда біз қазақ интернет желісінде көп пайдаланылатын эмотикондарды көрсеттік. Ал қазақ интернет жүйесінде өте аз кездесетін смайликтер де бар. Олар негізінен әріп, сан қосындыларымен және тыныс белгілерінің қосындысымен берілетін смайликтер:

Әріп қосындысымен берілетін смайлдар



  1.  : І көңіл-күйі жоқ

  2.  :Q темекі тарту

  3. І І ұйықтау

  4.  :-F сынық тісі бар адам (вампир)

  5.  : О қатты сөйлеу

  6.  :* бетінен сүю

  7.  : D күлу, мәз болу

  8. І 0 есінеу

  9.  :-Х (айтуға болмайды, құпия)

  10.  :-І вампир

  11.  :-* ащы бір нәрсену жеу

  12.  : @ ыңырсу, ұлу

  13. U> кружка

  14.  :-P тілін көрсету

  15. Ж-І сараңдану

  16. (В-І) танкідегі сияқты көзілдірік киіп алу

  17.  :-О таң қалу

Сандардың қосындысымен берілетін смайлдар

  1.  : э ойлану

  2.  :-7 жиеркену

  3. ]:=8 сиыр

  4. 8-) Көзілдірікпен күлу

  5. >-=>>>>>>8> Көзі дәу балық (Вобла)

  6. =)))))8) өлшемдік белгі

  7. ^0=0- Формула-1

  8.  % ) шексіз бақытты болу

Бұл графикалық қосындылар коммуниканттардың мәтінді жазып қатынас жасауындағы жылдамдықты жеделдету үшін, жазбаша тіл мен ауызша тілдің жылдамдығын теңестіру мақсатында қолданылады. Интернет тіліндегі көп нүкте, нүкте, үтір немесе көп үтір, қос нүкте тәрізді белгілер спецификалық семантикаға, яғни әртүрлі пунктуациялық белгілер мәтін ішінде белгілі бір мағынаны белдіріп, коммуниканттың ойын одан әрі әсерлі етумен көмектеседі. Интернет коммуникация жанрында әсіресе электронды пошта коммуникацияда бұл тәрізді белгілер барынша мол қолданылады. Мұны біз электронды поштадағы көптеген коммуниканттардың арасындағы мына бір полилог мәтінінен көреміз

А.: Ух ты Гадок, фото супер! Класс....═))

RAHMEEEEEEEEET!!!!!!!!!!!!!!! RAHMEТ, KRASAVITSIA!!!!!!!!!!!!!




Л.: +5! Эффектно шыққан. – Nan RAHMEt ozindei karindasi bar Bizder bakittimiz.

Ы.: tipa jyldyzdargo С.: Почему типа жулдыздар? Есин дурис емес, шын жулдыздар. гламурно гой





А.: Алга, алга казак жигиттери! С.: Адай Жанай Алга!!! Д.: ее ne Adai lardi bolip otsin jdanda birge jyreik Ж.: ай надандар-ау! НЕ ол ру деген? Ислам дінінде вооообще жок ко! bargo kazir ol joiip bara jatir? nege jok RU atasyn bilmegen nadango келисип турсындар мамбеттер. Хахахаха

Б.: ═).. Рахмет! Ф.: ))))))))))))))) Н.: Рахмет))!!!! Ой друзья гулдер баринен адеми – Болишщоооооооооооооооойййййй рахмет саган! С.: ^ ) О.: Ой кандай керемет!)))) Л.: mashALLAH prosto Super! Т.: Тема

Берілген мысалдарда адресаттың немесе адресанттың интонациясы да байқалады. Проф. З.Базарбаева интонацияның негізгі компоненттеріне әуенді, қарқынды, ұзақтылықты, паузаны, интенсивтілікті және тембрді жатқызады. Бұлар тіл білімінде просодикалық тәсілдер деп те аталады. Сөйлеу кезінде бұл аталған просодикалық компоненттер бір-бірімен тығыз байланыста болып, коммуниканттың мақсатын аңғартып отырады. Интернетте аталған компоненттер шама-шарқынша бейвербалды таңбалар арқылы көрініс береді. Интернетте дауыс модулінің көтеріңкі сарында айтылып тұрғандығын бас әріп және жұлдызша атқарады. Мысалы, Салам )* өзің ойланшы – сен туралы жақсы айтуға бола ма, жоқ АЙКА туралы ма*))))))) ӘРИНЕ ЖОҚ- бір нәрсе «ЖАҚСЫ!!!!!!*». сені сағындық)* сүйдім)* . Ал сөздер тек бас әріп таңбасы арқылы берілсе, онда сөйлесушінің эмоциясы көтеріңкі екенін, яғни «жар салғанын» байқауға болады. Мәселен, бүтін сөйлем бас әріптермен берілсе, дауыс тоны көтерілген, бұйырған, сұраған, тінген реңкті байқатады. Мысалы, НЕГІЗІНЕН МЕН БӘРІҢДІ ЖАҚСЫ КӨРЕМ! ЖАСАН АДАМ БОЛСА ДА МЕН ОНЫ ДА ЖАҚСЫ КӨРЕМ! МЕН ОНЫ ТҮСІНЕМ! МАҒАН МАЙКЛ ҰНАЙДЫ!

Қазіргі қазақ медиа-мәтіннің прагматикасын зерттеп жүрген ғалым Қ.Есенова пунктуациялық белгілер мәтін ішінде өзіндік қызмет атқарады дей отырып былай дейді: «Көп нүктемен келетін тақырыпаттарды құрайтын сөздердің семантикалық айқындығы және көмескілігі жағынан 3-ке бөлінеді. А) сөздер тура мағынасында қолданылып, мақалада көтерілетін мәселе туралы нақты ақпарат береді, мұндай тақырыпаттарды эксплицитті сипаттағы тақырыпаттар деуге болады; ә) баяндалатын мәселе туралы жанама түрде хабарлайтын жартылай ақпараттық сипаттағы тақырыпаттар. б) тақырыпаттардың келесі тобын астарлы ойға құрылған, құрамындағы сөздердің семантикасынан мақалада көтерілген мәселе туралы, нақты мәлімет алу мүмкін емес, авто позициясы беймәлім болатын имплицитті сипаттағы тақырыпаттар құрайды»[5].

Сонымен интернет желісі – жазбаша формаға негізделсе де тілдегі интонация құбылысы мұнда әртүрлі тілдік емес элементтер арқылы беріліп отырады. Яғни жабылған жақша немесе жабылған көп жақшаның, көп нүктенің, леп белгісінің сансыз көп қойылуы коммуниканттың дайындаған сөйлеміне жан бітіріп қана қоймай‚ оның қарым-қатынастық қызметін күшейтеді. Олар сөйлемдегі ойды тиянақтайды, пікірді дәл түсінуге көмектеседі әрі тыңдаушының сезіміне әсер етеді. Сөйлеу процесінде адамның көңіл күйінің көтеріңкілігін немесе ренішін интернетте осындай тілдік емес белгілер атқарады.

Сондай-ақ О.Рогинскийдің пікірімен де келіспей қоюға болмайды. Оның ойынша, электронды хатқа тән байланыс арналарының, бірқатар техникалық өлшемдердің өзгеруі сол арқылы хат жіберудің аса жоғары жылдамдығының өзгеруі мынадай нәтижеге әкеліп тірейді: «нәтижесінде дауыстап жауап бересің (немесе жауап бермейсің), бірақ ол әрбір электронды хатта толық көрсетіле бермейді»[6].

Интернет-қатынасындағы орфография бұрмалануының ең соңғы формасы «албан тілі», яғни «креатифф», «эрративті тіл», «аффтар тілі», «падонкаф тілі», «превед тілі», «неограф тілі», «ОРФО-арт тілі» деп аталып жүр. Және олар желілік сленгтің ерекше түрін, яғни лексика қабатында өзінің «екінші рет өмірін» тапқан ерекшелікті танытады.Е.И.Галяшинаның «Проблемы дифференциации спонтанной и подготовленной речи» деген мақаласында дайындықпен және дайындықсыз сөйлеудің ерекшелігін, оның лингвистикалық белгілерін жүйелі түрде көрсетеді [7] Ғалым көрсеткен бұл белгілер, яғни ерекшеліктер веб-коммуникация жүйесінде де кездеседі Интернеттегі коммуникативтік орта (ресми емес сайттарда) көбінесе спонтандығымен, бірреттілігімен және жекелігімен ерекшеленеді. Желі коммуникациясының «жазба-ауызша» жанрында көптеген тілдік қайталаулар болады. Ауызша әдеби тіл түрлерінің адресаттың жеке, ұжымдық немесе бұқаралық сипаты арақатыстылығының принципі Мұнда ауызша сөйлеу (жеке адресат), ауызша ғылыми (ұжымдық адресат), ауызша бұқаралық сөйлеу тілі жеке субъектіге немесе ұжымдық адресатқа бағытталып отырады.

Интернеттегі графика мәселесі. Интернеттегі графика дәстүрлі түрдегіден айрықша болады. Вербалды графикалық веб-құрылымда латын және кирил әріптері қатар қолданылатын тұстары мол. Вербалды таңбалардан басқа интернетте акценттік, интонациялық, маркерлі навигациялар (әріп астын сызу, гиперсылкалар т.б.) жиі қолданылады. Мысалы, КЕШІКПЕ!!!!!!!!!! т.б. Интернетте латын және кирил әріптерінің қатар көрінуі бірнеше сатылардан тұрады.

Бірінші – қазақ сөздері латын әліпбиімен безендірілуі: Senimen soilespegeli min jil boldi goi.

Екінші – қазақ мәтінін беру үшін латын және кирил әріптерін қатар қолдану. Бұған басқа тілдердегі фрагмент мәтіндерді және латын транслитерациясы арқылы берілетін қазақ мәтіндерін жатқызуға болады. Мысалы, кирил және латын фрагменттері арқылы жасалған мынадай сөздер жиі қолданылады: SOOган бердің бе? Неге? ОйлаN? т.б.

Үшінші – кирил әліпбиімен безендірілуі, яғни қазақтың төл әріптерінің орнына орыс тіліндегі әріптерді қойып қолдану: Сен кимге барасын, олай истедин, мен магазинге сагат уште шыгам. Сен ше? Қазақ тіліндегі і, ғ, ү тәрізді төл графемалар түрленіп, орыс графикасындағы бар таңбалармен алмастырылған (і → и, ғ → г, ү → у).

Төртінші – қазақ тілі нормаларына сай өрнектелуі. Бұған арнайы тіркелген файлдарды жатқызуға болады. Интернетте әсіресе жарнама мәтіндерде, компьютер ойындарына берілетін нұсқаулықтарда, музыкалық каталогторда, яғни МР3-де латын графикасына негізделген қазақ әліпбиі қызмет етеді. Ал қазақтың қ, ғ, ң, ә, і, ү, ұ тәрізді төл графемалары кейде тіпті қолданылмай жататын тұстары бар.

Көріп отырғанымыздай, қазақ тіліндегі интернет графика бірізді емес. Бірде қазақ әліпбиі қолданылса, бірде орыс немесе ағылшын әріптері пайдаланылған. Бұл құбылыстың да жастардың жазба тіліне кері әсерін тигізері анық.
Пайдаланылған әдебиеттер


  1. Буева Л.П. Общение // Философский энциклопедический словарь/ Под. Ред. Л.Ф.Ильичева, П.Н.Федосеева, С.М.Ковалева, В.Г.Панова. М., 1983. С.447

  2. Земская Е.А. Писменная речь// Русский язык: Энциклопедия/Под. Ред. Ф.П.Филина. М., 1979. С.205

  3. Арциховский А.В.Борковский В.И. Новгородские грамоты на бересте. М., 1958. С.71(4)

  4. Htts://kk.m.wikihedia.org. сайты

  5. Медведев А. Диалог// Русский язык. М., 1967. С. 974.

  6. Рогинский О. Устная публичная речь// Русский язык. М., 1994. С.362

  7. Галяшина Е.И. Проблемы дифференциации спонтанной и подготовленной речи.


ҚАЗАҚТЫҢ ХАЛЫҚ ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ӘН МӘТІНДЕРІНІҢ ТАНЫМДЫҚ МӘНІ МЕН ЛИНГВОСТИЛИСТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ
Сейтжанова Сымбат - 5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 2-курс студенті

Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор (доцент) С.А.Жиренов
Ән – көңілдің ажары кез - келген жиын – тойдың сәні ән мен жыр екендігі белгілі. Ән айтылып, күй тартылмай, ойын – сауық болмай қазақ тойдан тарқаған емес.Қашанда әуезді ән адамның көңілін көтеріп, өмірге деген құштарлығын арттыра түседі. Ән тек қана көңіл көтеріп, қызықтау ғана емес, рухани жақтан адамға дем беріп, шабыт беріп отыратын қуатты құрал. Ән музыкалық шығарманың мәнерлеп, әсем ырғақпен, дауыстап айтылатын түрі, әуен, сазды үн. Қазақ халқының ежелден келе жатқан рухани – мәдени мұраларының бірі – фольклор. Осы кезге дейінгі ғылыми әдебиеттерде фольклор – сөз өнері, халық даналығы, ел естілігі ретінде көрсетілген.

«Кезінде ғалымдар фольклордың этнографиялық сипатын көрсетіп, « фольклортануды » өнертану ғылымымен салаластығын да көрсеткен. Осы мәселеге орай В.П.Аникин мен Ю.Г.Круглов: « Очень существенно, что отделение фольклористики как искусствоведческой дисциплины от этнографии признают и видные представители последней » ( Русское народное поэтическое творчество. – Л., 1987, 6 – б.), - деген болса, Ю.В.Бромлей « этнография мен өнертану салаларының сабақтастығын анықтауда оларды әрі эстетикалық, әрі этникалық қызмет атқаратыны ескерілуі қажет екенін ескертеді» ( Этнос и этнография. – М., 1973, 223 – б. ).

Бұл ғылыми саласының мақсаты – халқымыздың музыкалық мәдениетін, соның ішінде фольклорлық мұрасын жете игеріп, негізгі белгілері мен сипаттарын ажырату. Осыған орай қазақ музыкалық фольклорына байланысты арнайы зерттеу еңбектерімен танысып, фольклор туындылары – халық ән – күйлерін тереңірек игеру міндеті де туады.

Көне дәуірлерден келе жатқан музыка үлгілерінің халықтық тыныс – тіршілігі – этнографиясымен байланысты екені айқын. Музыкалық фольклордың тікелей халқымыздың тұрмыс – салт ерекшеліктерінен де туындайтын үлгілері де аз емес. Осы белгісіне орай, қазақ халқының музыкалық фольклорын үлкен екі арнаға жіктейміз:



  1. Салтқа байланысты туған фольклор үлгілері. Оған « Сыңсу », « Тойбастар », « Бесік жыры », « Жоқтау » секілді салт – дәстүр аясында өмір сүретін шығармалар жатады.

  2. Салттан тыс фольклор туындылары. Бұл салаға эпикалық жанр – жыр, толғау, терме, желдірме, ертегілік, тарихи, лирикалық әндер мен халық күйлері жатады. » [ 1, 8-9 б ]

Қазақ халқының музыкалық фольклоры ғылымда әр түрлі аталып келеді: бірде халық шығарашылығы, бірде халық поэзиясы, бірде халық әндері болып жүр.

«Қазақ халқының музыкалық фольклорына қатысты мәліметтер XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың бас кезіндегі шетел, орыс ориенталистері мен қазақ ағартушыларының еңбектерінде азды – көпті қамтылған. Олардың қатарында А.Е.Аллекторов, А.Э.Бимбоэс, Г.И.Гизлер, Ә.А.Диваев, И.Д.Добровольский, А.И.Левшин, П.С.Паллас, Р.А.Пфенниг, В.В.Радлов, С.Г.Рыбаков, Н.Ф.Савичев, Ш.Уәлиханов, А.Ф.Эйхгорн, т.б. атауға болады.

Өзінің « Қырғыздар мен сарттардың халық әндері » атты мақаласында Р.А.Пфенниг: « Бұл халықтар бірде – бір жиын тойды әнсіз өткізбейді », - деп жазады. Ол негізі тұрмыс салт және салттан тыс фольклорды сөз еткен.

Белгілі ориенталист А.Э.Бимбоэс « Музыкальная этнография » деген айдармен қырғыздың 25 әнін бастырған. Қазан төңкерісіне дейін Қазақтардың қырғыз аталғаны мәлім болса, мұның бәрі қазақ әндерінің көркем үлгілері болған» [ 1, 13 – 15 б].

Халық әндері – сарқылмас қазына. Оны жәй ғана ән салу, көңіл көтеру деп түсінуге болмайды. Себебі әннің толып жатқан өзге де қасиеттері бар. Ән – өнер. Ән – адамның көңіл – күйі, тебіренісі мен толғанысы, қуанышы мен жұбанышы. Ән – табиғат суреттемесі. Ән – халықтың көркем ой – санасы, көркем тарихы. Ән – өмір айнасы. Олай болса, бізге әсер еткен өмір құбылыстарының барлығы дерлік ән арқауына айналып отырған.

Қазақ өнеріне қосқан дәстүрлі әндер, термелер жыр деп – батырлар ерлігін баяндайтын ауыз әдебиеті шығармаларын атайды. Батырлар жырының негізгі мазмұны ел мен жерді қорғаудағы батырлар мен жауынгерлердің ерен – ерлігін насихаттау. Көнеден қалған бүкіл қазына байлықтың қасиеттісі де, қымбатты да адамның өмірлік ғибратына жарар насихат, өсиет, нақыл сөздер. Ақыл дария – теңіз хикаяттарды сара пайымдалуынан өткізе отырып, тоқсан ауыз сөздің түйіні деген керемет тұжырымдарға, насихат өлеңдерге әкеп тіреп отырған. Олардың негізгі арналары ең алдымен ерлік пен елдікке, сүттей ұйыған ынтымаққа, адамгершілік пен парасатқа, кісілік пен қайырымдылыққа, адамға қажетті ғажайып қасиеттері тұс – тұстан келіп толассыз құйылып жатады. Қазіргі ойы жүйрік тілі көркем, ақпа ақындарымыздың ішінде де насихат сөз қалдырғандары жетерлік.

Дәстүрлі кәсіби әндер кемел құрылымымен, кең диапазон, күрделі ырғақ – иірімдерімен ерекшеленеді, сондықтан дәстүрлі әндерді негізінен, арнайы ұстаз алдын көрген әншілер ғана орындайды.

« Дәстүрлі әндердің көбісі – қаратпа әуен – сөздерден басталады. Қазақтың дәстүрлі кәсіби ән өнері, әсіресе XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында өз дамуының шарықтау биігіне жетті. Қазақ өнерінде сал – серілердің пайда болуы кәсіби дәстүрлі ән өнерінің шарықтап дамуымен тығыз байланысты құбылыс. Сал – серілер деп, әдетте бір басына бірнеше өнер қонған, сегіз қырлы, бір сырлы өзгеше дарын иелерін айтқан ». [ 2, 4 б]

Дәстүрлі ән – терме, толғау, арнау жырларымыз ерте кезден бірден бірге халық жадында сақталып ауызба – ауыз берілген. Ол уақыттарда қазіргідей композитор шығармасын жаттап алып, радио, теледидардан орындау жоқ болды. Шығарған әнін әнші композиторлар өздері орындап насихаттаған автордың әншілік дарыны жоғары болса ондай жағдайда ән, терме шығарған шығармалары тыңдаушыларын қызықтырып тез тарап кететін. Ал жақсы әнді шығарманы қабылдаған әнші тиісті дәрежеде орындай алмаса ондай туындылар өзі таралады.

« Дәстүлі ән өнері әншілік шеберліктің аясында ғана емес ұлттық өнердің барлық қырына дендеп еніп жатқандықтан, ұлттық болмыстың табиғатын түгел қамти түсті. Бұның бәрі мемлекеттік қолдаудың, соған бағыт сілтеген, сол игі істі қорғап, қолпаштауға жүрегімен кіріскен азаматтарымыздың арқасында іске асқан еді. Кеңестік идеологияға қайшы келген тұсын көмескілеп тастағанның өзінде де, дәстүрлі әншілердің орындау шеберлігі шынымен кәсіби мамандардың бағасын алып та үлгерген кезең еді. Әнге деген махаббат биік талғам, терең құндылықтарды қарастырады. Ол ұлтқа деген құрметті арттырып, отан сүйгіштікке дәріптейтін аса бағалы өнеріміздің бірі. Себебі әр ән – бір тарих, әрбір ұлттық әуен – ұлт рухының тынысы! » [ 3, 11 б ]

Өз мазмұны бойынша, тұрмыстағы орнына сай қазақтың халық әндері бірнеше түрге бөлінеді:


  1. Халықтың ескілікті наным – сенімінен туған әндер

  2. Еңбек пен шаруашылық кәсібіне байланысты туған әндер

  3. Тұрмыс - салт әндері

  4. Эпикалық жырлар

  5. Тарихи әндер

  6. Лирикалық әндер

  7. Айтыс

Халықтың ескілікті наным – сенімінен туған әндер. «Жаратылыс дүниесінің толып жатқан құпия сырларына табыну, табиғат құбылыстарының дүлей күшінен қорқып, соған еріксіз сыйынып, жалбарынудан туған әндер тобына Бақсылар сарыны, Бәдік, Арбау әндері жатады. Адам баласы табиғаттың қорқыныш тудыратын үрейлі құбылыстарының бәрін тәңірге санап, күнге, бұлтқа, желге табынып келген.

Ескіліктің наным - сенімінен туған әндердің бір алуаны – бақсылар сарыны. Бақсылар сарынының негізгі мақсаты – түрлі ауруларды емдеу. Бақсы жын , пері, албасты басты делінетін ауруларды қобыз арқылы сарнап, көшіреді. Бақсы сарыны үлгісі ретінде Шұңқыр бақсының сарынын келтіреміз:



Үзеңгісі үзбе алтын, оу, үзіне шапқан, жайсаң қыз .

Әу, Ей! У, гай, ау, гай, ау, ой, у, гай, у, гай – ай.

Қазақтың емшілік кәсібінен туған бәдік әндерінің өз заманы үшін өмірлік мәні болған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет