Тапсырмалар:
1.«Психолого-педагогикалық диагностикалаудың міндеттері» атты кесте құру.
2.Мүмкіндігі шектелген балалардың әр түрлі категориясындағы сандық қатынастарының диаграммасы
Қазіргі кезде диагностика әлеуметтік практиканың мынандай салаларында кеңінен қолданылады. 1.Кәсіби таңдау мен кәсіби бағдар. Психологиялық-педагогикалық диагностика шаралары жеке сапа ерекшеліктерін, кәсіби маңызды сапаларын, кәсіби жарамдылығын, оқыту мен тәрбиенің тиімділігін жақсартуын зерттеуге бағытталған.
2. Әлеуметтік мінез-құлықты болжау (қылмыс себептерін зерттеу, некені диагностикалау).
3.Оқыту мен тәрбиені оптимизациялау (мектеп диагностикасы). Психологиялықпедагогикалық диагностиканың бұл саласы халыққа білім беру міндеттерімен тығыз байланысты.
4. Психотерапевтік жәрдем клиникалық психиатрияның әдістемелерімен қамтамасыз етеді. (клиникалық психодиагностика) Бұл соттық психологиялық- психиатриялық экспертизамен және т.б. тығыз байланысты. Көптеген отан, шетел психологтарының зерттеулерінде психодиагностиканы ғылыми зертттеу және ғылыми практикалық түрлерге бөліп көрсеттеді. Ғылыми практикалық психодиагностика қоғамдық практиканың әртүрлі міндеттеріне бағытталады. Білім берудегі мектепке дейінгі, мектеп жасындағы баланың психологиялық салауаттылығын дамыту міндеттіне бағытталады. Білім берудегі мекемелеріндегі психодиагностика педагогикалық мәселемен тығыз байланысты. Ол едәуір тиімді ықпалды таңдауды сонымен қаттар белгілі бір психологиялық жағдай жасауды көздейді. «Психологиялық диагностика» терминін алғаш рет ХХғ. 20 жылдарында пайда болып алғашқыда медициналық ғылымда (психатрияда: Г. Роршах «Психологиялық диагностика», 1921ж), содан кейінен индивидтің немесе кіші топтың психологиялық күйін анықтауды сипаттайтын психологиялық түсінік ретінде қолданыла бастады. Дәлірек айтқанда, Психодиагностика (психо... және diagnostikos - айырып тануға қабілетті) - адамның психикалық қасиеті мен күйін ғылыми дәлелді тәсілдер арқылы сандық сипатта бағалайтын және нақты сапалық тұрғыдан талдайтын, сөйтіп адам психологиясының көрінісі туралы дұрыс болжамдық мәлімет беретін ізденіс аумағы.
Психологиялық-педагогикалық диагностика грек сөзден (грек -жан диагностика-анықтау, танып білу қабілеті деген ұғымды білдіреді. Психодиагностика тұлғаның жекелей психикалық ерекшеліктерін өлшеп анықтайтын әдістерді қарастыратын психологияның бір саласы.
Психодиагностика әрі теориялық, әрі тәжірибелік ғылым. Тәжірибелік психодиагностикамен айналысатын психологтың кәсіптік қызметінің күрделі де жауапты саласы.
Психодиагностика негізгі міндеттері:
1. Психодиагностика-бұл психология ғылымының саласы ол адамның жеке психологиялық ерекшеліктерінің зерттеу, яғни психологиялық диагноз қою, тексеру әдістерін аңықтау, әзірлеуін білдіреді.