Күту мақсатындағы кесу жұмыстарының биологиялық негіздерінің бірі болып келесі басты жағдайлар есептеледі: а) қолайлы өнімділікті орман бітімін құрастыруда, ағаш бөрікбастарының физиологиялық белсенділігі көп мөлшерде пайдаланылуы; б) өз кезегінде егіліп өсіп тұрған екпелердің көлемін ағаштармен толықтыру; в) ағаштарды олардың биологиялық ерекшеліктеріне байланысты және орман өсіру талаптарына сай келетіндей етіп орналастыру; г) төзімді, көп жылдық, жоғары сапалы қарқынды дамитын ағаштардан құралған екпелер өсіру; д) орман фаунасына пайдалы және орманға көп пайда әкелетін микроорганизмдерге қолайлы жағдай жасау. Таза отырғылардағы түрішілік байланысын реттеу .
Күтудің экономикалық негіздері халық шаруашылық маңыздылықтарымен тұқымдастарының орман шаруашылық қасиетіне және нақты табиғи жағдайларға байланысты күту кесулерін жүргізу үшін, ағаштың негізгі тұқымдасы анықталып, кесу жұмыстарының басталу және қайталану уақыты белгіленіп, кесуге жарамды ағаштарды іріктеу, өсіруге жарамды ағаш іріктеу принциптері оның қарқындылығы, кесуге арналған жұмыс құру және оның технологиясы анықталады. Халық шаруашылығына және тұрғындарға қажетті қосымша ағаштарды іріктеп алу орман қоймаларын тиімді пайдалану, қосымша шикі заттар алу, яғни қылқанды және дәруменді ұнтақ алу жағдайлары күту кесулерінің басты экономикалық алғы шарттары болып табылады.
Қазіргі кезде қылқан жапырақты және қатты жапырақтылар тұқымдастарына аса назар аударуда, сондықтан оларды ең басты ағаш тұқымдары деп біледі. Бұл жерде басқа қайың және көктерек ағашы тұқымдардың ең басты ағаш тұқымдарына жатпайды дегені емес егерде орман шикізат базасы сіріңке комбинаты мен күшейіп тұрса, онда әрине бұл жерде көктерек ағашы тұқымдасы ең басты тұқымдас болар еді, сондықтан ең басты тұқымдарына көп өнім беретін, шикізат базасын көтеретін тұқымдар жатады және оларға көп назар аударылып, күтім жасалады. Бұрын орман шаруашылығында бекіп қалған қағида болған, онда күту кесулері ерте басталуы керек делінген, бірақ мөлшерленген қарқынмен жиі орындалып тұруы керек. Мұнда, қағида таза екпелерде жасалатын күту кесулерінде, әсіресе, жас қарағайлы екпелерде қалыптасқан. Қазіргі кезде көптеген аралас ағаш бітімдері өсіп тұрған жерлерде орман шаруашылық және экономикалық жағдайлары келесіні көрсетеді: күту кесулерін кешірек бастап, оны жоғары қарқынмен, сирек қайталап тұру керек дейді бұл принцип солтүстік аудан ормандарында биологиялық тұрғыдан дәлелденеді, онда орман оңтүстікке қарағанда баяу өседі.
Күту кесулері арқылы аумаққа тиісті ағаш санын анықтауға болады, сонымен қатар олардың орналасуын анықтауға да болады. Сондықтан басты ағаштарға өсуге бөгет жасайтын тиімсіз ағаш тұқымдары алып тасталады, ішінен тек қоректік заттыларын алып қалады, ол орманның өсуін жақсартады.
Ағаштарды кесуге іріктеп алумен бірге оның орындалу қарқындылығы да қатар жүреді. Егер біз көп ағаш кесетін болсақ, онда ағаш бітімінің тұрақтылығын жойып, т.б. қолайсыз өзгерістер әкелуіміз мүмкін. Ал егер біз мөлшерімен аз ағаш кессек, онда кесудің мақсаты өз шешіміне жетпейді және ол экономикалық жағынан аяқталмайды. Сондықтан ағаштарды кесуге іріктеу принципі мен оның қарқынын таңдау орман шаруашылық іс-шараларында өте маңызды міндет атқарады
Күту кесулері кезінде жұмысты ұйымдастыру және территорияны белгілеу алдын-ала кесу жұмыстарының орындалу технологиясын анықтайды және ормандар ауданын үлкейту мен күту кесулеріне деген жаңа амал-тәсілдерін қолдану алдында кесу жұмыстарындағы жұмыскерлердің өндіру мүмкіншіліктерін қарастырады.
Бақылау сұрақтары:
1. Күту кесулері арқылы аумаққа тиісті ағаш санын анықтау?
2. Күту мақсатындағы кесу жұмыстарының биологиялық негіздері?
3. Күтудің экономикалық негіздері халық шаруашылық маңыздылықтары?
Достарыңызбен бөлісу: |