Қазіргі кезде құрылыс өндірісінде индстрациялау жоғарғы деңгейге жеткен. Индустрациялау əдісімен салынатын құрылыс-монтаждау көлемі өсіп, даму үстінде


-сурет. Тригонометриялық 60-сурет



бет39/47
Дата06.02.2022
өлшемі5,32 Mb.
#79897
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   47
Байланысты:
Абуова геодезия С-19
81930, 81930
59-сурет. Тригонометриялық 60-сурет.Жер дөңестігіне жəне
нивелирлеу тəсімі рефракцияға түзету енгізу

Сонда 59-суреттен,




h + l= h/ немесе h= h/+ i- l. (104)


h/ = d×tqv есепке ала отырып, тригонометриялық нивелир-леудегі өсімшені анықтаудың қазіргі пайдаланылып жүрген фор-муласын жазуға болады,



h= dּtqv+ i- l.

(105)

Егер көздеу осін, нысанадағы аспап биіктігіндей биіктікке бағыттасақ, яғни i=l, онда топографиялық түсірістерде кеңінен қолданылып жүрген, қысқартылған өсімшені есептеу формуласын алуға болады:





119

h = dּtqv.

(106)



d, i, l мəндерін табу өте (өлшеу) жеңіл. h = d×tqv формуласы арқылы өсімшені есептеуде көбінесе, арнаулы тахеометриялық кестені пайдаланады.



  1. жəне (106) формулалар Жердің дөңестігін жəне реф-ракцияны есепке алмайды, яғни бұл формулалар арқылы өсім-шенің жуық мəнін ғана есептейді. Жер дөңестігі жəне рефрак-

цияның геометриялық мəнін 60-суреттен түсіндіруге болады. Айталық, А, В жəне I нүктелері арқылы бастапқы 00/ дең-


гейлік бетке параллель деңгейлік беттер жүргізілген. Жарық рефракциясының əсерінен көздеу сəулесі / шамасына ауысады. Сонда бақылау нəтижесіне рефракция үшін түзету СЕ/=r деген шаманы енгізуіміз керек. Ауа тығыздығы Жер бетінен биіктеген сайын азая беретіндіктен, / шамасының бағыты дөңес жағымен жоғары қарай қараған.


60-суреттен рефракцияға түзетумен бірге Жердің дөңестігіне түзету деп аталатын К түзетуін қоса қарастырады, суреттен,





h+ r+ l = i+К+СD немесе h = СD+ i – l + ( К - r).

(107)



IDС үшбұрышында D нүктесіндегі бұрыш тік бұрыш болған-дықтан жазатынымыз:



СD = d tqg.

(108)

Жоғарыдағы формулаларды есепке ала отырып, тригоно-метриялық нивелирлеу үшін негізгі формуланы жазамыз:





h = d tqv+ i- l+f .

(109)

Есептеулер нəтижесінде жалпы Жер дөңестігіне жəне реф-ракцияға түзету формуласы төмендегідей,





f = К- r=0,42




д2

,

(110)







R



















мұндағы, R – Жер радиусы.


f түзетуі нивелирлеудің дəлдігіне (қандай дəлдік керек екендігіне), жұмыс жағдайына, қойылған шартқа байланысты бо-лады. Өйткені d=300 м болғанда, f < 1 см.





120

13.2 Гидростатикалық нивелирлеу

Гидростатикалық нивелирлеу негізіне физикалық заң бойын-ша, бір-бірімен иілмелі түтік арқылы жалғасқан, екі ыдыстағы сұйықтың еркін беті салмақ түсу бағытымен орналасып, екі жағындағы беті бір деңгейде болатындығы пайдаланылған.


Бұл əдіспен, өсімше бір-бірімен иілмелі түтік арқылы жал-ғасқан екі ыдыстан (№1, №2) тұратын, қабырғаларына шкала (есеп алу үшін) салынған гидростатикалық нивелир арқылы анықталады (62-сурет).




61-сурет. Гидростатикалық нивелирлеу арқылы өсімше анықтау тəсімі
а, ə – ыдыстардың орналасуы (ретімен нивелирлеуге дейін жəне
нивелирлеуден соң)


h өсімшені ыдыстардың тура жəне кері орналасу жағдайла-рында анықтайды. 62 а-суреттен А жəне В нүктелері арасын-дағы өсімше,



h = (d11) - (d21) немесе h = (П11) + ( d1- d2),

(111)

мұндағы З1, П1 – соңғы жəне алдыңғы ыдыстардан алынған (ыдыстардың қабырғасына салынған шкалалардан) есептер;




d1, d2шкаланың нөлінен ыдыстардың тұрған жазықтығына дейінгі қашықтық.

Ыдыстардың орнын ауыстырып (62 ə-сурет) жазатынымыз:





h = (d22) - (d12) немесе h = (П22) + ( d1- d2).

(112)



d1- d2 тік бұрыштарды өлшеудегі сияқты нөлдік орын (МО) бо-лып есептеледі.

(110) жəне (111) теңдеулерді қосып алатынымыз:





121




h ( П 1 З1 ) ( П 2

З2 )

−

( З1П 1 ) − ( З2П2 )

































































































2




























2











































































































































































































































жəне










( П

З )

( П




З )




( З

П

) −

( З

П







(113)



















2




)










МО d

d

2






1

1










2

−

1

1




2

2
































































1



















2

























2





















































































Тəжірибелік жұмыстардың нəтижесінде, жабық ғимараттар ішінде, ауа қызуының ауытқуы аз жерлерде, гидростатикалық нивелирлеу жоғары дəлдікті береді. Өсімше анықтаудың орташа квадраттық қатесі ±10 мкм. Ашық алаңдарда гидростатикалық нивелирлеудің дəлдігі бір шама кемиді, бірақ құрылыс конструк-цияларын жəне технологиялық жабдықтарды орнатуға əбден бо-лады.




Бақылау сұрақтары:



  1. Нивелирлеудің қандай түрлерін білесіз?




  1. Геометриялық нивелирлеу мен тригонометриялық нивелирлеудің айырмашылығы неде?




  1. Аспап деңгейі деген не?




  1. Биіктік белгілерінің қандай түрлерін білесіз?




  1. Аралық нүктелерде қанша есеп алынады?




  1. Дөңгелек денгей не үшін керек?




  1. Гидростатикалық нивелирлеу дегеніміз не?




  1. Шектік қате дегеніміз не?




  1. Рейканы қалай тексерледі?




  1. Алға жəне ортадан нивелирлеудің айырмашылығы неде?



НЕГІЗГІ ИНЖЕНЕРЛІК ГЕОДЕЗИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР


ГИДРОТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСТАРДЫ САЛУДАҒЫ ИНЖЕНЕРЛІК-ГЕОДЕЗИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР
14-дәріс. Гидротехникалық құрылыстар жəне ғимараттарды салудағы қадалау жұмыстары

Салынбақшы құрылыстың негізгі осьтерін жер бетіне түсіру геодезиялық қосындардың құрылыс маңында орналасу жағдайларына байланысты келесі əдістердің бірімен атқарылады.




Триангуляция. Бұл əдісте құрылыс маңында қарапайым триангуляция жүйелері арқылы нүктелердің координаталары анықталып, құрылыс осьтерін қадалау атқарылады, олар: үшбұ-рыштар тізбегі, геодезиялық төртбұрыштар, орталық жүйе, т.т. Үшбұрыштардың пішіні тең бүйірлі үшбұрышқа жақын, ал жалғастырушы бұрыштары 300 кем, 1200 артық болмағаны дұрыс.

Бас геодезиялық негіз үшбұрышының бір қабырғасына түйістірілген аспалы тізбек үшбұрыштарының саны екіден аспа-уы керек.


Үшбұрыш тізбектеріндегі əр үшбұрыштың барлық бұрыштары өлшенеді.




Полигонометриялық немесе теодолиттік жүрістері белгілі əдістердің бірін қолдануға болмайтын жағдайда немесе құрылыс осі бір-біріне жақын көп бұрылысты болған жағдайда іске асады. Бұл əдісте құрылыс осін жер бетіне түсіру үшін, ұзындықтар мен бұрыштарды алдын ала есептеп алу керек.

Теодолиттік жəне полигонометриялық жүрістердің екі соңғы нүктелрі Бас геодезиялық негіз қосындарына тірелулері керек.


Айтылған екі əдіс келесі ретпен орындалады: бір-біріне жақын орналасқан триангуляция немесе полигонометрия нүктелері ко-ординаталары жəне жобалық трассаның немесе құрылыстың бас нүктелерінің координаталары арасында кері геодезиялық





123

есепті шығарады. Əрине, мұнда жобалық жəне геодезиялық негіз координаталары бір жүйеде есептелген болулары керек. Кері геодезиялық есепті шығару нəтижесінде, геодезист негіздеу қосын нүктесіндегі бұрышты жəне жобалық түйінге, осьтік немесе басқа да құрылыстың негізгі нүктелеріне дейінгі арақашықтықтарды табады. Осындай бірнеше нүктелерді жер бетінде тауып, осы нүктелерді пайдалана отырып геодезист, құрылыстың негізгі жəне де басқа да қосалқы нүктелерін жер бетінде қадалайды да, құрылыс салу үшін керекті жобалық берілімдерін анықтайды.

Биіктік шамаларды анықтауда да, осындай жұмыстар атқа-рылады. Құрылыстың жобалық биіктік шамаларын геодезиялық негіздермен бір жүйеде біле отырып, геодезиялық негіз биіктік шамасымен жəне құрылыс осінің арасындағы өсімшені есептейді, əрі қарай нивелирмен құрылыстың жобалық биіктік шамасын жер бетіне береді.




Құрама қиылыстыру. Бұл əдісте, анықталмақшы ось нүкте-сінен немесе бекеттен бас геодезиялық негіздің үш қосыны ғана көрінеді. Бұл жағдайда анықталмақшы нүктеден бақылаудан басқа, ось нүктелерін бас геодезиялық негіз қосындарының бірінен бақылауға тура келеді.
Кері бақылау. Құрылыс осінің нүктесі бас геодезиялық не-гіздің кем дегенде төрт қосынынан көрініп тұрған жағдайда кері геодезиялық бақылау қолданылады. Осьтің анықталмақшы нүктесі, бас геодезиялық негіздің кез келген анықталмақшы нүктені бақылау үшін керекті үш қосынын басып өтетін шеңберге жақын болмағаны дұрыс.
Тура бақылау. Құрылым осінің бас геодезиялық негіздің кем дегенде үш қосыны көрініп тұрған жағдайда тура бақылау əдісі қолданылады. Көрші бағыттар арасындағы өлшенбекші бұрыштардың шамасы 1200 көп, 300 аз болмауы керек. Анық-талмақшы нүктеге бағытталған сызықтардың дирекци ондық бұрыштары жəне ұзындықтары кері геодезиялық есептен та-былады, сонымен бірге жер бетіне түсірілетін бұрыштары да анықталады.


Полярлық əдіс. Жер бетіне түсірілмекші, құрылысқа тəн нүкте бас геодезиялық негіз қосынына жақын маңда орналасқан, анық көрініп тұрған жəне де ұзындық өлшемін жүргізу мүмкіндігі жоғары жағдайда пайдаланылады.




62-сурет. Типтік құрылыс осін жер бетіне түсіру жұмыс сызбасы



125

Геодезиялық негіз қосынынан ось нүктесіне дейінгі арақа-шықтықты, бас геодезиялық қосындар бағыттары арасындағы жəне жер бетіне түсірілмекші құрылыс осінің нүктесі арасындағы бұрыштарды есептеп алады.


Бас геодезиялық негіз қосындары аралары арасында ұзын-дық өлшемдерін жүргізу əдісі. Бұл əдіс, құрылыс осі триан-гуляция немесе полигонометрия қабырғаларын қиып өткен жағдайда қолданылады. Əр қосыннан қиылысу нүктелеріне де-йінгі арақашықтықтарды жəне қиылысу нүктесіндегі негіз қабыр-ғалары, құрылыс осі арасындағы бұрыштарды, есептеп алады.

Нəтижесінде, құрылыс осін жер бетіне түсіру жобасын жасаудың жұмыс сызбасын (сұлбасын) жасайды, мұнда жоба-лық берілімдермен қатар, геодезиялық негіз қосындарынан ось нүктелерінің орнын анықтайтын барлық ұзындықтар мен бұрыштар көрсетіледі. Барлық ұзындықтар жазық жағдайға келтірілген шамасында беріледі.


Типтік құрылыс осін жер бетіне түсіру жұмыс сызбасы 62-су-ретте келтірілген.





  • 14.1 Жер бетін көтеру (биіктету), плотина салу кездеріндегі геодезиялық жұмыстар

Жер бетінде қандай жұмыстар істелетіндігіне байланысты, бұл жұмыстар бірнеше түрге бөлінеді: ирригациондық, ме-лиоративтік, жол салу, т.т. Жер бетіндегі көтеру жұмыстары уақытша жəне тұрақты болып бөлінеді. Жер бетіндегі көтеру жұмыстарының нəтижесі көп уақыт пайдалануда болатын болса, онда оны (жер бетін көтеру, яғни плотина салу, тоғандар жəне басқалары) тұрақты деп атайды. Уақытша құрылымдарға, мыса-лы, құрылысты салу кезінде оны жер асты жəне ақпа сулардан сақтау (қазан шұңқырлар, плотиналар, шлюздер, бөгемелер, т.т.) кездерінде салынатын құрылыстар жатады.




Жерлік құрылыстар сызықтық, созылмалы (жол қатпары, тоғандар, жармалар жəне басқалар) жəне арнаулы (ғимарат салы-натын қазан шұңқырлар, бассейндер, т.т.) болып бөлінеді.

Жерлік жұмыстар кезінде созылмалы жер қазу, үймелер жасау, алаңдарды тегістеу, жармаларды жəне фундамент жанын толтыру, үйілген топырақты тығыздап таптау болып келеді.


Қазіргі кезде осы жұмыстарды механикаландыру өте жылдам дамып келетіндіктен, бұл нысандарда геодезиялық жұмыстар-ды күнделікті атқарып отыру қажеттілігі туып отыр. Алдымен құрылыс салынбақшы тұстың жерлік жұмыстарының нобайы анықталады да, жер қазу техникалық машиналарының көмегімен жобада көрсетілген берілімдерді сақтай отырып, геодезияшы маманның бағыттауымен (қадаланған құрылыс осінен, жұмыстық реперлерінен) жазық жəне тік жазықтықтарда қазады немесе үйеді. Жобалық құрылыс нобайын жер бетіне түсіру алдын ала, уақытша белгілермен (қазықшалармен) геодезиялық əдістермен атқарылады да, құрылыс салу барысында жойылып отырылады.

Жерлік жұмыстардың жобалық құрылыс нобайын алдын ала жер бетіне түсіру шектік шамаларын, тек қана қазылған қазан-шұңқырдың түбін, қабырғаларын, үйілген жəне қазылған топы-рақтың кемерлерін тазалап, геометриялық пішіндерін тексеріп болғаннан кейін анықтайды.


Жерлік жұмыстардың жобалық құрылыс нобайын жер бетіне түсіру, арнаулы жобалық (қадалау) сызбалары арқылы немесе жобалық нүктелерді геодезиялық негіздерге байланыстырғаннан кейін аналитикалық берілімдер арқылы немесе құрылыстың негізгі осіне байланыстырылған берілімдерді пайдалана отырып атқарады. Жобалық сызбаларда жер бетіне құрылыстың ноба-йын түсіру жəне осьтерін бекіту үшін керекті барлық берілімдер құрылыс түріне байланысты көрсетіледі. Жер бетіне құрылыс-тың нобайын түсіру жəне осьтерін бекіту əдістері салынбақшы құрылыстың түріне, не үшін керектігіне байланысты таңдалып алынады.


Тегіс алаңда қазу жұмыстарының жобалық нобайын жер бетіне түсіру (қадалау)

Қазып алынатын тұстың екі жағына болат таспамен қазыл-мақшы полотно (РС) енінің жартысына тең в/2 арақашықты-ғын қазылмақшы тұстың осінен, ордың ені К жəне ордың табаны mhb өлшеп салады. Сонда ордың (63-сурет) жоғарғы енінің жар-тысы формуламен анықталады





l b

b

K mh .

(114)










2

b



















127



63-сурет. Тегіс алаңда қазу жұмыстарының жобалық нобайын жер бетіне түсіру (қадалау)


ОО/ осінен lb сызығын салу арқылы табылған Р жəне С нүктелері қазып алудың қабақтарын құрайды. Осы нүктелерге шаблон қойып, қазылмақшы шұңқыр кемерінің кесілу бағытын анықтайды.

Шаблон деп отырғанымыз ұзын таяқ немесе тақтай болуы мүмкін, оны шұңқыр тереңдеген сайын қазу кемеріне параллель қойып, оның бағытын анықтайды. Қазу тереңдігіне байланысты, шаблон бірнеше рет шұңқыр кемеріне қойылып, тексеріліп оты-рылады.


Шаблондар үю, плотина, бөгет жəне суқоймаларын салу кездерінде қолданылады. Егер бұл құрылыстарды салатын жер құлдиламалы болып келсе, онда қазып алу осінен кемер қабағына дейінгі арақашықтық геодезиялық аспаптармен өлшенеді.




Тау бөктерінде қазып алу жобасын жер бетіне түсіру

Тау бөктерінде қазып алу жобасын жер бетіне түсіру үшін, жер қазу жұмыстарының шекарасын көрсететін l жəне l1 кесінділері-нің ұзындығын білу керек (64-сурет).




64-сурет. Тау бөктерінде қазып алу жобасын жер бетіне түсіру тəсімі



128

Айталық, бірегей n көлденең көлбеулікті жəне α еңкішті жер қазу жұмысын атқаруымыз керек. ДОЕ жəне MEN үшбұрыштардан табатынымыз:









n tqa x : l ; x nl;







(115)

























l

b

K




















































m = M E :MN=







2
















;

(116)













hb x























































l

b

K mh




mnl,










(117)


































2







b





















































































осыдан

l = [1:(1+mn )] (

b

+m

h

+K),

(118)


































2










1




b



































































Осындай

амалдармен ROS жəне RGF үшбұрыштарынан




кесінді ұзындықтарын табамыз:











































l

= [1:(1+mn)](

b




+ m

h

+ K),

(119)



















1

2







1




b





























































мұндағы hbқазу тереңдігі;


m жəне n – қазып алудың еңкіш қабырғалары; b – жер бетіндегі қазу ені;
K – шұңқырдың жоғары жақ ені.


l жəне l1 есептелінген шамалары қазу шұңқырының осіне перпендикуляр еніндегі жоғары жақ қабағының О нүктесіндегі Е жəне R нүктелерінің орналасу жағдайларын анықтауға мүмкіндік береді.
Тегіс жердегі үйменің жобалық нобайын жер бетіне түсірудегі геодезиялық жұмыстар

Тегіс жердегі үйменің жобалық нобайын жер бетіне түсірудегі геодезиялық жұмыстар, алдағы қазып алу жобасын жер бетіне түсіру істеріне ұқсас. Биіктігі h, жоғары жақ ені b, қабырға еңкіштігі m үйменің төменгі ені l формуламен есептелініп табы-лады (65-сурет):





l

b

a

b

mh .

(120)













2

2













9–589 129





65-сурет. Тегіс жердегі үйменің жобалық нобайын жер бетіне түсіру профилі

Үю жұмысын атқару үшін, жол осінде орналасқан О нүк-тесінде жоғары жағына планка қағылған «көздегішті» қояды. «Көздегіштің» биіктігі бекеттік қазықшаның төбесінен, планка-ның жоғары қырына дейін есептелінеді, жəне де бекеттің «қызыл», «қара» биіктіктерінің айырмасына (жұмыс биіктігі) тең болуы керек (үйменің тапталу, отыру шамасын есепке ала отырып).





  • нүктесі арқылы, үйме осіне перпендикуляр жүргізіп, соның

d
үстіне шамасына тең ОС1 жəне ОД1 кесінділерін салады. С1 2


жəне Д1 биіктігі h қазықтарын (веха) орнатады. Əрі қарай С1 жəне Д1 нүктелерінен α тең табанын салады, А жəне В нүктелерінде үйме табанын көрсететін қазықшаларды қағады.


Арақашықтықтарды болат таспамен өлшейді.


Шаблонның көмегімен үйме қабырғасының көлбеулігін анықтап, бағыттап отырады. Техникалық шарт негізінде, барлық үймелер катоктармен, тракторлармен, автокөліктермен тапталады немесе түйіледі (трамбовка) Түйілгеннен немесе тапталғаннан кейін үйілген топырақ отырып, шөгеді.


Қолдан таптаусыз үйілетін үймелер шамамен, құмды топырақ 1,5-3%, жеңіл суглинкті топырақ 2-4%, ал ауыр суглонок жəне қиыршық араласқан топырақ 6-9% есеппен үйіледі.




Траншея типтес шұңқырдың жобалық
нобайын жер бетіне түсіру

Жер қыртысының физикалық қасиеттеріне байланысты, тран-шея қабырғалары бекітілместен, тік немесе терең болса аздаған көлбеулікпен қазылады. Құрылым осьтері жер бетіне, алдағы





130

келтірілген əдістермен, амалдармен, аспалы желіге (обноскаға) белгіленеді. Аспалы желі дегеніміз – құрылымның сырт жақта-рына қағылатын бөрене мен тақтайлардан тұратын (66-сурет) желі тəріздес жабдықты айтады.

Жер бетіне құрылымның осін шығарғаннан кейін, осы осьтен 3 - 4 м жерге параллель сызықтарды жүргізеді. Осы сызықтардың үстінен 3 - 4 м сайын, ағаш бөренелерді орнататын белгі салады.




66-сурет. Траншея типтес шұңқырдың жобалық нобайын жер бетіне түсіру тəсімі

Ұзындығы 3-4 м, жуандығы 15-20 см ағаш бөренелерді қатал түрде желі сызығының үстімен, 1,00-1,25 м тереңдікке орнатады. Бөренелердің ішкі жағына кесілген, қалыңдығы 40-50 мм тақтай қағады. Қағылған тақтайдың үстіңгі жағы жазық жазықтықта болуы керек. Осы орнатылған желінің үстіне салынбақшы құрылымның (шұңқыр траншеяның) осі салынады да, одан шұңқырдың қырлары өлшеніп белгіленеді.




67-сурет. Траншеялық шұңқыр табанының биіктік шамаларын анықтау тəсімі



131

Жер бетінде тіктеуіштің көмегімен, қазықшалармен 1 – 1 жəне А – А осьтері бекітіледі (67-сурет). Осьтің оң жəне сол жағынан, шұңқырдың жарты еніне тең арақашықтықты өлшеп алады да, оларды қазықшалармен бекітіп белгілейді. a, b жəне a1 b1 қазықшалары арасына шұңқырдың қырларын көрсетіп тұратын жіп (шнур) тартып қояды.

Шұңқыр табанын тазалауды нивелирлеу əдістерін пайдалана отырып атқарады. Нивелирлік рейкаларды шұңқырдың əр осьтері қиылысқан тұстарға орнатады, бірақ нивелирленетін нүктелер-дің аралары 4 – 5 м кем болмағаны дұрыс. Терең шұңқырларда рейка ұзындығы бойламайды, сондықтан рейкаға ұзындығы бел-гілі қондырғы үстіне қояды немесе рейкаға тұрақты ұзындықты қолдан жасалған тақтай-рейка жалғап жұмысты атқарады. Тран-шеялық шұңқырдың пландық орналасу жағдайын, тартылған сым осьтеріне ілінген тіктеуіш араларын өлшеу арқылы іске асады.




2.1-кесте.


Шұңқыр түбін тазалаудың тексеру өлшемдері



Осьтердің

Жер бетінің

Шұңқыр табанының

Биіктіктер




қиылысу

биіктігі,

биіктігі, м

айырмашылығы, м




нүктелері

Нз, м

Жобалық Нпр

Нақтылы

Нпр - Нф

Нз - Нф




А/1







Нф










163,46

159,96

160,01

-0,05

3,45




Б/1

163,18

159,96

159,99

-0,03

3,19




В/1

163,69

159,96

160,02

-0,06

3,67




Г/1

163,29

160,46

159,98

-0,02

3,31




А/2

163,20

160,46

160,47

-0,01

2,73




Б/2

163,37

160,46

160,51

-0,05

2,86




В/2

163,19

160,46

160,45

+0,01

2,74




Г/2

163,23

160,46

160,52

-0,06

2,71




А/3

163,44

160,86

160,90

-0,04

2,54




Б/3

163,34

160,86

160,86

0,00

2,48




В/3

163,43

160,86

160,84

+0,02

2,59




Г/3

163,20

160,86

160,92

-0,06

2,28




Шұңқыр түбін (67-сурет) тазалаудың тексеру өлшемдерін арнаулы журналға (ведомость) жазып, ондағы тазалау жұмыс-тарының қалай өткендігін бақылауға болады (2.1-кесте). Бұл журналда шұңқыр қазуға дейінгі жер бетін тегістеу кезіндегі





132

нивелирлеу нəтижесі көрсетіледі. Кестенің соңғы графасынан көрініп тұрғандай, шұңқыр 1-1 осінен 3-3 осіне қарай сатылы пішінді болып тазаланған, тазалау жұмыстарының қалыңдығы көп емес, яғни бұл жұмысты қабылдап фундамент қалауға немесе құюға болады деген сөз.


68-сурет. Траншея қабырғасы еңкішті болып келетін шұңқырдың элементтері

Егер шұңқыр қабырғасы еңкішті болып қазылатын болса, онда жер бетіне оның жоғары қабақтарының нобайын түсі-реді. Шұңқырдың тереңдігіне жəне топырақтың физикалық қа-сиеттеріне байланысты, оның жоғары жақ жиектері де өзгеріп отырады (68-сурет).




69-сурет. Шұңқыр нобайын фундамент астына түсіру тəсімі

Егер жер беті көлденең еңкішті болмаса, онда траншея MN осінен шұңқырдың жоғары В қабағына дейінгі арақашықтығы формуламен есептеледі





133

b



a

x

a

mh ,

(121)




2










2

2










мұндағы, b – шұңқырдың жоғары жақ ені;




a – шұңқыр түбінің ені;


h – осы тұстағы қимасының шұңқырдың тереңдігі; m – шұңқыр қабырғасының еңкіштік коэффициенті.

Қабырғасы еңкішті шұңқырды қазу жұмыстары біткеннен кейін, 69-суретке жəне 2.1-кестеге сай оны орындау тəсімі жаса-лады, онда қосымша жоғары қабақтарының нобайы жəне бұрыш-тық нүктелерін бекіту көрсетіледі.


Салынатын бөгеттердің (плотина) жобалық нобайын жер бетінде түсіру

Плотина табанының нобайы, плотина осіне перпендикуляр жүргізілген, ұзындығы салынбақшы плотина кемерінің жобалық еңкіштігін еске ала бағытталған көлденең қималар арқылы анықталады. Жобадағы кемер еңкіштігінің биіктігін анықтау үшін, үйме жұмыстарын салудағы əдістерді қолданады. Көздегіштер, шаблондар, уақытша бағаналар плотина ішінде қалмас үшін, уақытша ауыстырылып отырылады, мұнда плотинаның жоғары жағы белгіленген бағаналар немесе үйме сыртына орналасқан тұрақты бағаналарды пайдалану тиімді болады.


Бағана үстіне ұзындығы 1,5-2,0 м тақтай қағылады да, оның жоғары жақ жиегі жазық жазықтықта болғанын қадағалайды. Тақтайдың жоғары жақ жиегі плотинаның үстіңгі бетінің биік-тігі болып есептелінеді. Көлемі кіші плотинаны салу кезінде бағана орнына, үйменің сырт жағына нивелирлік рейканы ор-натса болғаны. Плотинаның қарсы жағынан көздеу арқылы үйме жұмысының жұмыс биіктігін керекті дəлдікте анықтауға болады. Плотинаның жоғарғы жақ жобалық биіктігіне жақындаған кезде, осы үйме үстінде нивелирлік жүріс жүргізеді.


Плотинаның жоғары жақ биіктігін, өзеннің биік жағалауында орналасқан көздегіш арқылы анықтауға болады. Екі көздегіш орнатылады, олар жай көзбен бақылайтын жəне далалық болып келеді (70-сурет).







134



70-сурет. Бас көздегіштің тəсімі

Бас көздегіш дегеніміз – жерге қағылған қазықша немесе бағана, оның жоғарғы жағына жазық жазықтықта тақтай d қағылған. Далалық көздегіш екі қазықшаға орнатылып, оның олардың үстіне де жазық жазықтықта тақтай d1 қағылған.


Мұндай көздегіштер салынбақшы плотинаның екі жағалауына орнатылады, олар арқылы плотинаның жоғарғы бетін түгел бақылауға жəне де уақытша көздегіштерді орнатуға мүмкіндігі болуы керек.


Қалыптарды орналастыруда жəне бетон құюдағы пландық жəне биіктік шамаларын қадалау

Қалып дегеніміз – құрылымдарды салу кезінде бетон құйылатын, əртүрлі пішінді, ағаш-тақтайдан жасалған жабдық, ал темірбетонды құрылымды салу кезінде, ол – арматура жəне бетон қоспасы.


Қалып, құрылыс осіне геодезиялық негізден шығарылады да, ішкі жобалық өлшемдерін жəне құрылым нобайының сыртқы өлшемдерін сақтай отырып құрылады.


Қалыпты құрудың шектік шамалары техникалық шарт жəне құрылыстың жобасы негізінде қаралады. Мысалы, қалыптың 1 м бұрылмалы арақашықтықта орналасқан тіректері мен тіректерді жалғастырып тұрған тақтайлардың арасы 25 мм, ал барлық ұзындыққа (екі тіреу арасына) 75 мм артық емес.


Қалыптың тік жазықтықта ығысуы жəне олардың қиылысу сызығы 1 м биіктікке – 5 мм, фундаменттің барлық биіктігіне – 20 мм. Қалыптың бетін екі метрлік рейкамен тегістігін тексер-генде 3 мм аспауы керек.





135



71-сурет. Жобалық биіктікті реперден қалыпқа (опалубкаға) беру

Келтірілген шектік шамалардың ауытқуынан аспауына, гео-дезиялық бұрыштық жəне сызықтық өлшемдерге жұмыстарға сай аспаптарды қолданғанда ғана жетуге болады. Бетон құю жұмыстарында қалыптар жобалық орнына барлық жағдайда, арнаулы «скобалар» немесе желілер арасында созылған сым-темірлерден бастап өлшеніп орналастырылады. Сым-темірге ілінген тіктеуішті пайдаланып, алдымен қалыптың төменгі жағын бекітіп алады да, сонан кейін келесі қалыптың блогін орнатады.


Қалыптардың жоғары жақ жиегін, олардың бір-бірінен төмен немесе жоғары жобалық биіктігінен ығысып кетпей тура болғанын қадағалай отырып орнатады. Ол үшін, нивелирлеу арқылы жұмыс істеу реперінің биіктігі қалыптың ішкі жағына беріледі.




Мысал. Құрылыс фундаментінің жоғары жақ биіктігі Нпр = 159,50 м шамасын қалыпқа беру керек. Нивелир аспабын биіктігі 460,030 м А реперімен жəне орналастырылмақшы қалып арасына орнатады (71-сурет). Репер үстіне қойылған рейкадан a = 1350 мм есебін алады.

Қалып үстіне қойылған рейкадан алынатын b есебінің шамасы (М нүктесінде), яғни рейканың нөлдік табаны жобалық 159,500 м биіктікке тең болу үшін қаншаға тең болатындығын табамыз. b есебінің шамасы формуламен есептеліп табылады b = HA+ a - Нпр



  • 1880 мм.

Қалып үстіне қойылған рейканы керек есепке жеткенше жоғары, төмен қозғай отырып қалыпты орнатады.


Қалып үстіне мұндай биіктіктің бірнешеуін тауып, шегемен бекітеді де, олардың арасына қалыптың жобалық биіктігін көрсететін шнур тартып қояды. Гидротехникалық құрылыстарды бетондау кезінде, қалыптың үстіне сантиметрлік бөліктері бар рейканы қағып бекітеді де, сол бөліктер арқылы бір ауысымда қанша көтерілгенін анықтап отырады.





136

Берілген биіктікте бетон блоктары жазық бетті болуы үшін, нивелирдің көмегімен əлі қатпаған бетонға металл қазықтар орнатады да, солардың жоғары жақтары немесе оларға орна-тылған маяктар арқылы тексеріп отырады.


Бақылау сұрақтары:



  1. Қадалау жұмыстары дегеніміз не?




  1. Геодезиялық негіз дегеніміз не?




  1. Жер бетін уақытша жəне тұрақты көтеру жұмыстарына қандай жұмыстар жатады?




  1. Жерлік жұмыстар дегеніміз не?




  1. Шаблон дегеніміз не?




  1. «Қызыл», «Қара» биіктіктер дегеніміз не?




  1. Нөлдік жұмыс биіктігі дегеніміз не?




  1. Қазан шұңқырлардың тереңдігін қалай анықтайды?




  1. Кемер көлбеулігін қалай анықтайды?




  1. Көлбеулікті қалай жер бетіне түсіреді?


КӨПІР САЛУДАҒЫ ИНЖЕНЕРЛІК-ГЕОДЕЗИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР


15-дәріс. Қолдан жасалатын құрылымдардың түрлері

Қолдан салынатын құрылымдар – салынбақшы жолдың күрделі бөліктері. Бұл құрылымдарды салуда кететін шығындар, оның ауқымды бөлігін құрайды. Салынған жолды пайдалану кезінде, оны бақылап отыруды жəне күтуді талап етеді.


Жол бойында көп кездесетін қолдан салынатын құрылымдар


– бұлар көпірлер, су өткізетін құбырлар, тіреме қабырғалар, тон-нельдер, галереялар жəне лотоктар (су ақпа науалар), т.т.


Жол үстіне жабатын материалына байланысты көпір аттары да өзгеріп отырады: металдық, темірбетонды, тас жəне ағаш көпірлер.


Қажеттілігіне жəне салмақты жылжымалы жүк өткізу


қабілетіне байланысты көпір аттары: теміржолды, яғни поездарды өткізу үшін; автокөлікті, яғни көлік түрлерін өткізу үшін;


қалалық, яғни автокөліктерді, трамвай-троллейлік жəне адам-

дар өтуі үшін; құрама, яғни поездарды жəне автокөліктерді өткізу үшін;


жаяу адамдық, яғни жаяу адамдар өту үшін;


арнаулы құрылымдық, яғни су желілерін, газ-мұнай құбыр-ларын өткізу жəне каналдар үшін.

Су желілері, яғни су құбырларын жол астынан, үстінен өткізу құрылымы жағынан қарапайым қолдан жасалатын құрылыстарға жатады.


Үйме жұмыстары аз болған жағдайда, кейде су өткізу құрылымы ретінде лоток (ақпалы науа) салумен шектеледі.


Жалпы өлшемдері, жобалау жəне салу күрделілігіне байланы-


сты қолдан жасалатын құрылыстар төрт топқа бөлінеді:


Кіші көпірлер, бұл түріне ұзындығы 25 м көпірлер, сонымен бірге үю жұмыстарының астында қалатын су өткізу құбырлары жəне ақпалы науалар;


Орташа көпірлер, бұл көпірлердің толық ұзындығы 25-100 м, ал көпірдің əр жабу материалының (пролет) ұзындығы 40-50 м аспайды;


Үлкен көпірлер, ұзындығы 100 м артық;


Өте үлкен көпірлер, бұл көпірлер кластан тыс немесе үлкен су кеңістіктері арқылы өтетін сирек құрылымды деп аталады.

Жол бойында салынған көпірлер санына байланысты, кіші жəне орташа қолдан жасалатын құрылыстар деген атау жиі қолданылады.


Жолдардың қиылысқан, өту ағымы тұрақты тұсындағы құры-лымды көпірлік өту жолдары (мостовым переходом) деп атайды. Оған жататындар, көпірдің үстіңгі бетіне жалғасатын таяныш (полотно), суды бағыттап, реттеп отыратын құрылым, тіреу жəне қоршау қабырғасы, жағаны бекітуші жəне де басқа құрылымдар.


Көпірдің негізгі элементтері болып саналатындар: тіреулер жəне жабу құрылымдары. Тіреулер тұрақты деп аталатын жаға-лық жəне аралық (халық арасында «быки» деп аталады) болып бөлінеді.


Əр тіреу көпірдің жаппалы құрылымдарына жəне одан өтетін жылжымалы масса салмағына төтеп береді, сонымен бірге көпірге оның жағалауына үйілген үйме топырақ та əсер етуі мүмкін.


Тіреулердің фундаменті жəне фундамент үстілік бөлігі болады.


Тіреулерді тіке жер үстіне немесе тіреу орнатылатын жер ыңғайсыз, əлсіз болса, онда арнаулы қолдан жасалған табан үстіне орнатады.


Тіреулердің пішіні, өлшемдері оның үстінен өтетін жылжыма-лы салмақ сипаттарына байланысты болады, сонымен бірге оның астынан өтетін су ағымдары, мұзжарғыш кемелер жəне жергілікті инженерлік-геологиялық шарттар арқылы анықталады.


Көпірдің жаппалы құрылымдар қимасы бүтін балкалардан, екі шетіне дейін созылған фермалардан немесе əртүрлі құрамды кон-струкциялардан тұрады. Жылжымалы көліктердің сипатына сай, олар негізгі тасымалдау жаппалар үстімен өтеді. Көпірдің негізгі шыдамды бөліктері (балкалар, фермалар) бір-бірімен көпірдің беріктігін жəне көлденең мықтылығын қамтамасыз ететіндей бо-лып жалғасады.


Көпірдің негізгі шамалары жəне оның элементтері болып са-налатындар:
Көпірдің толық ұзындығы, ол екі жағалық беттің арасы; Көпірдің тесігі, ол судың ең жоғары көтерілу кезіндегі өткізу
шамасы;


Көпірдің биіктігі, ол көпір үстінің су деңгейіне дейінгі шама;


Есептелмелі арақашықтық, ол балкаларды үстіне қоятын екі тіреубағананың осьтері арасындағы шама; тіреудің биіктігі, фун-дамент тереңдігі жəне т.т.

Айтылған көпірдің өлшемдері жəне оның элементтерін, жобалау барысында ізденіс кезінде анықталған инженерлік-гидрогеологиялық, геологиялық жəне кемелердің суда жүзу шарт-тарын еске ала отырып анықтайды.


Салынбақшы құрылыстың фундаментін тұрғызудан бастап, құрылысты толық біткенше геодезиялық жұмыстар жүргізіліп отырылады. Мұндағы негізгі мақсат – ол қолдан салынбақшы құрылыстың жеке бөліктерін (фундаменттерінің, тіреулерінің, жаппалық құрылымдарының, жолға жақындау, шығу үймелерінің жəне реттеп отыру құрылымдарының) жəне жалпы осьтерін қа-далай отырып, сонымен бірге күнделікті салынбақшы құрылыс-тың барлық өлшемдерін, биіктіктерін тексеріп отыру арқылы, оның жобалық шамаларын сақтауды қамтамасыз ету. Салынбақ-шы құрылыстың осьтерін дұрыс қадаламау немесе биіктік ша-маларын дəл жеткізбеу, жобаланған құрылыс құрылымдарының бұзылуына, қайта салуға, яғни құрылыс салудың мерзімі ұл-ғайып, оған кететін шығынның көбейіп кетуіне əкеліп соғады. Геодезиялық жұмыстарды уақтылы, тиянақты орындау, қадалау жұмыстарын тұрақты тексеріп отыру геодезиялық жұмыстарды жүргізуші мамандардың негізігі міндеті болып саналады.


Құрылысты салмас бұрын, көпір салынбақшы жерде ізденіс жұмыстарын жүргізген жобалаушы мекеме тапсырыс берушімен бірге, акт арқылы геодезиялық пландық жəне биіктік бастапқы берілімдерін, пландағы көпірдің ұзынбойлық осін бекіткен қо-сындарды, трасса жəне оған түйісуші немесе оның маңындағы ны-сандардың планын, сонымен бірге реттеп отыру құрылымдарын, қабырғалық маркаларды немесе жерлік реперлерді тапсырады. Көпірлік өту трассасының осі жəне геодезиялық негіз қосын-


дары, қатаң ереже ретінде мемлекеттік геодезиялық тор қосындарына түйістірілген болулары керек.

Бекітілген пландық жəне биіктік геодезиялық негіздердің саны, қолдан жасалатын əртүрлі өлшемді құрылымдар үшін, техникалық нұсқау негізінде анықталады. Мысалы, көлемі кішкентай көпір салуды бастау үшін оның осін екі қосыннан бақылай отырып бекітетін ағаш бөренелер жəне бір биіктік репері жетеді, ал үлкен көпірлерді салуда əр жағалауда екі белгі-қосыннан жəне бір реперден кем болмауы керек. Ось қосындары жəне реперлер ағаш немесе бетон бағаналармен жерге терең ба-тырылып орнатылады, яғни белгі мықты жəне тұрақты болулары керек.


Геодезиялық қосын негіздері трассаның жалпы ось бекеттері-не байланысқан, ал салынбақшы жолдың координаталары жəне биіктік шамалары бір координаталар жəне бір биіктік шамалар жүйесінде болулары керек.


§15.1 Су жеткізу құбырларының жəне кіші көпірлерді салу кездеріндегі олардың осьтерін қадалау

Су жеткізу құбырларын салу кездеріндегі олардың осьтерін қадалау келесі істерден тұрады: ұзынабойлық, көлденең осьтерін жəне фундаменттерінің айтулы тұстарын, құбырдың денесін, бас-тарын, тіреу фундаменттерінің осьтерін қадалау.


Қадалау жұмыстарының алдында, құбырдың ұзынабойлық жəне көпірдің көлденең тіреу осінің бекеттік нүктелерінің биіктік шамаларын есептеп алады.


Жақын тұрған бекеттік бағанадан өлшей отырып, құбырдың жер бетіндегі орналасуын өлшеп салады. Құбырдың фундаментін жəне тіреулерін қадалау үшін теодолит жəне болат таспа (немесе жай таспа) керек.


Бұрыш өлшегіш аспаппен трассаның жəне құбырдың немесе тіреулердің көлденең осьтерінің қиылысқан нүктесінде тұрып, екі жағына екі бағанадан орнату арқылы осьтерін қадалап бекітеді. Бұл бағаналарды құрылыс жұмысы біткенше сақталатындай етіп бекітеді. Құбыр фундаментінің орнын қазудағы айтулы нүктелер немесе көпір тіреулерінің жалғасқан тұстарындағы нүктелерді


осы құбырдың қадаланған осьтерінен бастап өлшеп салады да, қазықшалармен бекітеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет