Қазіргі кезде құрылыс өндірісінде индстрациялау жоғарғы деңгейге жеткен. Индустрациялау əдісімен салынатын құрылыс-монтаждау көлемі өсіп, даму үстінде


§15.3 Үлкен көпірлерді салу кезіндегі геодезиялық қадағалау жұмыстарының бастапқы берілімдері



бет42/47
Дата06.02.2022
өлшемі5,32 Mb.
#79897
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47
Байланысты:
Абуова геодезия С-19
81930, 81930
§15.3 Үлкен көпірлерді салу кезіндегі геодезиялық қадағалау жұмыстарының бастапқы берілімдері

Жобалау ұйымы құрылыс салушы мекемесіне геодезиялық жұмыстар үшін келесі бастапқы берілімдерді тапсырады: құры-лымның осьтері жəне тіреулері салынған көпірлік өтудің пла-нын; геодезиялық белгілердің түсініктемелері жəне орналасу тəсімін; координаталар каталогы жəне геодезиялық негіздердің көшірмесін; геодезиялық негіздердің белгісін, орнатылған жерін көрсете отырып тапсырады; құрылымның осьтерін (көпірдің, виадуктың, тіреулердің, су өткізу жолдарының) бекіту жəне трассаның, оған жақын маңдарының тəсімдерін, сонымен бірге





144

биіктік реперлердің жəне осьтік белгілердің шамалары берілген журналды (ведомості) қоса тапсырады.

Жақын маңдағы бекітілген геодезиялық белгілер салынбақ-шы құрылыстың осі бойында, бірақ құрылыс салынбақшы аудан-ның сыртында орналастырылады. Көпірдің бұрылу тұсындағы белгілер, тартылған (созылған) хорда немесе тангенстер сызығы бойында орналасады.


Құрылыс салу кезінде келесі геодезиялық жұмыстар атқары-лады:





  1. өту жолының ұзындығын тексере отырып анықтау – құры-лымның осін бекіткен бастапқы қосындар арасындағы қашық-тықты өлшеу;




  1. тіреулердің орнын қадалау жəне бекіту;

  2. реттеуші құрылымдардың осьтерін қадалау жəне бекіту;




  1. құрылыс салу кезінде олардың осьтерін қадалау, бекіту жəне құрылым салудың биіктік шамаларын, элементтерін қадалау, тексеріп отыру;




  1. құрылыс салынып жатқан жақын маңда қосымша топо-графиялық түсіріс жүргізу, уақытша соқпақтарды, автожолдар-ды жəне уақытша ғимараттарды қадалау, яғни орындарын анық-тау, т.т.

Барлық істелген геодезиялық жұмыстар кезекші журналға түсіріліп отырылады да, мұнда көрсетілетін істер: қадалау жұмыс-тарының маңызы, қадалау тəсімі, ол қалай атқарылды, бастапқы берілімдер алуда қандай құрылыс сызбасы қолданылды, байла-ныстары; жұмысты атқарған жəне қабылдаған мамандардың аты, жөні жəне олардың қол қойған уақыты қоса көрсетіледі.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет