Қазіргі кезде құрылыс өндірісінде индстрациялау жоғарғы деңгейге жеткен. Индустрациялау əдісімен салынатын құрылыс-монтаждау көлемі өсіп, даму үстінде


§10.5 Үлкен көпірлерді салудағы қадалау жұмыстары



бет43/47
Дата06.02.2022
өлшемі5,32 Mb.
#79897
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47
Байланысты:
Абуова геодезия С-19
81930, 81930
§10.5 Үлкен көпірлерді салудағы қадалау жұмыстары

Құрылымды қадалау, немесе жобаны жер бетіне түсіру дегеніміз – салынбақшы құрылыстың айтулы (характерные) тұстарын, нүктелерін, пландық жəне биіктік шамаларын жоба берілімдеріне сай жер бетіне түсіріп, белгілеудегі геодезиялық жұмыстарды атайды. Жобаны жер бетіне түсірудегі, оның гео-метриялық негізі болып, қадалау осьтері саналады. Осы ось-тер арқылы құрылыстың барлық бөліктерінің орналасу жағдай-лары, өлшемдері салыстырмалы түрде жобалық сызбаларда беріледі.



10–589 145



Көпірлік өтудің айтулы нүктелері болып, тіреулердің ортасы саналады. Құрылымы қарапайым көпірді салуда, геодезиялық байланыс торларына қатал талаптар қойылмайды. Бұл жағдайда, бұрынғы құрылыс алаңын топографиялық түсіру жəне мұндағы ізденіс жұмыстары кезіндегі құрылған тірек торлары қолданы-лады.

Жобалық нүктелерді жер бетіне түсіру жұмыстары жоғарыда айтылған əдістермен, кəдімгі геодезиялық аспаптармен атқары-лады. Көпір құрғақ жерде орналасса, онда көпірлік өтудің ұзын-дығын жəне көпірдің ұзынабойлық тіреулер осьтерін бастапқы геодезиялық белгілерден бастап қадалайды. Теодолитпен көпірдің осін бағыттап көрсете отырып, ұзындығын болат таспамен, кем дегенде екі рет өлшейді де, температураға, компараторда тексеру түзетулерін енгізіп, көлбеулікті есепке алып, ұзындығын дəл табады. Тіреулердің ортасын (центрін) жағалаудағы бастапқы геодезиялық белгілерден көпірдің осінде орналасқан тіреулердің ортасына арақашықтықтарды салу арқылы ауыстырады. Осьтерді тіреудің əр жақтарында ұзынабойлық жəне көлденең осьтері бағытында қатар бағаналармен немесе құрамалармен (сваимен) бекітеді.


Егер көпірдің ұзындығын тікелей таспамен өлшеу жəне тіреулердің осьтерін қадалау мүмкін болмаса, онда геодезиялық жұмыстар триангуляция əдісімен іске асады. Көпірлік триан-гуляция, көпір салынатын жергілікті жердің, өзеннің еніне жəне жобаланған шектік шамалардың шарттарына байланысты əртүрлі пішінде болуы мүмкін. Іс жүзінде көпірлерді салуда геодезиялық төртбұрыш (76-сурет) немесе басқа да пішіндер əдісі қолданылады.


Cтандарттық нормалар жəне мүмкіндіктер (СНиП) талап-тарына сай, триангуляциялық торларды құруда келесі шарттарды орындау керек:





  1. үшбұрыштардың ішкі бұрыштары 300 кем, 1200 артық, ал төртбұрыштарда 250 кем болмауы керек;




  1. көпірдің осін бекітуде, əр жағада жалпы торға бірден кем емес бастапқы геодезиялық қосын кіруі керек;




  1. жалпы торға барлық қосындар кіреді, себебі бұл қосын-дардан көпірдің жəне тіреулердің осьтері қиылыстыру əдісімен қадаланады, сонымен бірге осы қосындардан құрылыс кезінде осьтердің орналасу жағдайларын тексеріп отыру үшін керек;





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет