Қазіргі кезде құрылыс өндірісінде индстрациялау жоғарғы деңгейге жеткен. Индустрациялау əдісімен салынатын құрылыс-монтаждау көлемі өсіп, даму үстінде



бет13/47
Дата06.02.2022
өлшемі5,32 Mb.
#79897
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   47
Байланысты:
Абуова геодезия С-19

СЫЗЫҚТЫҚ ӨЛШЕУЛЕР
Белгілердің түрлері

Жергілікті жағдайға жəне не үшін керектігіне байланысты, геодезиялық жұмыстарды атқару кездерінде тірек нүктелерін (қосындарын) тұрақты жəне уақытша белгі ретінде бекітеді.




Уақытша белгілер болып ағаш қазықтар, металл құбыр, арма-тура кесінділері, əртүрлі соғылған шегелер жəне т.с.с. саналады. Бұл белгілер уақытша болғандықтан, олардың өңіршеңдігі ұзаққа бармайды, келесі күні жоғалып, бұзылып қалуы мүмкін.


12-сурет. а – қарапайым ағаш пирамида; ə – металл пирамида; б – ағаш белгі


Тұрақты белгілер ұзақ уақытқа есептеліп жасалады жəне бекітіледі. Құрылыс алаңында геодезиялық белгіні жоғалту неме-се оның жарамсыз болып қалуы, алдында жасалған инженерлік-геодезиялық жұмыстарды қайтадан жасауға əкеліп соғады. Əсіресе, тұрақты геодезиялық белгіні жоғалту үлкен шығынға ұшыратуы мүмкін.

Тұрақты тірек торларының арасы алшақ болған жағдайда, олардың үстіне арнаулы конструкциялы пирамидалар немесе белгілер қойылады (орнатылады) (12-сурет). Бұл белгілерді жер-


де тұрып қарағанда басқа тірек қосындары көрінбей тұрса ғана орнатады, яғни бұрыш, ұзындық өлшегіш аспаптарды жоғары көтеруге тура келеді.

Пирамида құрылысының ерекшелігі оның жоғары ұшына көздегіш нысана орнатылады, 12-суретте ол цилиндр-дөңбек (А) іспетті. Цилиндр-дөңбек осі, белгінің тік осімен бір сызықтың үстіне жатулары керек. Бұл шартты орындау үшін, нүкте центрін пирамиданы орнатып болған соң бекітеді.


Белгінің ең қарапайым түрі, ол дөңгелек, диаметрі 10-15 см, ұзындығы 5 – 10 м ағаш діңінен жасалған пирамида (12 а-сурет).


Көздегіш нысананы көбінесе ұзындығы 2-4 м ағаш дөңбектен (дөңгелек) жасайды, оның көрініп тұратын тұсы дұрыс пішінді цилиндр болуы керек. Кейінгі кезде көбінесе ақпалы профил-ді металдардан жасалған пирамидалар көп орын ала бастады (12 ə-сурет). Егер өлшеу аспаптарын жоғары көтеру керек болса, онда ағаш пирамидалар құрады (12 б-сурет).

Құрылыс бұрыннан салынған территорияда, тұрақты тірек қосыны ретінде биік ғимараттардың үстіне орнатылған ала-са құрылым. Бұл тірек қосынының көздегіш нысанасы, бақы-лаушының аспап орнататын платформасы болады.


Қандай жерге орнатылғандығына жəне не үшін керектігіне байланысты, тұрақты белгілер қабырғалық жəне жерге орнатыл-ған (жерлік) болып екіге бөлінеді.




Жерге орнатылған (жерлік) белгі, жердің тоң қабатынан тө-мен орнатылады. Жерге орнатылған белгілердің бірнеше түрлері (типтері) болады. Құрылыс алаңдарында осьтерді бекіту үшін,


13-сурет. а) жерге қағылған жəне ə) қабырғаға орнатылған
реперлер (белгілер)


көбінесе 13 а-суретте көрсетілген бетон монолит қолданылады. Арматура ұшына пісіріліп бекітілген пластинка бетіне шақпымен ойып салынған немесе сызылған нүкте (крест), белгінің центрі жəне биіктік нүктесі (биіктік шамасы белгілі) болып есептеледі.


Көпке шыдамды белгілердің бір түрі – ол ғимараттар жəне құрылыс қабырғаларына орнатылған қабырғалық белгі. Мұндай белгілерге полигонометриялық жəне нивелирлік белгілер жатады.


Қабырғалық белгі (пландық, биіктік) ретінде кəдімгі қа-бырғалық нивелирлік реперді пайдалануға əбден болады. 13 ə-суретте нивелирлік репер көрсетілген, оның іші тесілген диаметрі 2-3 мм, геодезиялық жұмыс кезінде оның ішіне арнаулы шанышқы орнатылады.


5-дәріс Ұзындық өлшеу аспаптары. Өлшеу жабдықтарын компараторда тексеру (компарирлеу)


Құрылыс-монтаждау өндірісінде арақашықтықтарды өлшеу, көбінесе болат таспалар жəне əртүрлі заттардан (сым, жіп, мата, пластик, т.т.) жасалған таспамен, сонымен бірге əртүрлі құрылым-ды арақашықтық өлшегіштер арқылы іске асады. Жоғарғы дəл-дікті өлшеулерде, мысалы, құрылыс алаңдарында технологиялық жабдықтарды монтаждау кездерінде немесе геодезиялық негіз-дерді дамыту үшін, аспалы ұзындық өлшегіштерді пайдалана-ды (болат немесе инварлы сым темірлер). Қосалқы құрылыс жұмыстарында (қоршау шарбақтары, ықтамалар, т.с.с.) тесмян-ды (арнаулы матадан жасалған) таспаларды пайдалана береді. Геодезиялық жəне ізденіс жұмыстарында зауытта суықтай жасалған ұзындығы 20 м, қалыңдығы 0,4-0,5 мм кəдімгі ЛЗ-20 жер өлшегіш таспаны пайдаланады. Ұстағыш сабы бар, таспаның метрлік, жарты метрлік жəне дециметрлік бөліктері, арнаулы тесіктері, шайбалары жəне жұқа пластинкалары болады. Метр-лік сандары таспаға бекітілген латунға жазылған, жарты метрлік тұстары шайбамен, дециметрлік тұстары тесікпен белгіленген. Бұл таспаның құрамына таспаны орайтын шығыр іспеттес жабдық жəне 6 немесе 11 шанышқы кіреді.




Болат таспалар ТМД елдерінде 7502-97 ГОСТ талаптары-на сай жасалады. РК типті таспа, ұзындықтары 50, 75 жəне 100 метрлік, РГ типтес таспа, ұзындықтары – 20, 30, жəне 50 метрлік



38

жəне олардың сантиметрлік бөліктері болады. Соңғы дециметрлік бөліктері миллиметрге бөлінген.

РТ-10 типтес тесмянды таспалар ТМД елдерінде 11900-97 ГОСТ талаптарына сай жасалады. Бұл таспалар қаныққан, ішінде металл жіптері бар материалдан жасалады, пластмасса қорабы, ұстағышы, бұрап ішіне орайтын сабы болады. Таспаның 10 метрлік, сантиметрлік бөліктері бар.


Ұзындық өлшемес бұрын, кез келген ұзындық өлшегіш жабдық (аспап) тексеруден өтеді, яғни үлгілік данасымен салыс-тырып, оның нақтылы ұзындығын анықтап, тексеру керек. Осы тексерісті компарирлеу (компараторда тексеру) немесе эталон-дау (эталонмен салыстыру) деп аталады.


Ұзындығы 20 м болат таспаларды көбінесе далалық компара-торда тексереді. Компараторды тегіс, ашық, ұзындығы 120 немесе 240 м (таспаның нақтылы ұзындығынан аз болмауы керек) жерге орнатады. Компаратордың шеттерін ортасында металл стержені бар бетонды белгілермен бекітеді. Стерженнің жоғарғы жағы сфералық бет сияқты жасалады, ортасына крест сияқты сызық салынып, белгінің центрін көрсетеді. Далалық компартордың ұзындығын екі инварлы өлшегіш сыммен екі бағытта (тура, кері) бірнеше рет өлшеу арқылы анықтайды. Компаратордың ұзындығы 1:200 000 қатынасындай шамадан көп емес қатемен анықталады. Ұзындық өлшегіш аспаптарды далалық компараторда құрылыс алаңында қандай керумен тартылса, сол керумен төрт рет өлшеу (екі рет тура жəне екі рет кері өлшеу) арқылы тексереді.


1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет