Қазіргі кезде құрылыс өндірісінде индстрациялау жоғарғы деңгейге жеткен. Индустрациялау əдісімен салынатын құрылыс-монтаждау көлемі өсіп, даму үстінде



бет1/47
Дата06.02.2022
өлшемі5,32 Mb.
#79897
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47
Байланысты:
Абуова геодезия С-19




КІРІСПЕ

Қазіргі кезде құрылыс өндірісінде индстрациялау жоғарғы деңгейге жеткен. Индустрациялау əдісімен салынатын құрылыс-монтаждау көлемі өсіп, даму үстінде. Көбінесе ғимараттар мен құрылыстарды құрама, құрама-темір-бетонды конструкциялардан салу; құрылыс машиналары жəне монтаждау жабдықтарының жаңа, тиімді, өндірімді түрлері іске қосылуда.


Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын құры-лыс өндірісінде тиімді іске асыру үшін, уақтылы ең аз шығынмен жаңа қуат көздерін, тұрғын үйлерді, заводтар мен фабрикаларды жəне əртүрлі инженерлік құрылыстарды (гидроқұрылыстар, темір, тас жолдар, т.т.), сонымен бірге жобалық жəне құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасын арттыру керек.


Сонда құрылыс-монтаждау өндірісінде қолданбалы геоде-зияның маңыздылығы өсе түседі де, ондағы істелетін жұмыстарға қойылатын геодезиялық өлшем дəлдіктерінің талаптары артады. Мұндағы ерекше орын алатын геодезиялық жұмыстар – құрылыс құрамаларын жобалық жағдайға дұрыс келтіріп орнату, яғни геодезиялық əдістермен құрамаларды жасау жəне монтаждау кездерінде жіберілген қателіктерді уақтылы анықтап, түзетіп отыру. Құрылыстағы геодезиялық жұмыстарды дұрыс бағаламау, анықталған қателіктерді дер кезінде жойып, орнына келтірмеу құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасын төмендетіп не-месе үлкен шығынға əкеп соғады (құрылысты қайта салу, жоба-лық жағдайға келгенше түзету, адам өміріне туатын өндірістік қауіп, т.т.).


Конструкциялардың пландағы орнын, биіктік шамаларын ба-қылау жəне оларды тігінен орнату қолданбалы геодезиядағы өте дəл жұмыстарға жатады. Əртүрлі конструкциялардың бір-бірінен салыстыра қарағандағы орналасу алшақтықтары 2 мм аспауы керек. Ақпалы конвейрлер желісі, заводтардағы құйма желілері






(прокатные станы), ядролық физика нысандарын монтаждауда алшақтық 1 мм аспайды.

Осы маңызды жұмыстарды атқару үшін кейінгі жылдары геодезиялық жұмыстарды автоматтандыру, электрондық жəне лазерлік техникаларды қолдану аясы жетілдіруде.


Біздің елімізде кешенді құрылыс салу халық шаруашылығы-ның өте күрделі салаларының бірі болып, конституция бойын-ша республика халқын сапалы тұрғын үй, өндіріс орындары-мен, инженерлік құрылыстармен қамтамасыз етуге бағытталған. Президенттің республика жұртшылығына бағыттаған арнауын-дағы бағдарламаға сай қазіргі таңда əлеуметтік, бағасы арзан құрылыстар салу кездерінде құрылыс мамандарының білімді жаңа заманғы құрал-аспаптарымен, ең озық техника жетістіктерімен қарулануы Жоғары оқу орындарындағы алған теориялық білім-дерімен, машықтану істерімен тікелей байланысты.


Құрылыс сапасын арттыруда онда істелетін технологиялық жұмыстардың əдістері мен амалдары геодезиямен тығыз бай-ланысты. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының элементтерін жобаға сай дұрыс орнатуда, бақылап отыруда атқарылатын күн-делікті, үздіксіз істелетін геодезиялық жұмыстардың əдістері де жетіле түсуді қажет етеді.


Бұл оқулық үш бөлімнен тұрады:


1.“Геодезия жəне топография негіздері”,
2.“Негізгі инженерлік геодезиялық жұмыстар” жəне
3.“Құрылыс-монтаждау жұмыстарындағы геодезиялық жұмыстар”. Оқулықты бұлай əдістемелеп бөліп оқыту студенттерге тиімді, себебі құрылыс-монтаждау жұмыстарын геодезиялық істермен қамтамасыз ету бөлімін оқымас бұрын, бұрыштық, ұзындық өлшеу əдістерімен жəне геодезиялық аспаптармен танысу оқу бағдарламасын сапалы игеруге оң əсер етуі сөзсіз. Оқулықты иге-ру студенттердің өз беттерімен құрылыс алаңдарында геодезиялық жұмыстарды орындауға, қадалап дамытуға мүмкіндік береді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет