Қазіргі кезде құрылыс өндірісінде индстрациялау жоғарғы деңгейге жеткен. Индустрациялау əдісімен салынатын құрылыс-монтаждау көлемі өсіп, даму үстінде


Құрылыс-монтаждау жұмыстарындағы геодезиялық пландар жəне сызбалар



бет6/47
Дата06.02.2022
өлшемі5,32 Mb.
#79897
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47
Байланысты:
Абуова геодезия С-19

2.2 Құрылыс-монтаждау жұмыстарындағы геодезиялық пландар жəне сызбалар

Карта арқылы арақашықтықты өлшеу қатесі, карта масшта-бының 0,1 мм шамасындай. Мысалы, 1:200 масштабты сызбаның немесе планның (картаның) дəлдігі 2 см, 1:500 масштабта 5 см, ал 1:1000 – 10 см, т.т.


Планның немесе сызбаның масштабын таңдау кезінде, мас-штаб дəлдігі іс жүзінде үлкен мағаналы, себебі масштаб арқылы жер бетіндегі құрылымдар өзіне ұқсас пішінді түрде салына ма, əлде кейбірі көлемі аз болғандықтан нүктеге айналып кете ме, соны анықтауға болады.

Құрылыс-монтаждау өндірісінде ірі масштабты (1:200, 1:500, 1:1000, 1:2000, 1:5000, 1:10 000) пландарды жəне ірі мас-штабтардағы қадалау сызбаларын пайдаланады. Қадалау сызба-лары (разбивочные чертежи) дегеніміз – жер бетіне құрылыстар мен ғимараттардың жобалық берілімдерін жер бетіне түсіру үшін жиі пайдалынатын техникалық құжаттар. Құрылыс пен ғимараттар фундаменттерінің, қабырғаларының, өндірістік жəне технологиялық жабдықтарының осьтерін осы қадалау сызбалары арқылы, 1:100-1:200 масштабтарда жасалады.


Құрылыс алаңының Бас жобалау планы үшін жасалған топографиялық планынан басқа, орындау түсірісі деп атала-тын сызбаны кеңінен қолданады. Бұл сызбалар құрылыс салу сатыларының бірі біткенше жүргізіледі (шұңқыр, арық жəне фундамент құрылымдарын қазу, жабу жұмыстарын бақылау, түзету жəне де басқа жұмыстар). Бұл жұмыстар салынған нысанның (ғимарат немесе құрылыс) соңғы пландық-биіктік жағдайын түсірумен аяқталады. Орындау түсірістері, салынып біткен құрылыс нысанының жəне оның құрылым элементтерінің нақтылы жағдайын анықтау үшін орындалады.




Бас план (Генеаральный план) дегеніміз – барлық жер үсті, жер асты құрылымдары салынған ірі масштабты топографиялық план. Құрылыс алаңының жұмыс жобасы, салынатын құрылыстың көлеміне жəне не үшін керектігіне байланысты 1:500 неме-се 1:100 масштабта құрылады, ал кейбір жеке нысандар өзінің күрделілігіне байланысты 1:200 масштабта салынады.

Орындау түсірісінің нəтижесінде жоба бойынша барлық ғимараттар мен құрылыстар салынған, орындау түсірісінің Бас планы құрастырылады. Мұндай план салынған құрылысты пай-далану кезінде пайда болатын барлық жұмыстарды атқаруға, түзетуге септігін тигізеді.


Айта кететін жəйт, ірі құрылыс алаңдарында орындау түсірісін уақтылы атқару қиынға соғады, жəне де оған кететін


уақыт та аз емес, сондықтан кейінгі кездерде ірі масштабты аэрофототүсірістер қолданылып жүр. Аэрофототүсірістер арқы-лы фотоплан немесе фототəсілімен құрылып, ол арқылы құрылыс барысын толық қадағалауға болады, əсіресе жер қазу құры-лымдары жақсы көрінеді.

1:5000 жəне 1:10 000 топографиялық пландарды ірі құры-лыстардың техникалық жобалау сатыларында пайдаланады. Мұндай пландар құрылыс мақсатында шолу жұмыстары үшін қолданылады. Олардың бетінде жобаланбақшы жəне бұрыннан салынған өндіріс орындары, елді мекендер, қатынас жолдары (жалпылама пайдалану жəне жақын аралық), электр, байланыс желілері, жылумен, сумен қамтамасыз ету, канализация трассала-ры жəне басқа да инженерлік тораптар көрсетіледі.


Жер асты, жер үсті инженерлік тораптарын монтаждау жəне салу үшін ұзынабойлық жəне көлденең профилдерді пайда-ланады. Алдында айтылғандай профиль дегеніміз кез келген бір бағыттың тік жазықтықтағы кішірейтілген қима бейнесі, мысалы, автожол, құбыр желісі, т.с.с. осьтерінің қимасы. Жер бедерінің күрделілігіне жəне маңындағы құрылыстардың тығыз орналасуына байланысты инженерлік тораптардың ұзына-бойлық профилі 1:500 жəне 1:1000 (ретімен тік масштабтары 1:50; 1:100) масштабтарда салынады. Тік масштабтары жоға-рыда көрсетілгендей 10 есе ірі болып келеді (2.1-қосынды қараңыз).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет