Қазіргі кезде құрылыс өндірісінде индстрациялау жоғарғы деңгейге жеткен. Индустрациялау əдісімен салынатын құрылыс-монтаждау көлемі өсіп, даму үстінде



бет5/47
Дата06.02.2022
өлшемі5,32 Mb.
#79897
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47
Байланысты:
Абуова геодезия С-19

Бақылау сұрақтары:



  1. Геодезия ғылымы немен шұғылданады?




  1. Жердің пішіні қандай?




  1. Триангуляциялық тор дегеніміз не?




  1. Биіктік торы дегеніміз не?




  1. Маркалар мен реперлердің қандай түрлері болады?




  1. Реперлер қалай бекітіледі?




  1. Теңіз денгейі дегеніміз не?




  1. Триангуляция мен трилатерацияның айырмашылығы неде?




  1. Қолданбалы геодезия немен шұғылданады?




  1. Полигонометрия дегеніміз не?


ГЕОДЕЗИЯЛЫҚ ПЛАНДАР ЖƏНЕ СЫЗБАЛАР

2 дәріс План, карта жəне профиль туралы түсінік




План деп кішігірім жер бөлігінің масштабпен сызылған бейнесін айтады. Планда жер бетінің қисықтығы (дөңестігі) еске алынбайды, яғни жер беті жазықтық ретінде қабылданады.

Жер бетінің үлкен аймақтарын немесе барлық жер бетін қағаз бетіне кескіндеу, яғни картасын жасау үшін, алдымен оның кіші бөліктерінің планын жасайды. Əрі қарай графикалық жолмен тор көз құрады да, оған жер бетіндегі құрылымдардың сұлбасын жəне жер бедерін салады. Осындай ретті əдіспен жер бетінің үлкен аймағын қағазға түсіру (бейнелеу) карта деп аталады.


Жергілікті аймақты картаға түсіргенде карта беті жазықтыққа емес, сфералық бетке сəулеленеді. Нəтижесінде карта бетіне түсірілген жер сұлбасының, құрылымдардың толық геометриялық ұқсастығы сақталмайды, жəне де олардың тұрақты масштабы болмайды, себебі сфералық бетке жазықтықты жиырылымсыз жəне оның үзілмелі тұстарын жазып кескіндеу мүмкін емес. Осы кемшіліктер карта мен планның басты айырмашылығын көрсе-теді. Планның кез келген тұсында масштаб тұрақты болады. Сонымен карта дегеніміз – Жер бетінің барлық немесе оның аумақты тұсының деңгейлік дөңестігін есепке ала отырып, кішірейтілген, қағазға түсірілген кескіні (бейнесі).


Барлық карталар қайда қолданылатынына байланысты жалпы географиялық жəне арнаулы болып екіге бөлінеді.


Жалпы географиялық карталар масштабтарына жəне то-лықтықтарына байланысты шолу (масштабы 1:1 000 000 кіші) жəне топографиялық болып бөлінеді. Карталар шартты түрде ірі масштабты (масштабы 1:100 000 жəне одан ірі), орташа мас-штабты (1:1 000 000 масштабқа дейін) жəне ұсақ масштабты (масштабы 1:1 000 000 одан ұсақ) болып бөлінеді.


Топографиялық карталар мүмкіндігінше толық, егжей-тегжейлі болып келеді. Олар арқылы инженерлік құрылыстарды жобалау кезінде техникалық есептерді шығаруға жəне одан жоғары дəлдікті берілімдерді алуға, сонымен бірге оған жо


балау нəтижелерін салуға болады. Іс жүзінде жобалау жəне құрылыстарды, құрылыс ғимараттарын салу кездерінде көп қол-данылатыны 1:10 000 масштабты карталар. Себебі бұл карталарда планның барлық қасиеттері бар.




Арнаулы карталардың топографиялық карталардан айырма-шылығы, мұнда кейбір табиғи құрылымдар түбегейлі түсіріледі (өзен құйылымдары, автожолдар, құнарлы жер қыртысы, өсімдік түрлері, т.т.).

Қолданылуына байланысты карталар сан алуан болады:


оқулық, жолаушылық, теңіз картасы жəне т.т.).
Профиль дегеніміз – жер бетінің тік жазықтықтағы тік қимасы. Мысалы, 2-суреттегі топографиялық планнан АВ бағытының профилін салу үшін, кез келген ab сызығын жүргізіп, оның үстіне пландағы горизонтальдардың осы АВ сызығымен қиылысқан 1-7 нүктелерін салады. Əрі қарай осы нүктелердің биіктігін, белгілі бір масштабта ab сызығына перпендикуляр етіп салады. Перпендикулярлардың ұшар бастарын бір-бірімен қоссақ, осы бағыттың профилі пайда болады.


2-сурет. План арқылы берілген бағыттың профилін салу тəсімі

Сызбаны (профилді) көзге дұрыс елестете алу үшін, перпен-дикулярларды əлбетте планның масштабынан 10 есе үлкейтіп са-лады.


Профил салу инженерлік ізденіс, авто жəне темір жолдарды, каналдарды, мелиораторлық жəне гидротехникалық құрылыстар-ды салуда жəне т.б. жұмыстарда кеңінен қолданылады.


2.1 Масштабтар

Карта немесе план бетіне кез келген бір жер бетінің кескінін салу үшін, сол аймақты бірнеше рет кішірейту керек (қанша рет кішірейтілетіні беріледі). Осы кішірейту дəрежесі немесе жер бетіндегі сызықтың оған сəйкес пландағы жазық жазықтық-тағы проекциясының қатынасы масштаб деп аталады.


Масштабтар сандық жəне графикалық (сызықтық жəне көл-денең) болып бөлінеді.




Сандық масштаб кəдімгі қарапайым бөлшек ретінде беріледі, оның алымы бір, ал бөлімі бүтін сан, мысалы 1:1000, 1:2000, 1:5000 жəне де осыған ұқсас бөлшек сандар. Сонымен, планнан алынған кез келген бөлшектің алымындағы бірлікке, соншама есе кішірейтілген бөлшектің бөліміндегі сан дəл келеді. Сонда, 1:1000 масштабы үшін, пландағы 1 сантиметрге жер бетіндегі 100 сантиметр дəл келеді деген сөз.


3-сурет. Масштабтар. а) сызықтық, ə) көлденең

Жер бетіндегі ұзындық өлшемдер метрмен берілетіндіктен, есептеулерді жеңілдету үшін сандық масштаб келесі ретпен жа-зылады: 1:1000 масштаб үшін 1 см (сантиметрде) 10 метр бар; 1:5000 масштаб үшін 1 см (сантиметрде) 50 м (метр) бар.


Дегенмен іс жүзінде сандық масштабпен жұмыс істеу ыңғай-сыздық тудырады, себебі əр ұзындықты табу үшін соншама есеп-теулер керек, сондықтан сызықтық жəне көлденең масштабтарды қолданады.


Сызықтық масштаб дегеніміз – масштабтың негізі деп аталатын, үстіне тең бірнеше кесінділер салынған түзу сызық. Пландағы масштаб негізінің ұзындығы бүтін метрлік (шақы-рымдық) санға тең. 3 а-суреттегі негізі 2 см сызықтық масштаб 1:1000 сандық масштабқа дəл келеді. Сол жақтағы кесінді 10 тең бөлікке бөлінген. Сондықтан бұл бөліктердің оннан бір бөлігі көз мөлшерімен алынады. Сызықтық масштаб ретінде кез келген миллиметрлік бөліктері бар кəдімгі сызғышты пайдалануға бола-ды. Сызғышқа арақашықтық циркуль-өлшегіш арқылы салынады.

Сызғыштан кіші арақашықтықты көзбен жобалап алмас үшін, яғни үлкен дəлдікпен өлшеуде көлденең масштаб қолданылады.


Əр 2 см сайын бөлінген сызық үстіне перпендикуляр түсіріп, олардың үстіне бір-біріне тең 10 бөлік салады. Осы бөліктер арқылы масштаб негізіне параллель сызықтар сызады. Сол жақтағы тік бұрыштың төменгі жəне жоғары сызықтарын тең 10 бөлікке бөледі (2 мм). Əрі қарай жоғары сызықтың сол жақ нүктесін төменгі сызықтың бірінші бөлігімен қосады, ал жоғарғы сызықтың бірінші бөлігін, төменгі сызықтың екінші бөлігімен жəне осындай жолмен барлығын қосып шығады. Негізі 2 см, осындай жолмен құрылған масштаб қалыпты көлденең масштаб немесе жүздік көлденең масштаб деп аталады.


Көлденең масштабты пайдалану өте қарапайым, мысалы, 1:2000 (1 сантиметрде 20 метр бар). Көлденең масштаб арқылы арақашықтықты (кіші бөліктерін) сантиметрмен емес, метрмен салуға болады (3 ə-сурет).


Адамның пландағы арақашықтықты қаруланбаған көзбен салу (анықтау) дəлдігі 0,1 мм деп қабылданған. Сондықтан жер бетіндегі сызықтың сол масштабтағы пландағы ұзындығының 0,1 мм, масштабтың дəлдігі деп аталады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет