Жер бедерін бейнелеу əдістері
Инженерлік-құрылыс тəжірибесінде жер бедері (рельеф) го-ризонтальдар немесе биіктік шамаларымен беріліп бейнеленген пландарды пайдаланады.
Рельефті биіктік шамалары арқылы кескіндеу үшін план бетінде жер бетінің айтулы тұстарының (көтерілген жəне тө-мендеген тұстарының) жеткілікті биіктіктері болуы керек. Бірақ биіктік шамалары біршама көп болса да рельефтің пішінін жəне
элементтерін көзге елестетіп, толық сала алмайсыз. Сондықтан инженерлік-геодезия тəжірибесінде биіктік шамалары арқылы кескіндеу əдісін қолдану аясы шектелеген.
Рельефті горизонтальдар арқылы кескіндеу əдісі инженер-лік-геодезия тəжірибесінде жəне картография өндірісінде же-тілдірілген, көп қолданылатын əдіске жатады.
Биіктіктері бірдей нүктелерді қосатын (тең биіктікті сы-зық) сызықты горизонталь немесе изогипс деп атайды. Гори-зонтальдың қасиетін түсіну үшін су жағасы сызығын көзге еле-стетсе болғаны, яғни сол жағалық сызықтың барлық нүктесінде биіктік шамалары бірдей.
Тік жазықтықтағы горизонтальдар арасындағы арақашықтық қима биіктігі деп аталады. Бұл қима биіктігі əр планға немесе əр картаға тұрақты болады.
Рельефтің мəнін түсіну үшін, 6-суретте конус тəрізді тау тең h-арақашықтықтары (биіктігі) арқылы жазық жазықтықтармен қиылып көрсетілген. Сол жазықтықтардың таумен қиылысқан сызығы, жоғарыда аталған горизонтальдар. Тұйықталған гори-зонтальдар сызықтары РР жазықтығына сəулеленген. 7-суретте рельефтің элементтері көрсетілген. Осы суреттегі іргелес екі го-ризонтальдар арасындағы d арақашықтығы көлбеулік табаны (за-ложение ската) деп аталады. Суреттен көлбеулік табаны, А жəне
нүктелері арасындағы сызықтың сəулесі екені анық көрініп тұр. Сол көлбеуліктің шамасы g əрпімен белгіленіп, жер бетінің көлбеулік шамасын көрсетеді. 7-суреттен төмендегідей теңдеуді жазуға болады,
tgγ
|
h
|
, сонда d = hctgg,
|
(1)
|
|
|
|
|
d
|
|
|
яғни, көлбеулік табаны қима биіктігін, көлбеуліктік тангенсіне көбейткенге тең. Көлбеуліктің тангенсі еңкіштік деп атала-ды. План бетінде горизонтальдар арқылы инженерлік есептерді шығару кезінде, горизонтальдардың келесі қасиеттерін еске ұстау керек:
горизонтальдарды салу тəсімі;
горизонтальдар үстіндегі барлық нүктелердің биіктіктері бірдей болады;
план бетінде, биіктік шамалары əртүрлі горизонтальдар бір-бірімен қиылыспайды;
Достарыңызбен бөлісу: |